kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бала т?рбиесі - орта? міндет" ата-аналар?а арнал?ан ке?естер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баланы? ?лемді ?з еркімен тану?а деген ???ы?ы бар! Бала?а ?з пікірін білдіруге м?мкіндік бері?із. Ата-ана тек ба?ыт ба?дар бере алады. Бала?а сіздер не ?аласа?ыздар соны жасау міндетті емес. ?з ойлары?ызды? д?рыс екендігін д?лелдеп, бала?а соны жасату?а тырыспа?ыздар. Жа?а орта?а, жа?а ?лемге бала ?зі бейімделеді. Ол оны? бірінші т?жірибесі болады. Бала ?шін жа?а адамдар, оларды? жа?а т?ртіптері б?л – стресс.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бала т?рбиесі - орта? міндет" ата-аналар?а арнал?ан ке?естер»

Ата-аналарға кеңес:Ата-аналар бала-бақшада адаптатция кезінде баласына қалай көмектесе алады.

Психологтың кеңесі
Сіздің балаңыз бала бақшаға алғаш барған кезде, ол үшін бірінші рет анасынан ажырап өзіне таныс емес үлкен адамдар мен бір топ балалардың арасына түсуі болып табылады. Бала үшін өзінің отбасында өзін ұстау ережелері қалыптасып қалған. Бала бақшаға келген күннен бастап үйреншікті өмір сүру ортасы өзгереді. Құндылықтарының өзгеруі бала үшін стресс.

Бұл неден көрініс табады?

  • Баланың эмоционалды жағдайы, ұйқысы, тәбеті нашарлайды;

  • Дене қызуы көтерілуі мүмкін;

  • Бала бойында қалыптасып қалған жақсы қасиеттерінің жоғалуы мүмкін;

  • Имунитетінің төмендеуі, саламағының азюы мүмкін.

Бала ортаға бейімделгеннен кейін эмоционалды жағдайы қалпына келеді. Орта деңгейдегі бейімделуде алғашқы айларында бала тұмаумен ауыруы мүмкін, ал ортаға қиын бейімделсе баланың эмоционалды жағдайының қалпына келуі ұзаққа созылуы мүмкін. Осының барлығы баланың келесідей іс қимылдарынан байқалады: баланың тығылып қалуы, қабылдау бөлмесінде отыруы, анасын қайта-қайта шақыру.


Баланың ортаға бейімделуі неге байланысты:
Баланың жасына байланысты. 2 жасқа толғаннан кейін баланың ортаға бейімделуі оңай жүреді. Олардың ортаға деген қызығушылығы жоғары болады, назарларын басқаға аудару жеңілірек, айтқан сөздерді нақты түсінеді және тыныштандыру оңай.

  • Баланың жасы мен денсаулығының жағдайына байланысты;

  • Баланың жекелеген ерекшелігіне байлынысты;

  • Биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты;

  • Бейімделуге деген дайындығына байланысты (баланың басқа ортаға қаншалықты барып көргендігі, туысқандарына, демалысқа және де басқа жақтарға барып өзімен жасты балалармен қаншалықты араласып көргендігіне байланысты).

Балаға басқа ортаға бейімделу кезінде қалай көмек беру керек?
Кішкентай бала ата-анасымен тығыз байланыста болады. Бала қаншалықты кішкентай болса, соншалықты ата-анасымен байланыс ол үшін маңызды болып табылады. Сондықтан, баланың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыратын ата-анасы.

Баламен өзіне тікелей қатысты мәселелерді ашық талқылайды білу керек. Қазіргі уақытта баланың өмірінде не болып жатыр, болашақта не болу мүмкін деген сұрақтардың жауабын екеуара таба білуіңіз қажет. Баланың бала бақшаға тез бейімделіп кетуі үшін, сіз оған алдын ала ақпарат беруіңіз керек. Оған өзінің құрдастарымен араласудың, қаншалықты қазақ екендігін, бала жаңа нәрсе үйренетіндігін айтып көрсету керек. Ең алдымен бала бақшаның іші сыртын толық балаға таныстырып көрсеткеніңіз дұрыс болады. Бұл баланың бойындағы үрей қорқыныштың сейілуіне мүмкіндік береді.

Баламен оның күнделікті бала бақшаға баруын және оның өмірін бақылауда ұстағаныңыз дұрыс. Бала анасының жанында бейтаныс адамдармен араласуды, оларға сұрақ қоюды үйренеді. Осыдан кейін баланың бойында бала бақшаға келіп өзімен жасты балалармен ойнауға, тәрбиешілермен сөйлесуге деген ынта пайда болады.


Баланың әлемді өз еркімен тануға деген құқығы бар!

Балаға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріңіз. Ата-ана тек бағыт бағдар бере алады. Балаға сіздер не қаласаңыздар соны жасау міндетті емес. Өз ойларыңыздың дұрыс екендігін дәлелдеп, балаға соны жасатуға тырыспаңыздар. Жаңа ортаға, жаңа әлемге бала өзі бейімделеді. Ол оның бірінші тәжірибесі болады. Бала үшін жаңа адамдар, олардың жаңа тәртіптері бұл – стресс.

Әкесі баласын бала бақшаға алып келгенде: «Балам есіңде бар ма біз екеуіміз не туралы келістік? Қазір екеуімізде онға дейін санап мен жұмысқа, сен бала бақшаға барасын. Ал кешке келгенде күнді қалай өткізгенің туралы айтып бересің жарай ма?» Осыдан кейін баласы әкесін қимай жұмысына, өзі бала бақшаға барады. Бұл дана әкелердің қолынан келетін іс.



Егер бала бала бақшаға барғысы келмей, жерге жатып алып жылған жағдайда не істеу керек?
Ұрыспаңыздар, бұл жағдайға мән бермеуге тырысыңыздар және кемсітпеңіздер. Бұл жағдайдан үлкен мәселені тудырмаңыз. Шыдамсыздық білдірмеңіз және ашуланбаңыз. Балаға оны жақсы көретіндігіңізді айтыңыз, бірақ оның бұл қылығы орынсыз екенін барынша түсіндіруге тырысыңыз. Неліктен баланың осыған барғандығының себебін айқындап алып, оның тәрбиешісімен, психолог Атамкулова Динара Сыдыковнамен сөлесіңіз.


Баланы қалай бала бақшаға дайындау керек?

  • Баланың бала бақшаға баруы эпикризистік кезеңдерге: 1ж 3а, 1ж 6 а, 1ж 9 а, 2ж 3 а, 2ж 6а, 2ж 9а, 3ж түспеуі керек;

  • Бала бақшадағы күн тәртібін алдын ала біліп, баланың үйдегі күн тәртібін соған ұқсас жасауға тырысу керек;

  • Балаға алдын ала бала бақша туралы мәліметтерді толығымен беруіңіз керек. Неліктен ол бала бақшаға баруы тиіс, ол жерде қалай, қандай жағдай деген мәселелердің басын ашып балаға түсіндіруіңіз керек. Мысалы, бала бақшада өте әдемі. Ол жерде сен сияқты балалар көп жиналады. Олар ол жерде әр түрлі тақпақтар жаттап үйренеді, қызықты ойындар ойнайды, өлеңдер жаттайды. Тағы олар сол жерде кішкентай орындықтарға отырып тамақ ішеді. Тура ертегідей кішкентай төсектерге жатып ұйықтайды. Бала бақшада күнде жаңа қызықты оқиғалар болады. Ол жерде ойыншықтар өте көп, қуыршақтар театрынан келіп сендерге көріністер көрсетеді. Сен ол жерге барғанда өзіңе көп дос табасын. Мен сен ол жерге барғанада барлығымен жақсы араласқаныңды қалаймын. Бала бақшада қалай уақытыңның өткендігін байқамай қаласың. Сен тамақ ішесің, балалармен ойнайсың, кішкене ұйықтап аласың, сосын тағы ойнайсың ал мен сол уақытта келіп сені алып кетемін.



Балаңызға әрдайым оны қатты жақсы көретініңізді, оның сізге ең қымбатты жан екендігін үнемі айтып жүріңіз.
Балаға бала бақшадағы күн тәртібі туралы қайталап айта беріңіз. Сол кезде балаға бала бақшада оңай болады. Анасының айтқанындай болса балаға ортаға бейімделу тез жүреді.

Егер балаңыз тамақ ішкісі келсе немесе дәретханаға барғысы келсе ол туралы міндетті түрде тәрбиешісіне айту керектігі туралы түсіндіріп айтыңыз. Және сол тәрбиешісі оған көмектесетіндігі туралы да түсіндіруіңіз керек. Барған кезде ең алдымен балаңызды тәрбиешісімен және тобындағы балалармен таныстырыңыз. Бастапқы кезде баланың тез үйренуі үшін ертерек келіп алып кетіп жүрсеңіз болады. Кейбір балалардың үйренуі қиын болады, сондықтан ата-аналары жарты жылға дейін осындай шараларға баруға мәжбүр болады.


Дәрігердің кеңесі.
Балаңыздың бала бақшаға алғашқы уақытта келген кезде ұйқысы бұзылуы мүмкін. Бала бұл кезде өзін нашар сезініп, тамаққа деген тәбеті болмауы мүмкін. Бұның басты себебі баланың үйреншікті ортасының өзгеруі, тамақ мәзірінің өзгеруіне де тікелей байланысты.

Баланы бала бақшаға бару кезеңіне қалай дайындайсыз?

  • Үлкендермен және өзінің құрдастарымен қалай араласу керектігіне дайындауыңыз керек;

  • Тербетусіз ұйқыға үйрету;

  • Тамақты қасықпен жеуге;

  • Әр түрлі тамақ мәзіріне;

  • Дәретке баруды;

  • Соскасыз жүруге.

Жыл сайын балалар дәрігерлік тексерістен өтуі тиіс. Егер бала ауырып қалса, онда бала бақшаға жазылғаннан кейін екі аптадан соң қабылдайды. Сонымен қатар балаға барлық қажетті егулерін уақытында жасап тұрғаныңыз дұрыс. Барлық берілген кеңестерді орындайтын болсаңыздар баланың бала бақшаға бейімделу кезеңін жеңілдетесіздер.

Баланың бала бақшаға үйренгендігін қалай білуге болады?
Ол үшін келесілерді байқаймыз:

  • Ұйқысының жақсаруы;

  • Тәбетінің жақсы болуы;

  • Эмоционалды жағдайының тұрақты болуы;

  • Үйреншікті қылықтары мен білімдерінің қалпына келуі;

  • Белсенділігінің артуы;

  • Салмағының артуы.











Ата-аналар бұрышына кеңес: «Мадақтау немесе жазалау?»

Жақсы отбасында жазалау деген ешқашан болмайды, және бұл отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы.

Бірақ тәрбиесі төмен отбасылар кездеседі, бұндай отбасыларда жаза қолданбау мүмкін емес. Осындай кезде ата-аналар жазаға немқұрайлы қарап, көбінесе істі түзетудің орнына бүлдіріп алады. Жазалау - өте қиын зат; ол тәрбиелеушіден үлкен әдептілік пен сақтықты талап етеді, сондықтан біз ата-аналарға мүмкіндігі бойынша жазалаудан аулақ болып дұрыс тәртіпті қалыптастыруды ұсынамыз. Әрине бұған көп уақыт керек, бірақ шыдамдылық танытып нәтижесін күту керек.

Бала қалай жазаланса да, ол не істесе де, ол сізді әрқашан туған, жақын адам ретінде сезінуі тиіс. Баланы, сіздердің барлықтарыңызға қиын жағдай болған кезде итермелеуге болмайды.

Бала өз кінәсін үндемей және қинала уайымдайтын жағдайда, ересек баланы кемсітетін кешірімді талап етпей ақ, қолын бірінші ұсынуы керек. Бұл жазасыз қалдыру емес, бұл ақ көңілділік. Егер бірінші болып айыпты бала келсе, онда сізде айбыңызды мойындауыңыз қажет (шынайы түрде): «Білесің бе, мен бір нәрсе істеп қойдым, кел түсінесейік...» немесе жай ғана «кешір, мен қызбалық таныттым...».

Бірақ осыдан кейін еш нәрсені еске түсірмеу қажет, ары қарай талқылауға кешірімді қылық жасамау керек, жазалау себебі – бұл ызаны, жабырқаулықты, өкпені тудырады. Нәтижесінде, алғашқы кінә ұмытылып, ал өкпе қалады.

Дәл осылай сақ және қолдау көрсете білу керек. Алдын-ала ешқандай сыйлық немесе марапатқа уәде беруге болмайды. Дұрысы жай мадақтау немесе марапатпен шектелу керек. Бала қуанышы, қанағаты, ойын-сауығы балаға жақсы қылық үшін марапат ретінде емес, баланың дұрыс қажеттілігін табиғи қанағаттандыру ретінде болуы тиіс. Балаға не қажет болса соны баланың еңбегіне қарамай, барлық жағдайда беру керек, ал балаға қажетсіз және зиянды нәрсені марапат ретінде беруге болмайды.

Өкінішке орай, кейбір отбасылар қаталдық пен қатыгездік тәрбие құралы болып табылады деп санайды. Көбісі өзінің балалық шағын, әке-шешесінің зорлық-зомбылығын естеріне түсіріп, осындай тәрбиені сенімді деп санайды: міне бізді кезінде ұрды да ұрысты да, бірақ адам болып шықтық қой.

Балаға сәби кезінен бастап саналы түрде қатал жаза қолданатын адамдар қатары да кездеседі. Балаға деген сүйіспеншілік пен нәзіктілік оларға айқын жауыздық ретінде қабылданады. Олар тәрбие бойынша серіктестерімен жиі жанжалға түседі - әйелі немесе күйеуі. Баланың көзінше ұрыс туындап, жанжал шығады. Балаға, ең жақын адамдары қолдау көрсетпесе, бала қалыпты өмір сүре алмайды.

Мамандар мынадай шешімге келді, биологиялық жағынан толық жаратылған, бірақ ата-ананың жылуынан айырылған балалардың қалыпты дамуы бұзылады, оның бейімделу мүмкіншіліг аз болады.

Балаға жоғарғы талап қою, зеріктіретін ғибраттылық, баланы «суық», үндемей тәрбиелеу әрекеті неге әкеліп соқтырады? Күтілетін және нақты нәтижелердің айырмашылығы бола ма? Ереже сияқты бұндай стиль, ата-аналардың ұшқалақ мінезі, олар баладан өздеріне жетіспегендерін талап етеді. Осымен қатар, өкінішке орай бала ата-анасының қылығын қайталап отырғанын түсінбейді. Мысалы, үйде ата-аналардың біреуі қызбалық білдірсе, шешесі өз баласын сабырлы, әдепті, шыдамды болуға үйретіп, оны сосындай қарым-қатынасқа үйретеді, бірақ бұның бәрін пайдасыз деп санауға болады.

Ата-ананың істеген қылығының барлығын бала тез қабылдап алады. Өзіне деген адалдықсыз, талап етпеушілік, немесе керісінше, қоршаған ортаға деген жоғарғы талаптарды олар ешқандай қиындықсыз, дайын үлгі ретінде қабылдайды. Ал, өсе келе мұғалімнің, құрбыларының өзіне деген қарым-қатынасын «әділетсіз» деп наразы білдіреді, немесе қынырлықпен, басқыншылықпен қорғанады, немесе ешкімге ашылмай, өз өзімен қайғырады.

Осындай қатал қарым-қатынас болған отбасылардағы балалардың неврологиялық реті бұзылады: тұтығу, түнгі қорқыныштар, ұйқының бұзылуы. Кішкентай адамның психикасы – өте жіңішке аспап, оны жеңіл бұзып, сындырып алуға болады, бірақ сосын оны түзету қиынға түседі.

Сондықтан өз балаларыңыздың қылықтарын түсінуге тырысыңыздар. Ешқашан шешім шығаруға асықпаңыздар, әсіресе жаза қолдануға асықпаңыздар.





































Тұмаудың алдын алу (Медбикемен кеңес)



Тұмау - жұқпалы ауру, ол дене қызуының көтерілуімен, қысқа мерзімді қалтырауымен, ағзаның уыттануымен және жоғарғы тыныс алу жолдарының сілемей қабығының кабынуымен сипатталады.

Қазақстан халқының жалпы аурушаңдығы ішінде жіті респираторлық жұқпалар мен тұмау аурушаңдығы бірінші орында тұр. Аурушаңдық кеңінен таралады, лап беру және індет түрінде байқалып, тұрғындардың аурушаңдыққа бейімді бірқатар тобын қамтиды, ол елеулі әлеуметтік және медициналық проблемалар тудыруы мүмкін. Тұмау мен жіті респираторлық вирустық жұқпалардың үлесі барлық жұқпалы аурушаңдықтың 90-95% құрайды. Тұмаудың тез таралуына, оның жасырын кезеңінің қысқалығы, ауа-тамшы арқылы жұғуы, қабылдау қасиетінің жоғары болуы, сондай-ак, халықтың әлеуметтік жағдайы да ықпал етеді.

Науқас адам жұқпаның көзі мен сақталу қоры болып табылады. Вирус қоршаған ортаға сөйлегенде, жылағанда, жөтелгенде және түшкіргенде сілекей, қақырык арқылы таралады. Сондай-ақ, тұрмыстық жолмен, яғни вирус жұққан күнделікті пайдаланатын заттар арқылы да жұғу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.

Адамдар үшін тұмау аурушаңдығы көптеген асқынуларымен қауіпті. Ауыр және асқынған түрлері барлық адамдарға тән, бірақта көбінесе балалар, егде адамдар, өкпе және жүрек-қан тамыры жүесінің созылмалы түрімен ауыратын адамдарда жиі тіркеледі.

Тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпалы аурушаңдықтан сақтану үшін алдағы індеттік кезеңге дер кезінде әзір болған жөн.
Жалпы тұмау мен жіті респираторлық вирустық жұқпалы аурушаңдықтың алдын алу бойынша негізгі 2 әдісі белгілі, олар спецификалық және спецификалық емес.
Спецификалық әдіске екпе егу жатады, ол тұмаудың алдын алу әдісінің ең негізгісі болып есептеледі. Адамның ағзасына жұқпа агентінің бөлігін енгізу арқылы ағзаны қорғаныс денелерін (антиденелер) бөліп шығаруға ықпал етеді, соның нәтижесінде вирустардың көбеюі мен жасушалардың зақымдалуы төмендей түседі.
Қазақстан Республикасында тұмауға қарсы екпелер ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілген және тіркелген екпелермен жасалады.

Уақытында жасалаған егудің тиімділігі, спецификалық емес дәрі-дәрмектерге қарағанда екі есе жоғары, сондай-ақ, кері әсердің жиілігінің төмендігімен ерекшеленеді.

Спецификалық емес әдістерге, иммундық жүйенің қызметін қалыптастыруға араналған дәрі-дәрмектер мен емшаралар жатады.
Тұмау мен жіті респираторлық вирустық жұқпалы аурушаңдықтың алдын алу үшін, сондай-ақ, аурудың алғашқы белгілері біліне бастаған кезде, келесі қарапайым ұсыныстарды орындау керек:

  1. Аскорбин қышқылы мен поливитаминдерді қабылдау;

  2. Науқас адамды жеке бөлмеге оқшаулау:

  3. Науқас адамды күтуші және қарым-қатынаста болатын тұлғалар (тек ауруханада ғана емес, үйде де) төрт қабатты бетперде киюі керек;

  4. Науқас адамның жеке ыдысы, күнделікті қолданылатын заттары, төсек жабдықтары болуы қажет;

  5. Бөлмені жиі желдетіп, күнделікті ылғалды жинау жүргізген жөн;

  6. Тұмаудың алғашқы белгілері біліне бастағаннан соң, төсек тәртібін сақтап, жылы дәрумендік сусындарды: итмұрынның тұнбасын, қара және қызыл қарақаттан, құлпынайдан, таңқұрайдан жасалған сусындар, лимонмен шәй ішу керек;

  7. Тұмау індеті кезінде мәдени - бұқаралық іс-шараларға, кинотеатрларға: клубтарға, кітапханаларға, денешыңықтыру залдарына баруды шектеу керек;

  8. Аурушаңдықтың алдын алу және жұқпаның таралуына жол бермеу мақсатында мектеп және мектеп алды мекемелеріне науқас баланы жібермеу үшін, ата-аналар балаларының денсаулығын күнделікті мұқият қадағалап отыруы тиіс, мектепке барар алдында дене қызуын өлшеп, ал ағзаның уыттануы немесе жоғарғы тыныс алу жолдарының кабынуы, дене қызуының көтерілуі байқалған жағдайда, баланы үйде қалтырып, дәрігерді үйге шақыру керек;

  9. Қолды жиі сабындап жуу керек, өйткені вирус есіктің тұтқасы, күнделікті қолданылатын заттар арқылы, науқас адамнан сау адамның қолына жұғып, мұрын, ауыз қуысы, көз арқылы ағзаға түсүі мүмкін;

  10. Аурушаңдықтың деңгейі күрт көтерілген кезеңде, сау адамдар 0,25% оксалин майын үйден далаға шығар алдында күніне 2-3 рет қолдану керек;

  11. Тұмау аурушаңдығының алдын алу мақсатында, лекоцитарлық интерферонды 0,25 мл. немесе танаудың әр құысына шашыратқыш аркылы 5 тамшыдан тәулігіне 2 рет тамызу керек:

Қорытындылай келе айтарым, кез-келген респираторлық жұқпалы аурушаңдық науқас адамның тек өзіне ғана емес, оны қоршаған адамдардың да денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді, сондықтан оны емдеп, жазғаннан көрі, оның алдын алу әлдеқайда жеңіл және тиімді!

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!





«Агрессивті бала» тақырыбы бойынша кеңес.

Қатыгез, агрессивті, төбелесқор және сотқар бала – ата –ананың үлкен уайымы, балалар ұжымының қолайлы болуының қауіпі, алаң «қатері», дегенменде ол бақытсыз жан, өйткені оны ешкім түсінбейді, аямайды және аяламайды. Бала агрессивтілігі – ішкі эмоционалдық жайсыздық белгісі, жағымсыз уайым кешені, психологиялық қорғаныстың барабар емес түрлерінің бірі.

Ондай балалар итеру, ұру, сындыру, шымшудың кез – келген мүмкіндігін пайдаланады. Олардың тәртібі арандатқыштық сипатта болады. Өздеріне агрессивті қатынасты тудыру үшін , олар аналарын, тәрбиешілерді, қатарластарын ашуландыруға тырысады. Үлкендер ашуланғанша, ал қатарластары төбелеске ұмтылмайынша, олар тоқтамайды, ашуландыруға тырысады. Мысалға, ондай қылықты бала, анасын салмақты қалыптан шығарып, шапалақ жемейінше, қасақана асықпай киінеді, қол жуудан бас тартады, ойыншықтарын жинамайды. Сонан соң ол жылайды, бірақ анасынын аялауынан кейін салмақтылық танытады. Өзіне назар аудартудың қызық амалы емес пе ? Алайда бұл баланың іште жиналған психоэмоционалдық шиеленісті шығарудың жалғыз тетігі болып табылады.

Біздің қазіргі өмірімізде өкінішке қарай қатігездікті, шарасыздықты, қолайсыз уайымдарды болдыратын жағдайлар көп болып отыр. Балалар өз айналасындағы адамдардың көңіл – күйін айқын танып біледі. Сондықтан да ата – аналар баланың көзінше келеңсіз жағдайларды талқылау, апат және кісі өлімі жөнінде фильм көріп, басқалардың іс – әрекетіне өшпенділік таныту қажет емес. Жоғарыда айтылған көңіл толмау, наразылық балаға көрсететін жақсы үлгі емес және өскенде бумеранг болып балаңыздың орындауында болып қалуы ықтимал екенін ұмытпайық. Үлкендер балаларының өз әрекеттерін қайталауына, қарсылық көрсету позициясында және өзін қоршаған адамдар мен жағдайларды қабылдамайтынына таң қалмау керек. Егерде сіз, сіздің балаңыз қатігездікке бейім, мазақтағыш, төбелесқор және жануарларға аяушылықпен қарамаса, алдымен сіз өзіңізге төмендегідей сауалдар қойыңыз:

- Бұл қай кезде басталды?

- Агрессивтікті қалай танытады?

- Қандай жағдайларда агрессивті болады?

- Агрессивтіктің себебі не?

- Бала тәртібінде не өзгерді?

- Балаға не қажет?

- Сіз оған қалай көмектесе аласыз?

Агрессивтіктің себебі үнемі сыртқы болып келеді: отбасылық қолайсыздық, қалағаны болмау, қалау мен мүмкіншілік арасындағы айырмашылық. Сондықтан да бала агрессиясының себебін білу үшін, ішкі отбасы жағдайына сараптама жасаудан бастау керек. Бұл мәселені шешудің бастапқы қадамы болып табылады.

Балаңыздан агрессивтік тәртіп нышанын аңғарсаңыз, баламен төмендегі ойындарды ойнаңыз. Бұл ойынды отбасы ішінде немесе туыстар (аға, әпке) немесе балаңыздың достары қатысуымен де ойнауға болады.

Ең бастысы – өзіңіз ойында шынайылық танытыңыз, беріліп ойнау керек, сол уақытта бала сіздің шынайлығыңызды бағалайды және сезеді.

"Шаңды шығару"

(4 жастан бастап)

Әр қатынасушыға «шаң жастық» беріледі. Ол оны қолымен соғу арқылы шаңнан тазартуы керек.

"ТЫНЫШТЫҚ ЖӘНЕ «РҰҚСАТ» САҒАТЫ"

(4 жастан бастап)

Сіз шаршаған кезде демалғыңыз келетін сағаттарда үйде тыныштық сағаты болатынын баламен келісіп алу. Осы сағатта бала тыныш ойнап, сурет салып немесе құрастыруы керек. Бірақ сіздерде «рұқсат» сағаты болады, ол уақытта балаға жүгіруге, айғайлауға, секіруге, ата – ана құралдарын алуға және оларға қалауынша асылуға рұқсат етіледі.

Ескертпе:"Сағаттарды" кезектестіруге, әр түрлі күні өткізуге болады, ол отбасы үшін әдетті нәрсе болуы керек.

"ҚҰЛАП БАРА ЖАТҚАН МҰНАРА"

(5 жастан бастап)

Жастықтан биік мұнара жасалады. Әр қатынасушы мұнараны шабуыл жасап жеңіп алып, төмендегідей жеңіс сөздерін айту керек:

"А-а-а", "Алақай!" және т.б. Мұнараның қабырғасын бұзбай биіктікке шыққан ойыншы жеңімпаз атанады.

Ескертпе:

· Әр ойыншы өзі жеңіп шығатындай мұнараны биік қылып істей алады.

· Әр шабуылдан кейін «жанкүйерлер» « Жарайсың!» , «Тамаша!», «Жеңіс!» және т.б. қолдау және таңдану сөздерін айтып отырады.













Балаларға қандай ойыншықтар қажет.

Балаларға қандай ойыншықтар керек?

Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық таңдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі.Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты, көп ойынышықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады.

Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Бала ойыншығын ұрсып, жұбатады.

Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады. Ата- аналары бір жаққа кеткенде жалғыз қалған бала қараңғыдан қорықпау үшін ойыншығын құшағына алып, қорқыныш сезімін сеилтеді. Жатарда жарық сөнгенде де дос ойыншығы баланың қүшағынан табылады. Кейде бала ашуын ойыншығынан алып, қолын жұлып, бұрышқа қойын қояды. Ашуы басылғаннан кейін ойыншыған қолына алып, жұлып тастаған қалың орнына тігіп қояды.

Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға болады.

Шынайы өмірден алынған ойыншықтар.

Қуыршақтар отбасы (жанаурлардың отбасы) қуыршақтың үйі, жиһаз, ыдыс, көлік, қайық, таразы, дәрігер мен шаштараздың құралдары, сағат, темір жол, телефон т.б.

Ашуын сыртқа шығаруға көмектесетін ойыншықтар.

Сарбаздар, мылтық, доп, жастық т.б.

Сонымен қатар шығармашылық қиялы мен өзін ашуға көмектесетін ойыншықтар бар. Олар конструктор, әліпби, үстел ойындарды, қиылған суреттер, бояу, мозаика, жіп, мата кескендері, желім т.б.

Ойыншықты сатып аларда міндетті түрде баланың көзқарасын есепке алу керек. Автомат немесе жартылай автомат ойыншықтар жарамайды. Балаға керек ойыншықтар, олардың жан дүниесін аша алуы тиіс болу керек.

1-2 жастағы балаларға арналған ойыншықтар. Олар пластмассалық пирамидалар. Осы ойыншық арқылы балалар ойлау қабілетің дамытады.

3-4 жастағы балалардың ойыншықтарды әр- түрлі болып келеді. Олар конструкторды жинайды. Бұл жастығы балалар шын өмірден алынған сюжеттерді ойнайды. Мысалы: әке –ана, қыз–ана т.б.

5-6 жастағы ойын орындарынан төсек орындары мен шкафтарға аусады. Бұл жастағы балаларды ойлау, қиялдау қабілеті жақсы дамиды. Өз қолдарымен жасаған ойыншықтарды сүйеді. Бала өзін мектепке дайындайды.

Есте сақтыңыз, ойыншықты ауыстыру қажет, себебі бір ойыншықтан бала жалығуы мүмкін. Ескі ойыншықты алып тастап, уақыт өткеннен кейін қайта шығарсаңыз, баланың қызығушылып қайта оянды.




































Ата – анаға кеңес

Баланың ашуын қалай жеңуге болады

Әр ересек адам баланың ашуымен кездеседі. Осындай жағдайда сізге бөтен адамдар қарап тұрғанда, өз-өзіңізді ұстай алмай қасыз. Қалай болу керек?

1. Естеріңізде болсын, қандай керемет ана болса да, осындай жағдайларға тап болуы мүмкін, мәселе анасында емес, баланың мінез құлқында.

Балаңыздың ашуының себебін ойлаңыз:

- Сіздің балаңызға көңіл жетпейді, ол осындай жолмен сіздің назарыңызды өзіне аударуға тырысады (осындай әдет тез жатталып, өскенде де жиі қолданылады);

- Бала өзінікін істеткізіп, не сұраса соны беретінін біліп, сіздерге манипуляция жасайды.

Манипуляцияны ажырата білу қиын, өз балаңызды бақылаңыз: қалай жылайды, оның тынышталуына ненің көмектесетініне.

Егер сіз балаңыздың сізге манипуляция жасап тұрғанын ұқсаңыз, балаға өзіңіздің ұнатпағаныңызды көрсетіңіз.

- Бала шаршады, тамақ ішкісі келеді, ұйқысы келеді: ол себепті жоюыңыз керек сонда баланың ашуы басылады.

2. Егер ашу қызып тұрса, бала дем алу үшін тоқтаған кезде, сол уақытта сіз қызықты әңгіме бастап, назарын өзіңізге аударыңыз.

3. Баланы алдыңызға алып, құшақтап, тынышталғанын күтіп, оған жаныңыздың ашитынын түсіндіру.

4. Ашу кезінде ең бастысы өзіңізге ашуға түспеу. Өзіңіз шыдамды болып, балаға жаныңыздың ашитынын түсіндіріп: «Мен сенің ашуыңды түсінемін, өйткені біз саған сатып алған жоқпыз...», «Сен тынышталғанда, біз болған жағдай туралы әңгімелесеміз».

Бала сізді бір айтқаннан түсінбейді, оны 20 рет қайталағаннан кейін, сіз балаға жеткізесіз. Баламен сөйлесіңіз, не себептен сондай тәртіпсіз қылықтар жасағанын.

5. 3-5 жастағы балалар үлкендердің дұрыс түсіндіргендерін түсіне алады. Баланы кез-келген жағдайлардан жол тауып шыға білуін үйрету керек, түк болмағандай жүре беруге де болмайды.

6. Сондай кезде сізге қарап тұр деген ойлардың бәрін ұмытыңыз, сол адамдардың өздері де сондай жағдайда болған.

7. Сондай жағдайда өзіңізді де, баланы да кінәламаңыз.

Есіңізде болсын, сіздің балаңызды өзінен жақсы ешкім білмейді.

Қорытынды: баламен жиі әңгімелесіп, оның көңіл-күйін сұрап, қалаулары мен қызығушылықтарын, міндеттерін талқылау.





























































Баланың балабақшаға бейімделуі

Ата-аналардың алдында баланы 1,5 жасқа толғаннан кейін балабақшаға орналастыру туралы сұрақ туады. Психологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, мұндай батыл талап осы жастағы балаларға қолайлы кезең емес. Бұл жастағы балалар анасына ерекше жақын болады, анасының жоқтығы оған қатты әсер етеді. Балабақшадағы тәрбиешілердің қолына барғанда, олар өзіне жақсы қамқорлық жасалғанның өзінде мазасыздықты сезінеді. Баланың алғашқы белсенділігі біраз уақыттан кейін эмоционалдық және танымдық процестің тоқтап қалуына ауысады, яғни баланың психологиялық дамуына жалпы баяулайды.

Адамның белсенділігі және эмоционалдық жағдайы ерте сәбилік кезіндегі тәрбие жағдайына байланысты анықталады, ондай балалар кейін талаптылығын және белсенділігін көрсете алмайды. Эмоционалдық жағынан қарағанда үлкен алаңдаушылыққа әкеледі, ол тез үрейленгіш,көнбіс іс- әрекет және басқа жүйке белгілерімен анықталады. Сонымен өзінің тұрмыстық жағдайларын шешкен ата-аналар басқа психологиялық жағдайларға ұрынуы мүмкін.

Баланы мектепке дейінгі мекемеге орналастыру психологиялық жағынан қарағанда өткір пікір таласты болып табылады. Жалпы тәрбие туралы ой тудырушылар бұрынан байқаған, балаға сәбилік шақта отбасындағы тәрбие төте маңызды. Отбасында балаға ешқандай тәрбиемен теңестірілмейтін тәрбие беріледі. Балалар психологиясы мамандары да осындай көзқараста. Тәжірибе мектепке дейінгі жалпы тәрбиеге алаңдатушылық туғызатының көрсетеді. Әсіресе ол баланы ерте ясли-бақшаға орналастыруға қатысты.

Сәби жастағы балалардың көпшілігі өзінің өміріндегі мұндай өзгеріске нашар бейімделеді. Көптеген балалар алғашқы күндері үйренбеген ортаға мазасызданып, соңнан соң сылбыр және көп сөйлемейтін жағдайда болады.Бұл анасынан бөліну, таныс емес адамдармен кездесуі, өміріндегі барлық іс- әрекеттің өзгеруі кезіңдегі өткір эмоционалдық жағдайдың негізінде болады. Балаларда аурулардың жиі болуы байқалады. Бұл ортаның ауысқанымен түсіндіріледі. Ал негізгі себеп- ағзаның қорғаныс қабілетін тез төмендететін эмоциялық жағдай.

Отбасы жағдайы баланы ясли-бақшаға орналастыру керектігін айтса, онда баланы екі жасқа толғаннан соң ясли-бақшаға орналастыру керек. Екі жастағы балада анасына тәуелділік сақталмаған, ал таныс емес үлкендерді жатсынбайды. Сондықтан балабақшаға бейімделу кезеңі шиеленіссіз өтеді. Бірақ ол физиологиялық және жүйкесі әлсіреген балаларға қатысты емес. Ондай балаларды ясли – бақшаға орналастыру қажет емес.

Балабақшаға баланың үш жастан орналасқаныдұрыс емес деп есептелінеді. Балаға бұл жағдай тері әсер етеді. Бұл мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуының ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ерте сәбилік шақтағы балалар құрдастарымен қарым-қатынаста болу қажеттілігі әлі қалыптаспаған немесе әлсіз білінеді. Тіпті бірнеше бала бір уақытта ойнаған кезде де, ойын әрекеттерін бала жеке орындағанды ұнатады, яғни бұл «топпен ойын» емес, «жеке ойын».

Құрбыларымен біріккен іс-әрекетті қажет ететін мектеп жасына дейінгі баланың басты іс- әрекетінің маңыздысы сюжетті-рольдік ойын болып табылады. Отбасындағы тәрбие жағдайында баланыңқ құрбыларымен қарым-қатынас жасауы шектеулі. Балабақшада әр бала әрқашан құрбылырының ортасында болғандықтан ол олармен ойнайды, қарым-қатынаста болады және бұл оның дамуына тікелей әсер етеді. Сонымен бірге балабақшада балалардың мектепке дайындығын қалыптастыратын үздіксіз дамыту сабақтары өткізіледі. Бұл сабақтардың негізі маңыздылығының рөлі ата-ананың баланың танымдық дамуына аса көңіл бөлмегендігіне байланысты.

Сондықтан шешім қабылдай келе қоғамдық немесе отбасылық тәрбиені мектеп жасына дейінгі бала ала алады. Ата-аналар қандай жағдайда болмасын осы немесе басқа нұсқаның жағымды және жағымсыз жағдайын сезінуі керек, жоғары деңгейде бірінші және екіншісін орындауға.













































Ата-аналарға кеңес

· Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

· Балаларды өзінше әрекет етуге тәрбиелеңіздер. Шектен тыс өбектеген балалар жаңа жағдайға тап болғанда еркін тәрбиеленген балаларға қарағанда көп зардап шегеді .

. Өткір заттарды, дәрілерді,химиялық тұрмыстық заттарды бала қол жетпейтін жерлерде сақтаңыз.

Терезе,балкон есіктерін ашық қалдырмаңыз.

Электррозеткаларын арнайы тығындармен бекітіңіз.

Кішкентай балаларға ойнауға ұсақ заттарды-моншақтарды, түймелерді, тиындарды, мозаикаларды бермеңіздер. Мұндай ойыншықтар балалардың тыныс алу жолдарына, ас қорыту жолдарына, құлақтарына тұрып қалады.

Балалардың қол жететін жеріне ыстық сұйықтық құйылған ыдысты қоймаңыз. Есте сақтаңыз: күйік бала өмірі үшін ауыр және қауіпті жарақаттың бірі.

Баланы жуындыру үшін керекті заттарды алдын ала дайындаңыз. Баланы ваннаға аз уақытқа болса да жалғыз қалдырмаңыз. Кішкентай балаларды ашық от көздеріне -газ плитасына, каминге, пештерге жолатпаңыз.

Ересек балаларды шырпы , плитадағы газды жағуды үйретіңіз.































Ата-аналар бұрышына кеңес: Ұялшақтықты қалай жеңуге болады.

Адамның өз мүмкіншіліктерін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттердің бірі – ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады. Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді. Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып, тұйықталуға, іштен тынуға ұласады да, әр кез сәтсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп, күресуден бас тартады. Тіпті, баланың өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды. Өзінің үнемі жолы болмайтындай сезіп, өмір сүруге деген құлшынысы азаяды, тіпті өзін жеккөріп кетеді.

Ұялшақ, тұйық балаларды қалай айқындауға болады. Мұндай балалар табиғатынан үндемейді, көзін үнемі төмен салып жүреді, иығы еңкіш тартып тұрады, бір нәрсе айта қалсаң қалтырап кетеді, сөйлегенде ешқашан бетіңе тура қарамайды, тіпті қарапайым сұрақтардың өзіне әрең жауап қайтарады. Олар көбінесе, өз сезімдерін көпшілік алдында көрсетпейді, ішінен уайымдайды, жалғыздықты сезінеді, торығу сезімі басым болып келеді. Оларға абыржу, сасу, қысылу, ұялу, өзін болмашы нәрсеге кінәлі сезіну тән. Кейбір балалар табиғатынан ұяң болмауы мүмкін, олар топ бастауға құмартып тұрады, бірақ оны басқара алмағандықтан, өзін көрсете алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай, тұйықталып жүреді. Өз пікірін айтуға жасқаншақтанады. Себебі өзгелердің алдында күлкіге ұшыраймын, мазаққа қаламын деп қорқады. Егер оқушыңыздан осындай белгілерді байқасаңыз, онда оның қолынан келетін істі беріп, соны жасап шығуға бағыт-бағдар беріңіз. Бала орындап болып, сізге көрсеткенде, міндетті түрде мадақтап, ынталандырыңыз. Бұл балаға өз қолынан іс келетіндігіне сенімді болуына көмектеседі. Мадақтау – ұялшақтықты жеңудің бірден-бір жолы.

Енді бір ұялшақ балаларға тән қасиеттердің бірі – олар не нәрсені болсын жүректеріне өте жақын алады, өкпешіл болып келеді. Олар қарым-қатынасқа түсуден қашқақтайды, ешкімнің өзіне жақындамауын, тиіспеуін қалап тұрады. Мұндай жағдайда баланы өз іс-әрекеттеріне сенімді етіп, күшіне сендіріп үйрету керек. Баланы өз көз-қарасын дәлелдеп шығуға дағдыландыру қажет. Кейбір балаларда ұялшақтық қиялы бәсеңдіктен, ойлау қисынының толық дамымауынан, баяу қимылдың әсерінен болып жатқандықтан, ақыл-ойды дамытуға көп көңіл аударған жөн. Әсіресе, балалар өте жоғары бағалайтын кеңпейілділік, жомарттық, ақылдылық қасиеттерін дамытуға тырысу керек.

Аса айқын, қиын және өзгерісі көп қауіпті кезең мектеп жасындағы жеткіншектік кезең. Жеткіншек балалардың көңіл-күйі жиі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді. Балалардың бір тобы тез шаршағыш, ашуланшақ, көңілсіз болады. Мұндай баланың жеке басының неврозды жүйкесі мен психикасының бұзылуынан деп сипаттауға болады, оның себебі, мұғалім мен оқушы, бала мен ата-ана қатынасының бұзылуынан болады.

Жеткіншектің мінез-құлқындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталынады. Ол дегеніміз- агресивті мінез-құлық, үрей, қорқыныш, депрессия.

Қазіргі уақыт талабы - білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі – болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Мұғалімнің жүріс-тұрысы, ақыл-ой өрісі, іс-әрекеті, тәрбиесі мен шеберлігі оқушы психологиясына қатты әсер етеді. Жеке қасиеттері арқылы әсер етумен қатар мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейім-қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады.

Дүниедегі ең тамаша туынды- тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Баланы бастан демекші, мектепке алғаш келген балаға дұрыс тәрбие беру, ауытқушылықтан сақтап қалу мұғалімнің міндеті. Жақсы тәрбиемен есейген бала, ол қашанда біздің қуанышымыз. Психология ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті де баланың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға мектеп мақсатты түрде ықпал ете алады.

Олар өте сезімтал, нәзік, мұғалімнің жылы жүзін, күлімсіреген көз жанарын, көңіл-күйінің жайдары, жайсаң болуын тілейді. Осы қалыпты ұстаған мұғалімнің оқушысы ешқандай психологиялық ауытқушылыққа ұрынбайды. Психологиялық денсаулықтың дұрыс дамуы көңіл-күйге байланысты деуге де болады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда адамдарға сеніммен қарау балаға қажетті аса маңызды қасиет. Осы кезде балада үлкендердің талап-тілегінен шығуға деген тырысушылық, үлкендердің көзіне түсуге деген талпыныс байқалады. Бала үлкендерге ұнауға талпыныс білдіре отырып, мінез-құлық ережелерін орындауға ұмтылады. Осы ұмтылыс барысында оның бойында ар-ұят сияқты адамгершілік сезім пайда болады.

Оқушыңыздың физиологиялық белсенділігін бақылаңыз. Балаңыз ұнататын спорт түрлеріне көңіл бөліп, тұрақты айналысуын қадағалаңыз. Бұл балаңыздың ағзасын дамытумен бірге, назарының басқа жаққа аумауына мүмкіндік жасайды. Әртүрлі үйірмелерге қатыссын, бірақ үйірмеге де шек қою қажет. Себебі, үйірмеге көп баратын бала стреске тез түседі.

Физиологиялық жағынан дамытуда сабақ үстінде бірнеше жаттығулар жасауға болады. Жаттығулар баланың денсаулығына ғана емес, көңіл-күйіне де әсер етеді. Түр-тұлғасына қатысты қиыншылықтар туындайды:

üНеге ұзынмын/қысқамын? секілді сұрақтар туындайды, өзін ұнатпау байқалады.

üАйнаға қарай береді, шашын ретке келтірмей, далаға шықпайды.

üБезеуден құтылу үшін барлық шараға дайын келеді, әдемі көріну өте маңызды келеді

üСпортпен айналысып, күшті көрінгісі келеді, салмағын уайымдайды.

üДенесіндегі қатынас сәйкессіздігі туралы көп ойланып, үрейленеді.

üӨзін қоғамдағы дене бітімі мінсіз тұлғалармен салыстырып, қапаланады.

üТіпті әке-шешесінің дене бітімін қомсынып, олар үшін ұялуы немесе қайғыруы мүмкін.

Жыныстық даму жағынан да проблема болуы ықтимал:

üНегізгі жыныстық даму (жыныстық органдардың дамуы)

üҚосымша жыныстық даму (денедегі өзгерістер: дауыстың өзгеруі, безеу шығуы, мұрт,сақалдың шығуы, кеуденің өсуі т.б.)

Егер, дұрыс мағлұмат бермеген болсаңыз, бала өз бойындағы өзгерістерден ұялып, жалғыз қалуға немесе достарымен көбірек уақыт өткізуге құштарлық танытуы мүмкін.

Осындай жағдайларда балаларға қолдау көрсетіңіз, түсіністік танытыңыз, көбірек көңіл бөліңіз, сенетіндігіңізді білдіріңіз.

Ұялшақ балаларды мынадан анықтауға болады. Өзін-өзі бағалау тестісін алғанда олар өзлерін төмен көрсетеді. Содан байқап, мұғалімдер жұмыс жасаулары керек.

Өзін-өзі бағалау – өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дұниесіне, басқа адамдардың ортасында өз орны т.б. бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам санасының құрамдас бөлігі. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Оқушыны сенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Адамның өзін-өзі төмен бағалауы мінез-құлықта күмәнданушылық, қызғану, іштарлық, көңілсіздік, ешкімге жоламау сияқты сипаттар арқылы көріністер табады. Ал өзін тым асыра бағалау адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, ашуланшақтық, мақтаншақтық сияқты мінез-құлықтарға апарып соғады. Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы орташа деңгейде болғаны анағұрлым жақсы.

1. Оқушының өзін-өзі бағалауын арнайы жағдаят арқылы анықтау

Мысалы, мұғалім бақылау жұмысы кезінде баланың дәптеріне қарап әдейі қате бар екенін айтты делік (ол жұмыста қате болмаса да).

Егер оқушы өзін жоғары бағалайтын болса, мұғалімге бірден жауап қайтарып, дәлелдей бастайды, сөз таластыруы да мүмкін, т.б. Ал өзін дұрыс бағалайтын оқушы мұндай кезде сабырлық сақтайды. Қатені көрсетпеуін сұрайды, өзі табуға тырысады. Егер бала өзін тым төмен бағалайтын болса, мұғалімнің айтқанымен бірден келісе кетеді, өз бетінше ойлау қабілетінен айырылады.

2. «Графикалық тест» баланың өзін-өзі бағалауын анықтайды

Мақсаты: белгілі уақытта жеке тұлғаның өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау. Жүргізілу барысы: Мына төмендегі 8 шеңбердің біреуін таңдап ішін бояңыз немесе белгі қойыңыз.

Интерпритациясы:

Алғашқы екі шеңбердің біреуін таңдаған бала өзін жоғары бағалайды.

Ең соңғы екі шеңбердің біреуін таңдаған бала өзін төмен бағалайды.

Ортасындағы төртеуінің біреуін таңдаған бала өзін адекватты немесе дәл бағалайды.

Бала жарық өмірге еш қорғансыз, дәрменсіз, періште қалыпта келеді. Оның өмірі мен денсаулығы, болашағы оның айналасындағы ересектерге тікелей байланысты. Махаббат пен ізгілік аясында есейген, ержеткен, өсіп-өнген бала кейін айналасына да көп жақсылық әкелмек. Ендеше, мұғалім мен баланың арасында шынайы адал сүйіспеншілік, рухани жақындастық, екі жақты өзара сыйласымдылық, сенім болған жағдайда бала өз көзқарасы мен ақыл-ой тұрғысында нық тұрып, болашақта елінің мықты тірегіне айналмағы сөзсіз.

Қазіргі заманда топта әрекет ету қабілеттілігі кәсіби жағынан қажетті және жеке қасиеттердің бірі болып табылады. Психологиялық ойындар мен жаттығулар ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған. Топ жетекшілері бұларды әр түрлі жағдайларда: топпен өтетін тренинг пен қарым-қатынас тренингтерін мектепте және мекемелерде өткізулеріне болады.

Бүгінгі таңда қарым-қатынастағы компетенттіліктің дамуы әлеуметтік-психологиялық тренинг аясында ойдағыдай шешілуде. Бұл әдістің ерекшелігі сонда, ол топтық сипатта болады, кіші зертханалық топтарда өткізіледі.

Қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген сенімділікті

арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар

Мақсаты: Ауызша сабақтар кезінде балаларда көбінесе қорқыныш пайда болады. Ұялшақ балаларда қорқыныш басым болады. Қорқынышы басым болса, баланың өз-өзіне сенімсіздігі жоғарылай түседі. Үрей мен сенімсіздікті сезінуі мүмкін екендігін елестетіңіз және оларға көмектесуге тырысыңыз.

1. «Ватмандағы саяхат»

Ойынға ватман мен бояулар керек. Бұл ойынды топпен немесе жеке балаңызбен ойнауға болады. Сіздің ұсынысыңыз: «Біз бүгін бірге ватманға саяхатқа шығамыз. әрқайсымыз кезекпен ватманға жақындап суреттер саламыз. Ойынның талабы қылқаламды немесе маркерді ватманнан үзбей сурет саламыз. Егер маркерді ватманнан үзсеңіз онда басқасы келіп, өз суретін сала бастайды. әр қасында 10 сек ғана бар. әртүрлі сызықтарды салуға, түрлі-түсті бояуларды қолдануға рұқсат.»

2. «Титаник»

«Балалар, сендар жұпқа бөлініп, кім А ал кім Б болады екенін анықтаңдар. Барлық А-лар үстел басын жақындап алдарына қағаз қолдарына қарындаш алып тұрады. Барлық Б-лар маған жақындайды мен олардың құлақтарына кез келген бір кинонын атын айтамын. Олар А-лардың арқаларына сол киноның суретін салады, ал А-лар сол суреттерді қағазға салып қай кино екенін тауып алу керек. Егер А-лар киноның атын тауып алса, дауыстамай

Б-лардың құлақтарына сыбырлай қояды. Содан кейін балалар орындарымен ауыстырылады.»

3. «Дұрыс бағыттағы қадам»

Сендер менің 30 сұрағыма жауап беруге тиіссіңдер, егер сендер дұрыс жауап берсеңдер, онда мен бір қадам алға жасаймын, ал егер қате жауап берсеңдер онда бір қадам артқа шегінемін. Мен есік маңынан бастаймын. Бүкіл бөлмені өтіп, қайта орныма оралуға тиіспін. Мен сендердің қолдарыңдағы пешка ретінде боламын. Соңында көрейік қай жерге келеді екенмін. Сұрақтар пәндерге немесе арақатынастыққа байланысты алуға болады (не ұнайды, не ұнамайды, қандай қиялын бар т.б.).

4. «Қандай кейіп?».

Мақсаты: Оқушылардың ұялшақтың сезімін төмендету.

Мұғалім ахуал тізімін таратып береді. Бір бала оқушылардың қандай кейіпте қатып тұрып қалғанын шешу керек. «Толқиды теңіз бір, толқиды теңіз екі, толқиды теңіз үш. Қуаныш фигурасы (ахуал тізімін қара), орныңда қатып тұрып қал». Ахуалдар тізімі: қуаныш, ыза, үрей, мейірім, қызығушылық, ұялшақтық, жетістік.

Осындай тренингтер өткізілсе, балалардың бойындағы ұялшақтық мінездері төмендеп, көп көмек болары анық. Ондай балалар мұғалімнің назарында үнемі болуы керек. Әр баланың дұрыс дамып, жетілуі сіздердің қолдарыңызда.

Мен осы баяндамамды шығыс данасы Абдул Баханың сөзімен аяқтағым келеді: Мұғалімнің еңбегі бағбан еңбегімен пара-пар, өйткені бағбан әртүрлі өсімдіктерді күтіп, баптайды. Кейбір өсімдіктер күн сәулесін сүйсе, кейбіреулері- салқын самал көлеңкені, кейбіреуі ағынды су жағасын, ал кейбірі тау шыңын сүйеді. Кей өсімдік құмдақты жерді, кейбірі құнарлы, шұрайлы жерлерді ұнатады. Әрқайсысы өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырылмайды.













































АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ГИМНАСТИКА



Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы Л - Р дыбысына дұрыс шығаруға көмектеседі.


«Пя-пя-пя»

Мақсаты: тілдің бұлшық еттерін босансытып, оны жалпақ күйде ұстауын үйрету.

    Қысқаша сипаттамасы: ауызды ашып, тілді төменгі ерінге қойып

«пя-пя-пя ...» деп айтқызу. Ауызды ашып тұрып тілді жалпақ күйінде бірден беске –онға дейін санап, ұстап тұру.

    Әдістемелік нұсқау.     1. Төменгі ерінді қайырып немесе астыңғы тістерді сыртына орналастырмауын қадағалау. 2. Тіл жалпақ, шеттері ауыз бұрыштарын тиіп тұрады.

3. Тілді ерінмен бірнеші рет ұру керек. Жаттығу жасау кезінде баланың дем шығаруын біркелкі болуын қадағалау қажет.


«Дәмді тосап»

    Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.

    Қысқаша сипаттамасы: Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап, ауыз қуысына кіргізу.

    Әдістемелік нұсқау.1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере.2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет.Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.


«Параход»

    Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағынның қимыл-қозғалысын жетілдіру.

    Қысқаша сипаттамасы: ауызды кішкене ашып    ы дыбысын ұзақ айту.

    Әдістемелік нұсқау.1. Тілдің ұшы төмен және ауыз құысында терең орналасуы керек, ал тіл арқасы таңдайға қара көтеріңкі болуы керек.


«Күркетауық»

        Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағының қимыл-қозғалысын жетілдіру

       Қысқаша сипаттамасы: Ауызды аздап 

ашып, тілді жлғарғы ерінге,қойып тілдің жалпақ ұшын алға-артқа жылжытту керек.Тілді еріннен ажыратпау керек- ерінді сипағандай.Алғашқыда тіл қимылы баяу, содан кейін жылдамдатып, дауыс қосылады.

       Әдістемелік нұсқау.1. Тілдің жалпақ, қимылы артқа-алға болуын қадағалау керек.2.Тілмен жоғары ерінді «жала» керек.


«Әткеншек»

    Мақсаты: тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру.

    Қысқаша сипаттамасы: Жымиіп, тістерін көрсетіп, аузын ашып, жалпақ тілді астынғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек.

Осылай тілдің қалпын 4-6 рет өзгерітіп, жаттығуды қайталау керек.

    Осылай тілдің қалпын кезекпен 4-6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау керек.

    Әдістемелік нұсқау. 1. Жаттығуды орындаған кезде тек тіл қимылдау керек, ерін мен жақтың қозғалмауын қадағалау керек.












































Музыкалық орта баланың шығармашылық дамуының құралы.




Біздің ғасыр тұлғадан өте көп шығармашылық, ізденушілік, танымдылық талап етеді.

Тек қана музыка мен қимыл баланың шығармашылық ойына, өзін өзі тануына үлкен көмек тигізеді. Бала шығармашылық тану барысында қуанышқа бөлінеді, өз жұмысына қанағаттанады.

Ән мен би баланы тәрбиелеуге көмектеседі, оның әлемді тануына. Ән мен би баланың шығармашылық, көркем стилін ғана дамытып қоймай, баланың өмірге, адамзатқа, табиғатқа деген махаббатын оятады, оның ішкі дүниесін қалыптастырады.

Атақты педагогтар Л.С.Выготский және Н.А.Ветлугина балаларды жас кезінен шығармашылық тапсырмалар орындауға ояту қажеттігін түсіндіреді.

Баланы ән айтуға, музыкамен шұғылдануға қашан баулау қажет?

Бұндай сабақтар жасқа қарамайды. Әрдайым баланың дамуына арналған қызықты ойындар табуға болады.

Баланың өмірінің бірінші айынан бастап дыбыстарды естігенде, музыкаға ықпал ететіні дәлелденген. Бала өз эмоцияларын көрсетеді, күліп, ең жеңіл әндерді мұқият тындайды. Бала әнді естігенде, сол дыбысқа еліктеп гуілдеп дыбыс шығаратыны бәрімізге мәлім. Бала ана жатырында жатқанда әдемі мелодия тыңдауы пайдалы. Бала ой-сезімінде осы ән ырғағын сақтайды. 

Ең кішкентай балалармен жұмыс жасағанда мультиктердегі әнді қосып, еліктіруге болады. Музыканың арқасында баланың ойлау қабілетін, фантазиясын, тіл дамуын, есте сақтау дағдыларын қалыптастыруға болады. Шағын әндерді жаттап, баланың есте сақтау және музыкалық дағдыларын қалыптастырасыз.

Қазыр өте көп музыкалық үйірмелер ашылуда. Бірі баланың музыкаға деген қызығушылығын оятады, ал бірі музыкалық аспаптармен таныстырады. Мысалға үйде де музыка қосып, баланың эмоционалдық шаршауын түсіруге, көңіл күйін көтеруге болады. Үйірмені баланың жасына, қызығушылықтарына байланысты таңдау сіздің шешіміңіз болып табылады. Баланың балабақшадағы музыкамен шұғылдануы, оның ертеңгі музыкаға деген қызығушылығын арттырады. Балабақшада топпен жұмыс өткізіледі, ал егер кәсіптік әнмен шұғылдансын десеңіз, онда жеке дара жұмыс жасау керек. Музыкалық мектептер алты жастан бастап балаларды алады. Дұрысы баланы мектепке барғаннан соң, оның әбден мектепке үйренген кезде берген дұрыс.

Музыка баланың жан-жақты дамуына әсер етеді, оның өмірге деген, өнер туындыларына деген көз қарасын өзгертеді. Музыкамен шұғылданудың басты қадамдары балалық шақта жатыр. Баланың жастайынан музыкамен шұғылданғаны зая кетпейді.

Демалу туралы




Сөз дыбысы құрылуының қайнар көзі – мұрын, ауыз қуысы немесе тамақпен жұтқыншақ   арқылыөкпеден шығатын жіңішке ағыс болып табылады.

         Интонация бейнелілік пен сөздің бірқалпын, екпінді ашық сақталуы сөздің қаттылығын бір қалыпты сүйеніші үшін шарттарын жасайды да, дұрыс сөйлеу демалысы бір қалыпты дыбыс шығуын қамтамасыз етеді.

         Сөйлеу демінің бұзулуы әр-түрлі жүрек тамырлары ауруларының ортақ әлсiрегендiк салдарынан болуы мүмкін.

Ауаның жұтуы мен шығуы әлсіз болған сәбилер, ақырын сөйлейді де, ұзын салалы сөздердің ауыздан шығуы қиын болады.Ауаның тиімсіз шығуынан сөйлеудің бірқалпы бұзылады, сондықтан балалар салалы сөздің ортасында қосымша ауаны жұтуға мәжбүр болады.  Жиі сондай балалар сөздерді ақырына дейін айтпай, салалы сөздің аяғында оларды ақырын айтылуы сирек кездеседі. Анда-санда ұзын салалы сөзді аяқтау үшін, олар ауаны жұтып сөйлеуге мәжбүр болады, сондықтан сөйлеулері тұншығып ашық емес, сіңір тартылуменболады.Кеспелтек ауа шығуы логикалық екпіндерді сақтамай, салалы сөздерді шапшаңдықпен айтуға мәжбүр етеді.















Егер бала қолын сорса





Бала тырнағын тістелесе? Бала қаламды ылғи аузына тартса? Бұл жерде инстинкті тәртіптің тұңғиық механизмі жатыр деп ғалымдар айтады. Біз баланы тырнағын тістеп, мұрнын шұқуға үйретпедік қой, солай ма? Жоқ, үйретпедік. Ендіше, бұл табиғатпен салынған тәрбие моделі. Маймылдың мұрнын шұқып, тырнағын тістеп, салбыраған жүнін жұлып өзін қалпына келтіреді, дәл сол сияқты бала да көне стереотип жетегінде.

Маймылдың миында өзін өзі күткен кезінде сүйсінушілік алғызатын арнайы механизм бар. Және бала да өзінің көне инстинктивтік әрекетінен жағымды эмоциялар алады. Ендіше, бала тырнағын тістемеу үшін (қалай болса да ол маймыл емес және өзін басқалай да қалпына келтіре алады), бұл әрекет баланың өміріндегі жалғыз сүйсінушілік алғызатын әрекет болмау керек.

Ғалымдардың айтуы бойынша мұндай балаларға қуаныш, қорғаныш, дербестік жетіспейді. Ал дене – бұл қуаныш, әр қашан қасыңнан табылатын. Міне осылай бала өзін өзі ермек қылады, қолын сорып, мұрнын шұқып, орындықта шайқалып қайда барса да осындай әрекеттер жасап, басқаға көңіл бөлмейді.





















Қиын бала қайдан шығады?


Тәрбие, тәрбие десек те, кешегі дүние есігін “іңгәлап” ашқан сәбимізден, бал тілді баламыздан өсе келе тілазар, тентек, еркетотай, сондай – ақ жасық, қыңыр ұстаздар тілімен айтқанда “қиын” бала қайдан шығады деп таң қаламыз. Бұл мәселе жөнінде өмірде кездесіп жүрген жәйттерден мысалдар келтіре отырып ой толғауды жөн көрдік.

Баланың қылығы, әдеті, іс - әрекеті әр үйелменнің айнасындай. Бала көргенін қайталайды, яғни үйдегі тәрбие баланың әдетіне өз таңбасын салып отырады. Мысалы, баланың тоңмойын, қыңырлығы уйелмендегі тым қаталдық, мейірімсіздіктің ізі болса, тәкаппарлық мінез баланы шектен тыс еркелетіп, шолжаңдатудың нәтижесі емей немене? Оған ата – ана тарапынан бақылаусыздық қосылғанда баланың тәртіпсіз, “қиын” атануы оп – оңай.

Еркелетудудің де жөні бар. Кейбір ата – ана “немеремнің алды, кенжем немесе тұлабойы тұнғышым еді” деп баланың айтқанының бәрін орындап, шектен тыс еркелетіп жібереді. Шектен тыс еркелеп өскен бала ешкімнің айтқанына көнбейд”, ата – анасының өзін тыңдамайды, еңбекке мойыны жар бермейді, тіпті сабаққа онша құлқы соқпайды. Ондай бала тек өз ойының ғана іске асуын көздеп, біртіндеп өзімшіл, өркөкірек болып өседі. Мұндай жақсы көрудің өзі баланың дұрыс тәрбиеленуіне зиянын келтіреді. Бұл кейін баланы да, тәрбиелеген ата – анасын да әртүрлі әбігерге салады.

Кейбір ата – ана баланы әлі жас қой, есі кіргенде өзі жөнделіп алады ғой деп тәрбиені кейінге қалдырады. Сөйтіп жүріп баланы еркіне жіберіп, уысынан шығарыпалғанын байқамай қалады. Мұндай жағдайда ата- ана бала өзіне - өзі келіп, тәрбие ырқына көнбей бара жатқанда ғана өкінеді.

Барлап қарасақ, тіпті жөргектегі сәбидің өзіне де тәрбие керек екен. Уақтысымен тамақтандырып, уақтысымен ұйықтатылған нәресте сол мерзімге дағдыланады да, мезгілсіз жыламайтын болады. Ал, керісінше, үнемі көтеріп жүрсе бала қолдан тастамай көтеруді талап етіп шырылдайтынды шығарады.

“Тәй ” деген тыю естімей, бетімен кеткен бала көбіне өзімшіл өркөкірек, үлкенді ата – ананы сыйламайтын тілазар, әлі келгенді жәбірлеуге бейім тұратын содыр, жан қинап еңбек ету орнына оңай олжа табуды артық көретін арамтамақ болып өсетіні жөнінде өмірде кездесіп жүрген осындай мысалдалдар аз емес.

Бұл айтылғандардан әсте “баланы еркелетпеу керек” деген ұғым тумайды. Баланы жақсы көру, еркелету де әкелік, аналық мейірімге тән табиғи мінез. Бірақ еркелету деген баланың ыңғайымен жүру, қисық – қыңырына да көне беру деген сөз емес. Жақсы тәрбиенің әліппесі – баланы әрбір шалыс, ағат қадамнан оң жолға, өнегелі жолға бұрып отыру болса керек. 



Егер тұмау тисе...

Қазір халықтың көпшілігі тұмаумен жиі ауырады. Алайда адамдар арасында өзін жайсыз сезініп, түшкіріп жүрсе де, оған мән бермейтіндер бар.

«Елемеген ауру жаман, ескермеген дау жаман» демекші, осындай салғырттықтың салдарынан түрлі ауруға душар болып жататындар да аз емес. Сол үшін бүгінгі айдарымызда оқырмандарға тұмауға қарсы жалпы профилактикалық шараларды ұсынғанды жөн көрдік.

1. Аурушаң көрінетін адамдармен, сондай-ақ, температурасы жоғары және жөтелі бар адамдармен жақын қарым-қатынас жасаудан аулақ болыңыз.

2. Қолдарыңызды сабынмен мұқият әрі жиі жуып тұрыңыз.

3. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз және тиісті мөлшерде ұйықтаңыз, тағам ретінде нәрлі азық-түлікті пайдаланыңыз, сонымен бірге үнемі дене белсенділігін қамтамасыз етіп отырыңыз.

4. Егер үйде науқас адам болса, оған бөлек бөлмені беруге тырысыңыз. Ал бұл мүмкін болмаса, оның басқа адамдардан кем дегенде бір метр қашықтықта отыруын қадағалаңыз. Науқасқа күтім жасау барысында аузыңызды және мұрныңызды жауып жүріңіз. Оған таза ауа ағынының жақсы жеткізілуін қамтамасыз етіңіз. Далада таза жел соғып тұрған кезде есік-терезелерді ашып, бөлмені желдетіңіз.

5. Қолда бар тұрмыстық жуғыш заттарды және тазартқыш заттарды пайдалану арқылы бөлмедегі тазалықты сақтап отырыңыз.

6. Өзіңіздің бойыңызда сырқаттың нышандарын сезінген сәтте, температураңыз жоғары немесе жөтеліп, тамағыңыз ауырған жағдайда үйден шықпаңыз. Мүмкіндігінше жұмысқа, мектепке, я болмаса халық көп жиналатын орындарға бармаңыз. Тынығыңыз, көп мөлшерде сұйықтық ішіңіз.

7. Жөтелген кезде және түшкірген сәтте аузыңызды, мұрныңызды бір рет қана қолданылатын қолорамалмен жауып тұрыңыз, бұдан соң оны тиісті жолмен лақтырып тастаңыз.

8. Отбасыңыздың мүшелерін және жолдастарыңыздыө зіңіздің ауруыңыз туралы хабардар етіңіз және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауды қажет ететін үй шаруашылығы жұмыстарына байланысты олардан көмек сұраңыз.

9. Егер сізге дәрігерлік көмек қажет болған жағдайда өзіңіздің дәрігеріңізбен не болмаса, медициналық қызмет көрсететін тұлғамен оған бармас бұрын хабарласыңыз да, өзіңіздің бойыңыздағы сырқаттың нышандарын айтып беріңіз.

«Отбасындағы бала тәрбиесі»


 

   Сіздің балаңыз – сіздің болашағыңыз. Сіз өз жалғасыңыздың үлгілі болғанын қалайсыз. Ол үшін бала тәрбиесіндегі қажетті негізгі қағидаларды ұсынып отырмыз:


1.     Балаға деген махаббатыңызда шексіздіктен сақ болыңыз. Бала отбасы мүшесі болу керек. Ата – ана балаға деген махаббатында өздерін құрбан ететін болса, бала өзімшіл, өзіндік бағасы жоғары және махаббатқа қатыгездікпен жауап береді, ата –аналарға, адамдарға немқұрайлықпен қарайды. Бір жағынан алып қарағанда, балаға немқұрайлылықпен қарағанның кесірі болмауы да мүмкін.

Отбасының басты қағидасы – бәрі әр отбасы мүшелерін, ал әрқайсысы барлық отбасына қамқор болады. Сіздің балаңыз осы қағиданы жадында сақтау керек.  Кішкентай кезінен бастап үй ішінде нақты бір жұмысты атқаруға үйретіңіз. 

2. Тәрбиелеудің басты құралы – ата – аналардың тәртібі, үлгісі. Баланы дамыту – оның өздігінен жұмыс жасай алуын дамыту. Білік, дағдыны қалыптастыруда көмектесіп, бірақ ол үшін ол істеу керек және істей алатын нәрселерді істемеңіз.  Егерде ол дұрыс істей алмаса, онда тұрған ештеңе жоқ, ол қателесу және жол болмау арқылы тәжірибе жинайды.

3. Бала тәртібі негізі – ол оның әдеті. Оның жақсы, мейірімді әдеттерге жақын болуын қадағалаңыз. Ең маңызды әдеттердің бірі – күн тәртібі. Баламен бірге күн тәртібін жасап, оның сақталуын қадағалаңыз.  Баланы жақсы мен жаманды ажырата алуға үйретіңіз, темекі, ішімдік, наша, бетімен жүру, өтірік жаман, қауіпті екенін түсіндіріңіз. Оны өз үйін, отбасын, мектебін, жақсы адамдарды, туған өлкені жақсы көруге үйретіңіз.

4. Бала тәрбиесінде ата – аналардың талабы және бір – біріне қарсы келуі қауіпті. Алдымен өзара келісу керек.

5. Отбасында жылулық және жайлы атмосфера болуы керек, ешкім ешкімге айғайламау керек, кемшіліктер айғайсыз, тыныш талқылануы керек.

6. Өз қауіптенуіңізбен оның намысына тимеңіз, оған сенімділікпен қараңыз.

7. Бала денсаулығына мұқият қараңыз. Өздігінен өз денсаулығын қадағалауға үйреніңіз.

8. Отбасы- ол үй және әр үй жөндеуді талап етеді. Сондықтан да уақыт өте келе жөндеу жасау керек екенін ұмытпаңыз.Отбасы үйі жаңартуды талап етіп түрғанын уақыт өте келе тексеріп отырыңыз.

 

Бала тәрбиесінде тек қана ата – аналардың  тәжірибесі мен  білгенінен емес, сонымен қатар олардың сезімталдығына  және алғырлығына да байланысты.

 

 

Ата – аналар, сіздерге бала тәрбиесінде сәттілік тілейміз!



Ата аналардың назарына Тұмау ауруы туралы

Бүлдіршін жастағы балалар арасында тұмау және ЖРВИ алдын алу


 Ата аналардың назарына.Тұмау ауруы күзгі қолайсыз ауа райы мен қысқы салқынның ажырамас бөлігі іспетті. Осы кезеңде адамдарда тұмаурату мен жөтел, жалпы әлсіздік пен қызудың көтерілуі байқалады. Тұмау және басқа ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) несімен қауіпті? Тұмау және басқа да ЖРВИ жоғарғы тыныс жолдары, жүйке жүйесі, құлақ және жоғарғы тыныс органдарының зақымдануымен қауіпті. Асқынулар 1 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі, себебі олардың иммунитеті әлі де жетілмеген және жүйке жүйесі толық қалыптаспаған. Тұмау және басқа ЖРВИ сырқаттану балалар арасында ересек адамдарға қарағанда жыл сайын 4-5 есе жоғары болады. Соның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар арасында тұмау және ЖРВИ ауыр ағымда өтіп, асқынулар туындауы мүмкін.

Респираторлы ауруларға шалдығу мүмкіндігі мектепке дейінгі балалар мекемесіне және мектепке баратын балалар арасында жоғары, себебі үлкен ұжымдарда инфекция тез таралады.

Тұмау және ЖРВИ алдын алу: баланы вирустан қалай сақтауға болады?

·        Вакцинация. Жылына бір рет, күз айларында, барлық жанұя мүшелерінің тұмауға қарсы вакцина алуына кеңес беріледі. Жыл сайын біздің облысымызда ақысыз түрде тұрғындардың неғұрлым әлсіз топ өкілдері: балалар үйінің, сәбилер үйінің тәрбиеленушілері, мектеп – интернат оқушылары, қарттар үйіндегі адамдар, медқызметкерлер егіледі. Сонымен қатар осы жылдың қазан айынан бастап қаланың барлық емханаларында ақылы түрде тұрғындарға вакцинация жасалады;

·        Тұмауға қарсы витаминдік профилактика балалар мен ересек адамдардың респираторлық вирустарды жұқтыруына тосқауыл болады. Респираторлық вирустарға қарсы тұруға жеке бас тазалығын сақтау және белсенді салауатты өмір салты көмектеседі, соның ішінде: • Жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаты және тері жамылғысының тазалығы (тамақты шаю, мұрын қуысын шаю, қолды жиі сабындап жуу және тұрақты шомылу шаралары); • Үйдің тазалығын сақтау – қоршаған орта әсерінен тұмау вирусы тез жойылады (тұрақты түрде бөлмелерді желдету және ылғалды тазарту, бөлме температурасын 20-24С және ылғалдылықты 30-35% аралығында ұстау);

·        Көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;

·        Дене шынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтыру. Егер бала сырқаттанса — не істеу керек? Ең бастысы - үйде қалыңыз. Осылайша сіз балаңызды аурудың асқынуынан сақтайсыз. Мұрын қуысына “Оксолин” майын жағыңыз — ол вирустың таралуына тосқауыл болады. Оны науқас та, сырқаттанбаған адам да пайдалануға болады. Баланы үй жағдайында өзіңіз емдемеңіз – бұл оның денсаулығы мен өміріне қауіпті. Дәрігер шақыртыңыз – себебі тек білікті маман ғана дұрыс диагноз қойып, ем-шара тағайындай алады.


Тәрбиешінің   балалармен жұмыс жүргізуіндегі денсаулық сақтау технологиялары.

 


   Денсаулық кепілі дене шынықтыру жаттығуларының жүйелі сабақтарымен ғана дамиды. Мектепке дейінгі жаста адамның денсаулығының өмір бойы қалыптасуы орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Осы жас аралығында баланың өзіндік қасиеттері, сабаққа қызығушылығы және баланың қабілеттері ашыла бастайды.   

   Кіші мектепке дейінгі жас топтарында әртүрлі сауықтыру іс-шаралары ұйымдастырылуы арқылы біз өзіміздің дене шынықтыру - сауықтыру және профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде дамытып келеміз. Баланың денсаулығын нығайтуда біздің балабақшада: дене шынықтыру залы, дене шынықтыруға қажетті жабдықтар бар. Топтарда өзіндік массажға әртүрлі денсаулық жолдары, спорттық жабдықтар, ойынға арналған көрнекіліктер, жаттығу картотекасы және ойын массажының картотекасы бар. Денсаулықты нығайтуда жүйелі технологиялар баламен жұмыста дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларымен болады. Ауруларды алдын-алу   жұмыстарында біз ұйқыдан соң сауықтыру жаттығуларын, тыныс алу жаттығуларын өткіземіз. Жас ерекшелігіне байланысты жаттығу түрлерінің кешені ойластырылды және олар күрделі түрде топтастырылды. Шынықтыру жаттығуларын өткізбес бұрын, олардың жас ерекшеліктері мен дене дамуы ескеріледі.

   Сауықтыру іс-шараларында бір қалыпта сөйлеу ырғағы, мәнерлеп, дауыс ырғағын қойып оқу және дауыс аппаратын қабылдауды дамытуда жұмыс істелінеді. Сондықтан денсаулықты нығайту технологиясы жауапкершілікпен, жаттығулар мен денсаулық жолдарының жаттығулары (өлең шумақтарын, үзінділері, бала әндеріне) қаралды.

   Бұл ойын әдістер арқылы әр түрлі дыбыстарды қолданып жоғары дауыспен және төмен дауыспен баланың зейінін дамытуда қолданамыз. Баланың дыбыстық сөйлеу жағынын қалыптасуы, дауыс ырғағын дұрыс қоя білуіне, яғни лексика, грамматиканы игеруде үлкен маңызды рөл атқарады.

   Мектепке дейінгі балалардың жасында дене шынықтырудың қалыптасуы оқу-тәрбие үрдісінде қоршаған ортаны танып білуде, жолдастарына және өзіне деген оң көзқарастық орнатады.

   Дене шынықтыруды нығайтуды оқыту технологиясы баланың жинақтылығын, зейінін, ойлау белсенділігін және есте сақтау қабілетін қажет етеді.

   Дене шынықтыруды нығайту үрдісінде оқушылардың ойлау қабілеттерін, рухани эстетикалық талғамдарын, өз денсаулығын, алға қойған мақсаттарын, ұйымдастырушылық және ақкөңілдік қасиеттері қалыптасады. Балалардың барлығы тәрбие үрдісінде денсаулықтарын нығайтуға және жеке жан-жақты дамуына үлесін қосады. 

Сымбатты түзету жаттығулары


Алты жаста тірек – қозғалыс аппараты қалыптасуын жалғастырады. Бұл үрдістің нәтижесі сымбат болып табылады. Мүсін -  бұл адамның өсу және даму барысындағы қалыпты жағдай, ол дененің қозғалысты және қозғалыссыз жағдайында еріксіз жүзеге асады. Әсіресе омыртқа жотасын ұстауда маңызды арқаның ұсақ бұлшық еттері дамуы әлсіздеу. Сондықтан   сабақ кезіндегі дене қалпы дұрыс   болмауы тірек – қимыл аппаратының бұзылуына әкеледі.гигиеналық норманы сақтамау, денені ұстау қалпы, дене жүктемелерінің   жасына сай болмауы, мүсіннің бұзылуына әкеп соқтырады. Олар мойын омыртқасы, бел және кеуде омыртқасы майысуының шектен тыс немесе болмауы арқылы көруге болады.  Байыпты ауытқушылық сколиоз, онда омыртқаның майысуы жылжып кетуімен, қисаюы және омыртқа деформациялануымен қатар келеді.

          Мүсіннің кемшілігін емдегеннен гөрі ескерткен жеңілдірек болады.  Мүсін бұзылуының алдын алу екі бағытта жүзеге асады -  гигеналық жағдайды жасау оңтайлы және тәрбие жұмысын жүргізген дұрыс болады.

1 – 10 –ға дейінгі жаттығу түрегеп тұру арқылы жүзеге асады:

1. Жүру

а) бір орында;

б) аяқтың ұшымен, қолды жоғары көтеру;

в) өкшелеп жүру, қол мойында.

 Біз мүсінді тексердік

Жауырынды айқастырдық.

Аяқ ұшымен жүреміз,

Өкшемізбен жүреміз.


2. Мысық

Күннің көзі тиді мысыққа,

Мысық тәтті тартылды.


3. Өзін – өзі түзету

Сапқа тұру. Бір- солға қарау, екі – оңға қарау. Түзелу.

Тура қарау, тереңінен, дұрыс демалу.

Солға қарау, оңға қарау.

Арқамыз түзу,

Ал мүсініміз – жоғарғы!


4. Шыршалар

«Шырша» -  аяқтың ұшымен, қолды жоғары көтеру.

«Шыршалар»- қолымыз екі жақта, табанымыз еденге тиеді.

«Шыршатайлар» - отыру, қолды алға созу.

Арқамызға назар аударамыз, арқамыз түзу.

Орманда үш  сөре бар.

Шырша- шыршалар- шыршатай

Шыршаларда -аспан,

Шыршада -құс үні

Шырша түбі – шық.


5. Шегірткелер

Арқамыз түзу, қолымыз белімізде.

Иығымызды түзейік,

Шегірткеше секіріп!

Прыг –скок, прыг –скок!

Отырамыз шөп жейміз,

Тыныштықты тыңдаймыз.

Биік, биік, биік!

Секірей жеңіл біз

Аяғымыздың ұшымен!


6.  Көкқұтан

Арқамыз түзу, қолымыз белімізде. Балалар ырғақты түрде тізеге дейін аяқтарын жиырып бірде оң аяғын, бірде сол аяғын көтереді, ырғақты түрде түсіреді.

Арқамызды бақылаймыз.

-Аяғы ұзын көкқұтан,

Жол көрсетіп ұпай ұтқан.

Көкқұтан жауап береді:

-   Оң аяқпен басамыз,

     Сол аяқпен басамыз,

    Тағы да оң аяқпен

     Тағы да сол аяқпен

      Тағы да бір оң аяқпен

      Тағы да бір сол аяқпен

      Енді келдің үйіңе.


7. Қысқы жаттығулар

Дене және қол қалпын бақылаймыз.

Мықты, епті болу үшін,

Жаттығуға кірісеміз.

Дем аламыз мұрынмен,

Шығарамыз ауызбен

Дем аламыз терең

Орында жасап қадам

Ауа қандай тамаша!

Көбік қардан қорықпай

Қағып алып қол соқты – ау

Тігіспенен қол кетті

                Бәрімізге қар жетті.

             Біз енді серпуші

            Дұшпан бізден қашып кетті.

             Қолыңменен лақтыр

            Нысананы таптыр.

 

8. Қаздар қаңқылдайды

Бастапқы қалып (б. Қ.)- аяқ жеке, қол  арқамызда.

1-     Алға қарай еңкейіп, басымызды көтеріп, «ш-ш-ш» деп айту.

2-    Б.қ.

3-    Тағы да еңкею, қол жанымызда- артқа.

4-    Б.қ.

Жаттығуды 5 рет қайталау.


9. Бұрылып қарау

Б.қ. – аяғымызды сәл жылжыту, қолымыз басымызда.

1 – 2- оңға бұрылу, оң қолымызбен сол жақ табанымызға тигізіп, «хлоп» деп айту.

3-4- б.қ.

Басқа жаққа қарап 4 рет қайталау.


10. Тепе – теңдік

Мұғалім балаларға өздерінің мүсіндерін бақылауды ұсынады. Жаттығу отырып та, тұрып та жасалынады.

Бала түзу отырады, иығын түзейді, басына дәптер немесе кітап қояды. Затты басында құлатпай ұстап тұру арқылы онға дейін санайды.



11 . Кетіп бара жатырмыз

Жаттығу отырып жасалады. Арқамыз орындық арқалығына тиіп тұрады.  Қолдары арқылы балалар кетіп бара жатқан көліктерін бейнелеп көрсетеді.

Атпен бардық,

Бұрышқа жеттік.

Машинаға отырып

Жанармайды құйып

Өзенге жеттік.

Трр! Тоқта! Айналым!

Өзенде – кеме.

Кемемен келдік

Тауға тірелдік.

Кеме жүрмейді,

Ұшақ керек

Ұшақ ұшады,

Мотор гуілдейді: «у-у-у!»

























http://goo.kz/blog/viewall?page=79











КҮН АЯЗ БОЛҒАНДА АТА-АНАНЫҢ ЖЕТІ ҚАТЕЛІГІ

 

1.  Көбісі баланы жылырақ киіндіру керек деп ойлайды.

Қымтап киіндіре берген бала өкінішке орай жиі ауырады. Қозғалыс өздігінен денені қыздырады, баланы «қырық қабат» киіндіру артық болады. Ағзада жылу алмасу бұзылады, нәтижесінде ол ысиды. Сол кезде болмашы желден салқын тиіп қалады.


2.Көпшіліктің ойы: жылыны сақтау үшін киім денеде тығыз тұру керек.

Суықтан қорғанудың ең сенімді жолы – ауа. Төмен температурадан сақтану үшін, дене айналасында кеңістік болғаны дұрыс екен. Ол үшін жылы, бірақ мүмкіндігінше кең киім болу керек. Ал аяқ киімнің ішінде бас бармақ еркін қозғалатындай болғаны жөн.


3.Көпшіліктің ойы: егер бала тоңса ол міндетті түрде айтады.

Бала терісінің астындағы майлы қабат өте аз, термореттегіш жүйесі толық қалыптаспаған. Бала әсерді тез байқамауы мүмкін. Баланы бесік-арбада немесе шанада ұзақ уақыт алып жүрмеңіз. Ол қозғалыста емес – ол аяз құшағында жатыр.

4.Көпшіліктің ойы: қыс уақытында бір сағат серуен жеткілікті.


Бұл мәселеде қатаң тәртіп жоқ. Барлығы баланың шыныққандығына және дала температурасына байланысты. Қысқы уақыттағы ауа қаупі – жоғары ылғалдылық және жел. Егер серуенге шығар алдында баланы жақсылап тамақтандырса балалар суыққа шыдамды болады – көмірсу мен майға бай тамақ ерекше жылу береді.

5.Көпшіліктің ойы: егер бала тоңып қалса, онда баланы тезірек жылыту керек.


Жылыту керек бірақ жедел түрде емес. Мысалы, егер баланың тоңып қалған саусақтарын батареяға қойса немесе ыстық судың астына тосса – қиын жағдайға тап боласыздар. Екі түрлі температураның жедел араласуынан дененің қатты тоңған жерлері ауруы мүмкін немесе одан да жаман, жүрек жұмысы нашарлауы мүмкін. Ең дұрысы, баланы жылы, құрғақ киіндіріңіз, жамылғы жабыңыз, жылы суға шомылдырыңыз.


6.Көпшіліктің ойы: салқын тиген бала серуенге шықпауы тиіс.

Егер баланың температурасы жоғары болмаса, серуенге міндетті түрде шығу керек. Науқас баланы апта бойы пәтерде ұстап отыру үлкен қателік. Мүмкін өзіңіз байқаған да боларсыз таза ауада тыныс алуы жеңілдейді, мұрын тазаланады, терең демалуы жақсарады. Егер аздап аяз болса да кедергі емес. Баланың аузымен тыныс алмауын және терлемеуін қадағалаңыз, салқын жел тиіп қалмасын, өте көп қимылдауға жол бермеңіз.


7.Көпшіліктің ойы: баланың құлағы тоңғаны өте қиын.

Балаға жеңіл-желпі салқын тигенде мұрын жолдары арқылы сұйық өзімен бірге инфекцияны бірге алып мұрыннан оңай ағып кетеді. Осының салдарынан жиі құлақ ауруы да болады, ол құлақтың тоңғанынан емес. Баланың мойынын және желке тұсын жабуға тырысыңыз – дәл осы жерлер жылуды тез жоғалтады.





БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЛАНЫҢ КИІМІ

 

1.Бала балабақшаға таза киіммен келеді.


2.Топта баланың ауыстыратын аяқ киімі болу керек (еденде із қалдыратын қара табанды аяқ киімдер кигізбеуге тырысу қажет)


3.Балабақшада баланың киімдерін сақтайтын арнайы орын бар, оны ата-анасы ретке келтіріп отырады.


4.Балабақшада әрбір балада өзінің жеке тарағы және таза қол орамалы болуы тиіс.


5.Дене шынықтыруға қатысу үшін баланың арнайы дене шынықтыру киімі болуы керек, ол топ тәрбиешісі және басқа ата-аналармен келісіледі. Даладағы дене шынықтыру сабағы үшін бөлек арнайы киімдер болуы керек.


6.Далада серуенге шығу үшін баланың белсенді қозғалысына кедергі болмайтын киімдер болуы керек және ол тез кептіруге болатын, кір көтеретін болғаны жөн.


7.Балалардың киіміне ата-ананың қалауы бойынша жоғалып кетпеуі үшін немесе басқа балалардың киімімен ауысып кетпеуі үшін белгілер қоюға болады.


8.Киім мен аяқ киім ауа райына сәйкес болуы тиіс.


9.Қыста және ылғалды ауа райында баланың қосымша құрғақ қолғабы мен киімдері болғаны дұрыс.

 

10.Баланың киім салғышында міндетті түрде ауыстыру үшін қосымша құрғақ киімдер жинағы болуы тиіс.






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Бала т?рбиесі - орта? міндет" ата-аналар?а арнал?ан ке?естер

Автор: Есекенова Батагоз Амамбаевна

Дата: 26.01.2016

Номер свидетельства: 283406


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства