Просмотр содержимого документа
«Жер шарына саяхат »
Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№ 1 орта мектептің
География пәнінің мұғалімі
Избасханова Ж.Қ
Тақырыбы: «Жер шарына саяхат»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жер планетасы, материктер туралы сабақта алған білімін
жинақтап, одан әрі таным деңгейін арттыру;
Дамытушылық: Әр материкті жете тануға қызығушылығын ояту;
Тәрбиелік: Актерлік шеберлікке, табиғатты аялап, сүйе білуге тәрбиелеу;
1- жүргізуші:
Саламатсыздарма? Ұстаздар және оқушылар! Сіздер бүгін « Химия, биология, география» атты апталықтың кезекті «Жер шарына саяхат» атты географиялық кешіне хош келіпсіздер!
2 -жүргізуші:
Мың сан халқы ізіне ерген,
Келешекке берік сенген,
Қасиетті туған өлкем,
Кереметсің қандай көркем!
1 -жүргізуші:
О, Жер Ана қадіріңе жетейін,
Көрерменді сырға қанық етейін.
Жер Ананы шақырып ап ортаға,
Сіздерге толық таныстырып өтейін – деп ортаға Жер Ананы шақырайық.
2- жүргізуші:
О, Жер Ана бізге жылдам келіңіз,
Сізге әркез дайын біздің төріміз.(Жер Ана келеді)
Міне, Жер Анамыз да көрінді
Саламатсызба Жер Ана!
Жер Ана: Амансыңба қарағым! Амансыздарма оқушылар! Құрметті ұстаздар! Мені бәріңде география пәнінен жақсы танисыңдар деп ойлаймын. Солай ма? Рахмет! Дей тұрғанменде мен сіздерге қонаққа келген соң, өзім жайлы айта кетейін.
Күн жүйесін 3-ші болып мекендедім,
Көлемім кең, үлкен жүк көтергенім.
Ізімнен ерген менің 6 ұлым бар,
Емессіңдер сендерде бөтендерім.
Және бар менің 240 немерем,
Немерелерім шетінен білгір, көреген.
Жан жағымдағы Плутон, Шолпан, Марстар,
Дейді маған «бақыттысың не деген».
өйткені менің басымдау еді пәрменім
артықтығым 6 бала көргенім.
Солардан өрген өздерің аман тұрғанда
әрқашанда тіршілігім бар менің
1- жүргізуші:
Қасиетті жер ана жақұтпысыз?!
Біз барда шыныменен бақыттысыз.
Сіз аман кезде біз бармыз дей аламыз,
өйткені сіздей анадан жаралғанбыз
2 -жүргізуші:
Қымбатты жер ана жаңа бір сөзіңізде 6 балам бар деп едіңіз, неге ертіп келмедіңіз?
1- жүргізуші:
Сіз рұқсат етсеңіз, соларды ортаға шақырсақ деп тұрмыз.
Жер Ана : Шақырыңыздар айналайындар! Мен қарсы емеспін.
2-жүргізуші:
Ендеше алдыменен анамыздың үлкен баласы «Евразияны» шақырамыз. (ортаға Еуразия келеді)
1-жүргізуші:
Аманбысыз Еуразия бабамыз,
Біздер сіздің бір балаңыз боламыз.
Өзіңіздің 4-ші балаңыз
Қазақстан – біздің туған анамыз.
Ұлы баба бізге рақым етсеңіз
өзіңіз жайлы аздап айтып кетсеңіз.
Евразия:
Орасан зор материкпін,
Төрт мұхит 4 қабырғам.
Алауан түрлі тірлігімен,
Көп халық менен табылған.
Исландия аралым бар,
Фенноскандия орманым
Балқан таумен таралынған,
Гималай,Альпі қорғаным.
Аравия – үлкен түбек,
Месопатамия жазық ойпат.
Орта Азия шөлді өлкені,
Жылқы,түйе жүрер жайлап.
Тынық мұхит жағасында,
Вулканым бар отты алып,
Ұлы Қытай жазығында
Ырзығын терген көп халық
Архипелаг Малайзия
Тұрады 5 мың аралдан
Күріш пенен шай бұта
Бұл жерге тән таралған.
2- жүргізуші:
Шыныменен зор екенсіз,
Мақтануға тұратын
Бірде көл, бірде шөл екенсіз,
Таулардан шеп құратын
1 -жүргізуші:
Сізге көп-көп рахмет, Евразия! Біздерді көп сырға қанықтырдыңыз. Енді осындай алып ұлы бар Жер Анамызға арнап Мұңалбай Мөлдірдің орындауында «Туған жер» әнін тарту етеміз.
2- жүргізуші:
Ой рахмет Мөлдір! өркенің өссін! Келесі кезекте Африканы ортаға шақырайық.
Африка:
Мен Африка! Қос мұхит арасында,
Европадан 3 есе үлкен құрлықпын.
Түп атым Евразия тайпасында,
Белімді экватор кескен құрлықпын.
Маймыл, піл, жираф, зебра мекен еткен.
Какаодан жетістікке жеткен құрлықпын.
1 жүргізуші:
Бәрекелді қысқада, нұсқа айттыңыз,
Сонда-дағы сездік біраз жайтты біз.
Сізге көп рахмет! Келесі кезекте Жер анамыздың 3-ші баласы Солтүстік Американы шақырамыз.
Солтүстік Америка:
өзім жайлы менде айтып берейін,
құнды-құнды мәліметтер терейін.
Ағаларым өзін айтып мақтанды,
Байлығымды менде мақтап көрейін.
Қалың тонды қойбұқам бар,
Қылқанды шырша орманым бар.
Бұлғын, құндыз, ондатра,
Ең бағалы аңдарым бар.
Ниагара алып құламадан
Энергия аламын.
2- жүргізуші:
Қараңыздаршы, бұл жерлерде де біраз қызықтар бар екен. Енді Оңтүстік Американы шақырамыз.
Амансызба, Оңтүстік Америка, біздерге хош келіпсіз. өзіңіз жайлы айтып беріңізші.
Оңтүстік Америка:
Шығысым менің кең жазық,
Анд тауы батыс жағында. амазонка ең сұлу өзен,
Биік таудан соғылған.
өсімдігім мимоза
кебрачо кактустар.
Мекен еткен жерімді,
Пума, ягуар, жыртқыштар.
Жиырмадан астам елім бар,
Титикака көлім бар.
1 -жүргізуші:
Көп рахмет сізде мығым екенсіз
Талай адам қызыққандай мекенсіз
Келесі кезекте Антарктиданы ортаға шақырамыз. (антарктида келеді)
2-- жүргізуші:
Хош келдіңіз мұзды мекен,
Дейді көп жұрт сізді бекем.
Шыныменен сізді ойласам,
Менің өзім дір-дір етем.
Антарктида:
Шыныменен мінезім сәл қаттылау,
Жақтарымда бар ғой бірақ жақсылау.
Мысалы менде ғалымдардың ғылыми
Станциялары жұмыс жасайды бақылау.
Жануарларым тюлень, теңіз мысығы,
Пингвиндердің көрдіңіз талай қызығын.
1- жүргізуші:
Көп рахмет келесі кезекте жер ананың ең кенже баласы «Австралияны» шақырамыз. (ортаға Австралия келеді)
2- жүргізуші:
Хош келдіңіз кенжесі ананың,
Сіз жайында білгіміз кеп барады.
Біздің кеште қонақ болып қайтыңыз,
Бірақ сізде өзіңіз жайлы айтыңыз.
Австралия:
Айтар болсам өзімді,
Тыңдаңыздар сөзімді.
Ағалардан шалғайдамын.
Құрғақшылық бар аймағым.
Қос мұхитпен қоршаулымын
Қалталы келеді жануарым
әлем бойынша қой өсіріп,
ең бірінші орын алдым.
1- жүргізуші:
Сізге де шексіз біздің алғысымыз.
Әрдайым алға бассын жақсы ісіңіз.
2- жүргізуші:
Қасиетті Жер Ана! Сіздің 240 немереңіздің ішінен 9-шы немереңіз біздің анамыз. Енді «Қазақстанды» шақырғымыз келіп отыр.
1- жүргізуші:
Қазақстан – туған өлкем бағыстан,
Бақытымды іздемеймін алыстан.
Бүгін бізге қонақ болып кетіңіз,
Балалардың әнін тыңдап жарысқан.
2- жүргізуші:
Сіз біз үшін ең киелі мекенсіз,
Бізбен бірге мәңгі жасап өтерсіз.
Қасиетті жер секілді ананың
9 –шы немересі екенсіз.
1- жүргізуші:
Отан –Ана ортамызға келіңіз
өзіңіз жайлы бізге айтып беріңіз.
деп ортаға Отан-Ана Қазақстанды шақырамыз.
(«Менің Қазақстаным» әнінің орындауында ортаға «Қазақстан» келеді)
Қазақстан:
Белестерден белестерге ұласқан,
Орман, шөлім, өзен-көлім қыр асқан.
Тау мен тасын жауып құмның етегін.
Баурайында сылдыр қаққан бұлақтар.
Менің жерім дәнеге, малға кенге бай,
Менің елім жаны жайсаң, көңілі жай.
2- жүргізуші:
Табиғатты қойған сынап кенелте,
Қазақстан – байтақ өлке, кең өлке.
Қазақстан – ғажапстан бұл күнде,
Ағыл-тегіл ақтарылған кең өлке.
1- жүргізуші:
Отан Ана қадіріңе жетемін,
Сенен басқа Отанды мен не етемін!
Сен мұңайсан менде бірге мұңайам,
Сен қуансаң, мәңгі күліп өтемін.
«Туған өлкем – қандай көркем» - еді деп,
Табынамыз саған, атамекенім!
өзіңізге арналған «Атамекен» әнін қабыл алыңыз.
2- жүргізуші:
Енді Жер ананың шөбересі «Киелі Маңғыстауды» шақырамыз:
«Маңғыстау»:
1-жүргізуші:
«Маңғыстау» әнін қабыл алыңыз.
2- жүргізуші:
Осымен «Жер шарына саяхат» атты географиялық кешімізді аяқтаймыз.