химияда фосфор ж?не азот элементтері бюар.Периодты? ж?йені Менделеев ??растыр?ан периодты? ж?йеде 110 элемент бар.
Оларды? ?р т?рлі?асиетіне байланысты металдар ж?не бейметалдар деп 2ге б?лген.
Олар жылтыр ?рі к?містей а? болады.оларды зиян ?рі жарыл?ыш бол?анды?тан ?олмен ?стап пайдалану?а болмайды.Оларды арнайы зертханаларда т?жірибе ждасау?а пайдаланады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Елбасы жолдауында 2020жылға дейінгі даму стратегиялық жоспары бойынша алдағы бес жылда химия кешендерінің дамытатындығын айтты.Ол үшін химиялық сауатты,білімді,саналы ұрпақтардың қажет екендігін баса назар аударып сөз етті.Сондықтан біз ел басының сөзіне назар аударып, химия пәнінен терең білім алып ел басы сөзіне лайықты болуға тиіспіз!
Жаңа сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабаққа қажетті өткен сабақтардағы мағлұматтарды еске түсірейік.
Біздің бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі тақтаға«Ашық журнал» ілінеді. Сабаққа жақсы атсалысқан оқушыларға «+» қойылып соңында өздеріне тиісті бағаларын алады.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: (7 мин)
«Сиқырлы гүл» деп аталынады. 10 сұрақ беріледі.
Көміртек пен кремнийдің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысын қысқаша салыстырмалы түрде түсіндіріңіз?
Жер қыртысындағы көміртектің мөлшері қанша және аллотропиялық түр өзгерісін атаңыңыз?
Көмірдің өнеркәсіптік қоры бойынша Қазақстан ТМД елдері бойынша нешінші орында тұр? Ірі кен орындарын атаңыз?
Көміртектің химиялық қасиеті?
Көміртектің алынуы мен биологиялық рөлі қандай?
Көміртектің қосылыстарын атаңыз?
Кремний табиғатта таралуы мен физикалық қасиеттері?
Кремнийдің химиялық қасиеттері қандай?
Кремнийдің алынуы мен биологиялық рөлі?
Кремнийдің қосылыстарын атаңыз?
ІІІ Мағынаны ашу:
Ауа құрамындағы ең үлкен пайызды құрайтын қай элемент? (Азот)
Сіріңке қорабшасында кездесетін және өмір мен тіршіліктің ой элементі атанған қай элемент?(Фосфор)
Демек біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Азот және Фосфор»
ІҮ Жаңа сабақ: (20 мин)
Тіршілік және ой элементтері–Азот және Фосфар
Сатылай кешенді талдау
Азот молекуласында екі азот атомы өзара үш еселі байланысаен байланысқан, сондықтан ол активтілігі төмен.
Азот молекуласындағы σ, π-байланыстар:
.Атом құрылысы.
+15 Р 2е) 8е) 5е)
Электрондық формуласы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p3
Графиктік формуласы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p3
Атом ядросының құрамы (15р, 15n) 15ē
Валенттілігі: ІІІ,V
Тотығу дәрежесі: +5,+3,0,-3
Ашылу тарихы:
Азотты 1772жылы шотланд химигі Д.Резерфорд (көмір мен күкіртті жақаннан кейін, әктас суы мен көмірқышқыл газымен күкірт (ІҮ) оксидін сіңіретін) , жануды (май шам жалынын сөндіретін) және тыныс алуды ( тәжірибеге алынған жануарларды тұншықтыратын) қолдамайтын ауа қалдығы ретінде ашты.
Гамбург алхимигі Бранд «философиялық тас» алу жолында көп жұмыс істеді. Брандтың ойынша бұл тас кәріні жасартатын, ауруды тез сауықтыратын, адамның өмірін ұзартатын тас болды. Бранд бұдан басқа барлық металдарды алтынға айналдырғысы келді. Бірде ол жаңа рецепті бойынша зертханада жұмыс істеді. Адам зәрін суалтып, оған көмір мен құмды араластырып ауа қатыстырмай қыздырды. Құтының ішінде жылтыраған бір нәрсенің бар екенін көрді. Бұл фосфор еді. Сөйтіп, 1669жылы фосфорды осылай кездейсоқ ашылды. Алынған фосфор жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып ақшаға кенелді.
Табиғатта таралуы:
Фосфорды Қазақстанның кен байлықтары картасы бойынша түсіндірем.
Жер қыртысында-0,12%
Фосфор Ересек адамдардың сүйегінде 600г, ет ұлпасында 56г,
жүйке жүйесінде 5г
Азот
Жер қыртысында 0,01-0,04%
Химиялық таралуы бойынша 17 орында
Бейметалдар ішінде 9 орында
Адам ағзасында 3%
Белокта 17%
Ауада 78%
Биохимиялық рөлі:
Азот тірі организмдерде көптеген органикалық қосылыстар түрінде кездеседі. ДНҚ құрамына кіретін аминқышқылдары, пептидтер, пуринді негіздер, сонымен бірге бос N2 түрінде тыныс алатын ауамен бірге организмге түседі. Табиғатта азоттың айналымы олардың бірлігін көрсететін геосфера және биосферамен тығыс байланысты және зат алмасу процесі метаболизмнің негізі болып табылады.
Физикалық қасиеттері:
Азот – иіссіз,түссіз және дәмі жоқ, суда аз еритін газ.( tбқ= -210oC, tқн= -195oC, p-1.25г/л). Бос азот молекуладағы байланыстың беріктігіне байланысты химиялық инертті. Сондықтан азот химиялық реакцияға қиын түседі, жануды және тыныс алуды қолдамайды. Адам ағзасында орташа 1,8 кг азот болады.Сұйық ауадан оттектен бұрын қайнап шығады.
Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері: ақ фосфор, қызыл фосфор,қара фосфор. Ақ фосфор -қараңғыда жарқырайды,жұмсақ, пышақпен кесіледі. Бензолда және күкіркөміртекте жақсы ериді.Суда ерімейді.От алғыш қауіптілігіне байланысты су астында сақтайды.Балқу t = 44 0С Қайнайды t= 280 0С. Қызыл фосфор –суда және органикалық еріткіштерде ерімейтін аморфты зат. Улы емес. р = 2,20 г/см3 ,Қайнауы- 416°С.
Химиялық қасиеттері:
Азот :
а) тотықтырғыш қасиеттері б) тотықсыздандырғыш қасиеттері
Фосфор:
1. Жай заттармен әрекеттесуі.
2. Күрделі заттармен әрекеттесуі.
Алынуы:
Азоттың: а) зертханада:
б) өндірісте: қысылған ауадан бөлу
Фофордың:
Бос күйіндегі фосфорды алу үшін табиғи фосфатты электрпеште кремний (IV) оксиді мен көмірді қосып, ауасыз қыздырады. Бөлінген фосфорды су астында ақ фосфор Р4 түрінде бөліп алады.
2Ca 2 (РО4 ) 2+ 6SiO2 + 10C= P4+ 6CaSiO3 + 10CO↑
Қолданылуы:
Ү.Пысықтау:
Тест:
1.Тіршілік негізі нәруыздың құрамына кіретін элемент?
А)оттек Б)азот В) бром
2. Азот молекуласында қанша σ, π-байланыстар бар?
А) 1-1 Б)2-2 В) 3-3
3. Адам ағзасындағы азоттың үлесі?
А)10% Б)5% В)3%
4. «Азот» деген атауды енгізген ғалым?
А) А.Лавуазье Б) К.Шееле В) Д.Дальтон
5. Азотты «Сасық ауа» деп кім атаған?
А) К.Шееле Б) Д.Резерфорд В) А) А.Лавуазье
6. Фосфор бүйректе кездесе ма?
А) ия Б) жоқ В) білмеймін
7. Фосфор табиғатта химиялық таралуы бойынша нешінші орында?
А) 9 Б) 11 В) 13
8. Ақ фосфор қандай сұйықта ериді?
А) бензолда Б) суда В) Сірке қышқылында
9. Фосфордың сутекпен әрекеттескенде түзілетін қосылысты қалай атаймыз?
А) фосфин Б) фосфид В) аммиак
10. Улы емес және қараңғыда жарқырамайтын қай фосфор?
А) ақ Б) қызыл В) қара
Химиялық диктант
1. Фосфорды ............жылы .................. ашты.
2. Фосфор қосылыстарда ............................ тотығу дәрежелерін көрсетеді.
3. Фосфор ядросында ....... протон, .......нейтрон болады.
4. Фосордың металдармен қосылысы ........................... деп аталады.
5. Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропия түзеді: ......................... , ........................... және ......................... .
6. Фосфордың жер қыртысындағы массалық үлесі ..........%