kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тянь- Шань тауының өсімдіктері мен жануарлары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаттары:

  1. Таулы жерлердегі климат жағдайларына орай өсімдіктер мен жануар әлемінің таралу ерекшеліктері туралы түсінік-ұғым беру.
    2. Оқушылардың шығармашылығын дамыту, оқығаны бойынша негізгісін таңдай алу дағдысын жетілдіру.
    3. Табиғатты сүюге, оны ардақтап, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Типі: сұрақ-жауап, пікірталас.
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі: Суреттер,кітаптар, карта, интербелсенді тақта т.б.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сынып оқушыларын топтастыру, жағымды ахуал туғызу. (Видеоролик)

ә)Оқушыларды түгендеу

б)Сабаққа назарларын аудару

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тянь- Шань тауының өсімдіктері мен жануарлары.»

Пәні:физ. география Сыныбы: 8 ә Күні:

Сабақтың тақырыбы: Тянь- Шань тауының өсімдіктері мен жануарлары.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Таулы жерлердегі климат жағдайларына орай өсімдіктер мен жануар әлемінің таралу ерекшеліктері туралы түсінік-ұғым беру.
    2. Оқушылардың шығармашылығын дамыту, оқығаны бойынша негізгісін таңдай алу дағдысын жетілдіру.
    3. Табиғатты сүюге, оны ардақтап, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Типі: сұрақ-жауап, пікірталас.
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі: Суреттер,кітаптар, карта, интербелсенді тақта т.б.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сынып оқушыларын топтастыру, жағымды ахуал туғызу. (Видеоролик)

ә)Оқушыларды түгендеу

б)Сабаққа назарларын аудару

ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау.

-Балалар мен сабақты өлеңмен бастағым келіп тұр,


Табиғаттан бабамыз ала берген секілді.

Дархандықты қазаққа дала берген секілді,

Батырлықты, ерлікті желден алған секілді,

Махаббатты көгілдір көлден алған секілді,-деп ақын Қадыр Мырзалиев айтқандай, Қазақстан-кең,байтақ өлке. Осындай кең- байтақ жеріміз бар, Тянь-Шаньдай тауымыз бар, біз биік елміз қашанда!

- Ұйымдастыру:

І.Үй тапсырмасы: Тянь-Шань табиғат зоналары туралы баяндайды.

Мадақтау арқылы бағалау

ІІ. «Ой қозғау»

1.Неліктен таудың климаты құрғақ,құбылмалы?

2.Таудың көп өзендері қандай өзен арқылы қандай көлге құяды?

3.Тау қандай табиғат зонасында орналасқан?

4.Климаты

5.Өзендері

6.Мұздықтары

7.Табиғат зоналары


ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1-топ. «Жас табиғатшылар»- сұрақтар құрастыру

2-топ. «Жануар қорғаушылар»-сөзжұмбақ құрастыру

Үй тапсырмасын пысықтап, қортындылау.

ІV.Жаңа сабақ.

-Балалар, картаға назар аударсақ, қызыл, жасыл,сары,қоңыр, көк түспен боялған қандай жерлер?

-Шөл, шөлейтті,далалы,орманды, шалғынды,таулы жерлер.

-Дұрыс, олай болса біз таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы мағлұмат аламыз. «Тапқыр болсаң тауып көр?».

Ү. Кескін картамен жұмыс

Әр оқушының алдында кескін карта тұрады, олар аталған тауларды түсіріп отырады.

  1. Алтай тауы.-Солтүстік батыста орналасқан. Алтай тауы түркі тілінен аударғанда  «Алтай» -алтын деген сөзді білдіреді. Ол Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай, кенді Алтай болып бөлінеді.

  2. Сауыр-Тарбағатай тауы.Бұл тауды Шоқан Уәлиханов пен досы Потанин зерттеген.

3.Жоңғар Алатауы- Оңтүстік шығыста Қытаймен шекарада орналасқан тау жүйесі. Ең биік шыңы –Бесбақан шыңы. Пайдалы қазбаларға өте бай. (жанғыш, тақтатас,қоңыр көмір, вольфрам т.б)  Мұнда «Достық» темір жолы салынған.

  1. Тянь-Шань. Азия материгіндегі ең ірі таудың бірі. Қытай тілінен аударғанда  «Тәңір шыңы», «аспан тауы»  дегенді білдіреді. Полиметалға бай. Емдік қасиеті бар минералды бұлақтар кездеседі. Бұл тау орыс географы П.П.Семенов –Тянь-Шаньскийдің атымен аталған.

Таулы жер өсімдіктері: (Тақтадаь таулы жер өсімдіктерінің суреті тұрады.) Көктерек, қайың, тал, терек, қарағай, ұшқат, ырғай, күреңот, тобылғы, итмұрын, долана, қарақат, жабайы алма, т.б. өседі.

Таулы жер жануарлары: (тақтаға ілінеді)

-Балалар, Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстанды ненің символы ретінде алды?

– «Қазақстан-2030» жылдары Орта Азия барысына айналады,яғни біздің мемлекетіміз ең ірі ,алпауыт мемлекеттермен терезесі теңеледі деген.

-Осындайғы барыс қандай аң және қандай аймақта өмір сүреді деп ойлайсыңдар?

-Барыс өте епті, жылдам, жыртқыш аң. Ол биік тау құздарын мекендейтін аң. Барыстың саны бүгінде күрт азайып кеткендіктен, қазір қорғауға алынды. Барыстың  шапшаңдығы мен ептілігі туралы аңыз, әңгімелер өте көп.

Арқар-өте ірі аң. Ол тау жайылымдарын мекендейді. Түнде мұзды алқапқа дейін өрлеп түнейді де, ертеңгісін жайылымға қайта түседі. Сондай-ақ таутеке, марал, ақбөкендер т.б мекендейді. (әр жануарға жеке-жеке сипаттама беру).

Таулы жер құстары.

– Таулы жер құстары өте көп. Биік тасты құздарда ұлар тіршілік етеді.

Ұлар-ірі, түсі тас реңдес сұрғұлт құс. Ол 5-10-нан топтасып жүреді. Олар Қыста тау қуысына топтасып қонақтайды. Олар бірін-бірі жылытып, суықтан қорғайды.

Қозықұмай-ол тік құздарды мекендейтін құс.Қозықұмай еліктің лағы,суыр,арқардың қозықасы т.б. мен қоректенеді. Ол ірі тұяқты жануарларға да шабуыл жасайды. Екпіндеп ұшып, оларды қанатымен қағып,құздан құлатады. Бұлардан басқа тау ормандарында бүркіт, үкі, жапалақ, құр, шіл, тоқылдақ  т.б құстар тіршілік етеді.

Шаруашылықтары. Бұғы шаруашылығы. Омарта шаруашылығы дамыған.

V.Оқулықпен жұмыс.

  1. Постермен жұмыс

1-топ «Өсімдіктері мен жануарлары,топырақтары»

2-топ «Қорықтары мен ұлттық саябақтары»

VІ.Сабақты қортындылау.  Венн диаграммасын тақтаға сызып. 4 оқушыны шығару (Өсімдіктер мен жануарлардың аттарын түсіру).




«Кім ұтқыр?»

ҮІ-шығармашылық жұмыс

1- топқа. _Өсімдіктері мен жануарларына жарнама жасау

2 -топқа Тянь- Шань тауын Бүкіләлемге таныту мақсатында не істер едім...


Хан Тәңірі көк аспанмен таласып тұр,

Мен мұндалап Тянь-Шань шаншылып тұр.

Баурайында өсімдігі жайқалып нұр,

Көгінде аң-құстары жайылып жүр.

-Сонымен, біз, балалар бүгін Тянь- Шань тауында өсетін өсімдіктер мен мекен ететін жануарлар туралы мағлұмат алдық.


VІІ. Бағалау. Оқушыларды мадақтай отырып бағалау.

(«Жас табиғатшылар»  мен «Жануар қорғаушылар»  тобының  қайсысы белсенді қатысқандығын атап өту.)

 

VІІI. Үйге: Тянь- Шань тауының өсімдіктері мен жануарлары.


















Сабақ:№14 Сыныбы: 10 а Күні:

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
«Дүниежүзілік мұхит», «материк», «арал», «түбек», «теңіз» (шеткі, ішкі), «шығанақ», «бұғаз» ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру. Картадан мұхиттарды, теңіздерді, материктерді көрсете білу және сипаттай алуға үйрету.
Дамытушылық:
Ойларын жинақтай білуге, өз бетімен еңбектену іскерліктерін, ойлау қабілеттерін, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:
Жолдастарына көмек беру, тапқырлыққа, белсенділікке, табандылыққа, табиғи ортаны аялай білуге тәрбиелеу, географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, тест жұмысы, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің физикалық картасы, оқулық, суреттер, кескін карта,қосымша деректер
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
а) Сәлемдесу.
ә) Түгендеу.
б) Сабаққа назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Топпен жұмыс.

І- топ Тынық мұхиты

ІІ- топ Атлант мұхиты

«Кім жылдам?»

  1. Гидросфера дегеніміз не? (су қабығы)
    2. Табиғатта су неше күйде кездеседі? (үш күйде)
    3. Физикалық картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады? (өзен, көл, мұхит, теңіз, мұздықтар)
    4. Судың мұхиттан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін не деп атайды? (дүниежүзілік су айналымы)
    5. Табиғаттағы судың рөлі қандай? (маңызы өте зор, сусыз тіршілік жоқ)
    6. Үйде дайындаған: Cуға қатысты мақал - мәтелдер, суға қатысты тиым сөздер сұрау.
    ( «Бұлақ көрсең көзін аш», «Сулы жер – нулы жер», «Өзен жағалағанның өзегі талмайды», «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Судың да сұрауы бар», «Таза су ең алдымен адам денсаулығының басты кепілі», «Лас суда лаң көп», «Су бүлінсе, сүлдең қалар, ауру асқынса, мүрдең қалар», «Су өткен жерге өсімдік шығады», «Су - табиғаттың ажары», «Су біткен жерде өмір де бітеді» т. б.)
    7. Сонымен судың пайдасы мен маңызы зор, сусыз тіршілік жоқ екені белгілі. Суды қорғау үшін не істеу керек?
    ( - ретсіз пайдаланбау;
    - зауыт, фабрикалардан шыққан қалдықтарын суға төкпеу;
    - тазартқыш қондырғыларынан сүзіп өткізу;
    - мемлекеттік заңда көрсетілген өзен, көл суларын қорғау туралы іс - шаралар
    орындалып отыруын қадағалау.)



  2. «Миға шабуыл» стратегиясы бойыншаГидросфераның құрамдас бөліктерін атап, тақтаға топтастыру.
    Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу (МҰХИТТАР)
    Сұрақтары:
    1. Су тек мұз түрінде кездесетін ғаламшар?(Марс)
    2. Гидросфераның құрамдас бөлігі (Мұздық)
    3. Судың көп бөлігін алып жатқан гидросфераның бөлігі / яғни 97 пайызын (мұхит)
    4. Су қабығы (гидросфера)
    5. Қайда 20 млрд км3 су бар? (мантия)
    6. Гидросфераның тығыз байланыстағы қабығының бірі (атмосфера)
    7. Мұхиттардағы, атмосферадағы, өзендердегі, көлдердегі, мұздықтардағы, жер астындағы сулар үнемі неде болады? (айналым)
    8. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ішіндегі тек қай ғаламшарда су сұйық күйінде кездеседі? (Жер)

    ІІІ. Жаңа сабақ.
    Мұғалімнің кіріспе сөзі:
    Балғын бөбек ақыл – ойдан нәр алған,
    Айтты суға, ағып тұрған краннан:
    - Сен қайдансың? Неден пайда болғансың?
    - Мұхиттанмын, мен мұхиттан жаралғам!
    Сосын бөбек ақыл – ойдан нәр алған,
    Көк орманда жасыл – желек оралған.
    - Сен қайдансың? – деп сұрады шықтан бір.
    - Мұхиттанмын, мен мұхиттан жаралғам!
    - Сен, газды су, көпіршік боп таралған,
    - Біліп қой, дос, мен шалғайдан келгенмін.
    - Мұхиттанмын, мен мұхиттан жаралғам!
    Балғын бөбек ақыл – ойдан нәр алған,
    Боз тұманнан, бұталарға оралған.
    - Сен қайдансың? – деп сұрады, ол айтты:
    - Мен де, досым, Көк мұхиттан жаралғам!
    Ғаламат па? Болмаңыздар шүбәлы,
    Бозғылт тұман, мама бұлттар шұбады.
    Ішкен шайың, қырау мен шық, әр тамшы,
    Барлығы да мұхиттан боп шығады!
    Ендеше балалар, жер ғаламшарындағы барлық судың атасы, адамзатқа әлі түсініксіз болып жатқан өзгеше әлем дүниесі – мұхиттар әлеміне арналған сабағымызды бастайық.

    - Мұхит деп нені айтады? Мұхит деп жер бетінің 3\4 бөлігін алып жатқан орасан зор суды айтамыз, егер глобусты шыр айналдырып қарасақ көгілдір түстің басым екенін көреміз. Ол дүниежүзілік мұхит деп аталады, оның үлесіне бүкіл жер бетінің 361млн. шқ. тиеді. Дүниежүзілік мұхит бір - біріне жалғасып жатқан жеке - жеке төрт мұхиттан тұрады. Дүниежүзілік мұхиттың кез – келген нүктесінен келесі нүктесіне құрлыққа аяқ баспай жетуге болады.
    - Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлықты материктер немесе континенттер деп атайды. Дүние жүзінде алты материк бар.
    (оқушылар материктерді атайды)

Мұхиттардың атауы.- 1520 – 1521 ж. ж. Ф. Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде алғаш рет Тынық мұхитын жүзіп өткен, сол сапарында ешқандай дауылға, цунами толқындарына ұшырамағандықтан, оған «Тынық мұхит» деп ат қойған. Шын мәнінде ең тынышсыз, дауыл жиі болып тұратын мұхит.
- Ежелгі еуропалықтар өздерінен батыста орасан зор құрлық бар деп есептеген, қиялдарынан шыққан бұл құрлықты Атлантида деп атаған және оны су астына батып кетті деп болжаған, ал Атлантида құрлығы батқан су айдыны Атлант мұхиты деген атқа ие болып қалған деген болжам бар.
- Ал Үнді мұхитының атауы португалдық теңізде жүзуші Васко да Гаманың тұңғыш рет осы мұхитты жүзіп өтіп Үндістанға баруымен байланысты.
- Солтүстік мұзды мұхитының аты айтылып тұрғандай солтүстікте орналасқандықтан және бетін мұз басып жататындықтан осылай аталған.


«Кім тез?» Алтын сандық тапсырмасымен жұмыс
- Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған бөлігі арал деп аталады. (картадан Гренландия, Мадагаскар, Исландия аралдарын табыңдар)
- Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды.(Пиреней, Үндістан, Апенин т. б.)
Тәжірибе алаңы.1 л суға 30-35 грамм тұз салып, дәмін тату.Осындай кермек дәм- теңіз суының дәміне ұқсас болып келеді.
Мұхит бөліктері.
«Шеберлігіңді шыңда» кезеңі.Мұхиттан келген хат.


Теңіздер- деп мұхиттың құрлықпен, аралдармен немесе су асты қыраттарымен азды көпті бөлініп жатқан бөліктерін атайды.
Шеткі, Ішкі
Баренц, Карск, Лаптевтер Жерорта, Қара, Азов, Балтық
т. б

Бұғаз - құрлықты екіге бөліп тұрған және көршілес екі су алабын жалғастыратын жіңішке су алабы.
(Дрейк, Магеллан, Гибралтар, Ла - Манш)

Шығанақ - Мұхиттың, теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі
(Калифорния, Мексика, Гудзон, Бенгаль)

ІV. Бекіту.
1. Картамен жұмыс. (кескін картаға мұхиттар мен материктердің аттарын жазу)
3. «Сандар сөйлейді» ойыны (Ұяшық таңдау арқылы сандардың мәнін ашу)
361 млн км2, 92 млн км2, 11022 м, 180 млн км2, 8742 м, 5527м, 75 млн км2, 7729 м, 14 млн км2
4. «Ең, ең, ең...» ойыны
Ең үлкен материк. Еуразия
Ең үлкен мұхит. Тынық
Ең терең шұңғыма. Мариан
Ең суық мұхит Солтүстік Мұзды мұхиты
Ең таяз мұхит Солтүстік Мұзды мұхиты
Ең жылы мұхит Үнді мұхиты
Ең терең мұхит Тынық мұхиты
Ең кіші мұхит Солтүстік Мұзды мұхиты
Ең ұзын мұхит Атлант мұхиты
Ең енді мұхит Тынық мұхиты
Ең кіші материк Австралия

V. Қорытынды.
Жаратылыстары адам қайран қаларлық таңғажайып тіршілік иелері мұхит астында өмір сүруде. Асқан ақылдылықпен, ғажайып шеберлікпен жаратылған бұл дүниені ғалымдар енді ғана ашқан мұхит суларының араласпау құпиясын біле отырып, әлемнің әлі ашылмаған жұмбақ сырлары, ғажайып құпияларының көптігін байқаймыз.

ҮІ.Бағалау:
VІІ. Үйге тапсырма
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері











































1- топқа. _Өсімдіктері мен жануарларына жарнама жасау






2 -топқа Тянь- Шань тауын Бүкіләлемге таныту мақсатында не істер едім...





Постермен жұмыс

1-топ «Өсімдіктері мен жануарлары,топырақтары»





Постермен жұмыс

2-топ «Қорықтары мен ұлттық саябақтары»
























Сабақ:14 Сыныбы 8ә Күні _


Тақырыбы: Қазақстан жазықтары, үстірттері мен қыраттары.



Білімділік: Қазақстанның жазықтары, үстірттері мен қыраттарының орналасуын картадан көрсетіп, географиялық орындарын анықтау.



Дамытушылық:Оқушылардың баяндай білу, есте сақтау,шығармашылық дағдыларын, картамен жұмыс істеу қабылеттерін дамыту.



Тәрбиелік:Өз елін, жерін сүюге оны қорғауға,іздемпаздыққа, мәдениеттілікке баулу. Ұжымдылыққа тәрбиелеу.


Көрнекті құралдар: Қазақстан физикалық картасы, атлас,кескін карта

Сабақ түрі; аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: топтық әдіс, ауызша сұрақ- жауап әдісі, көрнекіліктер, оқұлықпен, картамен, к/к жұмыс, әңгіме.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сәлемдесу

- сабаққа қызығушылығын оятып, назарларын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

І .Топпен жұмыс.

  1. Топ: Тұран ойпаты

2-Топ: Торғай үстірті

Кім жылдам?

  1. Қазақстанның қазіргі жер бедері қандай күштердің әсерінен қалыптасты?

  2. Жер сілкіну кестесі мен оның күшін қалай анықтайды?

  3. Біздің өлкеміз қандай сейсмикалық зонаға жатады?

  4. Жер бедерін өзгертетін сыртқы күштерді ата.

  5. Ішкі күштер – дегеніміз не?

  6. Тектоникалық қозғалыстар дегеніміз не?

  7. 1964 жылы үш сейсмолог ғалым есімдерінің бас әріптерінен құралған кесте қабылданды – олар кімдер?

  8. Сыртқы күштер- дегеніміз не?

  9. 1887 жылы маусымда ,қай қалада Жер сілкіну қанша балдық күшпен болды.

  10. Медеу шатқалында сел тасқыны – қашан болды?

  11. 1921 жылы шілде айында болған сел тасқыны кезінде су астында қалған қала?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жер шарындағы жер бедерінің барлық пішінін Қазақстан жерінен кездестіруге болады. Республика аумағының ұзақ уақыт геологиялық тарихи дамуы нәтижесінде қазіргі жер бедерінің пішіндері пайда болды.


«Ой қозғау?»

  1. топ тапсырмасы. Қазақстан жерінде қандай ірі жазықтар бар?

  2. топ тапсырмасы . Қазақстан аумағында қандай үстірттер мен қыраттар бар?


«Тапқыр болсаң тауып көр?».

Ү. Кескін картамен жұмыс



  1. топқа. Батыс Сібір жазығының Жер бедерін түсір

  2. топқа. Тұран жазығының жер бедерін түсір


«Кім ұтқыр?»

ҮІ-шығармашылық жұмыс

1- топқа. Өзіміз оқыған бір жазыққа жарнама жасау

2 -топқа Егер мен Алматы облысының әкімі болсам, экологияны жақсарту үшін не істер едім...



1. Жазықтар

Қазақстан жерінің үштен бірін Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі, Тұран ойпаты мен Каспий маңы ойпаты алып жатыр.

Батыс Сібір жазығының оңтүстік аймағы республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында Орал тауларынан Алтайға дейін созылған ұзынша өңірді қамтиды. Бұл жазықтың жер бедері біріңғай тегіс. Қай жерлерінде ғана солтүстік-шығыс бағытта 2-8 км-ге созылған 5-15 м аласа жалдар мен жондар бар. Батыс Сібір жазығы Ертіс маңы және Есіл-Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді.

Тұран ойпаты Орта Азияның солтүстік- батысты және Қазақстанның оңтүстік-батысындағы едәуір жерді алып жатқан ойпаң өңір. Сырдария өзені Тұран ойпатын Қазақстан жерінде екі бөлікке – солтүстікке және оңтүстікке бөледі.Оңтүстігін Қызылқұм,солтүстігін Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары алып жатыр.

Каспий маңы ойпаты солтүстігінде Жалпы Сырт қыраты, шығысында Орал алды үстірігі, оңтүстігінде Каспий теңізінің аралыңында жатыр.Каспий теңізі жағасындағы ойпат теңіз денгейінен 27 м төменде жатыр. Теңізден қашықтаған сайын, оның биіктігі бірте-бірте көтеріліп, 100 м-ге дейіг брады.каспий маңы ойпатында күмбез тәрізді қыраттарда кездеседі.Олрдың кебіреулерінің биіктігі 100 м- ге көтеріліп, тегіс жазықтардың арасынан құм төбелер көрінеді.Ойпаттың оңтүстік бөлігінде биіктігі 10-45м, ұзындығы 25 км, ені 200-300м, ара қашықтығы 1-2 км шамасындағы бэр төбешіктері кеңінен таралған.

2. Үстірттер мен қыраттар

Қазақстан жер бедерінің биігірек үлкен бөлігін қыраттар алып жатыр. Олар Үстірт, Торғай, орал алды үстірттері, Жалпы Сырт қыраттарының бір бөлігі, Бетпақдала және Балқаш маңындағы жазықтар.

Үстірт солтүстік және солтүстік-батысында Каспий маңы ойпатымен, батысында маңқыстау жазығымен шектеседі.Үстірт –теңіз деңгейінен биіктігі 200м-ге жуық биіктік үстіндегі жазық.Қазақстан жеріндегі ең биік тұсы – Мұзбел жоны, биктігі 340м.Үстірт салыстырмалы биіктігі 150м-ге дейін жететін тік жарлармен шектеледі.

Торғай үстірті шығыстағы Сарыарқа ,батыстыстағы Мұғалжар және Оңтүстік Оралдың аралығында жатыр.Үстірттің орталығында солтүстіктен, оңтүсткке созылып жатқан ойыс – Торғай қолаты бар, оны Торғай бұғазы немесе Торғай қақпасы деп те атайды.

Орал алды (Жем) үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында жатыр. Үстірттің абсолюттік орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Ол солтүстік –шығысында 400-500 м-ге биіктейді де, оңтүсткке қарай аласарып, төбелі-жонды жазыққа ұласып кетеді.

Жалпы Сырт – Орал тауы мен Еділ өзені аралығында үлкен қырат. Қазақстанға оның қиыр оңтүстк шағын бөлігі кіреді.

Бетпақдала үстірті шығысында Балқаш көлі, батысында Сарысу және оңтүстігінде Шу өзені, солтүстігінде Сарыарқа аралығында жатқан аймақ.Жер бедерінің абсолюттік биктігі 300-350 м.Сарыарқаға ұласатын солтүстік –шығысы бөлігі биіктеу (400-700м) келеді.Оңтүстік-батысы құмтас,саз, малтатастан түзілген жазық (биіктігі 200-300м) және аласа бөлігі ежелгі теңіздік және континенттік шөгінділерден түзілген.

Балқаш маңы жазығы- Балқаш көлінің оңтүстік жағасында, оңтүстік –шығысында Жетісу Алатауы, оңтүстігінде Іле Алатауы мен батысында Шу –Іле тауларының аралығында жатқан аймақ.Жазықтың құрылысына тән өзіндік ерекшелігі – жекеленген таулы қыраттармен көмкерілген. Балқаш маңы жазығында көптеген құрғақ арналар кесіп өтетін құмды шөл Тауқұм, Сарыесік Атырау құмы және Бақанас тақырлы, сазды-құмды жазығы созылып жатыр. Балқаш маңы жазығында қырқалар мен бекіген құмды жалдар басым, төбелі құмдар мен сазды-құмды жерлер кәдімгі шағылдармен алмасып отырады.



ІV. Бекіту

К/К Қазақстанның ойпаттары мен қыраттарын түсіріңдер

V. Қорытынды «Сұлулықты сақтау, көркемділікті қорғау- өмір сүрудің сара жолы»-деген нақыл сөзбен сабақты қорытындылау.


  • Бағалау

Үй тапсырмасы Қазақстан жазықтары














































Сабақ: 16 Сыныбы: 8 Күні ___________

Тақырыбы: Биік таулы өлкелер

Білімділік:Қазақстанның биік таулы өлкелерімен таныстырып, картадан көрсетіп, географиялық орындарын анықтау,сипаттама беру

Дамытушылық:Ойлау белсенділігін,картамен жұмыс істеу қабылеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Іздемпаздыққа,шығармашылыққа, мәдениеттілікке баулу. ұжымдылыққа тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.


Көрнекті құралдар: Қазақстан физикалық картасы, атлас, э/о 8сынып, к/к

Сабақ түрі; аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, оқұлықпен, картамен, к/к жұмыс, әңгіме.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сәлемдесу

- сабаққа қызығушылығын оятып, назарларын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Аласа тауларға қандай таулар жатады?

  2. Картадан Қазақстанның аласа таулы өлкелердің географиялық орнын көрсету

  3. Олардың қазіргі жер бедері пішіндерін қалай түсіндіруге болады?

  4. Сарыарқаға сипаттама беру

  5. «Ой қозғау?» Ақсораң,Қарқаралы,Шыңғыстау,Ұлытау, Үлкен Боқтыбай, Қаратау,Ақтау қай жерлерде орналасқан?

  6. «Сандар сөйлейді»? 556м,657м, 1565м,1403м,1305м,450км,117км,70км

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Кім жылдам?» Қазақстанның ең биік нүктесі

Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Бұл таулардың барлығы палеозой қатпарларында көтеріліп, мезозой эрасында тегістелген. Жаңа тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде қайта жаңғырған. Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы жер бедерінің биік әрі күшті тілімденгендігімен ерекшеленеді.

Алтай. Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. Қазақстан жеріне Алтай тау жүйесінің оңтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Оны Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады.

Оңтүстік Алтай Солтүстігінде Бұқтырма өзені, оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр. Ресеймен мемлекеттік шекарада Алтайдың ең биік Қатын жотасы орналасқан. Оның биік шыңы Мұзтау. Осы жерден оңтүстік-батысқа қарай оңтүстік Алтайдың басты тау жоталары тарайды. Олардың биіктіктері шығыста 3500 м-ден батысқа қарай бірте-бірте 1200-2000 м-ге дейін аласарады. Шығыстағы биік бөлігінің төбелерін қар мен мұздықтар басқан үшкір шыңды болып келеді.

Батыс немесе Кенді Алтай Қазақстан жеріне Алтайдың батыс сілемдері кіреді. Олардың бастылары: Листвяга, Холзун, Көксу және олардың тармақталған Үбі, Иванов, Үлбі жоталары. Батыс Алтайдың шығыс бөлігі қатты тілімделген және шыңдарын мәңгі қар мен мұздықтар жауып жатқан биік таулы болып келеді. Батыс Алтайдан көптеген пайдалы қазбалар табылған. Сондықтан да Батыс Алтайды Кенді Алтай деп атайды.

Қалба жотасы – Алтай тауларының Ертіс өзенінен батысқа қарай 400 км-ге созылған жалғасы болып есептеледі. Ең биік жері Сарышоқы шыңы (1606 м). Батысында жота бірте-бірте аласарып, Сарыарқаға ұласып кетеді


Сауыр-Тарбағатай іргелес жатқан жоталармен бірге біртұтас тау жүйесін құрайды. Ол Сарыарқаныңшығыстағы жалғасы болыпя саналады.Сауыр-Тарбағатайдың солтүстігінде Жайсан қазаншұңқыры, ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры жатыр.

Сауыр жотасының ең биік жері Мұзтаушыңы (3816 м). Қазақстан жеріне Сауырдың тек батыс бөлігінің солтүсік беткейі кіреді. Төбелерінде мұздықтары бар.

Жетісу таулы өлкесі. Оған Қазақстан жерінде Жетісу Алатауының солтүстік, оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Бұл тау жүйесі солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен Оңтүстігінде Іле өзені аңғарымен шектелген. Солтүстік –шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр.

Қытай мен Қазақстан шекарасында, Жетісу Алатауы мен Барлық жотасының аралығында Жетісу қақпасы деп аталатын тау аралық ойыс бар. Жетісу Алатауының бас тау жүйесінің биіктіктері 5000 м-ге жуық қатар жатқан Солтүстік және Оңтүстік жотаға бөленеді. Ең биік жері солтүстікте Бесбақан шыңы (4622м) оңтүстікте Тышқантау (4359 м).

Тянь-Шань таулы өлкесі.Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік –шығысын алып жатыр. Республика жеріне Орталық Тянь-Шань мен Батыс Тянь-Шаньның бір бөлігі, Солтүстік Тянь-Шань түгел дерлік кіреді.

Орталық Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларының түйіскен жерінен басталады. Осы жерде Қазақстанның ең биік нүктесі Хантаңірі (6995м) орналасқан.

Солтүстік Тянь-Шаньға Ұзынқара (Кетпен) жотасы, Күнгей Алтау,Іле алатауы және Шу-Іле тулары (Желтау, Айтау),Қырғыз Алатауы жатады.

Ұзынқара (кетпен) жотасын Орталық Тянь-Шаньнан (2300 м-ге дейін) Кенген тау аралық ойысы бөліп жатыр.Ең биік жері Небесная тауы 3652 м.

Қазақстанға Күнгей Алатауының шығыс бөлігінің солтүстік беткей жатады.Бұл Тянь-Шаньның ең биік жоталарының бірі (Иманбұлақ шыңы 4647м).

Іле Алатауы- Тянь-Шаньның солтүстігінде ең биік жотасы. Ең биік нүктесі – Талғар шыңы (4973м).

Шу-Іле таулары Іле Алатауынан солтүстік – батысқа қарай орналасқан.Биік нүктесі 1506м.

Солтүстік батысқа қарай орналасқан Хантау (1052м), Жамбыл (972м) аласа таулары қырқалы – жалды болып келеді.

Қырғыз Алатауы Күнгей және Іле Алатауларының батысында жатыр.Ол бұл таулардан шу өзені ағып өтетін Буам шатқалы арқылы бөлінеді.

Батыс Тянь – Шань Қазақстан жерінде Талас Алатауынан басталып, одан оңтүстік – батысқа қарай созылып жатқан жоталарға ұласады.

Қазақстан аумағына түгелдей кіретін Қаратау 2176м- Тянь –Шаньның қатты өзгеріске ұшырған бұзылған ең шеткі солтүстік- батыс жотасы.

«Тапқыр болсаң тауып көр?» Кескін картамен жұмыс

«Жұмбақ ат ойыны» Көтеріп орман, тоғай,тастың бәрін,
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым (Тау)
Жазда жайнайды,


Күзде жайрайды,(Жапырақ)


ІV. Бекіту


Таулы өлке

Оған кіретін тау жоталары

Ең биік нүктесі





V. Қорытынды Еліміздің, жеріміздің табиғатын аялайық,

Бір-бірімізге мейірімді болайық!

  • Бағалау

  • Үй тапсырмасы Биік таулы өлкелер






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тянь- Шань тауының өсімдіктері мен жануарлары.

Автор: КасеноваГульхан Кайбылдаевна

Дата: 10.12.2016

Номер свидетельства: 367881

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) ""Тау ?сімдіктері мен жануарлары" 4-сынып д?ниетану"
    ["seo_title"] => string(46) "tauosimdiktierimienzhanuarlary4synypduniietanu"
    ["file_id"] => string(6) "270920"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451312717"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Інк?рбек  Ж?ма??лов атында?ы  орта  мектебі"
    ["seo_title"] => string(39) "inkrbiekzhumagulovatyndagyortamiektiebi"
    ["file_id"] => string(6) "315736"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459947266"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) ""Алтай тауы" "
    ["seo_title"] => string(10) "altai-tauy"
    ["file_id"] => string(6) "142061"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418221580"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Жетісу Алатауы "
    ["seo_title"] => string(16) "zhietisu-alatauy"
    ["file_id"] => string(6) "241529"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445265135"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Сауыр Тарба?атай"
    ["seo_title"] => string(17) "sauyr-tarbag-atai"
    ["file_id"] => string(6) "321985"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1461486732"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства