Ғылыми жобаның тақырыбы: «Тұрмыстағы дақтарды кетірудің жолдары»
Жұмыстың мақсаты: тұрмыс салаларында майлардан, сиялардан, сиялардан пайда болған маталардағы және киімдердегі табиғаты әр түрлі дақтарды кетірудің, кейбір жолдарын қарастырамыз. Ол үшін ең алдымен дақтардың құрамын және оның пайда болған мерзімін (жаңа немесе ескі) анықтап алған жөн. Тазарту жұмыстарын жиі қолданылатын сілті қышқылдарыда, әр түрлі ерітінділерді немесе ағартқыш заттарды дұрыс пайдалана білмеу маталардың, киім-кешектердің түсін бұзып тез тозуына әкеліп соғады. Сондықтан оның жөнін біліп еппен істеудің қажет екендігі кімге де болса түсінікті жай.Бірақ олардың иісі өте қолайсыз және улы болып келеді.Ал біз қолымыздан келгенше улы емес, күнделікті үйдегі, қол жетімді (астындағы) құралдарды пайдалану арқылы кетіруді ұсынамыз.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Тұрмыс химиясының дамуына жалпы химияға негізінен үлкен әсер етті, бұл саланың да өзіндік әдістері және өндірістік ерекшеліктері бар. Мысалы, препараттар дайындау кезінде еріту, араластыру, ұнтату, сүзу, кептіру, балқыту, іріктеу және экстракциялау сияқты заттардың молекулалық қасиеттеріне негізделген әдістер кеңінен қолданылуы.
Осы химияның көмегімен қажетімізге жаратып тұрмыс химиясының кейбір бағыттарынан қысқаша мәлімет беруді жөн көрдік деген (гипотез) болжам ұсынылып отыр яғни табиғаты әр түрлі дақтарды кетірудің, кейбір жолдары.
I кезең 2015ж тамыз айы мен 2016жылдың қаңтар аралығында меңгерілген ғылыми әдебиеттер:
1. Химия тұрмыста./Құраст. М.Қазбекова – Алматы: Қазақстан. 1989 – 208 бет.
2. Хоффман Рейнгарт В. Механизмы химических реакций. – Пер. с нем., М.:Химия, 1979г. – 304 с., ил.- Штуттгарт, Георг Тиме Ферлаг, 1976.
3. Гроссе Э., Вайсмантель Х. Химия для любознательных. Основы химии и занимательные опыты. Пер. с нем., 2-е русск. изд. – Л.: Химия, 1985 – Лейпциг, 1974 – 336с., кл.
ІІ кезеңде 2016 қаңтар – наурыз аралығында тақырыбымның мақсатын ашу үшін тәжірибе жүргізгенді жөн көрдім. Бұл тәжірибелер келесі:
№1.Ерін далабы тиген жерлерді тез тазарту үшін оған ас тұзын және спирт жағады, сонан соң таза сумен, ал одан соң кәдімгі сабынды сумен жуады.
№2.Жаңадан пайда болған май дақтарын кетіру үшін дағы бар жердің екі жағын бірдей сорғыш қағазбен жапсырады да, оның үстінен қыздырылған үтік жүргізеді. Сонда жылудың әсерінен еріген майды қағаз сорып алады.
№3.Жемістер шырынын және шарап тамған жерлерді тез тазарту үшін оған ас тұзын себеді, сонан соң таза сумен, ал одан соң кәдімгі сабынды сумен жуады.
Абстракт
Темой научно - исследовательской работы называется:
« Методы устранения бытовых пятен».
Целью исследовательской – научной работы является, показать как устранить бытовые пятна, без применения всяких химических реагентов. Предлагаемая мною методы очистки – это использование подручных народных средств, что является новизной научной работы. Для этого сначала, нужно определить род и состав происхождения пятен а затем, применить те методы которые я излагаю ниже. Неправильное использование щелочь, кислот, различные растворы или отбеливающие средства могут привести изнашиванию тканей и одежды, да и запах очень неприятный и ядовитый.
Новизной, научно - исследовательской работы состоит в том, что работа состоит из докозательной базы: видеосъемок, практической работы слайд - иллюстрации, записи в дневнике, в ней, я предлагаю, как вывести пятно в домашних условиях и это очень выгодно. Например, методика приготовления препаратов проста и доступно, растворить, перемешивать, измельчать, фильтровать, сушить и т.д. Итак, предлагаем, как выводить различные виды пятен в домашних условиях.
№1. Испачканный участок губной помады, можно очистить солью и спиртом, дальше с чистой водой, потом смыть обычным мылом и водой.
№2. Чтобы вывести с одежды пятно от масел, фильтровальную бумагу надо наложить, так, чтобы оно впитывало, потом нанести нагретый утюг, для полного впитывания, растворенного масла.
№3. Чтобы удалить пятно с одежды от фруктового сока и от вина, необходимо втирать соль, смыть с чистой водой, дальше можно применить обычное мыло и тоже смыть водой.
Кіріспе
Адамзат қоғамы бұдан мыңдаған жылдар бұрын химияны қолданып, кейбір табиғи шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана білген. Бірақ ол кезде химияның сырлары әлі құпия болатын, ол өз алдына ғылым болып қалыптаспаған-ды. [3]
Металл бұйымдарын (самаурын, шайнек , т.б.) тотықтарын, дақтарын күл мен сары балшық қоспасын пайдаланып тазалау әдістерін пайдаланған. [4] Тұрмыс химиясының дамуына негізінен медицина, фармацевтика, физикалық және биологиялық химия салаларындағы ғылыми жетістіктер мен жаңалықтар үлкен әсер етті. Жалпы химияға бұл саланың да өзіндік әдістері және өндірістік ерекшеліктері бар.Мысалы, препараттар дайындау кезінде еріту, араластыру, ұнтату, сүзу, кептіру, балқыту , іріктеу және экстракциялау сияқты заттардың молекулалық қасиеттеріне негізделген әдістер кеңінен қолданылады. [5] Тұрмыс химиясының препараттары, яғни, ингредиенттер системасының әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады.Олардың құрамы және құрылысы негізінде проектілеу мен бағытталған синтез жұмыстары қазіргі уақытта жолға қойылды. Тұрмыс химиясының негізгі ингредиенттерін химиялық және физикалық (сабындау, эфирлеу, контесациялау, структуралық бағыттау т.б.) жолдармен модификациялайды. Кейінгі уақыттағы бұл саланың жетістіктері негізінен синтетикалық полимерлерге, яғни полимерлік химияның күрт өсуіне тікелей байланысты. [5]
Тек бір ғана мұнайды өңдеу арқылы химиктер халық шаруашылығына және күнделікті тұрмысымызға қажетті жанармайлар, дәрі-дәрмектер, бояулар, әр түрлі шәйірлер , лактар, полимерлер, жуғыш заттар мен көптеген косметикалық препараттар беріп отыр.
Сонымен біз күнделікті тұрмысымызда химияның көмегімен алынған алуан-алуан дүние түрлерін қажетімізге жаратып отырамыз.
Міне, осы туралы оқырмандарға тұрмыс химиясының кейбір бағыттарынан қысқаша мәлімет беруді жөн көрдік. [6]
3
I. Негізгі бөлім
Дақты кетіру жолдары.
Тұрмыс химиясының кейбір бағыттары.
Металдардағы дақтарды кетіру. Біз бұл тарауда тұрмыс және өндіріс салаларында майлардан, сиялардан, сиялардан пайда болған маталардағы және киімдердегі табиғаты әр түрлі дақтарды кетірудің, кейбір жолдарын қарастырамыз. Ол үшін ең алдымен дақтардың құрамын және оның пайда болған мерзімін (жаңа немесе ескі) анықтап алған жөн. Тазарту жұмыстарын
жиі қолданылатын сілті қышқылдарыда, әр түрлі ерітінділерді немесе ағартқыш заттарды дұрыс пайдалана білмеу маталардың, киім-кешектердің түсін бұзып тез тозуына әкеліп соғады. Сондықтан оның жөнін біліп еппен істеудің қажет екендігі кимге де болса түсінікті жай. [49]
Дақ кетіргіштерді үш түрлі топқа бөлуге болады.
Гидрофобтық кірлер (суда ерімейтін дақтар: майлар, бояулар , сырлар, әр түрлі шәйірлер, пасталар, шарикті қаламсаптардың сиялары, ерін далаптары аяқ киім кремдері).
Тамақ және белокты кірлер (сүт өнімдері, әр түрлері, әр түрлі соустар, қан, т.б.)
Бірінші топтағы дақтарды жою үшін төмендегі құрам қолданылады (℅):
Эдамол
Перхлорэтилен
54
Этилцеллюзоль В
20
Изоамил спирті
10
Циклогексанол
4
Декалин
4
Выравниватель А
4
Препарат ОС-20
3
Алкилоламиды
1
Эвапол
Перхлорэтилен
45
Этилцеллюл озоль В
8
Изоамил спирті
21
Бензил спирті
12
Циклогексанол
6
Циалогексанон
2
Выравниватель А
4
Моноэтаноламид
1
Синтанол ДС-10
1
4
Жоғарыда көрсетілген Рецептерді қолдансақ гидрофобтық дақтардың барлығын кетіруге болады.Бірақ олардың иісі өте қолайсыз және улы болып келеді.
Көптен келе жатқан май дақтарын «Ойлин», көнерген бояу дақтарын «В этензол» , жасанды және табиғи түбіктегі, резинкелеген маталардағы,
хлорин талшықтарындағы көне дақтарды «46-А» препараттарын қолдану арқылы кетіруге болады.
Ойлин
Уайт-спирит
24,9
Изоамилацетат
27,0
Декалин
15,0
Циклогексанон
7
Перхлорэтилен
5,0
Ализарин майы
15,0
Синтанол РС-10
4,5
Калий гидрооксиді
0,6
Вэтензол
Этилцеллюлозоль В
7,5
Бензил спирті
20
Выравниватель
5
Циклогексанол
8
Изопропил спирті
92
Көне май,бояулар, дақтарын алдын ала жұмсарту үшін олардың үстіне паста күйіндегі препарат ПАСТ-7 жағылады. Олардың құрамы: 51℅ - калий олеаты, 29℅ - су, 10℅ - скипидар , 100℅ - циклогексанол. Бұл препарат 1986 жылға дейін қолданылып келді. Енді көбінесе құрамында 80℅-ке дейін активті органикалық еріткіштер бар микрокапсулдік пасталар қолданылатын болады.[50]
Боялған гидрофильдік дақтарды төмендегі еріткіштер қолданып кетіруге болады. Құрам негізі – су (℅):
Сульфазол
Сульфанол
3
Алкилоламид
1
Препарат ОС-20
2
Изопропил спирті
5
Этилцеллюл озоль В
10
Сутегінің асқын тотығы
2,5
Су
76,5
Таннидин
Лецитин
4
ОП-1 немесе Синтанол ДС-10
10
Этил спирті
4
Монохлорсірке қышқылы
5
3
Натрий хлориді
1
Натрий сульфаты
1
Су
76
Катанол
«Прогресс»
15,0
Синтамид
3,0
Изопропил спирті
10,0
Этиленгликоль
5,0
Триэтаноламин
1,0
Пергидроль (30℅-тік)
7,5
Натрий хлориді
1,0
Трилон Б
0,3
Су
32,2
Антиржавин
Плавик қышқылы
14
Шавел қышқылы
1
Су
85
Көрсетілген төрт препараттардың ішіндегі ең тиімді әсер ететіні катанол болып есептеледі. Ол таннин мен әр түрлі бояу дақтарын (сия,тушь, жеміс, тұздар, овощтар, шай, кофе, сыра, гүлдер, көктер, шөп т.б.) Дақтарды кетіруден бұрын 100 мл препаратқа 10 –12 тамшы аммиак ерітіндісін тамызады. Сондықтан да сілтілік орта болады да сутектің асқын тотығының активтенуіне мүмкіндік туады. Қоспаны маталардың барлық түрлеріндегі дақты кетіру үшін қолданады.
Талшықтар түрлерінен пайда болған белокты, углеводты (қант, крахмал, декстрин) дақтар мен басқа да таңбаларды ферментті препараттар «Ферментол» және «Субтинол» қолдану арқылы кетіруге болады.[51]
Киімдердің көп кірлейтін жерлері, негізінен жағалары, жеңдері және шалбар етектері болады. Кірлеген жерлерге төменде көрсетілгенкестеде құрамды қолданып, алдын ала жағып артынан органикалық еріткіштермен немесе жуу заттармен тазалайды.
6
Алдын ала тазалауға қажетті зат құрамы
Компонент
СПЗ-1 (хлор көмір сутектермен тазалау)
СПЗ-2 (уайт-спиртпен тазалау)
«Прогресс»
Анироль
Синтанол ДС-10
Циклогексанол
Этилцеллюзоль В
Изопропил спирті
Скипидар
Уаит-спирт
Жалбыз майы
2,0
20,0
20,0
15,0
15,0
16,7
11,0
-
0,3
2,0
20,0
20,0
-
15,0
-
13,0
30,0
-
II.Зерттеу бөлімі
Сонымен қатар назарларыңызға бірнеше рецептерді ұсынамыз.
1-рецепт.Жаңадан пайда болған май дақтарын кетіру үшін дағы бар жердің екі жағын бірдей сорғыш қағазбен жапсырады да, оның үстінен қыздырылған үтік жүргізеді. Сонда жылудың әсерінен еріген майды қағаз сорып алады.[52]
2-рецепт.Таза еріткіштердің (жеңіл бензин, ацетон, бензол, скипидар, хлороформ,төрт хлорлы көміртегі) бірін қолданы арқылы май дақтарын кетіруге де болады. Ол үшін жақсы сорғыштық қасиеті бар шүберекті немесе қағазды мата дағының астына ұстайды да еріткіштердің біріне малынып алынған мақта немесе губкамен дағы бар жерді әуелі жайлап, бірте-бірте қаттырақ ысқылай бастайды.
3-рецепт.Нашатыр спиртінің төрттен бір бөлігі мен ас тұзының бір бөлігін араластырады да дайындалған қоспамен киім жағасындағы дақты ысқылап кетіреді.
4-рецепт. Резина желімнің дағын кетіру үшін метил ацетат, төрт хлорлы көміртегі немесе бензолдың бір бөлігі еріткіштерінен тұратын қоспаны қолданады.
5-рецепт. Май,бояу және олифа дақтарын кетіру.Жаңадан пайда болған дақтарды скипидармен жұмсартып алады да артынан оны бензинмен жуып кетіреді.
6-рецепт. Қатып қалған дақтарды маргарин немесе сары май жағып жібітеді. Одан соң скипидар немесе бензин, одан кейін 10 проценттік нашатыр спиртінің ерітіндісімен жуады.Нашатыр спирті мен маталардың қңін кетіріп алмау үшін әр уақытта өте еппен пайдаланған жөн.
7-рецепт. Жүн мен жібектен тоқылған маталардағы дақтарды кетіру үшін тең бөліктерден тұратын күкірт эфирі мен төртхлоры көміртегінің ерітіндісін
7
қолданады. Кейіннен сол жуылған жерлердің аумағы дөңгеленіп тұрмау үшін алдын ала таза су пайдаланатын ерітінділермен ылғалдаған жөн.
Жемістер мен шараптың және әр түрлі шырындардың дақтарын кетіру. 8-рецепт. Жемістер шырынын және шарап тамған жерлерді тез тазарту үшін оған ас тұзын себеді, сонан соң таза сумен, ал одан соң кәдімгі сабынды сумен жуады.
9-рецепт. Ақ түсті маталардағы шарапты, әр түрлі шырын дақтарын кетіру үшін бір шай қасық сутегінің асқын тотығын жарты стакан суда ерітеді де оған бірнеше тамшы нашатыр спиртін қосады, дайындалған ерітіндіге ақ таза шүберекті малып алып дақтарды кетіре бастайды.Егер дақтар ескі болатын болса, ерітіндідегі нашатыр спиртінің мөлшерін ұлғайтқан жөн.[53]
10-рецепт. Түсті маталардағы таңбаларды кетіру үшін глицерин мен жұмыртқа сарысының қоспасын пайдаланады (бір жұмыртқа, 50 грамм глицерин алынады)Дайындалған қоспаны дағы бар жерге жағады да бірнеше сағаттан кейін, оны жылы сумен жуып кетіреді.
Дақтарды кетіретін қарындаштар. «Дақтарды кетіретін қарындаштары» - сары түсті сабын, шавель қышқылы, шарап және нашатыр спиртінен, өгіз еті мен қышадан тұратын қатты зат, әр түрлі маталардағы май және тері дақтарын кетіру үшін қолданылады. Алдымен дақтарды жылы сумен жібітіп, соңынан қарындашпен көбіктенгенше ысқылайды. 10 – 15 минут уақытөткен соң дақтарды екінші рет ылғалдап алады да жұмсақ щеткамен тағы да ысқылайды. Содан кейін дағы бар жерге таза шүберек салып, үтіктеп кептіреді.
11-рецепт. Тотық дақтардын кетіру. Маталардағы тотық дақтарын кетіру үшін сол жерді алдымен жылытылған лимон шырынмен , одан кейін таза ақ матамен ысқылап, артынан сумен жуу керек.
12-рецепт. Ақ матадан жасалған заттардағы бояу дақтарын кетіру үшін алдымен оны 10 проценттік нашатыр спиртімен ысқылап, оған гидросульфат ұнтағын жағады немесе оның 20 проценттік ерітіндісін пайдаланады.Бірнеше минут өткен соң 4 проценттік шавель қышқылы ерітіндісін сіңдіріп, дағы бар жерді ысқылай бастайды,артынан су немесе «Новость» ұнтағының ерітіндісімен жуады.
13-рецепт. Зәр дақтарын кетіру. Зәр дақтарын ақ түсті маталардан кетіру үшін бір бөлім лимон қышқылының 10 бөлік судағы ерітіндісін, ал әр түсті
маталардан – сірке қышқылының бір бөлімінің 5 бөлім судағы ерітінділерін пайдаланады. Дақты жерлерді бір сағат бойы дайындалған ерітіндіге салады да артынша сумен жуып кетіреді.
14-рецепт. Сия дақтарын кетіру. Жаңадан пайда болған сия дақтарын жылы сүт немесе айранмен кетіруге болады. Егер дақ ескі болса, онда оны бірнеше сағат бойы сүтке салып қою керек, содан кейін таза шүберекпен ысқылап жуады. Артынша жылы және суық сумен тағы да шайған жөн.
15-рецепт. Іш киімдердегі сия дақтарын кетіру үшін шавель қышқылының бір
8
бөлігін 10 бөлік судағы жылытылған ерітіндісімен жуып, одан кейін нашатыр
спирті бар жылы сумен тағы да жуған абзал.[54]
16-рецепт. Жүн және мақта маталарындағы дақтарды 10 процентті лимон қышқылының ерітіндісін қолдану арқылы кетіреді. Алдын ала қышқылдық маталар түсін өзгерту, өзгертпейтін қасиетін, білім алған жөн. Соңынан оны жылы сумен жуады.
Кілем тазалау. Кілемдерді тазалау үшін алдымен оны шаңнан тазалау керек, сонан соң төмендегі әдістердің бірін қолданған жөн.Тең мөлшерде алынған сабын ұнтағы мен сода қоспасының жылы судағы ерітіндісін кілемнің бетіне сеуіп щеткамен ысқылайды. Артынан ылғалды, одан кейін құрғақ шүберекпен сүртеді. Егер дайын ертіндіге аздаған мөлшерде скипидар құйса, онда оның тазартқыштық қасиеті одан саын жақсартады.
Алдын ала сабынды суда қайнатылған ас тұзының ұнтағын кілем үстіне сеуіп, содан кейін оны сыпырғышпен бірнеше рет сыпырады. Тұз ұнтағы кілем шаңын бойына сіңіріп алады да оны жақсы тазартады, оған әр береді.
Жастық мамығын тазалау. Жастық мамығын майда тесікті үлкен қапқа салады да, оның аузын тігеді. 400 грамм сабынды бір шелек суда ерітіп алып, оған бір шай қасық нашатыр спиртін құйып жұмсартады. Дайындалған ертіндіге қапты жарты сағат бойы салып қояды. Егер оған мамық кірі кете қоймаса, онда жаңағы әдісті тағы да қайталайды. Сонымен қатар жастық мамығын тазалау үшін синкатол препаратын қолданады. Құрамы: Синтанол –ДС-10 – 5℅, Катапин-бактерицид – 10℅, су – 85℅. Айтылған препаратпен тазалаудың зор гигиеналық маңызы бар.Жүргізілген анализ бойынша жастықта 30℅ дейін шаң көптеген микроорганизмдердің ұясы болатыны анықталады. Синкатол жастыққа тек дензинфикация жасап қоймай, сонымен қатар антистатикалық қасиет береді. Сондықтан шаң-тоззаңның жабысуы азаяды.
Барқыт және панбарқыт маталарды тазалау. Осы маталардан тігілген заттарды алдымен киім щеткасымен шаң-тозандардан арылтып аламыз да ,
артынан бензинге малынған жүн шүберекпен аздап ысқылап, тазалаймыз. Барқыттың өңін бұзбау үшін оны қорытылған шошқа майы жазылған шүберекпен аздап қана ысқылап сүрту керек. Біраз кептіріп, тағы да майлы щеткамен сүртіп, тазалай бастаймыз. Ал барқытқа сорпа, соус және сүт тисе бір қасық спирттің бір стакан судағы ерітіндісімен тазалап кептіреді. [55]
9
Қорытынды
Мен бұл жобамда тұрмыс салаларында майлардан, сиялардан, сиялардан пайда болған маталардағы және киімдердегі табиғаты әр түрлі дақтарды кетірудің, кейбір жолдарын қарастырдым. Ол үшін ең алдымен дақтардың құрамын және оның пайда болған мерзімін анықтап алдым. Тазарту жұмыстарын жиі қолданылатын химиялық ұнтақтар мен сұйықтықтарды, әр түрлі ерітінділерді немесе ағартқыш заттарды дұрыс пайдалана білмеу маталардың, киім-кешектердің түсін бұзып тез тозуына әкеліп соқты. Сондықтан оның жөнін біліп еппен істеудің қажет екендігі кімге де болса түсінікті жай.Бірақ олардың иісі өте қолайсыз және улы болып келді.Сол себепті қолдан келгенше улы емес, күнделікті үйдегі, қол жетімді құралдарды пайдалану арқылы кетіруді ұсындым.Бұнымен тоқтап қалмай әліде ашылмаған , зерделенбеген жақтарын қарастыруға барынша тырысамын.
10
Ұсыныс
1. Жинаған материалдар мектептердегі тәрбие, оқу жұмыстарына пайдаланатын құрал.
2. Жасалынған тәжірибелер арқылы туындаған дақ кетіруге арналған рецепті кір жуғыш ұнтақ және су сабын өндіретін зауыттарға ұсыну.
3. Жасалынған өнімнің немесе рецептің басқа дақ кетіргіш ұнтақтарға қарағанда әлдеқайда (дақ кетіргіш ұнтақтар мен сұйықтықтар бағасы жағынан қымбат, үй жағдайында химиялық реакция беріп, жарақаттанып қалуға болады) тиімді екенін БАҚ өкілдерінде жариялау.
11
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Химия тұрмыста./Құраст. М.Қазбекова – Алматы: Қазақстан. 1989 – 208 бет.
2. Хоффман Рейнгарт В. Механизмы химических реакций. – Пер. с нем., М.:Химия, 1979г. – 304 с., ил.- Штуттгарт, Георг Тиме Ферлаг, 1976.
3. Гроссе Э., Вайсмантель Х. Химия для любознательных. Основы химии и занимательные опыты. Пер. с нем., 2-е русск. изд. – Л.: Химия, 1985 – Лейпциг, 1974 – 336с., кл.
12
Пікір
Оразымбетова Қалампырдың «Тұрмыстағы дақтарды кетіру жолдары» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын 2015 жылдың тамыз айынан бастап жүргізген.
Тәжірибе тақрыпқа байланысты барлық материалдар бойынша зерделеніп, зерттеліп жасалынды. Жасалынған тәжірибелер арқылы көптеген үй жағдайындағы проблемалардың бірін шешуге тырыстық. Жұмысын, видео-слайдтар, ауқымды жұмыстар жүргізіліп, қортындыланған.
Жұмыстың әліде жасалынатын жақтары бар, толық жасалынады деп сенеміз.