kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сыныпта а?паратты? - коммуникациялы? технологияларды тиімді пайдалану

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯ-Н?ТИЖЕЛІ БІЛІМ БЕРУДІ? К?ЗІ

 

?аза?стан Республикасыны? президенті Н.?.Назарбаев ?аза?стан хал?ына Жолдауында ?аза?станны?  ?лемдегі барынша дамы?ан ж?не б?секеге ?абілетті елдеріні? ?атарына кіру стратегиясын ?сын?ан. Ж?зеге асырылуына  ж?не осы міндетті шешуге ж?рдемдесетін дамуды? жеті басым ба?ыты аны?тал?ан. Б?л шешуші басылымдылы?тарды? бірі осы заман?ы білім мен озы?  ?ылымды дамыту  болып табылады.

Білімді ?рі сауатты адамдар ? б?л ХХІ ?асырда адамзат дамуыны? негізгі ?оз?аушы к?ші. Ал баланы? жеке т?л?а ретіндегі  дамуы, ?зіндік  к?з?арасыны? ?алыптасуы, ой-?рісіні? ке?еюі мектеп ?абыр?асында басталады. ?азіргі мектептердегі о?у ?рдісін ?йымдастыру жа?а ?діс-т?сілдерден, технологиялардан ??ралады. Демек, баланы? білімі ерекше болуы, ол білімні? н?тижелі болуы п?н м??алімінен жауапкершілікті талап етеді.

«?азіргі заманда жастар?а а?паратты? технологиямен байланысты ?лемдік стандарт?а сай м?дделі жа?а білім беру ?те ?ажет» деп Елбасымыз атап ?ткендей, жас ?рпа??а білім беру жолында а?паратты? технологияны  о?у ?рдісіне ?олдану мен оны? тиімділігін  арттыруды? ма?ызы аса зор. Себебі а?паратты? технология ?ана жа?а педагогикалы? технологияларды? м?мкіндіктерін іске асыра алады. О?ушы–о?у ?рдісіні? басты субъектісі, сонды?тан баланы? дамуына, оны? ойлау ?абілетін дамыту?а о?ушы мен о?ытушыны?  ?зара ынтыма?тасты?ы о?у процесіне ?алыптастыру мен ?р т?рлі о?у іс-?рекетін ?амтитын о?ыту ?дістеріні?  ?йлесімдігі н?тижесінде ж?зеге асырылуы тиіс.

А?паратты? технологияны пайдаланып о?ыту т?мендегідей ма?сатты к?здейді: о?ушыларды? а?паратпен ж?мыс жасау іскерлігін ?алыптастыру ар?ылы коммуникативтік ?абілеттерін, а?ыл-ойын, танымды? ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту, ал?ан білімдерін практикалы? іс-?рекетте ?олдану?а ?йрету.

Болжам:

–Егер жа?а а?паратты? технологияны химия саба?ында тиімді пайдаланса, о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ы, танымды? белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шы?армашылы?ы артады.

Елімізді? ?ркениетті елдер ?атарына ?мтылуына байланысты ?азіргі кезе?де білім е? басты м?селе болып отыр?аны баршамыз?а аян. Б?л білім беруді? ?лемдік де?гейіне сай болуды білдіреді. Оларды? е? бастылары:

-білімні? ?рбір адам та?дырында?ы м?нділігін к?шейту ?шін оны? дара т?л?а?а ба?ытталуы;

-?о?амда?ы рухани ??лдыраудан арылу ?шін білімді ізгілендіру;

-?р баланы? білім алуда?ы ?з ?абілеті мен ынтасына сай туында?ан с?ранысын ?ана?аттандыру ?шін білім беруді саралауды к?шейту;

-к?п н?с?алы білім алу?а м?мкіндік жасау.

Осы жа?дайлар ?з шешімін тап?анда ?лемдік білім ке?істігіне енуді? ма?ызды шарттарыны? е? бастысы ? о?ушы ??зыреттілігін ?алыптастыру м?селесі де іске асар еді. Осы т?р?ыдан ал?анда мектепте химиядан ?олданбалы курстарды о?ытуды? ма?ызы зор деп есептейміз. ?йткені ?азір мектептерде барлы? ж?мысты біры??ай ?лтты? тестілеуге даярлап, жо?ары сапа к?рсетуді бірінші кезекке ?ой?ан кезе? екендігі жасырын емес. Ал о?ушылар арасында химия п?нін та?дау ?те сирек, себебі химияны та?даушылар ?шін ?сыныл?ан маманды? т?рі аз. Сондай-а?, химия ?иын п?ндер ?атарынан болып саналады. Біра? осындай ?айшылы?тар?а ?арамастан химия ? жаратылыстану п?ндеріні? бірі ретінде о?ушыларды? жан-жа?ты жарасымды жетілуіне, химиялы? сауатты болуына ?ажетті білім беретін, я?ни ??зыретті жеке т?л?аны т?рбиелеуге ?зіндік ?лес ?осатын п?н болып табылады.

К?птеген жа?а технологиялармен ?атар со??ы кездері химия п?ні  саба?тарында а?паратты? технологиялар жиі ?олданылуда. Заттарды? ??рамы мен ??рылымын, ?асиеттеріні? ??рылымына т?уелділігін, ?асиеттері белгілі жа?а заттар мен материалдар алуды, химиялы? ?згерістерді? за?дылы?тары мен оларды бас?аруды? жолдарын  зерделеу?мектепте химия п?нін о?ытуда?ы негізгі м?селелер. Заттар ?лемін (оларды? ??рамын, ??рылымын, бір затты? бас?а зат?а айналуын) зерделей отырып, о?ушылар практикалы? ?ызмет ?шін тияна?ты білім алуы тиіс. Осы?ан байланысты  к?нделікті саба?та:

-мультимедия (видео, аудио ?ондыр?ылары мен теледидарды, электронды? о?улы?тарды);

-зертханалы? т?жірибелер;

-компьютер (компьютерлік ба?дарламалар, интерактивті та?та);

-аны?тамалы? м?ліметтер (с?здік, энциклопедия, карта, деректер ?оры);

-интернет ж?не т.б. к?рнекі материалдарды пайдалану айтарлы?тай н?тиже береді. М?ндай ?ондыр?ылар о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттырып, зейін ?ойып ты?дау?а ж?не ал?ан м?ліметтерді на?тылау?а м?мкіндік береді.

А?паратты? технология негіздері т?л?аны? химия п?нінен ал?ан білім сапасы мен сауаттылы?ын ке?ейтуге ж?рдемдеседі, мысалы: интернет сайты ар?ылы жо?ары де?гейдегі к?рнекіліктерді пайдалану?а болады. Заман а?ымына ?арай саба?та видео, аудио ?ондыр?ылары мен теледидарды, компьютерді ?олдану о?ушыны? д?ниетанымын ке?ейтеді. ?сіресе, о?улы?та?ы тарауларды ?орытындылау кезінде о?ушылар ?осымша материалдар жина?тап, білімдерін ке?ейтіп, танымды? белсенділігін арттырып ?ана ?оймай, ?исынды ойлау ж?йесін ?алыптастырып, шы?армашылы?ын дамытады.

А?паратты? технологияларды  саба? ?стінде  пайдалануды?  формалары  мынадай болып келеді:

  • саба? барысында  техниканы ?олдану ар?ылы материалды т?сіндіру, о?ушыны с?йлету ж?не пікірталас, бекіту, о?ушыларды?  білімін ба?ылау, жеке ж?мыс, талдау, тестілеу, ?ажет а?паратты іздестіру;
  • саба?тан тыс уа?ытта о?ушыны? дербес, ?здігінен ?олдануы, я?ни ?й тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, ?зіндік ба?ылау;
  • м??алімні? саба??а даярлы? кезе?інде ?олдануы, я?ни арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау ж?не  т.б.

АКТ ?дістерін т?мендегідей бірнеше ба?ытта ?олданып отыру?а болады:

1. Химиялы?  ?рдістерді  сипаттап, талдау жасау ?шін компьютер немесе бас?а да а?паратты? ??ралдар ар?ылы к?рнекілік ретінде суреттер, диаграмма мен бейнероликтерді  ке?інен ?олдану?а болады.

2. О?ушыларды? есту, к?ру ?абілеттерін дамыту ?шін таби?атта?ы за?дылы?тар мен ?рдістерді анимация ар?ылы ?олдану?а тиімді. Мысалы: химиялы? процесстер, химиялы? ?ндірістер ж?не т.б.

3. Мультимедиялы? о?улы?тар к?мегімен к?рделілігі  ж?нінен т?рлі де?гейдегі химиялы? тапсырмалар мен  зертханалы? ж?мыстарды орындау?а болады.

4.Ал?ан білімдерін тексеріп,  бекіту   ?те тиімді.?азіргі кезде о?ытуды? жа?а ?рдісіне сай мектепке барлы? п?ндерден  тест ?дісі ке?інен ?олданылады, тіпті ?БТ тапсыру ?шін де. ?сіресе тарау,та?ырыпты ?орытып,?айталауда тест тапсырмаларын о?ушылар ?ызы?а орындайды.

АКТ-ны саба?та ?олдануды? тиімділігі:

  • уа?ытты ?немдейді;
  • о?ушыны? жан-жа?ты білім алуына септігін тигізеді;
  • білімін кешенді ?рі ?немі тексеріп ба?ылау?а м?мкіндік береді;

Химия саба?ында АКТ ?олдану тек о?у ?рдісін же?ілдетіп ?ана ?оймай, сонымен бірге о?ушыны? да к?птеген ?абілеттерін дамыту?а к?мегін тигізеді.Атап айт?анда:

  • о?ушыны? саба??а деген ынтасы мен ?ызы?ушылы?ын арттырады;
  • ?р т?рлі  м?селелерді шешу жолдарын іздестіру ар?ылы танымды? ?абілетін дамытады;
  • логикалы? ойлау ?абілетін дамытады;
  • жеке немесе топпен ж?мыс жасау?а да?дыландырады;
  • ?о?амда?ы  ?з ?станымдары жайлы ой-?рісін ке?ейтеді.

?азіргі та?да барлы?  химия кабинеттерінде  интерактивті та?та  ке?інен ?олданылып ж?р ж?не ол о?ытуды? тиімділігін арттыру?а септігін тигізіп отыр.

Оны? м?мкіндіктері т?мендегідей:

  1. саба? кезе?дерінде уа?ытты ?немдеуге к?мектеседі;
  2. дайындал?ан материалды ?айта-?айта ?арау?а м?мкіндік береді;
  3. о?ушы мен м??алімні? шы?армашылы?ында  ??гімелерін ?рлеуге к?мектеседі;
  4. дамыта о?ыту тапсырмаларын жасау м?мкіндігі мол;
  5. интерактивті та?та кітапханасы ар?ылы кез келген сурет, материалдарды алу м?мкіндігі бар;
  6. бейне сапасын са?тауда ж?не ?ызы?ты фрагменттерді немесе бейнелерді  экранда ?лкейту м?мкіндігіне ие.

Сонымен саба? ?рдісінде интерактивті  та?таны? барлы?  м?мкіндіктерін ?олдану ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын, интеллектуалды? танымын, білім сапасын арттыру?а болатыны аны?. Саба?та интерактивті та?таны? элементтерін пайдалану, о?ушыларды? дайындал?ан арнайы тапсырмаларды ты?дап ?ана ?оймай, к?здерімен к?ріп, оны жетік т?сінуге да?дыландырады. Интерактивті та?таны пайдалану аркылы о?ушыларды? білімін тексеру ?шін ?р тарауды ая?та?ан кезде немесе жа?а саба?ты бекіткен уа?ытта тестілеу ?дісін ?олдану?а болады. Б?л ?діс о?ушылардан бір уа?ытта жауап алу?а м?мкіндік береді ж?не тестілеген кезде м??алім о?ушыларды? білім де?гейін аны?тай алады.  Тестілеуді? н?тижелерін ??рыл?ан график ар?ылы тексеріп, сол уа?ытта ба?алау?а болады. Ал жауап н?тижелерін ба?ылап, о?ушыларды? материалды т?сіну де?гейін аны?тау?а болады. О?ушы?а тест с?ра?тарына жауап беруі ?шін уа?ыт беріледі. Б?л ж?йе т?йы? о?ушыларды? ойын білдіріп, жал?ау о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттырады. О?ушылар жауаптарын ??пия т?рде бере алады.Жа?а а?паратты? технологияларда электронды? тесттерді ?олдану о?уды? тиімділігін к?тереді,сонымен ?атар о?ушыны? бірден-бір ?здігінен ж?мыс істеу ??ралы болып табылады.Тестік формада?ы тапсырмалар ?ыс?а с?ра?тардан т?руы тиіс.Техникалы? ??ралдар ар?ылы тестті тез ?рі на?ты ж?не ?немді орындау?а  болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныпта а?паратты? - коммуникациялы? технологияларды тиімді пайдалану»

Бастауыш сыныпта ақпараттық - коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану

Қазіргі заман талабына сай ақпараттық - коммуникациялық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз болуы тиіс. АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту мен оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайды. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану  және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өздігінен ізденуі - пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Қазіргі кезде Aсtivstudio бағдарламасымен қамтамасыз ету арқылы интерактивті тақтамен оқыту технологиясы оқу үрдісін белсенді, қарқынды етудің бір жолы. Интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдеуге , оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Әртүрлі түспен көркемделіп, дыбыстармен , мультимедиялық операциялық ортамен құрылған сабақ - білім беру үрдісінің сапасын арттырып , оқушылардың қызығушылығы мен ақпараттық мәдениетін арттыруына септігін тигізетініне көзіміз жетіп отыр. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады. Жалпы Aсtivstudio бағдарламасының мүмкіндіктері өте көп. Флипчарт бетіне бейнефильм қою немесе флипчарт бетіндегі суреттерді орындарымен ауыстыру, орнынан қозғау, арнайы қаламмен тақтада жазу сияқты көптеген мүмкіндіктер қарастырылған.Сабақ мақсатына сай түрлі флипчарт көрнекілікті жасау және сабақ барысында тиімді қолдану сабақ мазмұнын аша түседі. Әрине сабақ барысында флипчарт көрнекіліктерді өз уақытымен тиімді қолдану керек. Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Интерактивті тақтадан сабақ өтіп жатқан кезде әртүрлі сызбаларды , бейнелерді, кестелерді көрсетуге болады.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімді жақтарын атап өтсем:

- Сабақты дайындау барысында уақытты үнемдеу; себебі

интерактивті тақта арқылы сабаққа қажетті сұрақтарды, түрлі суреттер, видеокөріністер көрсету; қажетті дыбыс және музыка тыңдату ;

- Білім, білік, дағдыларын тексеруге арналған тапсырмаларды флипчарт арқылы дайындап оқушыларымның білімдерін тексеру;

- Қажетті ақпаратты жедел түрде интернеттен алып, сабақтарда қолдану;

-Ноутбуктерді пайдалана отырып, оқушыларға өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

- Психологиялық тренингтерде,  сергіту сәттерінде бейнежазбадан іс-әрекет, қимылды көрсету қажет ететін тұстарда демонстрация, тыңдау әдісі арқылы көрсету.

Пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыруға, мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың аспектілерін өзара байланыстра белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатынын түсіндім. Ақпараттық – комуникациялық технологияларды пайдалана отырып білім беру кезінде берілуге керек ақпарат көлемін дәстүрлі педагогикадан қарағанда анағұрлым көп беруге болады. Осындай ақпаратты оқушыларға ұсына отырып олардың өздері нені біледі, нені еске сақтауды өздері саналы түрде шеше алатынына көз жеткізуге болады.

Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білімді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Келер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгерту қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердін ықпалдасуын қамтуы керек. Оның үстіне, Мишра мен Келердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану мұғалім тарапынан үлкен ізденімпаздықты, ұйымдастырушылықты талап етеді. Акпараттық коммуникациялық технологияны оқыту процесінің барлық кезеңдерінде қолдануға болады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, біліміндерін , іскерліктерін және дағдыларын бақылағанда. Бұрыңғы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттырмайды. АКТ-мен жұмыс істеу өте қызықты. Үлгерімі нашар оқушылардың өзі онымен жұмыс істеуге қызығатын болады, өйткені кейбір жағдайда компьютер оның білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Балалардың білім сапасының жоғарлауына, жекелей ерекшеліктерінің ескерілуіне ықпал етеді.

Қазіргі заманда, ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану, пән сабақтарды тиімді өткізуде көмегі зор. Және де қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік беріп, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеушілік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқушының мектепте алған білімдерін өмірде қолдана білуге, кез келген ортада өзін еркін ұстап, сенімділікпен әрқашан алға басуға, сандық технологияларда құзырлылық танытатын, адами құндылықтарға ие, жан – жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдана отырып мынадай нәтижелерге жетуге болады:

  1. Сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына тапсырмалар беруде , өздігінен тапсырманы орындауға, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға үйретеді.

  2. Оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырып, сабаққа ынтасын арттырады.

  3. Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік береді.

Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі - жаңа тарихи - әлеуметтік жағдайдың талабы. Компьютерлік технологиялардың дамуы оқушының функционалдық сауаттылығына тағы бір көрсеткіш, компьютерлік сауаттылық көрсеткішін енгізіп отыр. Яғни бүгінгі таңда оқушының білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын жоғарылату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, барлық пән сабақтарында ақпараттық технологияларды тиімді қолдана білу керек деп ойлаймын.

Қазіргі кезде жаңа технологиялар күннен күнге қарқынды даму үстінде. Егер біз заман талабына сай жаңашыл ұстаз болғымыз келсе, осы жаңа технологияларды меңгеруіміз керек. Ақпараттық– коммуникациялық технология жұмыс жүргізуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

  Ақпараттық - коммуникациялық технологияның дамуы осы заманға сай білімді, әрі білікті оқушы даярлау мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдана отыра түсінгенім, еліміздің кез- келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.  Қытай ғұламасы Конфуций: «Маған айтып берсең- ұмытып қаламын, көрсетсең- есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң- үйренемін» деген даналық сөзін есте сақтай отырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында ақпараттық- коммуникациялық технологияны пайдалана отырып, таныстырылым, бейнежазбалар көрсетіп, түрлендіріп отырдым. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырып отырса, жаңа тақырыпты оқушы тез есте сақтайды.


Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық-психологияға негізделуін және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам- ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек.  Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Мұғалім өзінің сабақ жоспарына ақпараттық –коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың қызығушылығын, ал екіншіден, оқыту үдерісінде бұдан әрі жоғары нәтижелерге жетуге болатындығын шешу керек. Қазір біздің елімізде электрондық оқыту жүйесімен білім беруде. Бұл ата-ана үшін де, ұстаздар үшін де тиімді оқыту түрі болып саналады. Ата-аналар балаларының білім деңгейін дер кезінде қадағалап, көмек көрсетіп отырады. Қорыта келе айтарым, оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының алатын орны ерекше.





1



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Бастауыш сыныпта а?паратты? - коммуникациялы? технологияларды тиімді пайдалану

Автор: Намазбаева Райхангуль Жумажановна

Дата: 25.05.2016

Номер свидетельства: 330274


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства