Өткен сабақты еске түсіру үшін блиц-турнир -Экожүйелер дегеніміз не? -Экожүйе түрлерін ата -Экологиялық факторлар дегеніміз не? -Табиғи және жасанды экожүйелерді ата -Біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды ата Мадақтау: «Үш шапалақ» әдісі Жаңа тақырыпқа келу: «Қалай ойлайсыңдар, экологиялық мәселе дегеніміз не? Жауаптарыңды дәлелдер келтіре отырып жауап беріңдер» Оқушылар әртүрлі жауап береді. Тапсырма 1. Барлық оқушыларға Оқушыларға жеке талқылауға жеті жаһандық экологиялық мәселелерді ұсынамыз. -Жаһандық жылыну -Орманды кесу -Жерлердің шөлейттенулері -Тұрмыс қалдықтары -Атмосфераның ластануы -Ауыз су сапасы -Тірі ағзалардың түрлерінің азаюы (биоалуантүрлілік) Әр оқушыға бір жаһандық мәселені қарастыру тапсырылады. Мадақтау: «Күлегеш» әдісі (смайлик) Мұғалім: Ия Жаһандық экологиялық мәселелердің пайда болуы туралы әртүрлі пікірлер болған, енді оқушылар мына бейнебаянға назар аударайық. Оқушыларға бейнефильм көру ұсынылады. Бейнефильмді тамашалау барысында жаһандық экологиялық мәселелердің себептерін анықтауы қажет. (Бейнефильмді жаһандық мәселелердің фотосуреттері бар слайдтармен алмастыруға болады) Топқа бөлу Суреттер арқылы Қазақстанның экологиялық мәселелерін ата: | Арал (судың тартылуы, шөлдену, тұздану) | | Семей (ядролық сынақ, т.б.) | | Атмосфера (ауаның ластануы, озон қабатының тесілуі, т.б.) | Суреттер көмегімен сыныпты топтарға бөлеміз: Тапсырма 2. Топтық жұмыс («Фишбоун» - «балық қаңқасы» әдісі арқылы) «Fish»-балық, «Bone»-сүйек. Себепті-тергеу диаграммасы. Балықтың басы – мәселе, жоғарғы сүйектері – себебі, төменгі сүйектері – факті, шығу жолдары, құйрығы – қорытынды. Оқушылардан Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін өзектілігіне байланысты жоғарыдан төмен қарай орналастыруларын және себептерін аргументтеуді сұрау. Оқушыларға мәселелердің келесі тізімі ұсынылады: І-топ: -Атмосфераның ластануы; -Тұрмыс қалдықтары; -Судың ластануы; ІІ-топ: -Жердің шөлейттенуі; -Ауызсу тапшылығы; -Климаттың өзгеруі; ІІІ-топ: -Ормандардың азаюы; -Жабайы жануарлардың жойылуы; -Сирек кездесетін және эндемик өсімдіктердің жойылуы. Бағалау критерийлері: Экологиялық мәселелерді біледі Дескрипторлар: Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін анықтай және атай алады Тапсырма 3. Жұптық жұмыс Оқушылар арнайы ақпарат көздерінің Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері жайлы статьясын талдайды. Экологиялық мәселе, себебі және шешу жолдарын ұсынытын ой-пікірлерін айтады. Статья мазмұнымен жұмыс жасау барысында асқан жауапкершілікті, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді. Бағалау критерийлері: Экологиялық мәселелерді сипаттай алады. Экологиялық мәселелер туралы өз ойларын айтады Дескрипторлар: Қазқстан Республикасының экологиялық мәселелерін сипаттай алады. Қазқстан Республикасының экологиялық мәселелері туралы өз ойларын айта алады. Тапсырма 3. Жеке жұмыс Экологиялық мәселелерді атаңыз және себеп-салдарын негіздеңіз. Осы кесте арқылы оқушылар мәселені ашып көрсетуі керек. Суреттер | Экологиялық мәселе | Себебі | Салдары | | | | | | | | | | | | | | | | | Кестенің көмегімен экологиялық мәселелердің себеп-салдарын түсіндіреді. Бағалау критерийі: Экологиялық мәселелерді біледі Дескриптор: Экологиялық мәселенің себеп-салдарын анықтайды Мадақтау: «Күлегеш» әдісі (смайлик) «Допты лақтыр» әдісі арқылы сабақты бекіту Оқушылар шеңбер болып отырады. Бір оқушы сұрақ беріп, келесі оқушыға лақтырады. Допты алған оқушы сұраққа жауап беріп, келесі адамға сұрақ қоя лақтырады. Жауап бере алмаған оқушы допты келесіге жалғастырып жібереді Допты бір-біріне лақтырғанда бір жаһандық мәселені айтады, допты ұстаған оқушы оның елімізде кездесуін баяндайды. Осылай ары қарай жалғасып кете береді. |