Уақыты Сабақ кезеңдері | Жоспар мазмұны. | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Ресурстар: Бұл іс-әрекеттер үшін маған не керек? |
Кіріспе 5 мин. | Психологиялық ахуал . Сыныптың топқа бөлінуіне ықпал жасау. | Мұғалім оқушылармен амандасады. «Ыстық алақан» стратегиясы арқылы сәттілік тілеу. Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау. Топқа «Суретті сәйкестендіру» арқылы бөлу. Суретті сәйкестендіргеннен кейін төрт топқа бөлінеді. Суретті сәйкес шыққаны бір топқа жиналады. Топтың атын жаратылыстану пәніне байланысты қоямыз. Неліктен олай қойғандарымыз туралы мәлімет береміз. Назарларын сабаққа аудару. | Шеңбер құру арқылы оқушылар бір – біріне тілек тілейді. Бүгінгі күндегі көңіл-күйлерін басбармақ, бес саусақ, үш саусақ арқылы білдіреді. Топқа суреттерді сәйкестендіру арқылы бөлінген соң оқушылар топқа ат қояды. Жаратылыстану пәні болғандықтан пәнге байланысты қойылды. Топтың аттары: І топ – « .........................»; ІІ топ – «.........................»; ІІІ топ – «........................»; IV топ – «........................» деп қойылды. Нәтижесінде: оқушылар сәлемдеседі, көңіл күйін басбармақ,бес саусақ, үш саусақ арқылы көрсетеді, топқа бөлінеді, топқа ат қояды. | Топтың аты жазылған парақша |
Үй жұмысы 6 мин. Білу | Үй тапсырмасы «Крестиктер мен нөлдіктер» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру | Үйге «Жердің пішіні және өлшемі», « Жердің өз осінен және Күнді айналуы» тақырыптарын оқып келуге берілді. Сабақтың тақырыбын айта отырып оқушылармен диалог құру. 1.Жердің сыртқы қабатының ұзындығын ежелгі грек оқымыстысы сол кездің өзінде нақты өлшеген. Ол - 2. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыт? 3.Жердің ең енді жерін не деп атайды? 4.Жердің Күнді өз орбитасымен айнала қозғалуы және осінің көлбеу орналасуы нәтижесінде қандай құбылыс байқалады? 5.Географиялық ендік деп нені айтады? 6. 23 қыркүйек және 21-22 наурызда қандай құбылыс байқалады? 7. Жер Күннен есептегенде нешінші ғаламшар? 8.Поляр түні дегеніміз не? 9 Жер бетінің ауданы қанша? 1.1 Глобус дегеніміз не? 1.2 Жер өз осінен айналғанда қандай табиғат құбылысы байқалады? 1.3 Жер Күнді қанша уақытта толық айналып өтеді? 1.4. Осьтің екі шетін не деп атайды? 1.5 21-22 маусымда қандай құбылыс байқалады? 1.6 Күн жүйесінде неше ғаламшар бар? 1.7 21-22 желтоқсанда қандай табиғат құбылысы байқалады? 1.8 Жер бетінің неше пайызын құрлық.ал неше пайызын су алып жатыр? 1.9 Жылдық маусымдар байқалмайды ол қай жерде және себебі неде? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Нәтиже: Мұғалім мен оқушы арасында диалог құрылады, оқушылар ойынға қатыса отырып қызығады. Эратосфен 24 сағат немесе 1 тәулік Экватор сызығы Жыл мезгілдері ауысады. Экватордан бастап солтүстікке және оңтүстікке қарай есептеледі. Күн мен түннің теңелуі. 3 Солтүстік полюсте жіне оның айналасында күн көкжиектен көтерілмейді. 510 км2 1.1 Жер шарының кішірейтілген моделі 1.2 Күн мен түн ауысады. 1.3 1 жылда 1.4 Полюстер 1.5 Жазғы тоқырау 1.6 8 1.7 Қысқы тоқырау 1.8 29% құрлық, 71% су алып жатыр. 1.9 Экватор маңында, Күн әрдайым тік түседі. | Оқулық Маркер, ватман |
Негізгі бөлім 16 мин. Түсіну Қолдану | Сыни тұрғысынан ойлау модулі бойынша қызығушылықты ояту «Көршіне әңгімелеп бер», «Карусель» әдісі. | Әрі қарай қызығушылығын ояту мақсатында. Жаңа «Ай – Жердің серігі» тақырыбын оқу. Мәліметтерді жинақтайды және өз ойлары туралы қысқаша тізім жасайды. Жұппен жұмыс жасау, топпен жұмыс жасау. І топ Толысу ІІ топ Айға сипаттама ІІІ топ Күннің тұтылуы IV топ Айдың тұтылуы | Мәтінді оқиды. Жұптық жұмыс жүргізеді (пікір алмасады), өз ойларын жазып талқылайды. Мәліметтерді жинақтайды, өз ойларын білдіреді, пікір алмасады. Топтық жұмыс жүргізеді. Әр терминге жауаптарын беріп түсіндіреді. Нәтиже:Оқушылар мәтінді оқиды. Тақырып бойынша мағлұмат алады, бірін – бірі толықтырады, пікір алмасады. Әр топ бірін бірі бағалайды Әр топта өздерінің түстері болады. | Оқулық Интербелсенді тақта, түсті маркер, флипчарт қағазы, жабысатын нүктелер |
8 мин | Суретпен жұмыс 37 бет –тәжірибе 37-беттегі тапсырма | Тапсырманы орындауын қадағалап көмек беру Интер белсенді тақтадағы және оқулықтағы суретпен жұмыс 37-бет таңертен және кешке қарай көрген Айдың суретің салдыру. Сабақ үстіндегі тапсырманы орындау барысын қадағалау Топтағы белсенді емес оқушыларды диологқа тарту | Әр суретке талдау жүргізеді. Тәжірибені оқи отырып өз қимылдарымен көрсетеді. Біреуі – Жер, Екіншісі – Ай, Үшіншісі – Күн. Өздерінің іс-әрекеттерін түсіндіреді. Екі суретті салыстырады, айырмашылығын табады. Нәтижесінде: Топтасып отырып суретке талдау жасайды. Тәжірибені көрсетуде, яғни ролдік ойында қызығушылық танытады. Суреттерді салыстыра отырып ізденеді. | Оқулық, интербелсенді тақта, бағдаршам суреті |
3 мин | Сергіту сәті. | Қызыл өрік биі (интербелсенді тақтаны пайдалана отырып) | Нәтижесінде: Оқушылар билейді. Оқушылар сергіп, сабаққа деген қызығушылығы оянады. | интербелсенді тақта |
Қорытын ды: 9 минут | «Бұл мәлімет шыңдық па, немесе жалған ба?» әдісі | Әр топқа мәліметтер келтіреді бүгінгі сабаққа байланысты, ал келесі топ ол шыңдық па, әлде жалған ба анықтайды. | Бүгінгі тақырыпқа байланысты оқушылар әр түрлі мәліметтер келтіреді, ал келесі топ оны қаншалықты дұрыс екенің анықтайды. Нәтижесінде: Тапсырма орындау барысында қызығушылықтары артады, ізденеді. | Оқулық, таратпа материалдары |
Рефлексия | | «Бағдаршам» әдісі арқылы өз ойларын жазады. | Бүгінгі сабақты түсінгендігі жайында стикерлерге жазыды. Бағдаршам түстеріне іледі. Нәтижесінде: Стикерге көңіл-күйлерін білдіреді, сабаққа байланысты ойларын жазады әрі тиісті түске жабыстырады. | Стикер |
Үй жұмысы | | | «Эссе» жазу. Параграфты оқу | |
Бағалау: | | «Бағдаршам» әдісі арқылы | Нәтижесінде: оқушылар өздерін бағалайды және жинақталған баға бөлімдер | ..... топ | ..... топ | ..... топ | Үй жүмысы «крестиктер мен нолдіктер» | | | | Карусель әдісі | | | | Тәжірибе | | | | «Бұл мәлімет шыңдық па, немесе жалған ба?» әдісі | | | | Қорытынды баға | | | | | |