| 5 сынып Күні: Мүғалімі: |
| Тақырыбы | Информатика. Ақпарат . |
| Сілтемелер | Күнтізбелік жоспар, стандарт |
| Мақсаты | Оқушыларды ақпарат ұғымымен және оның түрлерімен таныстыру |
| Күтілетін нәтиже | Оқушылар табиғаттағы құбылыстардың байланысын көре алады және ақпарат түрлеріне мысалдар келтіре алады. |
| Негізгі ұғымдар | «Ақпарат» ұғымы, оның түрлері және ақпарат көздері |
| | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі | Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Топқа бөлу. | Қағаз қиындылары арқылы |
| Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау | Ия, балалар, қандай сөздер шықты? Қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай? | 1-ші – ақпарат; 2-ші –түрлері 3—ші топта – ақпарат Біз бүгін ақпарат ұғымымен және оның түрлерімен танысу керекпіз. |
| 1тапсырма Суретпен жұмыс | Суреттердің негізгі тақырыбы «Қазақ халқының өмірі, салт-дәстүрлері» . Мұғалім топтарға суреттері бар беттерді ұсынып, осы суреттер бойынша әңгіме құруды және оны қорғайтындығы туралы айтты. Мұғалім –консультант. Тапсырма орындалуларында негізгі талап – уақыт. Ия,балалар, әр топтың жобасы арқылы біз не алдық ? Ол ақпарат-ты сендер қайдан алдыңдар? Ал қазір оқулықпен жұмыс істей отыра сіздер ақпараттың беру тәсілдерінің даму жолын байқай отырып, оны кластерде көрсете білу керексіңдер. | Әр топ өздеріне ұсынылған суреттерден сурет таңдап алды. Оқушылар өзара талқылап, пікір алмасып, өз жобаларын құруда. Әр топтың мүшесі дайын слайдтар арқылы суреттерін қорғайды. І – «Қазақ халқының салт-дәстүрлері және тағамдары»; ІІ –«Наурыз» мерекесі; ІІІ – «Киіз үй және оны пайдалану» Оқушылар пікірлерін айтады |
| Тапсырма 2 Оқулықпен жұмыс | Мұғалім оқулықпен жұмыс істей отыра, кластер арқылы табиғаттағы ақпаратты беру тәсілдерінің даму жолын көрсете білу керек. Кластерлер қорғалады және оларды бағалау дайын слайдтағы критерийлер арқылы. | Оқушылар тақырыпты оқып, өз ойларын ортаға салады. Кластер құрады( оқулықтағы және басқа сабақтарда алған білімдері) . Бір мүшесі өз жұмыстарын қорғайды. Топтар кластерлерді бағалайды. |
| Сергіту сәті | «Цыплята» (дайын физкультминутка ) | Оқушылар жаттығу жасайды (1 мин) |
| Тапсырма 3 Жұппен жұмыс | Қандай ақпарат түрлері бар? 1)Жереби арқылы әр жұп ақпарат түріне мимика арқылы ақпарат беру керек. Мұғалім Абайдың қанатты сөзін шешіп және оның мағынасын түсіндіру керек. | Оқушылар ақпарат түрлерін атайды Басқа жұптар оны қандай түріне жататынын және олар нені көрсеткенін шешеді. Топтық жұмыс.Абайдың қанатты сөзі: «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез» |
| Тапсырма 4 Оценивание для обучения | Ия, балалар, бүгінгі сабақта қай топтардың немесе мүшелерінің жұмысы ұнады? Алдағы уақытта неге әлі де назар аудару керекпіз? | Өз ойларын ортаға салады |
| Үй жұмысы | Комментарий арқылы | Дид/мат стр 12 №1.1.11 толтыру, п 1.1 (оқу) |
| Бағалау | Бағалау парақтары арқылы | Топ басшылары әр сабақ бөлімі бойынша бағалайды |
| Рефлексия. Қорытындылау | Сабаққа қойылған мақсатқа жеттік па? Нені үйрендік? Нені білгіміз келеді? | «Ақпарат» ұғымымен және оның түрлерімен таныстық |
| Сабаққа рахмет!!! |