kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үшбұрыш және оның түрлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:
• оқушыларда үшбұрыш, оның элементтері, биіктігі, медианасы, биссектрисасы туралы түсінік қалыптастыру, қабырғалары бойынша және бұрыштары арқылы түрлерін ажырату, қабырғаларының ұзындықтары бойынша периметрін есептеуге үйрету.
• Оқылған материалды, қорытындылай, салыстыра білу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білу қабілетін дамыту.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үшбұрыш және оның түрлері»

Пәні: геометрия
Сыныбы: 7
Сабақтық тақырыбы: Үшбұрыш және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
• оқушыларда үшбұрыш, оның элементтері, биіктігі, медианасы, биссектрисасы туралы түсінік қалыптастыру, қабырғалары бойынша және бұрыштары арқылы түрлерін ажырату, қабырғаларының ұзындықтары бойынша периметрін есептеуге үйрету.
• Оқылған материалды, қорытындылай, салыстыра білу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білу қабілетін дамыту.
• Жылдамдыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өзін бағалай алуға, сенімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, жарыс, тренинг
Көрнекілігі: слайд, презентация, бағалау парақтар, түрлі - түсті қағаздар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын ескерту, назарларын сабаққа аудару (психологиялық сәт)
2. Үй тапсырмасын тексеру
Өзіндік жұмыс тапсырмасын бағалау парағы арқылы үшбұрышты ұпайлар жинау.
10 тапсырма бойынша бағалау:
8 - 10 ұпай – «5»
5 - 7 ұпай – «4»
3 - 5 ұпай – «3»

3. Жаңа материалды игертуге дайындық (слайд 4)
Өмірдегі көріністерден мысалдар келтіру:
- Оқушылар сонымен үй жұмысын тексеру арқылы қандай фигуралар жинадық?
- Үшбұрыштар
- Ендеше өміріміздегі үшбұрышты заттарды елестетейік
- Таулар, пирамидалар, жол жүру ережесіндегі ескерту белгілері және т. б.
- Негізінен үшбұрыштар үшкір болады, сондықтан оның ауаны тесіп өтетін қасиеті бар деуімізге болады. Мысалы: ұшақтардың басы, құстардың тұмсығы, майшамның жанып тұруы, т. б.
- Енді үшбұрышты геометрияда қалай салатынымызға тоқталайық
- Алдымен жазықтықтан 3 нүкте белгілеп аламыз және оларды белгілейміз. Олардың арасын кесінділермен қосамыз. Сонда үш төбесі, үш қабырғасы, үш бұрышы бар элементтерден құралған геометриялық фигура пайда болады.

4. Жаңа сабақты игерту
Анықтама. Бір түзуде жатпайтын үш нүктемен осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды.

Үшбұрыштың қабырғаларына байланысты түрлері:
1) қабырғаларының ұзындықтары әртүрлі болатын үшбұрыш әр қабырғалы үшбұрыш
2) екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш
3) үш қабырғасы өзара тең болатын үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш

Үшбұрыштың бұрыштарына байланысты түрлері:
1) үш бұрышы да сүйір болатын сүйір бұрышты үшбұрыш
2) бір бұрышы тік болатын тік бұрышты үшбұрыш
3) бір бұрышы доғал болатын үшбұрыш доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады.

Анықтама: Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы периметрі деп аталады.
Анықтама: үшбұрыштың төбесін оған қарама - қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесіндіні оның медианасы деп атайды.
Анықтама: үшбұрыш бұрышының биссектрисасы қарсы қабырғаға дейінгі кесіндісі, оның осы бұрыштың биссектрисасы деп аталады.
Анықтама: үшбұрыштың төбесімен қарсы жатқан қабырғаны қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр кесіндісі үшбұрыштың биіктігі деп атайды.

5. Жаңа материалды қаншалықты игергендіктерін алғашқы тексеру:
«Пирамида ойыны» (Слайд 9)
Шарты: оқушыларға А деңгейіндегі тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды орындау арқылы пирамида құрастырылады.
Оқулық бойынша №129, 130, 133(1) есептері.

6. Демалу минуты
Неше үшбұрыш бар екенін есептеу

Сабақты бекіту:
Үшбұрыш және оның түрлері:
Әртүрлі үшбұрыштардың астына сұрақтар жасырылған, соларға жауап беру арқылы оқушылар өздері қорытынды жасау.

Тренинг «Адам есімінің түстері»
Мақсаты: оқушыларға психологиялық тұрғыдан шабуыл жасау арқылы, ойлау қабілеттерін дамыту, өздеріне деген сенімдерін қалыптастыру, өзін бағалай алуға, өзін тануға ықпал жасау. Үшбұрыштардың түрлерін ажыратуға үйрету.
Шарты: оқушылардың алдына қызыл, жасыл, сары, көк түсті парақшалар таратылады. Содан таңдау жасап, парақшаға өзі қалаған кез - келген үшбұрыштың түрін салып, қияды.
Нәтиже: оқушылар дайын болғаннан кейін олардың түстері бойынша және үшбұрыш түрлері бойынша мінездемелік сипаттамалармен танысады.

Қызыл - өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар
Жасыл – ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар\
Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт жандар
Көк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар

Тікбұрышты үшбұрыш – мінезі қатты, алған бетінен қайтпайтын жандар
Әр қабырғалы үшбұрыш – құбылмалы мінезді, тез ойланып тез жауап беретін жандар
Тең бүйірлі үшбұрыш - әрқашан әділдікті қолдайтын жандар
Тең қабырғалы үшбұрыш – сыпайы болуға ұмтылатын жандар

Үйге тапсырма беру: № 134 (2), 135
Бағалау: оқушыларға бағалау түрлері таратылады. Оқушылардың өз мүмкіншіліктерін бағалауын қадағалау.
Сабақ өте жақсы ұнады және бар мүмкіндігімді пайдаландым
Сабақ ұнады және өз мүмкіндігімше қатыстым
Маған әлі осы тақырыптар бойынша жұмыс жасау керек



Үшбұрыш және оның түрлері


ТатыхановА Бақытжамал

ШҚО, Семей қаласы, Ақбұлақ орта мектебі, математика пәні мұғалімі


Пәні: Геометрия

Сыныбы: 7 сынып

Тақырыбы: Үшбұрыш және оның түрлері.

Мақсаты:

а) Білімділік: Үшбұрыш туралы білімдерін кеңейтіп, тереңдете түсу. Үшбұрыштын негізге сызықтарымен, түрлерімен таныстыру. Математикалық ойлау қабілетін арттыру.

ә)дамытушылық: Осы алған білімдерін есеп шығаруда қолдана білуге бейімдеу. Математикалық білім, білік деңгейлерін тексеру.

б) тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын арттыру, сұрақтарға мәдени түрде жауап беруге, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: плакат, кестелер, үшбұрышты модельдері.

Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.

І. Ұйымдастыру:

1) оқушыларды түгендеу, сынынтың сабаққа дайындығына назар аудару.

2) сыныпты екі топқа бөліп алу.

І тапсырма: Топтастыру стратегиясы бойынша "бұрыш" туралы не білеміз? (аты, өлшейтін құрал, өлшем бірлігі)


Жаңа сабақ: үшбұрыш және оның түрлері туралы түсінік, плакат арқылы түсіндіру.


А1: Бір түзуде жатпай үш нүкте мен осы нүктелерді қосатын уш кесіндіден және сол кесіндімен шектелген жарықтың бөлігімен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды.


А2: Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын оның периметрі деп атайды.




Үшбұрыштың түрлерін білу үшін: "Үшбұрыштар еліне саяхат" жасау үшін (самолетке) ұшаққа отырып "Патша сарайына" барамыз.

Математика – ғылымдар патшасы. Оның ғашығы – шындық, оның үлгісі қарапайымдылық пен айқындылық. Бұл әміршіміз сарайы сан алуан шырмауықтармен шырмалған, оған жету үшін олардың арасынан жол табу керек. Кездесоқ жолаушы бұл сарайдан қызығатындай еш нәрсе көре алмайды. Оның әсемдігін тек шындықты сүйетін, қиындықпен күресте шыңдалған саналылар ғана көре алады. (Сиядейкий Ян)

Патша: Құрметті оқушылар патша сарайына қош келдініздер!

Енді олардың өз ара байланыстарын байқайық. Қандай қарым-қатынастары бар екен?

Сонымен, патшаның кенже ұлы Тікқабырғалы тек қала Сүйір бұрышты апайын сыйлап, тілін алады. Ондай балалар біздін арамыздада табылады ма?

Ендеше, біз үлкенді сыйлап, кішкентайға қамқор болайық!

Енді біз бүгінгі сабақтан алған білімізді тиянақтау үшін, есептер шығарып, сұрақтарға жауап берейік. Әрбір жауап бір алтын үшбұрашпен бағаланады. Кім көп үшбұрыш жинайды екен?

ІІт: Сурет бойынша есеп шығарамыз.

ІІІт: оқулықтан №133, №134 есептер







Р=?









Р=?



























Қортынды сұрақтар:

а) үшбұрыш түрлерін атаңдар?

б)

c) Элементтері

Білімдерін бағалау:

Үйге тапсырма: параграф 11, есеп №129,139






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Геометрия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Үшбұрыш және оның түрлері

Автор: Муханова Нуртуган Мухановна

Дата: 12.02.2018

Номер свидетельства: 456746

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "?шб?рыш ж?не оны? т?рлері. Бізді ?орша?ан ?лемдегі ?шб?рыштар."
    ["seo_title"] => string(62) "ushburyshzhnieonynturlieribizdikorshaganliemdieghiushburyshtar"
    ["file_id"] => string(6) "290705"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455014317"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""?шб?рыш ж?не оны? т?рлері" ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(43) "ushbu-rysh-zh-nie-onyn-turlieri-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "190467"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427182231"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Үшбұрыш және оның түрлері"
    ["seo_title"] => string(31) "ushbu_rysh_zh_nie_onyn_turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "380213"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1484594591"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Үшбрыш және оның түрлері. Бізді қоршаған әлемдегі үшбұрыштар."
    ["seo_title"] => string(72) "ushbrysh_zh_nie_onyn_turlieri_bizdi_k_orshag_an_liemdieghi_ushbu_ryshtar"
    ["file_id"] => string(6) "416906"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495184588"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "?шб?рыш.?шб?рышты? т?рлері"
    ["seo_title"] => string(29) "ushburyshushburyshtynturlieri"
    ["file_id"] => string(6) "319561"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460885159"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства