Тапсырма №2. 1. Атом мен молекуланы ажыратыңыз. 2. Берілген молекула неше атомнан тұрады? 3. Шарстерженьді модельдер арқылы судың, сутектің, көміртегі диоксидінің молекуласын құрыңыз. Бағалау критерийлері: Молекула модельдерін дұрыс құрастыра алады. Әр молекуланың неше атомнан тұратынын ажыратады Тапсырма №3. Мәтінмен жұмыс «Атом құрылысы» Жеке-жұп-топ форматы. Бейнекөрініс: «Basic Atomic Structure» https://www.youtube.com/watch?v=lP57gEWcisY Тапсырма №4. Оқушылар жұппен атом құрылысын қағазға салады. Слайдта шыққан атомның құрылысымен салыстырады. Тапсырманың дұрыстығын слайдта көрсетілген сызбанұсқа арқылы түсіндіріледі. Атом құрылысын протондар, нейтрондар мен электрондар (тек бірінші 20 элемент) тұрғысынан білу, протондар саны мен нуклондар санының мағынасын білу мақсатында түсіндіру. Тапсырма №5. Әрбір атомда электрондардың қанша саны болатындығын және неліктен олай болатындығын талқылау. Нейтрондар санын қалай анықтауға болатынын талқылау Нуклондар санын қалай анықтауға болатынын талқылау. Натрий, хлор, фосфордың атом құрылысы. Тапсырма №6. Қалыптастырушы бағалау(жеке парақта берілген) ОМ: алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p,n,e) және атом ядросының құрамын білу протон саны, нуклон санының мәндерін білу Бағалау критерийлері: - Берілген элементтің ядро заряды мен атомдық массасын дұрыс анықтайды -Протон, нейтрон, электрон санын дұрыс анықтайды. |