kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңы. Қазақстанның "Қызыл кітабы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті екенін түсіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңы. Қазақстанның "Қызыл кітабы"»

Сынып: 8 «А,Ә,Б».

Күні: 13.05.2017

Сабақтың тақырыбы: §56. «Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңы.Қазақстанның «Қызыл кітабы».

Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті екенін түсіндіру.

1.     Білімділік:  Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны көзінің қарашығындай сақтау жайындағы халық дәстүрімен таныстыру, тақырыптың негізгі идеясын ашу, сөздік қорын молайту.

2.     Дамытушылық: Оқушылардың  танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын, білімге белсенділіктерін арттыру, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.     Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу, экологиялық мәселені көтеру, табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ / білім, білік, дағдыны  қолдану сабағы \.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық,Қазақстанның физикалық картасы,кескін карта,атлас.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен амандасу;

-Түгендеу;

-Оқушылар назарын сабаққа аудару;

- Сабақтың тақырыбымен таныстыру, жұмысқа белсендіру. 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Экологиялық проблемалар нешеге бөлінеді?

2.Арал теңізінің экологиялық проблемасы?

3.Каспий теңізінің экологиялық проблемасы?

III. Жаңа сабақ:

  Балалар, табиғат біздің  қоршаған ортамыз, байлықтың көзі. Бізідің еліміздің табиғаты бай екенін, сол табиғатты қорғау екенін білеміз.  бүгінгі сабағымыз осы табиғатта құрып бара жатқан аңдар, құстар, өсімдіктер жайында болмақ.

Табиғатты қорғау. Адамдардың шаруашылық қызметінің әсерінен табиғи қорларды пайдалануда экологиялық жағдай нашарлады: Арал теңізі өңірі, Семей полигоны, Балқаш көлі, Каспий теңізі, Байқоңыр және тағы басқа жерлер. Осы жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1996 жылы 30 сәуірде «Қазақстан Республикасының экологиялық тұжырымдамасын» бекітті. Бұл тұжырымдама бойынша Қазақстан табиғатты қорғау проблемаларын дүние жүзіндегі ынтымағы бір елдермен бірлесе, ақылдаса отырып шешпекші. ҚР Конституциясының  38- бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті»,  6-бабында: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай–ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін».

  Біздің елде «Қызыл кітап»  1978 жылы ұйымдастырылғын. Мұнда аңның  21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың   8 түрі көрсетілген. Оларды сақтап қана қоймай, санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген  жануарлар мен өсімдіктердің түрлері елде «Қызыл кітаптан» алынған.                                     Еліміздегі табиғатты қорғаудың ең басты саласы – мемлекеттік қорықтар. Қорық деп – барлық табиғи байлықтары кешенді түрде қатаң қорғалатын, арнайы белгіленген аумақты айтады. Қазіргі дүние жүзінде 2600 – ге жуық қорықтар бар. Қазақстан жерінде  9 мемлекеттік қорық ұйымдастырылған. Олар: Ақсу-Жабағылы,Алматы, Барсакелмес, Наурызым, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Батыс-Алтай, Алакөл.                                                            

Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғауымыз қажет, сондықтан да табиғатты қастерлеп, оған сүйіспеншілкпен қарап, қамқорлық жасау қажет. Соған байланысты біздің елімізде ,,Халықаралық табиғат қорғау қоғамы,, құрылды. Оның басты мақсаты- саны сиреп бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты ,,Қызыл кітап,, деп атайды. Оның қызыл және сары беттері болады. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң, құстар, өсімдіктер жазылады. Кітап 1974 жылы шықты.

ІҮ.Бекіту:

1-сұрақ: Қазақстандағы батыс бөлігі тұщы, ал шығысындағы бөлігі тұзды көл қалай аталады? (Балқаш) 

2- сұрақ: Қостанай облысындағы реликтілі қарағай тоғайлары қорғауға алынған қай қорық? (Наурызым)

3- сұрақ: Адамның парықсыз әрекеті салдарынан көп жапа шеккен көлді ата? (Арал)

4- сұрақ: Реликтілі ускуч майқап балығы мекендейтін, оны сақтап қалу үшін әдейілеп қорық жасалған көл қалай аталады? (Марқакөл)

5- сұрақ: Қазақстанның ең байырғы қорығы  қалай аталады? (Ақсу-Жабағылы)

6- сұрақ: Гербінде алма бейнеленген қай қала? (Алматы)                                               

Y. Сабақты қорытындылау:

-         Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

-         Табиғатты қалай қорғау керек ?

-         Ол үшін не істеу керек ?  / сұрақтарға жауап алу/

YI. Оқушыларды бағалау.

Бүгінгі сабаққа белсене араласқан оқушыларды журналға және күнделіктеріне бағалау.

ҮІІ.  Үйге тапсырма:  

1. §56. «Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңы .Қазақстанның «Қызыл кітабы».

2. «Табиғатты қорғау үшін менің қолымнан не келеді ?  шағын әңгіме /































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңы. Қазақстанның "Қызыл кітабы"

Автор: Акатай Раушан Еркиновна

Дата: 12.05.2017

Номер свидетельства: 414760

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Тұған өлкем - табиғатың қандай көркем"
    ["seo_title"] => string(41) "tu_g_an_olkiem_tabig_atyn_k_andai_korkiem"
    ["file_id"] => string(6) "397449"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488533240"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "?аза? жері байлы? мекені"
    ["seo_title"] => string(29) "k-azak-zhieri-bailyk-miekieni"
    ["file_id"] => string(6) "290892"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455031433"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "«Конституция – елімізді? ата за?ы» "
    ["seo_title"] => string(34) "konstitutsiia-ielimizdin-ata-zan-y"
    ["file_id"] => string(6) "218516"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1433827837"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Сені? ?мірі? туралы за? "
    ["seo_title"] => string(24) "sienin-omirin-turaly-zan"
    ["file_id"] => string(6) "135018"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1416843959"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Таза болса табиғат-аман болар адамзат"
    ["seo_title"] => string(39) "taza_bolsa_tabigat_aman_bolar_adamzat_1"
    ["file_id"] => string(6) "556118"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1597942437"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства