kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Электронды кестелер. Кестелік процессорды? терезе интерфейсі

Нажмите, чтобы узнать подробности

MS Excel - санды? кестелермен ж?мыс істеуге арнал?ан MS Offise - ті? ??рамына кіретін программа. MS Exsel - дегі ы??айлы аспаптарды? к?мегімен алын?ан санды? м?ндерді талдау?а, сонымен ?атар оларды?  н?тижесін кесте т?рінде беруге болады. Есептеу кезінде 400 - ден аса математикалы?, статистикалы?, ?аржылы? ж?не бас?а да арнаулы функцияларды, ?р т?рлі кестелерді? ?зара байланыстарын ?арастыру?а болады. Ж?мыс кітабы. терезені? т?менгі жа?ына аттары та?баша ар?ылы берілген пара? ?аттамасыны? ж?мыс пара?ынан т?рады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Электронды кестелер. Кестелік процессорды? терезе интерфейсі »



“Бірлесу – Еңбек» орта мектебі
















Тақырыбы: Электрондық кестелер.

Электрондық кестелердің интерфейсі






Пәні : информатика

Сыныбы: 8

Пән мұғалімі : Крикбаева Ильмира












2014-2015 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер. Электрондық кестелердің интерфейсі

Сабақтың мақсаты:

Бiлiмдiлік: MS Excel бағдарламасының мүмкіндіктері туралы оқушыларға түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;

Тәрбиелiк: оқушыларды адмагершілікке, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық

Пәнаралық байланыс: геометрия, математика, тарих, ағылшын

Сабақтың көрнекiлiгi: ДК, Плакаттар: МS Exсel терезесі, электрондық оқулық,

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Өткен тақырыптар бойынша мұғалім оқушыларға карточка таратады, әр оқушы берілген карточкадағы сұрақтарды оқиды. Дайын болған оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Модель дегеніміз не?

  • Модель қасиеттеріне қарай қандай топтарға бөлінеді?

  • Ақпараттық модель дегеніміз не?

  • Прототип дегеніміз не?

  • Ақпараттық модель қанша топқа бөлінеді?

  • Вербальдық модель дегеніміз не?

  • Оқу моделі дегеніміз қандай модель

  • Уақыт факторына қарай модель қанша топқа бөлінеді?

  • Тәжірибелік модель дегеніміз не?

  • Таңбалық модель дегеніміз қандай модель

  • Көрсету әдісіне қарай модель қанша топқа бөлінеді?

  • Ойын моделі дегеніміз қандай модель?

  • Имитациялық модель дегеніміз не?


ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Кәсіби жұмыста мәліметтерді кесте түрінде беру қажеттілігі жиі кездеседі.

Кесте - ақпараттың жолдар мен бағандардан реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.

Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.

MS Excel – сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. Бұл бағдарламаның көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық , әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕЛЕР. 1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны VisiСаlсulator сөзінен қысқартылған VisiСаlс (көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан электрондық кестелер бағдарламасы , оның ішінде Excel бағдарламасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.

Еxcel программасын іске қосу

  • Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарын таңдаймыз.

  • Microsoft Excel қатарында тышқанды шертеміз.

2.Excel программасының терезесі

Excel программасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі плакаттағыдай болады. Еxcel электорондык кестелердiн косылғаннан кейiн автоматы турде 1-кiтап (книга1) деген атпен жана кұжат ашылады .Бұл кітаптын атын файылды сактау кезінде өзгертуге болады.

Бұдан басқа жана кітап жасау үшін Құру (Создать) батырмасын шертеміз немесе [Ctrl+N]қоспернесін басамыз. Жанадан құрылған кітаптың аты 2-кітап, 3-кітап ( Книга 2 , Книга 3) т.с.с. болады.

  • Excel терезесінің жоғарғы жағында терезені басқару батырмалары бар Тақырып қатары орналасқан

  • Excel терезінін екінші жолы – Меню катар

  • Үшінші және төртінші жолда Стандартты және Форматтау саймандар тактасынын аспаптары.

Стандартты саймандар тактасы. Бұл тактада орналаскан батырмалар жиі орындалатын командалардың әрекеттерін қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшіру, енгізу, сандар қосындысын табу, мәліметтерді реттеу т.б. әрекеттерді жылдам орындау мүмкіндігін береді.

Форматтау саймандар тактасы. Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар қаріп (шрифт) форматын таңдау мүмкіндігін береді: мәтінді жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу, мәтінді туралау, сандарды форматтау, жақтау мен түстерді қолдана отырып, кестені безендіру әрекеттерін жылдам орындау істерін атқарады.

  • Формулалар қатары. Мұнда ұяшықтың -әрбір тордың мазмұнын көріп, формулаларды өңдеуге болады.

  • Төменгі қатар – Қалып қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютерлердің жұмысы н/е Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады.

Іске қосу батырмасы арқылы Программалар менюінен Excel-ді таңдау қажет.

Пішімдеу панельі

Бағаналар тақырыбы

Стандартты панель



Бет таңбасы

Қалып-күй жолы

Қатарлар

нөмерлері

Бөлудің кішкене бөлігі

Кестелік меңзер

Формула қатары


Жұмыс кестесінің элементтері

Excel-дің объектілерімен өңделген xls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. Excel-де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файл 1 ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондык кестеден тұрады. Әр парақ

65536 қатардан және 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді, ал бағандар латын алфавитінің А,В,С,...,АА,ВВ әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшықдеп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді үяшыққа сандар мен мәтін енгізуге болады. Ұяшықтың адресі немесе координатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. Мысалы: А1, С20.



Жұмыс парағымен бойынша жылжу.

  • Керек парақты екпінді ету үшін сол парақтың белгішесін басу керек.

  • Жұмыс парағымен жоғары төмен, солға оңға жылжу үшін жүгіртпе нұсқаушыны пайдалану керек.

  • Жұмыс парағымен жоғары төмен, солға оңға жылжу үшін , т.б) ауысу пернелерін пайдалану.

Пернелер

Орын ауыстыру

PageDown

Бір экранға төмен

PageUp

Бір экранға жоғары

Home

Ағымдағы қатардың басына

Ctrl+Home

А1 ұяшығына

Ctrl+End

Соңғы толтырылған ұяшыққа

Ctrl+Ÿ

Бірінші толтырылған ұяшықтың жоғарғы жағына

Ctrl+ 

Бірінші толтырылған ұяшықтың төменгі жағына

Ctrl+

Бірінші толтырылған ұяшықтың сол жағына

Ctrl+ž

Бірінші толтырылған ұяшықтың оң жағына

Ctrl+ PageUp

Жұмыс парағының келесі парағына

Ctrl+ PageDown

Жұмыс парағының алдыңғы парағына

Ұяшықтардағы мәліметтерді өңдеу

Ұяшықтағы мәліметтерді еңгізу кезінде және олар енгізілгеннен кейін де өңдеуге болады.

Егер ұяшыққа мәліметтерді енгізіп отырып түзету қажеттігі туса, оларды солға [BackSpace] немесе оңға[Delete] қарай өшіру пернелерінің тиістісін қолданамыз.

Ұяшықтағы бұрын енгізіліп қойылған мәліметтерді өзгерту қажет болса, өңдеу режимін іске қосу үшін кестелік курсорды қажетті ұяшыққа орналастырған соң,[F2] пернесін басамыз. Тиісті түзетулерді жасаған соң,[Enter] немесе курсорды басқару пернелерінің бірін басамыз.

Қатар,бағана,блоктармен жұмыс істеу.

Ұяшықтағы мәлеметтерді көшіруге, өшіруге, жылжытуға, блоктарды мәлеметтерден тазартуға болады.Осы әрекеттерді орындау үшін қажетті бөлікті белгілеп алған соң;

  • Стандартты саймандар тақтасының батырмалар тобының көмегімен (Қиып алу, Көшіру, Кірістіру);

  • Түзету ( Правка) менюінің Қиып алу ( Вырезать), Көшіру ( Копировать), Кірістіру (Вставить), Өшіру ( Удалить), Тазалау (Очистить), Толтыру (Заполнить) командаларының көмегімен;

  • Тышқанның көмегімен;

  • Контекісті жанама менюдің командаларының көмегімен орындауға болады.

Жылжыту немесе Орын ауыстыру үшін нені , қайда жылжыту керек екенін көрсету керек. Тышқанның көмегімен белгіленген бөлікті ( ұяшық немесе блок) жылжыту үшін, тышқан курсорын сол белгіленген аймақтың ішіне орналастырамыз. Одан кейін тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып қажетті орынға жеткіземіз.

Ұяшық мазмұнын көшіру.

Көшіру кезінде мәлімет бұрынғы орнында да қалады , оның көшірмесі жаңа орынға қойылады. Тышқанның көмегімен көшіру үшін белгіленген аймақты жылжыту кезінде (Gtrl) пернесін басулы күйде ұстап тұру керек.

Ұяшықтағы мәліметтерді өшіру және тазарту .

Егер ұяшықты немесе блокты мәліметтерден тазарту , яғни ондағы мәліметтерді өшіру қажет болса , оларды белгілеп алған соң [Del] пернесін

басу жеткілікті .

Ұяшықты немесе блокты оған енгізілген мәліметтерден қажетті аймақты белгілеп алған соң, Түзету, Тазарту (Правка, Очистить) командаларын орындау арқылы да тазалауға болады.



Сабақты бекіту тапсырмалары:

1 – тапсырма

Оқушылар компьютердегі электронды оқулықтағы 3 тапсырманы орындайды.


2 – тапсырма Төмендегі тапсырманы кестеге тереміз


1

Тауар

Саны

Бағасы

2

Тәтті тоқаш

100

80

3

Самса

50

50

4

Шырын

75

150

5

Шекілдеуік

20

80

6

Балмұздақ

120

130

7

Айран

60

185

8

Қаймақ

40

160

9

Ірімшік

45

220

10

Барлығы




3 - тапсырма

—  Бет - страница - list; Жұмыс кітабы жұмыс бетінен тұрады

—  Ұяшық – ячейка - cell; Жұмыс беттері ұяшықтан тұрады;

—  Диаграмма - диаграмма - diagram ; мәліметтерді графиктік түрде көрсету

—  Кесте – таблица - table; Кесте бірнеше ұяшықтан тұрады;

—  Формула-формула- formula;  Excel де формулалар жазу арқылы есептеуге болады;


Сабақты қорытындылау

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға «Балық қаңқасы» деген тапсырма беріледі. Балықтың қаңқасына бүгінгі сабақта не үйренгендерін жазады да екі топтан бір оқушы шығып плакатқа сызған тапсырмаларын қорғайтын болады.


Оқушыларды бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын

Үйге тапсырма: Электронды кестелер.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Электронды кестелер. Кестелік процессорды? терезе интерфейсі

Автор: Крикбаева Ильмира Рапильбековна

Дата: 02.03.2015

Номер свидетельства: 181311

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Электронды? кестелер. Кестелік процессорды? терезе интерфейсі"
    ["seo_title"] => string(68) "eliektrondykkiestielierkiestielikprotsiessordyntieriezieintierfieisi"
    ["file_id"] => string(6) "322421"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461584720"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "8-сынып. Информатика.  Электронды?  кестелер. Кестелік процессорды? терезе  интерфейсі."
    ["seo_title"] => string(93) "8-synyp-informatika-eliektrondyk-kiestielier-kiestielik-protsiessordyn-tieriezie-intierfieisi"
    ["file_id"] => string(6) "302978"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457365135"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Электронды? кестелер. Кестелік процессорды? терезе интерфейсі. 8 сынып"
    ["seo_title"] => string(74) "eliektrondykkiestielierkiestielikprotsiessordyntieriezieintierfieisi8synyp"
    ["file_id"] => string(6) "324330"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1462425206"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(176) "Урок по информатике на тему "Электронды? кесте. Кестелік процессорды? терезе интерфейсі" (8 класс)"
    ["seo_title"] => string(95) "urokpoinformatikienatiemueliektrondykkiestiekiestielikprotsiessordyntieriezieintierfieisi8klass"
    ["file_id"] => string(6) "311021"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459147276"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Блум таксономиясында ??рыл?ан саба? та?ырыбы: Электронды кестелер"
    ["seo_title"] => string(73) "blum-taksonomiiasynda-k-u-rylg-an-sabak-tak-yryby-eliektrondy-kiestielier"
    ["file_id"] => string(6) "210209"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431401332"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства