kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бала тәрбиесі-ортақ міндет"

Нажмите, чтобы узнать подробности

21.05.2022ж                                                                                                                     8 «Г» сынып                                            

                                             Тақырыбы: Бала тәрбиесі-ортақ міндет


Мақсаты: 1. Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

    2. Оқушылардың  есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

    3. Оқушылар мен ата-аналарды  ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға бағыттау.

Күтілетін нәтиже:
1. Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
2. Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
3. Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: отбасы туралы, нақыл сөздер, слайд.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу.

Шаттық шеңбері

 Психолог: Құрметті ата-аналар біз неге шеңберге тұрып, тренингмізді бастадық?

 Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.

Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» - әріпіне ұқсайды. Ендеше «О» - әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)

ІІ. Мұғалім сөзі:     Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
            Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі  мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Ендеше бүгінгі тренинг сабағымызды ”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздермен ашсақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бала тәрбиесі-ортақ міндет"»

21.05.2022ж 8 «Г» сынып

Тақырыбы: Бала тәрбиесі-ортақ міндет


Мақсаты: 1. Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

    2. Оқушылардың  есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

    3. Оқушылар мен ата-аналарды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға бағыттау.

Күтілетін нәтиже:
1. Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
2. Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
3. Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап .

Көрнекі құралдар: отбасы туралы, нақыл сөздер, слайд.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу.

Шаттық шеңбері

 Психолог: Құрметті ата-аналар біз неге шеңберге тұрып, тренингмізді бастадық?

 Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.

Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» - әріпіне ұқсайды. Ендеше «О» - әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)

ІІ. Мұғалім сөзі: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Ендеше бүгінгі тренинг сабағымызды ”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздермен ашсақ.



Қызықты сұрақтар  / ата-ана жауап береді/:

1.     Балаңыздың туған күні?

2.     Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?

3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.     Балаңыздың сүйікті асы не?

5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.     Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7.     Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.     Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?

10.Балаңызға қазақ тілі пәнінен кім сабақ береді?


Оқушыларға сұрақтар:

  1. Ата-анаңыз мектепте қалай оқыған? /жақсы, өте жақсы, орташа/

  2. Ата-анаңыз қандай мамандық иесі болуды армандады?

  3. Ата-анаңыздың толық жасы нешеде?

  4. Анаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  5. Ата-анаңыз қандай телехабарларды көргенді жақсы көреді?

  6. Сізге ата-анаңыздың қай тұсы ұқсаған?

  7. Сенің әкеңнің әйелінің әкесі саған -?

  8. Әкеңіздің сүйікті асы?

  9. Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)

  10. Отбасылық міндетің?


Мектеп тобына:

1.Мектепке қандай көңіл күймен келесіз?

2.Сүйікті ұстазыңыз?

3.Ұнататын пәніңіз?

4.Ұнатпайтын пәніңіз?

5.Болашақ арманыңыз?

6.Үлгі тұтарыңыз?

7.Биыл мектепке неше жыл?

8.Директорымыздың толық аты жөні?

9.Мектепте қанша оқушы бар?

10.Мектебіміздің ерекше тұстары?


Бейне сюжет көрсетіледі (Ата-ана ,мектеп ,оқушы топтағылар өз ойларын білдіреді)



 Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды. Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті.  Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер.  Менің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.

 Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.

   Анам кіріп келіп:

- Неге жылап тұрсың? – деді.

- Білесіз бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар -дедім

- Демек, оны аз суарған шығар деді анам да.

Сұрақ: Ата - ана өз тарапынан кеткен қателіктерге не себепті тоқталды деп ойлайсыздар?

Отбасындағы татулық пен бірліктің сақталуы үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Қорытынды: Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.

Шығармашылық жұмыстар:

№1 Мектеп тобы: Эссе жазу -«Мектептегі бір күнім.....»

№2 Оқушы тобы: Постер қорғау- «Бақытты жанұя – бақытты ел»

№3 Ата- аналар тобы: Ситуациялық сұрақтар....


1.     Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

2.     Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», - деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылыма?

3.     Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

6.     Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

7.     Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

8.     Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?


Өмірде үш нәрсе…………..
Өмірде үш нәрсе ешқашан қайта оралмайды: уақыт, сөз, мүмкіндік.
Өмірде үш нәрсе ешқашан жоғалтпау керек: сабырлық, үміт, намыс.
Өмірде үш нәрсе құнды: махаббат, достық, сүйіспеншілік.
Өмірде үш нәрсе тұрақсыз: арман, сәттілік, байлық.
Өмірде үш нәрсе адамды құртады: шарап, өзімшілдік, ашу.
Өмірде үш нәрсе адамды сипаттайды: еңбек, шыншылдық, жетістік


«Тілек шамы» жаттығуы» (рефлексия)


Біз бүгін сіздермен отбасындағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы зор екенін білеміз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

«Ертең өсіп келеді, ертеңмен бірге адам өсіп келеді. Бізде қазір жаңа қоғам ғана жасалып жатқан жоқ, жаңа адам жасалып келеді», деген екен академик З.Қабдолов.Олай болса ертеңіміз нұрлы да жарқын болуы үшін мектеп, ата-ана болып бірлесе жұмыс жасайық.


Бүгінгі кездесуге келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!

Әке – білек, саусағы – балалары,

Қан тамырмен жалғасқан аралары,

Ана - тамыр бойымен бәріне де,

Тіршіліктің жылуы таралады, - дей келе, әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Бала тәрбиесі-ортақ міндет"

Автор: Баймурзина Гулден Кадирбаевна

Дата: 14.06.2022

Номер свидетельства: 609633

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Бала т?рбиесі-орта? міндет "
    ["seo_title"] => string(28) "bala-t-rbiiesi-ortak-mindiet"
    ["file_id"] => string(6) "209766"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431284219"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) ""Бала т?рбиесі - орта? міндет" ата-аналар?а арнал?ан ке?естер"
    ["seo_title"] => string(54) "balatrbiiesiortakmindietataanalargaarnalgankieniestier"
    ["file_id"] => string(6) "283406"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453824621"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Бала тәрбиесі-ортақ міндет"
    ["seo_title"] => string(28) "bala_t_rbiesi_ortak_mindet_1"
    ["file_id"] => string(6) "609671"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1655223650"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "«Бала тәрбиесі – жауапты іс»"
    ["seo_title"] => string(25) "bala_t_rbiesi_zhauapty_is"
    ["file_id"] => string(6) "579497"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1619584104"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Баяндама    "Бала т?рбиесіндегі ата-ана мен мектепті? ат?аратын р?лі" "
    ["seo_title"] => string(72) "baiandama-bala-t-rbiiesindieghi-ata-ana-mien-miektieptin-atk-aratyn-roli"
    ["file_id"] => string(6) "170799"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423586578"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства