kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Бала т?рбиесіндегі ата-ана мен мектепті? ат?аратын р?лі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала т?рбиесіндегі ата-ана мен мектепті? ат?аратын р?лі

?о?амымызды? ілгері дамуыны? ?зі ?ылым мен білімге тікелей байланысты. Елбасы Н?рс?лтан Назарбаев білім мен ?ылым ?ызметкерлеріні? екінші съезінде «Болаша?та е?бек етіп ?мір с?ретіндер – б?гінгі мектеп о?ушылары. М??алім оларды ?алай т?рбиелесе, ?аза?стан сол де?гейде болады. Сонды?тан ж?ктелген міндет ?те ауыр», - деген болатын. Осы ?ылым-білімні? негізін тере?дету н?тижесінде ?ана еліміз ?зіні? елдігін бас?а елдер алдында к?рсете алады.
«?рбір ?лтты? баласы ?з ?лтыны? арасында ?з ?лты ?шін ?ызмет ?ылатын бол?анды?тан, т?рбиеші баланы сол ?лт т?рбиесімен т?рбие ?ылу?а міндетті»,- дейді Ма?жан Ж?мабаев. Сонда сол халы?ты? ?аны мен жанын, рухын бойына сі?іреді.
Еліміз егемендігін алып, т?уелсіздік туы биікке к?терілген ?азіргі кезе?де б?гінгі ?рпа?ты? ?о?амымызда?ы жа?ару процесін ж?зеге асыруда?ы ж?ргізген ж?мысы ?шан те?із. Жеке ел болып дербес даму жолына т?скен осы бастамамызды баянды етіп, ны?айта т?суде жеткіншектерге ж?ктелер міндет те ерекше ?лкен. Ал е?се тіктеген ?аза?стандай жас мемлекет ?шін б?л міндет ау?ымдала т?спек. ?йткені Отанымызды?, ?о?амымызды? келешектегі шын жанашыры да, ар?а с?йері де осынау жас ?рпа? арасынан шы?па?. Демек, оларды лайы?ты ізбасар етіп дайындау, т?рбиелеп шы?ару ?шін білім ордаларында?ы білім, т?рбие ж?мыстарын к?шейтіп, ?лтты? ?ла?аттылы??а баулып ?сіру міндеті алда т?р.
Адамзатты т?рбиелеу ?те ?за? ж?не к?рделі процесс. Жеке басты? ?алыптасуы, оны? рухани жа?ынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбы? иілуге ?андай икем болса, бала да т?рбиені ?абылдау?а сондай бейім.
Со??ы жылдары жалпы білім беретін мектеп пен жалпы?а бірдей орта білім беру ісін дамыту, жа?арту проблемаларыны? ау?ымдылы?ы соншалы?, о?ан жас ?рпа??а білім беру саласында ж?рген азаматтармен ?атар, ?лт т?рбиесіне бей-жай ?арамайтын ?рбір адам ?з ?лесін ?осуда.
?зім ?ызмет ететін Ал?а ?аласында?ы «Жасты? жігер» мектептен тыс аула клубыны? о?ытушылар ?жымы жас жеткіншектерімізге тияна?ты білім, к?сіптік ба?дар, рухани, идеялы? т?рбие беруде, алда т?р?ан к?птеген проблемалар?а д?рыс шешім табуды ж?зеге асырып келеді.
Аула клубы 2009 жылы ??рылып, ?азіргі та?да шахмат, бейнелеу ?нері, ал?аш?ы конструкциялы? моделдеу, техникалы? конструкциялау, мерген-ат?ыш ?йірмелері бойынша 150 бала т?рбиеленіп жатыр.
?азіргі заман талабына сай о?у-т?рбие ж?мысыны? т?рлері, сонымен ?атар оларды ?ткізу іс-шаралары ?немі ?згеріп, жа?арып дамып отыр.
Б?гінгі к?нні? жас жеткіншектеріне тере? білім беріп ?ана ?оймай, рухани байлы?ын арттырып, оларды пысы?ты??а, шира?ты??а, т?рлі ?нерге, шеберлікке ?йрету ?ажет.
Осы орайда бізді? мекеме ?жымы ?ажымай, талмай е?бектеніп келеді.
Атап айтса?, «Жасты? жігер» аула клубыны? атына Наурыз мейрамына арнал?ан «Жастар шы?армашылы?ы - 2010» А?т?бе ?алалы? техникалы? шы?армашылы? орталы?ыны? к?рмесіне белсене ?атыс?аны ?шін ма?тау ?а?азымен марапатталды, «?лем ?а?аздан» атты космосты? жер серіктеріні? ?а?аздан жасал?ан макеттеріні? к?рмесінде «Жасты? жігер» аула клубы команда бойынша 1-ші д?режелі дипломмен марапатталды. Балалар к?ніне арнал?ан асфальт?а сурет салудан белсенділік таныт?аны ?шін , 2011 жылы «Жас?спірімдер шы?армашылы?ы-2011» облысты? к?рмесінде командалы? есеп бойынша ІІ д?режелі дипломмен марапатталды.
Т?уелсіздікті? 20 жылды?ына байланысты «Жасты? жігер» аула клубыны? атынан арнайы дайындал?ан алтын, к?міс, ?ола медальдары, ма?тау ?а?аздары ?р айды? 20 ж?лдызында ?ткізілетін сайыстарда же?імпаз о?ушылар?а табысталып жатыр.
« Бітер істі? басына
Жа?сы келер ?асына»,- демекші жас ?рпа? т?рбиелегіміз келсе, іскер басшыны? жетекшілік етуімен ата-ана мен мектеп бірігіп, ынтыма?таса отырып, мектептегі т?рбие ?йде жал?асын табатындай етіп ?йымдастыра білгеніміз ж?н.
Б?л ж?мыстарды тияна?ты ат?аруда білім беру ?жымы ?зіне мынадай міндеттер алып отыр:
- ?азіргі білім беру, икем, да?ды де?гейіне ?ойылатын талаптар негізінде мемлекеттік ?алыпта жо?ары білім беру;
- М??алім, ?осымша білім беруші педагогтар психологиялы? ж?не білім беруді? барлы? м?селелеріні? жеке шешімін табуды ?амтамасыз ету;
- Санитарлы?-гигиеналы? ?алыпты ескере отырып, белгіленген де?гейде білім беруді? ?ажетті жа?дайларын жасау;
- О?ушыларды? білім сапасын к?теру, жеке ?абілетін дамыту, жеке ?ызы?ушылы? де?гейін к?теруде ке? к?лемде ?осымша ?ызмет т?рлерін та?дау м?мкіндігін ?амтамасыз ету, та?ы сол сия?ты міндеттерді ?оя отырып, ж?мыс істеу.
Біра? т?рбие біржа?ты болса, онда н?тиже к?ткендегідей болмауы м?мкін.
Сонды?тан ата-аналардан ?з міндеттеріне ?те жауапкершілікпен ?арап, ?рпа? т?рбиесін тек мектепке ысырып ?ойма?андарын ?алар едік. Б?л ?шін т?мендегідей міндеттерді еске салып ?ойса? арты? болмас деп ойлаймын. Олар:
- Ата-ана мектеп ?жымымен ты?ыз байланыста болып, ?з баласыны? ?рекетін ба?ылауды ?амтамасыз ету;
- Бала?а жан?яда ?алыпты жа?дайды? са?талуын, о?уына ?ажетті материалды ?амтамасыз ету;
- Мектеп жар?ысын орындау;
- Баланы? уа?ытында т?рып, кешікпей саба??а келуін, себепсіз ?алмауын, сырт к?рінісін талап бойынша орындауды ?амтамасыз ету.
?азіргі заманымыз жа?сарып, халы?ты? ?л-аухаты артып келеді. Дегенмен де ?рт?рлі діни к?з?араста?ы адамдарды? ?гіт-насихатына балаларды? еріп кетпеуін ?ада?ала?анымыз ж?н.
Ата-аналар балаларды м?мкіндігінше к?п уа?ыт уйде жал?ыз ?алдырмау?а, немен ш??ылданатынын, мектепке ?алай барып келуін, к?нде ?анша саба? болып, ?аншада ?айтатынын біліп отырулары керек.
Баланы? саба?тан тыс уа?ытын ?алай ?йымдастыру керек? Оларды? кітап о?уына, м?дени тыны?уына жа?дай жасап к?мектесу ?ажет. Осы орайда ?аламызда?ы мектептен тыс ?осымша білім беру мекемелеріні? алар орны ерекше екенін атап ?ткім келеді.
«Т?рбие отбасынан басталады» десек те, к?йбе? тіршілікке алданып ж?ріп, отбасында?ы ?рбір баланы? ?рекетін, ?ылы?тарын ба?алап, ба?ыт-ба?дар беруге к??іл кейде аз б?лінеді. ?рбір ата-ана баласыны? ынтасын, ?ызы?ушылы?ын бай?ап, оны? ?зін-?зі дамыту ?шін жа?дай жасап, ы?пал етуі керек.
Мектеп пен ата-ана ынтыма?таса ж?мыс ж?ргізсе, бала?а тиісті к??іл б?ле білсе, олармен санаса білсе, келешекті? шын жанашыры, елді? ар?а с?йер азаматтары т?рбиеленіп шы?ары с?зсіз.
Бала – Отанымызды? келешегі, бізді? жал?асымыз. Сонды?тан бала т?рбиесі – баршамыз?а орта? іс. ?р ата-ана ?з баласын еліне, хал?ына шын берілген, хал?ын ??рметтей алатын, дені сау, білімді, е?бекс?йгіш, жан-жа?ты жетілген азамат етіп т?рбиелеуді борышым деп есептеуі керек.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Бала т?рбиесіндегі ата-ана мен мектепті? ат?аратын р?лі" »

Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің атқаратын рөлі

Қоғамымыздың ілгері дамуының өзі ғылым мен білімге тікелей байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелген міндет өте ауыр», - деген болатын. Осы ғылым-білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады.
«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- дейді Мағжан Жұмабаев. Сонда сол халықтың қаны мен жанын, рухын бойына сіңіреді.
Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде бүгінгі ұрпақтың қоғамымыздағы жаңару процесін жүзеге асырудағы жүргізген жұмысы ұшан теңіз. Жеке ел болып дербес даму жолына түскен осы бастамамызды баянды етіп, нығайта түсуде жеткіншектерге жүктелер міндет те ерекше үлкен. Ал еңсе тіктеген Қазақстандай жас мемлекет үшін бұл міндет ауқымдала түспек. Өйткені Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі шын жанашыры да, арқа сүйері де осынау жас ұрпақ арасынан шықпақ. Демек, оларды лайықты ізбасар етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін білім ордаларындағы білім, тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып өсіру міндеті алда тұр.
Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иілуге қандай икем болса, бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім.
Соңғы жылдары жалпы білім беретін мектеп пен жалпыға бірдей орта білім беру ісін дамыту, жаңарту проблемаларының ауқымдылығы соншалық, оған жас ұрпаққа білім беру саласында жүрген азаматтармен қатар, ұлт тәрбиесіне бей-жай қарамайтын әрбір адам өз үлесін қосуда.
Өзім қызмет ететін Алға қаласындағы «Жастық жігер» мектептен тыс аула клубының оқытушылар ұжымы жас жеткіншектерімізге тиянақты білім, кәсіптік бағдар, рухани, идеялық тәрбие беруде, алда тұрған көптеген проблемаларға дұрыс шешім табуды жүзеге асырып келеді.
Аула клубы 2009 жылы құрылып, қазіргі таңда шахмат, бейнелеу өнері, алғашқы конструкциялық моделдеу, техникалық конструкциялау, мерген-атқыш үйірмелері бойынша 150 бала тәрбиеленіп жатыр.
Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие жұмысының түрлері, сонымен қатар оларды өткізу іс-шаралары үнемі өзгеріп, жаңарып дамып отыр.
Бүгінгі күннің жас жеткіншектеріне терең білім беріп қана қоймай, рухани байлығын арттырып, оларды пысықтыққа, ширақтыққа, түрлі өнерге, шеберлікке үйрету қажет.
Осы орайда біздің мекеме ұжымы қажымай, талмай еңбектеніп келеді.
Атап айтсақ, «Жастық жігер» аула клубының атына Наурыз мейрамына арналған «Жастар шығармашылығы - 2010» Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық орталығының көрмесіне белсене қатысқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды, «Әлем қағаздан» атты космостық жер серіктерінің қағаздан жасалған макеттерінің көрмесінде «Жастық жігер» аула клубы команда бойынша 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Балалар күніне арналған асфальтқа сурет салудан белсенділік танытқаны үшін , 2011 жылы «Жасөспірімдер шығармашылығы-2011» облыстық көрмесінде командалық есеп бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты «Жастық жігер» аула клубының атынан арнайы дайындалған алтын, күміс, қола медальдары, мақтау қағаздары әр айдың 20 жұлдызында өткізілетін сайыстарда жеңімпаз оқушыларға табысталып жатыр.
« Бітер істің басына
Жақсы келер қасына»,- демекші жас ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, іскер басшының жетекшілік етуімен ата-ана мен мектеп бірігіп, ынтымақтаса отырып, мектептегі тәрбие үйде жалғасын табатындай етіп ұйымдастыра білгеніміз жөн.
Бұл жұмыстарды тиянақты атқаруда білім беру ұжымы өзіне мынадай міндеттер алып отыр:
- Қазіргі білім беру, икем, дағды деңгейіне қойылатын талаптар негізінде мемлекеттік қалыпта жоғары білім беру;
- Мұғалім, қосымша білім беруші педагогтар психологиялық және білім берудің барлық мәселелерінің жеке шешімін табуды қамтамасыз ету;
- Санитарлық-гигиеналық қалыпты ескере отырып, белгіленген деңгейде білім берудің қажетті жағдайларын жасау;
- Оқушылардың білім сапасын көтеру, жеке қабілетін дамыту, жеке қызығушылық деңгейін көтеруде кең көлемде қосымша қызмет түрлерін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету, тағы сол сияқты міндеттерді қоя отырып, жұмыс істеу.
Бірақ тәрбие біржақты болса, онда нәтиже күткендегідей болмауы мүмкін.
Сондықтан ата-аналардан өз міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарап, ұрпақ тәрбиесін тек мектепке ысырып қоймағандарын қалар едік. Бұл үшін төмендегідей міндеттерді еске салып қойсақ артық болмас деп ойлаймын. Олар:
- Ата-ана мектеп ұжымымен тығыз байланыста болып, өз баласының әрекетін бақылауды қамтамасыз ету;
- Балаға жанұяда қалыпты жағдайдың сақталуын, оқуына қажетті материалды қамтамасыз ету;
- Мектеп жарғысын орындау;
- Баланың уақытында тұрып, кешікпей сабаққа келуін, себепсіз қалмауын, сырт көрінісін талап бойынша орындауды қамтамасыз ету.
Қазіргі заманымыз жақсарып, халықтың әл-аухаты артып келеді. Дегенмен де әртүрлі діни көзқарастағы адамдардың үгіт-насихатына балалардың еріп кетпеуін қадағалағанымыз жөн.
Ата-аналар балаларды мүмкіндігінше көп уақыт уйде жалғыз қалдырмауға, немен шұғылданатынын, мектепке қалай барып келуін, күнде қанша сабақ болып, қаншада қайтатынын біліп отырулары керек.
Баланың сабақтан тыс уақытын қалай ұйымдастыру керек? Олардың кітап оқуына, мәдени тынығуына жағдай жасап көмектесу қажет. Осы орайда қаламыздағы мектептен тыс қосымша білім беру мекемелерінің алар орны ерекше екенін атап өткім келеді.
«Тәрбие отбасынан басталады» десек те, күйбең тіршілікке алданып жүріп, отбасындағы әрбір баланың әрекетін, қылықтарын бағалап, бағыт-бағдар беруге көңіл кейде аз бөлінеді. Әрбір ата-ана баласының ынтасын, қызығушылығын байқап, оның өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасап, ықпал етуі керек.
Мектеп пен ата-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаға тиісті көңіл бөле білсе, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз.
Бала – Отанымыздың келешегі, біздің жалғасымыз. Сондықтан бала тәрбиесі – баршамызға ортақ іс. Әр ата-ана өз баласын еліне, халқына шын берілген, халқын құрметтей алатын, дені сау, білімді, еңбексүйгіш, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді борышым деп есептеуі керек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама "Бала т?рбиесіндегі ата-ана мен мектепті? ат?аратын р?лі"

Автор: Калиева Самал Нургалиевна

Дата: 10.02.2015

Номер свидетельства: 170799


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства