Сайт жасаудың ең оңай әдісі ол дайын конструктормен жасау, яғни сіз белгілі бір сайтқа тіркелесіз олар сізге домен адресіңізді жазуыңызды сұрайды және дайын дизайын ұсынады, хостингтен сізге шектеулі ғана орын береді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сайт жасау мүмкіндіктері мен кең тараған әдістері»
САЙТ ЖАСАУ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН КЕҢ ТАРАҒАН ӘДІСТЕРІ
Ж.С.Сергеева
Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, Ақтау қаласы
Қазіргі кезде информациялық қоғамда адамзаттың байланыс құралының өзгеше екенін практика көрсетіп отыр. Заман талабына сай кез-келген мекеменің, ұйымның, қоғамдық бірлестіктің сайты болуы тиіс, себебі бүгінгі адамдар көбінесе жаңалықтарды Интернеттен алады. Адам өмірінде интернетті пайдалану шекарасы да кеңейтілуде. Интернет адамдардың психологиясы мен дүниеге көзқарасын өзгертеді. Осы күнгі қоғам өмірі тым компьютерленген. Ақпараттық қызметтерге қойылатын талаптар (оперативтік жады, сенімділік) өзгеруде.
Web - сайттардан түсетін пайданың басым бөлігі басқа елдердің пайдаланушыларынан құрылады, сондықтан бизнес саласында жұмыс жасайтын компаниялар үшін Web - сайт ашып, қосып, қажетті, маңызды ақпаратпен толтыру өте маңызды. Сайт құру - бұл құрушыдан ұқыптылықты, жауапкершілікті концепциялар мен көптеген принциптерді білуді, технологиялық стандартқа инабатшыл қатынас көрсетуді талап ететін ауыр еңбек. Сайт құру сұрақтарының казіргі әдістерін білу, тәжірибеде қолдану болашақ программистер үшін аса маңызды болып табылады.
Әлемдік тордa бірнеше миллиондaғaн Web-сaйт бaр және олaрдың сaны күнбе күн өсіп отыр, сәйкесінше Web-сaйт құруғa aрнaлғaн құрaлдaр дa әр aлуaн. Сондaй құрaлдaрдың бірі HTML гипермәтіндік тілі мен РНР бағдарламалау тілдері болып тaбылaды.
WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсындa гипермәтiн түрiнде көрнекi және aнықтaмaлық мaтериaлдaр орнaлaстырылaды. Aл іздеу жүйелерiнiң көмегiмен WWW-беттерiнде интернет ресурстaры бойыншa aнықтaмaлaр aрқылы сiлтемелер жинaғын дaйындaуғa болaды.
Web – сайт және оның парақтарын құруда әртүрлі әдістер мен заманауи технологиялар қолданылады. Соның бірі, Web – формалары – динамикалық Web – сайттың негізгі элементтері болып табылады. Web-формалар – интернет қосымшаларында қолданушы интерфейсі ретінде қызмет атқаратын, программаланатын Web- қосымшалар ретінде анықталады, сaйтты пaйдaлaнудa оның мaңыздылығын aйқындaу, aқпaрaттық теxнологиялaрмен тaнысу және олaрды Web - қосымшаларды құрудa пaйдaлaну [1].
Сондықтанда бұл технологияны меңгеру және қолдана білу қазіргі заман талаптарын қанағаттандыратын өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сайт негізінде презентациясы құрылған HTML, PHP, JavaScript, Macromedia Flash программалау тілдерінің негізгі элементтері, тұрақты және өзгермелі Web – парақтарды құрастыру жайында мәліметтер қарастырылады. Сайтты құруға жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, басқа да сайт құруға қолдана білу және оқушылар мен студенттерге сайт құру жолдарын көрсету.
Қорытындылай келгенде, жұмысымды орындау барысында қалаған нәтижеме жету үшін HTML, JAVASCRIPT, PHP тілдерін қолдандым. HTML мен JAVASCRIPT, PHP тілдерінің каскадты стилдер кестесі, сценарийлерді қолдандым. Бұлардың ыңғайлылығы, құрылымды мәліметтер қорымен байланысы және көптеген бар және алда болатын қарапайым элементтері қызықтырмай қоймайды.
Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да, программалау тілдері де аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, сайт жасауда көп қолданысқа ие гипермәтіндік HTML, серверлік РНР тілдері. Соңғы кезде әлемдік тор нарығында, HTML, PHP тілдері негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ қолданушыға программалық өнімдер жасауға мүмкіндік беретін Web сайттар саны көбейіп барады. Осы интернет программалау тілдері қазіргі таңда кең қолданылып жатқан технология болып табылады.
JavaScript тілі Netscape компаниясымен HTML беттерді қарау тілі ретінде өңделді. JavaScript тілі – объектілі-бағытталған тіл. JavaScript тілі Netscape Navigator: терезе, форма, форма өрістері. Бұл маңызды программаларды жазуға мүмкіндік береді. JavaScript тілінде бірнеше функционалдық мүмкіндіктерді: жаңа терезенің ашылуы, күнтізбе, сурет галереяларын программалауды жүзеге асыруға болады [2].
CSS (каскадтық стильді кестелер) – HTML,XHTML белгілеу тілдерінде жазылған Wеb беттердің сыртқы көрінісін суреттейтін, әрлейтін тіл. Бұл тілде Wеb беттердің сыртқы көрінісіндегі шрифттер, түстер, жайғасуы, блоктар сияқты элементтерді жасауға болады. CSS-тің пайда болуының негізгі себебі web беттердің логикалық құрылымдарымен сыртқы көріністерін суреттеуді бір-бірімен бөліп қарастыру болды. Себебі әр қайсысы бөлек болса, сайт жасағанда да, сайттың кодын оқығанда да түсінуге ыңғайлы болады.
Сайт жасаудың ең оңай әдісі ол дайын конструктормен жасау, яғни сіз белгілі бір сайтқа тіркелесіз олар сізге домен адресіңізді жазуыңызды сұрайды және дайын дизайын ұсынады, хостингтен сізге шектеулі ғана орын береді. Міне бар жоғы осы сайтыңыздың басқару панелімен қоса бастапқы нұсқасы дайын, бұған ары кетсе 10 минут қана уақыт кетеді. Сосын ары қарай сайт менюін қазақшалайсыз, сайттың атын жазасыз, әрі бұл әдіс арқылы сайт жасау бүкілдей тегін. Ең көп тараған конструкторлар: www.ucoz.ru және www.narod.ru юкозбен сайт жасау қысқаша жоғарыда айтылғандай, ал народ румен сайт жасау кішкене басқашалау онда сайттың дизайнына өз еркіңізбен өзгерістер мен толықтырулар енгізе аласыз, бір қызығы бұл әдіспен сайт жасағанда сіз хостинг, домен, FTP, PHP, HTML деген сияқты (хостинг, домен, НТМL бұл туралы кейінірек) веб сайт жасау саласындағылар білмесе болмайтын терминдерді түсініп жатпай ақ сайт жасайсыз. Бірақ веб программадан хабары барларға сайтыңызды деп көрсетпеңіз, өйткені бұл әдіспен сайт жасау бұл салада білімі төмен надандардың ісі болып табылады.
Сайт жасаудың екінші әдісі движоктармен жасау движок дегеніміз HTML, PHР т.б пайдаланып жасалынған папкаларға салынған түрлі файлдар, сайттың дайын базасы. Сіз тек меню қосасыз модулдарды қосып оны қазақшалайсыз немесе қазақшаламайсыз, басқа да жұмыстарын тындырасыз. Движоктардың түрі көп соның ішіндегі аса танымалдары және кемелденгендері: joomla, drupal, wordpress, DLE, livestrееt. Сайт жасау үшін оны хостингке лақтырып орнату керек сосын ары қарай түзейсіз. Хостинг дегеніміз сіздің интернет кеңістігіндегі жалға алатын орныңыз, оны сіз арнаулы хостинг компаниялардан сатып аласыз. Бағасы орынның көлеміне қарай әртүрлі болып келеді. Сонымен бірге движокты сайтыңызды асықпай компьютеріңізге орнатып алуыңызға да болады, ол үшін бізге Denwer керек бұл арнаулы программа сайтыңызды хостингте(интернетте) тұрғандай сезіндіреді.
Сайт жасаудың ежелгі әдістерінің бірі бұл арнаулы программалармен жасау, бұлардың түрлері көп, Google-ға программа создать сайт деп жазып түртіп қалсаңыз болды алдыңызға жайып салады. Қарапайым алғаш үйренушілерге арналған түрі Front Page бұл программа кейбір Office 2003-тің ішінде кездеседі. Қазіргі кездегі ең көп қолданылатын түрі Macromedia Dreamweaver [3].
Ал енді сайт жасаудың төртінші және классикалық әдісі сайтты арнаулы тіл арқылы жазып шығу, яғни сіз HTML, PHP сияқты сайт жасау тілдерін терең меңгерген болсаңыз жоғарыдағы движоктың да программаның да керегі жоқ, сайтты кәдімгі блокнотпен ақ жасай бересіз, блокнотқа арнаулы тегтермен қоршалған сөздерді жазып, сақтап оны браузермен ашсаңыз браузерден сол жазған сөзіңіз ғана көрінеді, яғни тег дегеніміз сайт бетіндегі сөйлемді түрлендіруге арналған (мысалы абзац жасау жирный шрифтпен алу деген сияқты) сайт фонының реңін өзгертуге бағытталған т.б көптеген сайтты әрлеуге, модульдар жасауға арналған код. Браузер материалды осы тегтер арқылы ғана таниды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Гаевский А.Ю.Создание Web - страниц и Web - сайтов. Москва 2005.