kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Информатика білгіштері" интеллектуалдық сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныптан тыс шарада информатика пәніне қатысты сұрақтар қойылып, жауабы көрсетілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Информатика білгіштері" интеллектуалдық сайысы»

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі

Информатика пәнінің оқытушысы

Жаулиева Гульмира Халмуратовна





«Информатика білгіштері»

(интеллектуалдық сайысы)


Мақсаты: студенттердің информатика пәні бойынша білімдерін анықтай отырып, заманауи үдерістерді меңгерген тұлға етіп тәрбиелеу.

Мұғалім сөзі: Құрметті әріптестер, студенттер бүгінгі «XXI ғасыр- нақты ғылымдар ғасыры» атты апталығымыздың аясында өткелі отырған «Информатика білгіштері» атты интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз. Интеллектуалдық сайысымыздың негізгі мақсаты студенттер арасында 21 ғасыр ақпараттандыру ғасырына сәйкәс білімді, іскер, техникалық үдерістерді терең меңгерген жастардың білімін ортаға салып сынап көру болып табылады.

Бүгінгі сайысымыздың қатысушыларымен таныстырып өтейін:

  1. Данабаев Адилбек- ДтБ-52 тобы студенті;

  2. Кенжеғалиева Шырын – ИнБ-83 тобы;

  3. Айнашова Алия – ИнБ-83 тобы;

  4. Оңайбаева Айжан – ИнБ-83 тобы;

  5. Нұрдәулетова Толғанай- ИнБ-92 тобы;

  6. Уразбаева Нұржамал – ИнБ-92 тобы;

Бүгінгі сайысымыздың шарттарына келер болсақ. Алдын –ала жүргізілген жеребье арқылы қатысушылар реттік номері белгіленді. Алдарыңыздағы тұрған айналмалы барабан арқылы сайыс бөлімдерін ашу көзделген. Жалпы сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:

  1. Бәйге

  2. Ойлан тап

  3. Қатені тап

  4. Құпия жәшік

  5. Бұл кім?

  6. Бұл не?

Әрбір бөлімде өзіне сай балдық жүйесімен есептелінетін бағалау саясаты жүреді. Ойын шарты түсінікті болса сайысымызды бастайық.

Бірінші барабанды айналдыру құқығы ..................

  1. «Бәйге» бөлімінің сұрақтары:

«5» балл: Информатика дегеніміз не? Жауабы: ақпараттарды есептеуіш техника құралдарында

құру, есептеу, тасымалдау әдіс-тәсілдерін бір жүйеге келтіретін техникалық ғылым

саласы

Ақпарат. Ақпарат түрлері? Жауабы: Ақпарат – әртүрлі заттармен қоршалған жан-

жануарлар дүниесінің таңбалар мен сигналдар түрінде берілген бейнесі болып

саналады.

Ақпарат түрлері:

- таңбалы – мәтіндік (әріп, цифр, таңбалар т.б.);

-  графикалық (суреттер, бейнелер көмігімен, т.б. көмегімен);

-  дыбыстық.


«10» балл«Көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті шағын компьютерлік

программа қалай аталады?

Жауабы: Компьютерлік вирустар.

Windows-тың стандартты қосымшаларын атаңыз. Жауабы: Блокнот, Календарь,

Калькулятор, Проводник, Paint, Word Pad.

«20» балл: Мicrosoft Office бағдарламалар тобына кіретін программалар тобын көрсетіңіз?

Жауабы: MS Word,MS Excel,MS Power Point,MS Access,MS Outlook,MS Publisher

және тағы асқалар.


«30» балл: Сұрағымызды колледжіміздің информатика пәнінің мұғалімі Қаржауова Базаргүл

апай қояды. Видеосұрақ. Сұрақ: Информатика пәні алғаш рет мектептерде нешінші

жылдары енгізіле бастады? Және қандай атпен енді.

  1. Ойлан тап ( бұл бөлімімізде есептеулер беріледі)

Әрбір дұрыс жауапқа 5 балл беріледі.

  1. Герон формуласын атаңыз

  2. Ондық жүйедегі сандарды екілік жүйеге аударыңдар:

А)8192 Б) 8706

  1. АВС үшбұрышы берілген. Оның қабырғалары a=7, b=4

және c=5 Герон формуласымен ауданды табыңыз.

III. Қатені тап ( бір баланың компьютермен жұмыс істегендігі туралы әңгіме теліеді. Осы

сөйлемдердің ішінен қатені анықтап, түзеу керек).

Әрбір дұрыс жауапқа 5 балл беріледі.

  1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын. Жауабы: 8 қате жіберілген.

1.Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Сәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты – графиксызғыш құрылғы

  1. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық .bmp форматында сақтаймын.

Жауабы: 3 қате жіберілген.

1. Word графикалық редактор емес

2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес

3. Графикалық bmp форматы векторлық форматқа жатпайды.

IV. Құпия жәшік ( қара жәшіктің ішінде не барын табу керек). Жауабын тапқан қатысушыға 10 балл беріледі.

Құпия жәшік сұрағы: Бұл құралдың жасы 2000-5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен

Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп,

жапондықтар «серобян» деп атаған.Жәшіктің ішінде қандай құрал бар?

Жауабы: Шот


V. Бұл кім? ( информатика болған атақты ғалымдарға сипаттама беру арқылы кім екендігін табу?) Әрбір дұрыс жауапқа 5 балл беріледі.

1. Бұл кісі 1902 жылдың 2 қарашада Нижний Новгородта мұғалімдер жанұясында дүниеге келген. 1928 жылы инженер-электрик мамандығын алып Бауман атындағы университетте сабақ берген. 1939 жылы докторлық диссертация қорғаған. 1947 жылы электротехника институтының директоры болып тағайындалды. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары осы академиктің басшылығымен жасалады, оны МЭСМ деп атаған.

Жауабы: Сергей Алексеевич Лебедев

2.Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан баталады. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын „Аналитикалық машина„ жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің “атасы” деп те атайды.

Жауабы: Чарльз Бэббидж


  1. ХІХ ғасырдың соңында американдық ғалым есепші – перфорациялық машина құрастырды. Өз машинасының көмегімен бұл ғалым көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты. Бұл кісі есепші перфорациялық машиналарды фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналады.

Жауабы: Герман Холлерит

4. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы.

Жауабы: Ада Лавлейс

5.1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектермен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.

Жауабы: Блез Паскаль

6. Қазіргі таңда бұл адам атақты „Microsoft„ компаниясының президенті. 13 жасында алғаш программасын құрған.

Жауабы: Билл Гейтс

VI. Бұл не? ( дербес компьютерлердің құрылғыларына сипаттамаларын табу керек.) Әрбір дұрыс жауапқа 5 балл беріледі?

1.Компьютер ақылшысы?

Компьютер “миы”? Жауабы: Микропроцессор


2.Дербес компьютердің негізгі тақташасы? Жауабы: Аналық тақша


3.Сыртқы жады түрлері. Жауабы: сыртқы қатқыл диск, флеш-тасымалдағыштар, компакт-дисктер.


4.Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы. Жауабы: модем


5.Жергілікті желілік байланыстарды іске асыратын құрал. Жауабы: Желілік плата

6. Графикалық бейнелерді іске асыратын құрылғы. Жауабы: видеокарта

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ал ендеше бүгінгі сайысымызды барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып аяқтаймыз.Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын құттықтаймыз. Оқуда үлкен шығармашылық табыстар тілей отырып мына сыйлықты ұсынамыз. Қош сау болыңыздар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Информатика білгіштері" интеллектуалдық сайысы

Автор: Жаулиева Гульмира Халмуратовна

Дата: 24.01.2017

Номер свидетельства: 383188

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Физика әлем кілті"
    ["seo_title"] => string(17) "fizika_liem_kilti"
    ["file_id"] => string(6) "380175"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484588827"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства