ІІ. Тұсаукесер | «Жеті қазына» бейне ролигі арқылы жаңа тақырыпты ашу. Айтылым: Түрткі сұрақтар. -Қандай киелі сандарды білесіңдер? -Киелі сандарға байланысты қандай байламдарды білесіңдер? -Бейне роликте қандай киелі сан? -Біз бүгін сіздермен қасиетті 7 санының сырын ашатын боламыз.Біздің ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ жеті санын қасиетті, киелі деп есептеген. Жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін 7 санымен байланыстырған. Ал енді қазір біз 7 санына байланысты 7 түрлі байламдармен танысатын боламыз.Өздерің 7 санына байланысты қандай ұғым-түсініктерді білесіңдер. І . Мағынаны тану кезеңі . Топтық жұмыс: Оқылым: «Бірге ойланамыз!» әдісі арқылы ресурспен жұмыстану. Формативті бағалау «Шапалақ» Оқушылардың пікірін тыңдап болған соң, слайдтан 7 санына байланысты байламдар туралы түсінік беру. Тыңдалым: Жеті санының дүниежүзілік дәстүрде өте жиі, тұрақты да орнықты болып кездесетіндігін білеміз. Жеті саны – қазақ үшін де киелі. 7 санына байланысты жеті жұт немесе жұт-жеті ағайынды. Олар – құрғақшылық, жұт (малдың қырылуы), өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну). Жеті жоқ: жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ. Жеті қазына – ұрпақ жалғасы деп көрсетіледі еңбегінде. Сонымен қатар жеті жетім, жеті шәріп, жеті ата ұғымдарын түсіндіру оқушылардың ой-өрісін, танымын кеңейтеді. Жеті күн: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы. ( слайдтан топтар кезекпен оқиды) Айтылым: «Сұрағы бар қорап» әдісі арқылы грамматикалық тақырыпты еске түсіру. Сан есім дегеніміз не? Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? Сан есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Жазылым: жұптық жұмыс: ІІІ – деңгей: Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазу, құрамына қарай талдау. 7, 12, 18, 236, 5, 20,8,2,55,60,71. дара | күрделі | жеті | Он екі, он сегіз, екі жүз отыз алты, бір мың | ІІ –деңгей: Семантикалық карта. Сан есімдердің мағыналық түрлерін ажырат. Сан есім мысалдары | есептік | реттік | жинақтық | болжалдық | топтау | бөлшектік | Бір мың екі жүз бес | | | | | | | Жетеу | | | | | | | Екіден бір | | | | | | | Бес-бестен | | | | | | | Бесінші | | | | | | | Беске жуық | | | | | | | Оннан | | | | | | | Екі бүтін оннан үш | | | | | | | ІІІ –деңгей. Сан есімнің мағыналық түрлерін пайдалана отырып, 3 сөйлем құрап жаз. Сан есімге байланысты мақалды түсініп оқы, сан есім түрлерін ажырат. 1.Екі сегіз – он алты. 2.Екі жақсы ерікпес, Екі жаман бірікпес. 3.Үйде бір күн ұрыс болса, Қырық күн ырыс кетеді. Формативті бағалау «Смайликтер» | Оқушылар белгілі уақытта сұрақтарға жауап бере отырып, өткен сабақтағы білімін дәлелдейді .
4 топқа 4 түрлі мәтін беріледі. Топ мүшелерлі мәтінді оқып, бір – бірімен ой бөлісіп, сол мәтін бойынша коллаж құрап қорғайды.
Жуан , жіңішке сұрақтар арқылы грамматикалық тақырыпты еске түсіру.
топшамалар арқылы жұптасып жұмыс жасайды.
|