kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Решение проблемы модернизации в системе образования

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бәсекеге қабілетті  жеке тұлғаны қалыптастыру  барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді.  Жеке тұлғаға бағытталған сабақ – оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өзбетінше шешім  қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама»

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ТАҚЫРЫПТАРДЫ ЖҮЙЕГЕ КЕЛТІРУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ

Авторы: Маканова В.

Мұнайлы ауданы Батыр ауылы

10 жалпы білім беру орта мектебі




Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ – оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өзбетінше шешім қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс.

Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту, педагогикалық мамандардың шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап етілуде. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет .Сабақта жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты компоненті –жүйелі түрде оқыту.Негізгі мақсат жан–жақты дамыған тұлға қалыптастыру.Бұл үшін мұғалім жаңашыл,шығармашыл болуы керек.Қазіргі оқу үрдісіне көптеген шетелдік және қазақстандық педогогикалық технологиялар енуде. Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар,саналы,салмақты ойлауға,өз ойын қорыта алуға,өз бетінше ізденуге тәрбиелейтін әдіс-тәсілдер жеткілікті. Математика сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін (түйсігі,қабылдау,есте сақтау,ойлау,ой түйін жасау,қиял,зейін,дағды) қалыптастыруда Ғалиевтің «Жүйелілік тұрғысынан оқыту» педагогикалық технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану тиімді.Қазіргі таңда оқытумен бірге оқушының әр түрлі іс-әрекет түрлерінде өзін байқау мүмкіндігі арқылы болашақ қызмет аясын саналы түрде таңдап алуы үшін жағдайларды-да туғызу қажет.

Математикалық есептерді шығарудың курделілігі білімнің жетіспеуінен емес, білімді қай жерде қалай қолдануды, керегін пайдалануды білмеуден көрінеді. Математика пәнін өқыту кезінде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландырудың пайдасы мол. Ол үшін оқушылардың логикалық ойлауын,шығармашылық қабілетін, оқуға ынтасын дамыту үшін, оқыту мазмұны мен әдістерінің барлық мүмкіндіктерін пайдалану керек. Математика пәнiн оқытудың мақсаты: математикалық бiлiм, бiлiк және дағдыларды игерту; математика курсының мазмұны арқылы баланы тұлға ретiнде қалыптастыру; танымдық iс-әрекетке, сондай-ақ өздiгiнен бiлiм алуға дайындығын қалыптастыру.

Мұғалімнің негізгі мақсаты- математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету, ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашулары керек. Оқу процессі осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті кеңейіп сабаққа ынтасы артады.

Оқушылар білімінің жүйелілігі қандайда бір білімдердің құрамын, бірінен соң бірі шығу тізбегін тұтастай ұғынуды білдіреді. Оқу бағдарламалары мен оқулық оқытылатын пән жөнінде жалпылама жүйелі білім қалыптастыруды көздейді. Жеке тақырыптар сабақта айтарлықтай-ақ игеріледі, бірақ жалпы түйіндеу, тақырыптарды өзара байланыстыра отырып жүйелеу болмағандықтан, оқушының жалпы алған білімі шашырап, көп ұзамай, тез естен шыға бастайды.

Оқу материалын жүйелеуге арналған сабақтарда қолданылатын әдістер әр түрлі. Олар мұғалімнің жалпылаушы лекциясы, проблемасын баяндау, зерттеу, т.б. болуы мүмкін. Олардың қайсысын таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне, сыныптағы оқушылардың дайындық дәрежесіне байланысты.

Математикадан оқушылардың білімін кестелер мен сызбалар арқылы жүйеге келтіру қолайлырақ.Кестелер мен сызбалар арқылы жұмысты әр түрлі әдістермен жүргізе алады. Кейбір кестелер мен сызбаларды оқушылармен бірге толтыруға болады, кейбіреулерін дайын түрде беруге болады, ал кейбіреулерін тіпті толтырып келуге үйге тапсырма беруге де болады. Бұл жағдайларда оқушылардың оқуға деген белсенділіктері артады.

Дайын кестелер мен сызбаларды көрнекілік ретінде пайдалануға болады. Оны оқушы өзінеде сызып алуына болады. Көрнекі сезім арқылы қабылданған білім есте анағұрлым тұрақты сақталады. Білімді жүйелеудің тиімді әдісі-әр бір біртұтас бөлімнің соңында жалпы қорытындылап отыру.

Төменде осы айтылғандарға мысал ретінде 9-11 сыныптарда геометрия сабағында «Кеңістік денелерінің беті және көлемі» бөліміне өтілген қорытынды сабақ үлгісінің негізгі бөлігін баяндаймын. Оқушыларға алдынғы өтілген тақырыптарды еске түсіру мақсатында «Ой ояту» сұрақтарын қоя отырып, кесте толтыра бастаймыз.

1.Қандай кеңістік денелерді білесіздер?

2. Параллелепипед деп қандай фигураны айтамыз?

3.Параллелепипедтің бүйір беті ауданы қалай табылады?

4.Параллелепипедтің толық бетінің ауданы қалай табылады?

5.Параллелепипедтің көлемі қалай табылады?

6.Куб деп қандай денені айтамыз?

7.Кубтың бүйір бетінің ауданы қалай табылады?

8.Кубтың толық бетінің ауданы қалай табылады?

9.Кубтың көлемі қалай табылады?

10.Призма деп қандай денені айтамыз?

11.Призманың бүйір беті қалай табылады?

12..Призманың толық бетінің ауданы қалай табылады?

13.Призманың көлемі қалай табылады?

14.Пирамида дегеніміз не?

15.Пирамиданың қандай жақтарын оның бүйір жақтары дейді?

16.Пирамиданың бүйір беті қалай табылады?

17.Пирамиданың толық беті қалай табылады?

18.Цилиндр қандай дене?

19.Цилиндрдің жасаушысы дегеніміз не?

20.Цилиндрдің бүйір беті және толық беті қалай табылады?

21.Конус дегеніміз қандай дене?

22.Конустың жасаушысы,биіктігі,табаны дегеніміз не?

23.Конустың бүйір беті және толық беті қалай табылады?

24.Конустың көлемі қалай табылады?

25.Шар дегеніміз қандай дене?

26.Сфера дегеніміз не?

26.Шар бетінің ауданы , көлемі қалай табылады? Т.б


Кесте толтырып болғаннан кейін,есеп шығаруға бастаймыз. Есептер тест түрінде үш топқа таратылып беріледі .

1-топ

1.Аквариумның ұзындығы 80см,ені 45см,биіктігі 55см. Осы аквариумға неше литр су кетеді?

А. 198л В.198000л С.2475л Д.180л

2.Доптың радиусы 12см. Оның беті неге тең?

А.24см2 В.576см2 С.144см2 Д.288см2

3.Дұрыс үшбұрышты пирамида табанының қабырғасы 14см, пирамиданың биіктігі 30см. Оның бүйір бетінің ауданын тап.

А. 520см2 В.280см2 С.630см2 Д.420см2

4.Қиық конустың табандарының радиустары 2см және 4см, биіктігі 3см болса, оның көлемін табыңдар.

А. 48см3 В. 96см3 С.24Псм3 Д.28Псм3

5.Цилиндрдің толық бетінің ауданын табыңдар. Оның биіктігі 5см, табанының радиусы 3.5см.

А. 59.5см2 В.35Псм2 С.59.5Псм2 Д.180см2

2-топ

1.Ауданы 36Псм2,шардың көлемі неге тең?

А.36Псм3 В.48Псм3 С.24Псм3 Д.72Псм3

2.Табанының радиусы 3см, биіктігі 5см болатын тік стаканға қанша су кетеді?

А 9Пл В.45Пл С.0.045Пл Д.45л

3.Конустың жасаушысы 5 см, табанының ауданы 25П см2. Конустың биіктігін табыңдар.

А.10 В.10 см С.5 см Д. см Е.25 см

4.Егер 1см2 ауданға 0,25г сыр кетсе, онда қыры 20см кубты бояу үшін қанша сыр керек?

А.500г В.400г С.800г Д.1кг Е.600г

5.Дурыс призманың табаны қабырғасы 6см-ге тең алтыбұрыш.Егер призма биіктігі 4 см болса, көлемі неге тең ?

Қорытынды. сабақты пысықтауда «Тренинг» әдісі арқылы «Кеңістік денелердің беті және көлемі» атты бос кестені толтыруға болады.

Математика сабағында тақырыптар жүйелеу арқылы өтілгенде оқушылар мынадай тиімді талаптарды меңгере алады:

-Уақытты үнемді пайдаланып, көбірек есеп шығара алады;

-Кеңістік денелерді салыстырмалы түрде есте сақтайды;

-Формулаларды жаттау қабілеттілігі артады;

-Есептеу мәдениетiн және есептеудiң практикалық дағдыларын дамытады;

-Оқушылардың құзырлылығы нығайып , геометриялық формулаларды өмірде қолдануға дағдыланады;

-ҰБТ-ге дайындауда оқушылардың білім сапасын көтеруге септігін тигізеді.

Математиканы оқытуда жинақталған бiлiмдi, бiлiктердi өзгертiлген жағдайда қолдана алу маңызды рөл атқарады. Ол үшiн тапсырмалар жүйесi алдымен жеңiлдеулерiн, одан кейiн бiртiндеп күрделiлерiн орындауда оқушылар сәйкес бiлiм мен бiлiктердi меңгеретiндей, оларды есеп шығаруға жаттықтыратындай етiп құрылуы қажет. Сонымен бiрге оқушылардың өз ұсыныстарын негiздеуiне, өз ойларын дәл, түсiнiктi және тиянақты етiп жеткiзе алуына үлкен мән берiлуi тиіс.

Мәтiндi есептердi шығаруда белгiлілер мен белгiсiздердi салыстыра отырып, оқушылар олардың арасындағы негiзгi байланысты түсiнулерi және оны математикалық қатынастар тiлiне ауыстыра алулары, есептердiң шығарылуын математика тiлiнде рәсiмдей алулары қажет.

Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр деңгейінде оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланды. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.А.Е.Әбілқасымова, т.б. «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» Алматы 1998ж

2. «Математика-2» Шың-2006ж

3.ҚР Білім стандарты-2002ж

4.ИФМ. Ғылыми-әдістемелік журнал №4.2001,№2 2005ж






Просмотр содержимого презентации
«Презентация вика (2)»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Геометрия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Решение проблемы модернизации в системе образования

Автор: Маканова Венера Жанабаевна

Дата: 31.10.2017

Номер свидетельства: 435776

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(229) "Разработка педагогического совета «Анализ и планирование деятельности школы в условиях модернизации системы образования» "
    ["seo_title"] => string(136) "razrabotka-piedaghoghichieskogho-sovieta-analiz-i-planirovaniie-dieiatiel-nosti-shkoly-v-usloviiakh-modiernizatsii-sistiemy-obrazovaniia"
    ["file_id"] => string(6) "104921"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1402770036"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(161) "Информационно-образовательная среда –  важнейший компонент новой системы образования "
    ["seo_title"] => string(91) "informatsionno-obrazovatiel-naia-srieda-vazhnieishii-komponient-novoi-sistiemy-obrazovaniia"
    ["file_id"] => string(6) "228630"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1441433470"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(184) "Использование современных образовательных технологий как средство повышения качества образования"
    ["seo_title"] => string(102) "ispolzovaniiesovriemiennykhobrazovatielnykhtiekhnologhiikaksriedstvopovyshieniiakachiestvaobrazovaniia"
    ["file_id"] => string(6) "259329"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448718900"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(241) "“Использование электронных образовательных ресурсов на уроках информатики, как одно из решений задач модернизации образования” "
    ["seo_title"] => string(137) "ispol-zovaniie-eliektronnykh-obrazovatiel-nykh-riesursov-na-urokakh-informatiki-kak-odno-iz-rieshienii-zadach-modiernizatsii-obrazovaniia"
    ["file_id"] => string(6) "237870"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444409690"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Презентация "Реализация требований ФГОС в образовательной системе  «Школа 2100»""
    ["seo_title"] => string(78) "priezientatsiiariealizatsiiatriebovaniifgosvobrazovatielnoisistiemieshkola2100"
    ["file_id"] => string(6) "273385"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452195129"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства