Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал тудыру: Шаттық шеңберінде тұрып алақандарыңызды бір-біріне ысқылаңдар.(не байқадыңыз?)(Жылу)Енді осы жылылықты бір-бірімізге берейік Үй тапсырмасын тексеру:Тест жұмысын орындау.Plikers сайты Тест жауабы бойынша оқушыларды гүлдермен бағалау Суреттер бойынша оқушыларды топқа бөлу. Жаңа сабаққа көшу. Болжау әдісі:Сыныппен жұмыс. Суреттер көрсетіледі. 1.Машина жүріп бара жатыр.2.Ұшақ ұшып бара жатыр.(механикалық энергия)3.Жанып тұрған аспалы шам.4.Үй жылытқыш (жылу энергиясы) ЭКСПО суретін көрсету(ЭКСПО тақырыбы, қашан қай жерде өткізілді?(2017ж 10 маусым-10 қыркүйек, Астана қаласы. «Болашақтың энергиясы».) III.Жаңа сабақ. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Энергия түрлері мен көздері.»Оқу мақсаты «Энергия алудың баламалы көздерін ұсыну». БілімЛанд Бейнеролик қарау.(Жел, күн,су дан баламалы энергия алу туралы) 1 тапсырма «Топтастыру» Берілген энергия түрлерін топтастырып, ортақ қасиеттерін және айырмашылығын жазу.(карточкалар үлестіру) Дескриптор: 1.Энергия түрлерін топтастырады 2.Айырмашылығын жазады 3.Ортақ қасиетін жазады. Бағалау:Смайликтер арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.(Бірін-бірі бағалау) Күн,жел,су,тас көмір, мұнай, газ. (Баламалы энергия көздері және табиғи отын) Баламалы энергия көздері | Ортақ қасиеттері | Табиғи отын | 1.Су, жел, күн | Энергия, жарық, жылу береді | 1.Мұнай, газ, тас көмір | 2.Сарқылмайды | 2.Сарқылады | 3.Қымбат | 3.Арзан | 4.Таза | 4.Лас | 2.Тапсырма «Күн, Жел, Судан энергия өндіру технологиясын сипаттау» (Постер қорғау) Дескриптор:1.Мақсатын айтады. 2.Энергия алудың негізгі ерекшеліктерін сипаттайды. Бағалау: Екі жұлдыз ,бір ұсыныс (Топты бағалау) I топ: Күн энергиясы .Жердегі табиғи балама энергияның негізгі көзі-Күн.Ол таусылмайтын энергия қоры.Жердегі барлық тіршілік иелері күннен энергия алады.Күннің 1сағатта бөлетін сарқылмайтын экологиялық таза энергиясы жер тұрғындарының 1 жыл ішіндегі пайдаланған энергиясымен пара пар келеді.Күн энергиясын жинау және оны түрлендіру оңай шаруа емес. Күн жарығының кремний сияқты материалдарға түсуі электрондардың бөлінуіне әсер етіп, тұрақты ток түзеді. Бұл әдіс –фотоволтайка деп аталады. Осыны пайдаланып фотоэлектрлік станциялар салынды.Бірақ біз күн сәулесінің түсуін болжай алмаймыз және күн энергиясын сақтау тиімсіз, өте қымбат болғандықтан бұл әдіс пайдасыз болып шықты. Күннің жылыту панельдері әр қилы жұмыс жасайды. Күн сәулесі шыны панельдің ішіндегі суды қыздырады.Олар ұзақ мерзімге жарамды. Әр ғимаратқа бөлек орнатуға болады. Бірақ күн сәулесін түрлендіру, батерияларда сақтау тиімсіз, сондықтан болашақта күн сәулесі келешекте негізгі қуат көзі болсын десек, тиімді жинау технологияларын жетілдіру қажет. II топ: Cу энергиясы Судың қозғалысынан болатын су энергиясы ежелгі энергия көзі. Бұл жаңартылған энергия көздерінің қалдық шығармайтын, әрі ауаны ластамайтын ең көп қолданылатын энергия көзі.Су энергиясының негізгі үш көзі бар.Олар: Бөгеттер, толысу энергиясы, толқын энергиясы. Бөгеттер суды жинап, содан кейін қысымның көмегімен генераторға жалғанған турбиналарға жеткізеді.Бөгеттер құрғақ аудандарға су жеткізумен қатар, тоқтаусыз топан су қаупін азайтатын су қоймаларын жасайды.Дегенмен тіршілік ортаны, экожүйені бұзып қоршаған ортаға зиян келтіреді.Төменгі су жолдары кеуіп, ондағы көбею үшін қоныс аударатын балықтарға көбеюге кері әсерін тигізеді. Толысу энергиясын алу жел турбиналары сияқты үлкен су асты турбиналарын орнатады.Мұхит суының толысу және қайту кезіндегі кинетикалық энергиясын ұстап, электр энергиясын алады.Турбиналар экожүйеге кері әсер тигізеді және орнату қымбат. Толқын энергиясын алу.Жартылай батқан цилиндірлік құрал теңіздегі көтерілген және төмендеген толқынның кинетикалық энергиясын жинап, жоғары төмен қозғалып отырады.Қондыру, іске қосу қымбат болғанымен, пайдалану кезінде шығын аз болады. III топ: Жел энергиясы Жел энергиясыАдамзат жел энергиясын ғасырлар бойы қолданып келді.Кемелер қозғалу үшін желкендер орнатқан.Дәстүрлі жел дирмендерімен суды айдау мен астықты майдалау үшін қолданылды. Жел турбиналары қалдық шығармай, потенциалды сарқылмас қор жинап, жел энергиясын электр энергиясына айналдырады.Жел энергиясын өндіретін қондырғылар қалақша,редуктор, генератор және турбиналардан тұрады.Қалақша-желдің қозғалыс энергиясы арқылы айналады.Редуктор-қалақшаның жылдамдығын көбейтеді.Бұл қозғалыс жеткілікті жылдамдық алғанда электр генераторын іске қосады.Генератор-электр энергиясын өндіретін қозғалтқыш білік.Турбиналар қалақшалары ұзын болса, соғырлым электр энергиясы көп өндіріледі. Сергіту сәті. (Күн, жел, су) 3.Тапсырма.Баламалы энергия көздерінің артықшылығы мен кемшіліктерін сипаттау. Дескриптор: Әрбір энергия түрлерінің артықшылығын айтады. Әрбір энергия түрлерінің кемшілігін айтады. Бағалау:Бағдаршам әдісі (Өзін-өзі бағалау) Күн энергиясы Артықшылығы | Кемшілігі: | 1.Күн энергиясы бәріне бірдей қолжетімді. 2. Ол сарқылмайды. 3. Қоршаған ортаға зияны жоқ | 1.Ауа райы мен тәуліктің уақытына тәуелді. 2.Күн энергиясн алу үшін қолданылатын қондырғылардың қымбат болуы. | Су энергиясы Артықшылығы | Кемшілігі: | 1.Сенімді энергия көзі. 2.Кез келген уақытта энергия қуаты 30-80%. 3. Сумен қамтамасыз етіп, су тасқынын бөгейді. | 1.Су энергиясын өндіретін құрылғыларды орнату қымбат. 2.Қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. | Жел энергиясы Артықшылығы | Кемшілігі: | 1.Шикізатты сатып алу-тасымалдаудың, қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ. 2.Ластаушы қалдықтар жоқ. 3. Табиғи ресурстар үнемделеді. 4.Табиғаттың оттек қорын сақтайды. | 1.Үлкен аумақты қажет етеді. 2.Пайда болатын шу адамның және жануарлар әлемінің денсаулығына кері әсерін тигізеді. 3.Энергияның берілуі бір қалыпты емес. 4.Орнату қымбат. | Сонымен оқушылар біздің бүгінгі оқу мақсатымыз:Баламалы энергия көздерін ұсыну болды. Сабақ бойынша рефлексия: 1.Бүгін мен ...... білдім. 2.Маған .......... қызық болды. 3.Маған ...........қиын болды. 4. Мен .............. түсіндім. Кері байланыс: Суреттер. КҮН-өте жақсы ЖЕЛ- жақсы СУ-орташа Үйге тапсырма:Баламалы энергия көздері тақырыбына эссе жазу |