Кока-кола -120 жыл тарихы бар, әлемде өте кең таралған газдалған сусын. Оны 1886 жылы Джон Пембертон тек қана дәріханаларда сатылатын нерв жүйесін емдейтін сироп ретінде сауда айналымына шығарған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Кока - коланың зияны қандай?»
Жайында жаңа мәліметтер...
жоспар
I Кіріспе
Кока-кола сусыны
II Негізгі бөлім
Химиялық құрамы
Кошениль жәндігі
Сусынға сараптама жүргізу
III Қорытынды
Кока-кола -120 жыл тарихы бар, әлемде өте кең таралған газдалған сусын. Оны 1886 жылы Джон Пембертон тек қана дәріханаларда сатылатын нерв жүйесін емдейтін сироп ретінде сауда айналымына шығарған. Ал кейінірек оған газдалған су қосып, сусын ретінде қолданған.
Химиялық құрамы
Сусынның біз білетін құрамы шындыққа жанаса ма?
Су,қант,көміртек диоксиді,ортофосфор қышқылы , кофеин, табиғи хошиістендіргіштер, табиғи хошиістендіргіштер.
Кока-кола құрамы жөнінде 2006 жылы 15 қыркүйекте Анталияда өткен сот отырысында
"The Coca-Cola Company " компаниясының өкілі:«Сіз жай ғана тұтынушысыз, сіздің сусынның құрамы жөнінде сұрауға және де білуге еш құқығыңыз жоқ. Сізге ұнамаса ішпеңіз»деп, өз жауабын берген. Неге екені белгісіз осы сот мәселесі компанияға тағылған айыпты себепсіз деп таныған. Осыдан кейін компанияға қарсы тұру мүмкін емес екендігін бүкіл әлем түсінгендей болды.
Ең басты құпия ашылды !!!
Coca-cola сусынының басты компонентіCochinealжәндігінен алынатын сұйықтық екен.
Кошениль
Канар аралдарында өмір сүретін Мексикалық жәндік. Олардың ұзындығы 2-4мм мен 10-12мм аралығында болады.
Бұл жәндіктер кактусқа кене секілді жабысып алады да, сол жерде өмір сүріп көбейеді.
Кока-кола компаниясы осы жәндіктер үшін кактус өсетін үлкен алқап еккен.
Бұл жәндікті мексикалық тұрғындар жинап, олардың сөлін сығып олардың ішіндегі сұйықтықты жинайды.
Олардан шыққан сұйықтық әдемі – кармин түс береді. Сусынның қоңыр түсті болуы осыдан.
Ғаламтор желілерінде кока-кола сусынының құрамында зиянды заттар бар екенін тексеруге арналған өте көп мәлімет кездеседі.
Оны тек қана өзіміз тексеріп көз жеткізе аламыз.
Сусынның тұтқырлығын және қышқылды-сілтілік балансты анықтау.
Тұтқырлық көрсеткіші 2,17 болса, рН көрсеткіші 1,80.
Бұл тұтқырлық адам қанының бес күннен кейін ұйуына әкеліп соғады.Яғни адамда бес күннен кейін инсульт алу қаупі 2,17 есеге артады.
Ал рН көрсеткіші уксус қышқылының елу грамын ішкенмен тең.
Адам организіміндегі рН мөлшерінің орташа көрсеткіші 5%-дан аспауы керек.
Сусынның құрамында кармин дағы өте көп және де ол тістің қоңыр түске боялуына әкеліп соғады деген рас па ?
Шикі жұмыртқаны алып, ыдыстың түбіне жұмыртқаның тең жартысына жететіндей етіп кока-коланы құямыз.24 сағатөткеннен кейін жұмыртқаның қоңыр түске боялғанын көреміз.
Осы тұста біз өзі не ішіп жүрміз деген сұрақ тағы бір мәрте есімізге оралады...
Етті бір тәулікке кока-кола сусынына салып қойсаңыз, ет жоқ болып кетеді дейді.
Бұл мәліметті де тексеріп көруге болады
Қазақстанда жасалған кока-кола сусынына сынаманы жүргіземіз.
Шамамен 200мл сусынды құйып, ішіне орташа кесілген үш түйір кесек етті саламыз. Қараңғы жерге бір тәулікке қоямыз.
Ал бір апта уақыт өткен соң ет кесектерінің ізі де қалмады.
Бұдан шығатын қорытынды егер де адам күнделікті бұл сусынды ішсе организмге керек заттардың бәрі де жоқ болу қаупі өте жоғары.
Бір тәулік өткен соң
Сусынның құрамындағы өте көп мөлшердегі қант ағзаға енгенде екі есе көбейеді. Ал сусынмен бірге тәтті тағамды тұтынсаңыз қант диабетіне қарай тағы бір сатыға жоғарыладыңыз деген сөз.
Бірдей мөлшерде қант пен сусынды араластырып,екі тәулікке бөлме температурасына қоямыз.
Тәжірибеге дейін
Тәжірибеден кейін
Қорытынды
Кока-кола сусыны өте зиян екеніне көзіміз анық жетті. Ал оны тұтыну немесе тұтынбау әрине өз еркіңізде. Бірақ та сусынның әр тамшысын ішіп жатқанда өзіңізге сұрақ қойыңыз: « Сіздің ішіп отырған сусыныңыз организміңізге кері әсерін тигізбей ме? Сіз оның неден және қандай технологиямен жасалғанын білесіз бе?» Денсаулығымызды құрдымға сүйрейтін бұл сусынға бәріміз бірдей тосқауыл болайық !