Сабақтың тақырыбы: §4.8. Кинетикалық энергия
Жалпы мақсаттар: Энергия түрлерімен танысады, кинетикалық энергияны талдап, талқылап танысады және түсінеді. Кинетикалық энергия мен жұмыс
арасындағы байланысты біледі. Оның физикалық қасиеттері мен формулаларын, өлшем бірліктерін анықтайды.
Оқыту нәтижесі: а)энергия ұғымын түсінді,
б) энергия көздері мен танысты,
в) энергия түрлерін білді,
г) жұмыс пен энергия арасындағы байланысты ұқты,
д) энергиялардың деңгейін білді, формуласын анықтады,
е) кинетикалық энергияны өмірмен байланыстыра білді.
Оқыту әдістері: Диалог, топқа бөлу,шаттық шеңбері, «біреуі үйде, үшеуі қонақта», трек сызбасы, ДЖИГСО,
топтық жұмыс.практикалық жұмыс.
Түйінді идеялар: Бағдарламаның модульдерін тиімді пайдалана отырып, нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел –уәждерін нанымды
жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда
құзырлылық танытатын оқушыны қалыптастыру.