Просмотр содержимого документа
«"Информатика білгірі" сайыс»
Тақырыбы:«Информатика білгірі»
Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру. Ой-өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылыққа баулу. Өзгенің пікірін тыңдап, өз пікірін дәлелдей алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті конверт, смайликтер. Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! «Информатика білгірі» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Әділқазылар алқасын ортаға шақырайық:
Білімдері сыналар, өздері шыңдалар бұл сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, ортаға шақырамыз.
Оқушылар парақша таңдау арқылы топқа бөлінеді. Өз араларынан спикер сайлап алады.
Біреу озып келеді,
Біреу қалып жатады.
Озып келер балалар, Еңбектенсе жарады,- дей келе сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І кезең: «Адасқан әріптер»
ІІ кезең: «Артық болмас білгенің»
ІІІ кезең: «Мақал-сөз мәйегі»
І кезең: «Адасқан әріптер!» Оқушыларға әріптері ауысқан сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы информатика пәнінен термин сөздер шығару керек. Әр сөзге 5 ұпайдан беріледі.
•ДЕММО •МАТИКАИНФОР •РУСВИ
•ТЕРПРИН •КУЛЯТОРКАЛЬ •МЕРАКА
•СИВКУР •ТЕРНЕТИН •ПАРАТАҚ
•НЕТАҚТАПЕР •ЦЕССОРПРО •ЛОНКАКО
•РОФОНМИК •НИТОРМО •НЕРСКА
ІІ кезең: «Артық болмас білгенің» Бірнеше ұяшықтарға бөлінген кесте берілген. Әр ұяшықта сұрақтар беріледі. Ұяшықтардағы сұрақтарға дұрыс жауап берген топ ұяшық ұпайын алады.
ІІІ кезең: «Мақал-сөз мәйегі!» бұл бөлімде топ мүшелеріне сөздері қалдырылған мақал-мәтелдер беріледі. Қалдырылған сөзді тауып, 3 тілде жазуы тиіс.