Просмотр содержимого документа
«Күкірт және оның оксидтері»
“Тілек алаңы”
тренинг
“Зейінін шоғырландыру сатысы”
1. Ауаның ластану себептері?
2. Танымал ауа ластаушылары?
3. Ластаушы газдар адам ағзасына қалай әсер етеді?
4. Ластаушы газдар қоршаған ортаға (өсімдіктерге, жануарларға, топыраққа, ғимараттарға) қалай әсер етеді?
5. Ауаны ластанудан сақтау үшін болашақта қандай шаралар жасау керек?
Жауаптары:
көлік, жанармай, өнеркәсіптер
Көмірқышқыл газы, көміртек монооксиді, күкірт диоксиді және азот оксидтерінің қоспасы
Астма, бронхит, созылмалы өкпе аурулары, тері аурулары
Газдар химиялық реакцияға түсіп тұмшалар мен қышқыл жаңбырларды түзеді. Қышқыл жаңбыр ретінде өзендерге түсіп балықтарды өтіреді, ағаштар мен жапырақтарды тесіп өтіп қызметінен айырады, топырақтағы құнарлы заттарды жойып зиянды заттарға алмастырады, ғимараттардағы әктаспен реакцияға түсіп тоздырады.
Экологиялық таза отын және баламалы энергия көздерін дамыту
Жұмбақ шешу
Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды,
Бұл не деп ойлайсыңдар, балалар?
Күкірт және оның оксидтері
Периодтық жүйедегі орны
Табиғатта таралуы.
Ашылуы.
қосылыстары
Физикалық қасиеті
Химиялық қасиеті
Күкірт және оның қосылыстары
Күкірт
Күкірт оксиді
Күкіртсутек
Физикалық қасиеттері
Күкірт –сары түсті,қатты кристалды зат
Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық,моноклинді,пластикалық
Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түрінде тұйықталған сегіз атомнан тұрады
Суда күкірт ерімейді,спирт пен эфирде нашар ериді;бензолда,күкіртті көміртекте және т.б.жақсы ериді
Күкірт екі түрлі оксид түзеді:S(ІҮ)оксиді-SO2(күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді),бұл-өткір тұншықтырғыш иісі бар,түссіз газ
Алынуы
Зертханада:
Күкіртті ауада жағу арқылы алады
2S+O 2 → SO 2
Қолданылуы
SO2-қантты,маталарды,сабынды ағарту үшін,қоймаларды аластау үшін қолданылады.
Биологиялық маңызы
Күкірт - адам ағзасында (0, 16 % массалық үлесте) кездесетін макроэлемент. Ересек адамның тәуліктік қажеттігі 4 - 5 гр - дай. Ол көптеген биомолекулалар ақуыз, амин қышқылдары (цистеин, цистин, метионин), гармондар (инсулин, дәрумен – В1 ) құрамына енеді. Шаштың каротинінде, сүйекте, жүйке ұлпаларында көптеп кездеседі. Медицинада кеңінен қолданылады: натрий тиосульфаты, сульфаттар.
Жұптық жұмыс:
Жауабы
Топтық жұмыс
Оқушылар топтасып «күкірттің адам ағзасына пайдалы әсері мен қоршаған ортаға зиянды әсерлері» А3 форматты қағазға диаграмма, кесте, суреттер сызу т.б. арқылы түсіреді. Сол арқылы өз жұмыстарын түсіндіреді.