Алюминийдің табиғатта кездесуі, негізгі қасиеттері, алынуы,қолданылуы туралы түсінік бере отырып, алюминий мен оның маңызды қосылыстарының екі жақты қасиет көрсететін мәнін ашу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Алюминий және оның маңызы. 9 сынып»
Пәні: Химия Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Алюминий
Сабақтың мақсаты: алюминийдің табиғатта кездесуі, негізгі қасиеттері, алынуы,қолданылуы туралы түсінік бере отырып, алюминий мен оның маңызды қосылыстарының екі жақты қасиет көрсететін мәнін ашу .
Сабақтың міндеттері.
Білімділік: алюминийдің негізгі қасиеттері және оның маңызды қосылыстары жайлы толық мәлімет беру.
Дамытушылық: оқушылардың зейінін,танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: сабақтың мазмұны бойынша алғырттыққа, өз бетінше жұмыс жүргізулеріне, ізденімпаздыққа және өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Д.И.Менделеев кестесі, металдардың кернеулік қатары, интерактивті тақта, суреттер, алюминийден жасалған заттар, сызбанұсқалар , тест, жұмбақ, электронды оқулық.
Сабақ түрі: аралас.
Әдіс-тәсілдер: баяндау,сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: биология, физика, география, тарих, шет тілі, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру: оқушылармен амандасу,түгендеу.
2. Үй жұмысын тексеру(Тест)
1.Химиялық элементтердің басым көпшілігі?
а) металдар в) бейметалдар с) тұздар
2. Судың кермектігін туғызатын иондар?
а) Ca,Mg в) Li,Na с) Fe,Al
3. Қандай заттың көмегімен тұрақты кермектікті жоюға болады
а) әк в) сода с) хлор
4. Сөндірілген әк немесе әк сүтінің формуласы?
а) CaSO4*2H2O в) Ca(OH)2 с) Ca(HCO3)2
5. Екідайлы оксид
а) MgO в) BeO с) CaO
6. Табиғи шикізаттардан металдарды алу әдісі
а) агломерация в) гальваностегия с) металлургия
7. Қазақстан қазба байлықтарының металлогендік картасын жасаған ғалым?
а) Қ.И.Сатбаев в) Г.Агрикола с) Н.Н.Бекетов
8. Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын жасаған ғалым?
а) Д.И.Менделеев в) Қ.И.Сатбаев с) Н.Н.Бекетов
9. Балқыған күйдегі әртүрлі металдарды араластырып суытқанды түзілетін зат?
а) цемент в) құйма с) асфальт
10. Қоршаған орта әсерінен металдардың бүлінуі
а) жемірілу в) ескіру с) жаңару
Жауабы:
1-а 6-с
2-а 7-а
3-в 8-с
4-в 9-в
5-в 10-а
Бірін-бірі бағалау:
9-10 балл –”5”
8-6 балл –”4”
5-3 балл –”3”
1-2 балл –”2”
3.Жаңа сабақ (Көсемдікке ұмтылу)
Жұмбақ:
Болмаса да айтарлықтай салмағым
Көп металдан ардақтымын алдамын
Ұшақ болып аспанға ұшып, қалықтап.
Жердің жүзін, көк аспанды шарладым. (Алюминий)
Алюминий жайлы үнтаспа (электронды оқулық).
Алюминий- күміс түсті, ақ, жеңіл металл, тығыздығы- 2,7 г/см3 балқу температурасы 660,4 С, қайнау температурасы 2467 С. Өте иілімді, одан жіңішке сым жасауға және фальгаға айналдырып таптауға да болады. Электр өткізгіштігі мен жылу өткізгіштігі күміс пен мыстан кейінгі деңгейде.
Алюминий кендерінің бай қорлары Қазақстанда, Оралда, Хибин тауларында, Башкирияда, Сібірде кездеседі. Боксит-Al 2O3 – nH2O Қазақстанда бокситтердің белгілі кен орындары бар. Олар Қостанай және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Павлодар алюминий зауытында металл күйіндегі алюминий өңдіріледі.
Ересек адам күніне алюминийдің 30-50 мг. Қажет етеді. Күнделікті өмірде оны нан өнімдерінен аламыз. Шайдың құрамында суға қарағанда 20-200 есе көп болады. Алюминий зат алмасуға жүйке жүйесінің қызметіне, жасушаның көбеюі мен өсуіне кері әсерін тигізеді. Алюминий тұздарының көп болуы ағзадағы кальцийді төмендетеді.
Алынуы. 2Al2O34Al + 302
Табиғатта кездесуі:
1. Өзгемен салыстарғанда алатын орны- І
2. Өзге элементтермен салыстарғанда алатын орны-ІІІ (O2,Si)
5. Корунд (Al2O3) өте қатты, рубин(қызыл), аметист(күлгін), сапфир (көк)
6. Боксит (Al2O3 · nH2O)
7. Қазақстанда кездесетін кен орындары: Қостанай, Ақтөбе облыстарында.
Алюмиий және оның қосылыстары:Суды тазарту, медицина, өршіткі, үй тұрмысында, ғарыштық техникада, электр сымдары, автомобиль, кеме жасауда, бояу өндірісінде қолданылады.
ә) Реакцияны іске асыр: Al→ Al2O3 → Al(OH)3→ AlCl3 →Al(NO3)3
б) Жеті жұрттың тілін біл!
1.Күн суытып, қар түссе,
үстін бассаң батпайсың,
Жаз кезінде тал түссе,
іздесең де таппайсың.
Мұз – лёд – ice (H2O)
2.Тақтаны досым дейді,
өзін сол досы жейді.
Бор – мел – cholk (CaCO3)
3.Судан шығып келеді,
суға салса өледі.
Тұз – соль – Salt (NaCl)
4.Қар дейін десем, қап-қатты,
Тас дейін десем, тәп-тәтті.
Қант – сахар – sugar (C12H22O11)
5.Көзге көрінбейді,
Қолға ілінбейді.
Ауа – воздух – Air
(N2, O2,салғырт газдар)
5.Сергіту сәті: Әйгілі химиктер (тор көздегі химиялық элементтердің бас әріптерін құрастыра отырып,Атақты химиктердің атын табу,қандай жаңалық ашқанын айту).