kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайында білім сапасын арттырудағы үлесі үшін

Нажмите, чтобы узнать подробности

         Болашақтың базары да, келешектің – кемеңгерлері де балалар емес пе?

Саналы, өскелең ұрпақты тәрбиелеу – әрбір ұстаздың міндеті. Балалардың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына ұстаздардың еңбегі орасан зор. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің жолдауларының бірінде  «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Болашақта өркениетті, дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесі тең ететін білім», - деп атап көрсетті. Олай болса өскелең ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, оқытудың үздіксіз білім беру жүйесінің сатысы ретінде бала тұлғасының дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі үшін жағдай жасайды. Бүгінгі күні егеменді елімізде оқыту жобалау технологияларының жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл  оқу-тәрбие процесіндегі елеулі өзгерістермен байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болып жатыр. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде педагогтардың оқыту технологияларын өзінің жұмыс барысын да тиімді қолдана білуі болып табылады.

          Инновациялық жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат ата-аналармен бірге отырып балалардың қызығушылық ынтасын дамыту, ойлау қаблеттерін арттыру арқылы болашақ та әртүрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Балалардың танымдық өрісін, қызығушылығын  арттырып дамыту болып табылады. Кез келген дені сау нәресте алғашқы өмірге келгенде өзінің тіршілік әрекетін жаңа жағдайларға бейімдеуге көмегін тигізетін туа біткен танымдық бағдармен келеді. Бірте-бірте осы танымдық бағдар  белсенділікке, ал баланың өсуіне, дамуына  байланысты танымдық белсенділік әрекетке өтеді. Танымдық қызығушылық  жеке тұлғаның өте маңызды білім меңгерер түрі. Ол баланың өзіндік әрекеттерін дамытуды көздейді. Адам таным процесінде қоршаған ортаның жаңа фактілерін, жаңа байланыстарын, өзара тәуелді құбылыстарын ашады. Баланың танымдық қызығушылығын білуге құштарлығын ойын, тәжірибелік зерттеулер, бақылау ізденіс іс-әрекеті арқылы қанағаттандыруға болады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды», деп дана халқымыз бекерден бекер айтпаса керек.

Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. «Инновациялық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды» Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде оқытуда уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасындағы балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай өзіміздің тәжірибемізде оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологияларын жасап, білім беру жүйесінде инновациялық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген инновациялық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б. Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ.

Мақсаты - мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық. Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеумет тендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те, ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы педагог уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.

Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады. Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсаты - баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кенінен пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға сай интерактивті тақта ойындағы баланың оппоненті, бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін.

Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға араналған пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар көру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау, т.б. Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді.Оқытуда пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта, компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Республикалық қоғамдық педагогика-психологиялық басылым

Бала тәрбиесі. 2015ж

2.Республикалық педагогикалық журнал

Бала мен балабақша.2014ж

3.Орталық Қазақстан 2016ж

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайында білім сапасын арттырудағы үлесі үшін»

Абдраймова Асем Кабденовна

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы.

«№4 Абай атындағы мектеп-лицейінің

тарих пәні мұғалімі

Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайларында білім сапасын арттырудағы әдістемелік көзқарас

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Абдраймова Асем Кабденовна

Дата: 08.11.2017

Номер свидетельства: 437582

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "К?ше  т?ртібін  білесі? бе?,"
    ["seo_title"] => string(24) "koshietrtibinbiliesinbie"
    ["file_id"] => string(6) "270699"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451233945"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "А?паратты? – коммуникативтік технологияны? м?мкіндіктерін  ?олдануды? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(85) "ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologhiianyn-mumkindiktierin-k-oldanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "200416"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428833656"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства