Просмотр содержимого документа
«Жерді? климатты? белдеулері»
Сыныбы:6 күні: 17.02.2016
Сабақтың тақырыбы : Жердің климаттық белдеулері
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға жердің климаттық белдеулері туралы түсінік беру, Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:Оқушылар климаттық белдеулер туралы түсінік алып, өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады.
Түйінді идеясы: Климаттың адам өміріне маңызы зор.
Сабақтың әдіс-тәсілдер: сұрақтары бар қорап, қарлы-кесек ойыны ,зейінді дамыту жаттығуы,географиялық диктант
1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп,жыл мезгілдері арқылы топқа бөлінеді.
2. Үй тапсырмасын сұрақтары бар қорап арқылы сұрау.
1.Оқушылар амандасады, оқушылардың туған айлары бойынша топқа бөлінеді.
2. түрлі- түсті стикерлер арқылы сұрақ-жауап тауып алады.
Тұсаукеср
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын мен мақсатын айқындайды.
2.Мәтінмен танысу: А-тобы- Экваторлық және субэкваторлық; Б- тобы- тропиктік және субтропиктік; В- тобы- қоңыржай, Г-тобы- арктикалық және субартикалық климаттық белдеулер
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын негізгі түйінді идеясын айтады.
2 Оқушылар мәтінмен оқулық және интернет желісі арқылы танысады,суреттер бойынша сұрақтар қойып жаңа сабақты талқылайды.
Негізгі
бөлім
1.Сергіту сәті,"Зейінді дамыту "суреті.
Суретте неше аң орналасқанын тапқан топ мадақталады.
Қорытынды
Мұғалім сабақты қорытындылайды.
Геодиктант тапсырмасын орындатады.
Үйге тапсырма береді :
Өтілген тақырыпты оқуға және тақырып соныңдағы тапсырманы орындау.
Оқушылар өзіне қиындық келтірген жаңа сабақ барысындағы сұрақтарды қорапқа жазып салып кетеді,келесі сабақта ол талқыланады.
Сергіту сәті,"Зейінді дамыту "суреті.
Географиялық диктант (климаттық белдеулер бойынша):
1 Бұл климаттық белдеу тропиктік және қоңыржай ауа массаларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.
2 Ұзақ әрі қатал қыс қоныржай ауа массасының енуіне байланысты қысқа әрі салқын жазға ауысады.
3 Бұл белдеуде жыл бойы тропиктік ауа массасы басым болады, оның жазғы температурасы өте жоғары, ал қыста сәл төмендеу болады.
4 Бұл климаттық белдеуде жыл мезгілдері айқын ажыратылады, бүкіл жыл бойы бір ғана ауа массасы әсер етеді.
5 Бұл белдеуде ауа температурасы жыл бойы жоғары, жауын-шашынның жылдық мөлшері өте мол және біркелкі түседі.