-Қазақстан Республикасы қай құрлығында орналасқан?
-Республика жері батыстан шығысқа қарай неше километрге созылған?
- Солтүстіктен оңтүстікке қарай неше километрге созылған?
-Біз қайда тұрамыз?
Ең біріншіден барлықтарымыз қайда туып-өскенімізді айтып шықсақ. Одан кейін туған жеріміз жайлы қысқаша айтып өтсеңдер.
ІІ.Негізгі кезең.Қазақ жері – Шығыс пен Батысты жалғастыратын алтын көпірдемекші осы сөздің бір дәлелі өзіміз тұрып жатқан Абай елі.
Жидебай – Еуразия даласының дәл ортасы. «Еуразия кеңістігінің кіндігі». Дәл осы жазу Жидебайдағы Абай үйінің маңындағы ашық алаңқайға орнатылған пирамида пішіндес құлпытастың төрт қабырғасында төрт тілде жазылып тұрды. Граниттен жасалған шағын мүсіннің биіктігі белуардан аспайды. Бірақ оның орналасқан орны мен сырлы символикасы қоңыр тастың қадірі мен маңызын мың есе арттырып тұр. Еуразия материгінің орталығы Семейде деп естуіміз бар еді. Ал осынау алып құрлықтың кіндігі дәл осы Жидебайдағы Абай үйінің маңында екенін біреу білсе, біреу білмес. Жер кіндігі – Жидебай. Біз Еуразияның қақ төсінде тұрмыз.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Абай ауданы — Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. Семей облысының батыс бөлігінде 1928 жылы
3 қыркүйекте құрылған. Орталығы — Қарауыл ауылы.
Құрамында 9 ауылдық округ бар: Қарауыл, Қасқабұлақ, Кеңгірбай би, Архат, Көкбай, Құндызды, Саржал, Тоқтамыс, Медеу. Аудан экономикасының негізгі бағыты – мал шаруашылығы
Ауданның батысы мен солтүстігі ұсақ шоқылы жазық. Оңтүстігінде Шыңғыстау жоталары жатыр. Климаты қатал. Қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қар қарашадан наурызға дейін жатады. Қаңтар айының орташа температурасы –14,2 С; шілдеде – 20,7 С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-300 мм. Шаған, Ашы су, Қарауыл, Құндызды, Шет, Мұқыр сияқты өзендер бар.
Абай ауданына ат басын бұрған қандай мейман болмасын ең алдымен М.Әуезовтің әйгілі «Абай жолы» эпопеясын қайыра оқығандай әр бетін қайта парақтағандай болары хақ. «Шағылдың» ұстімен Семей қаласынан шығып, ежелгі «Балтатарақ» бекетіне қарай беттейді. Семейден Абай еліне жол тартқан жолаушы мөлшері 60 шақырымнан кейін сайын дала төсінде қара тасты қақ жарып аққан Күшікбай бұлағына аялдап, шөлін басады. Күшікбай– ел намысын, жер намысын биік ұстаған жаужүрек батыр. Төбе басында оның зираты мәңгілік ерлік пен өрліктің белгісіндей болып оқшау тұр. Осы маңда сыншылар ұлы Мұхтарды еуропалық биікке көтерді деп бағалаған «Қорғансыздың күні» әңгімесінің басты кейіпкері Ғазиза да жерленген. Күшікбай асуынан біраз жүргеннен кейін алдыңыздан тағы да қоныраулы сұр шеңгелге, қараған тікенекке толы мидай жазық жортақтап жөнеледі. Бұл – бір кезде Құнанбай ауылының ең шеткі күзеуі болған, бұл күнде «Қанайдың қарағаны» аталатын атақты атырап. Бұдан әр Абай ауданының шекарасы басталады.
Алдыңнан әлем әдебиетінің биігі ұлы Мұхтардың ата-қонысы Бөрілі қыстауы көрінеді. Мұнда Мұхтардың әкесі Омархан мен шешесі Нұржамал да жерленген.Қыстаудан 10 шақырымдай жерде Абайдың баласы– Ақылбай мен жары Әйгерімнің және Ділдәнің зираттары бар. Бөрлідегі ұлы Мұхтардың дүниеге келген, ата-анасы тұрған үй – бүгінде мұражай. Ұлы жазушының туғанына 100 жыл толуы қарсаңында мұражай толықтай қайта жабдықталып, экспонаттармен толықтырылды. Бөрліден ат шаптырым жерде Семей-Қарауыл трассасының оң жағында аң шаңқан үйлері бой түзеген, сәнді көшелері бар, кіре берісі жасыл желекті саябағы менмұндалап тұрған ауыл көрінеді.
Бұл – ұлылардың кіндік қаны тамған Қасқабұлақ ауылы. Қасқабұлақтан кейін Қарауылға қарай көсіліп жатқан кең жазық «Ералы жазығы» деп аталады. Жазықтың нақ ортасында Кеңгірбай бидің баласы, әулие бабамыз Ералының кесенесі тұр. Кесенені 1998 жылы Қасқабұлақ ауылының халқы, белгілі шаруашылық басшысы Амантай Мұқатаевтың бастауымен қайта тұрғызды.
Осы тұстан Ақшоқыға қарай созылған жазықтың көз ұшында қазақтың тұңғыш театрының шымылдығы ашылған тарихи орын «Ойқұдық» тұр. 1917 жылы жапсарлас тігілген екі киіз үйде М.Әуезовтың басшылығымен өзінің туындысы «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылған. 1926 жылы тұңғыш ұлттық театрымыздың шымылдығы да осы шығармамен ашылған. Сайын дала төсіндегі дөңестегі осынау мрамордан қаланған еңселі ескерткіш – шынайы махаббаттың мазары. Ол қатыгез билер үкімімен өлтірілген Еңлік пен Кебекке қойылған. Серті мен сеніміне, махаббаты мен сезіміне берік қос ғашық осы жерде мәңгілік тыныштық тапқан. Еңлік-Кебек тағдыры Шәкәрімнің «Жолсыз жаза» дастаны мен Мұхтардың «Еңлік-Кебек» драмасына арқау болған.
Ескерткіштен бұрылған мына жолды бойлай, зерделеп көз салсаңыз «Абай» эпопеясында Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән, сан салалы жырлар көшіріліп, жатталып, әуендеп толқып, тарап жатты. Алуан сырлы жаңа сөз Арқаның қоңыр желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып, тарады – деп ұлы Мұхтар суреттеген Ақшоқыны көресіз. Қазір онда Ақшоқы деп аталатын шағын ауыл бар. Абайдың әкесі, аға сұлтан Құнанбай қажы мен оның ұрпақтары осында жерленген.
Семейден шыққан қара жолдың сол жағында алыстан мұнартып Архат тауы да көрінеді. Архат өңірі Қопадай ғажайып көлімен, Үш келіншектей ерекше тауымен, Күйметастай дара биігімен әсем де көрікті. Тарихы бай өлке. Жолдың сол жағында қасқайып қарсы тұрған тау – Үлкен Орда, оң жағындағысы – Кіші Орда деп аталады. Үлкен Орданың бауырында қайта оралған махаббаттың куәсіндей болып Шілікті кезең көз тартып тұр. Қойнауына өткен тарихтың талай сырларын бүгіп жатқан Кіші Орда тауында Еңлік-Кебекке таршылықта пана мен сая болған Үңгіртас бар. Қос Орданың ортасымен әрі ассақ, алыстан кемерленіп, көне Шыңғыс көрінеді. Қарауылға қанша асықсаңыз да асфальт жолдың қамшылар жағында қалатын Жидебайға соқпай кете алмайсыз. «Жидебай-Бөрілі» Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі 1940 жылы әдеби-мемориалдық музей ретінде құрылды. 1990 жылы Абайдың қорық-музейі қайта құрылған және «Жидебай-Бөрілі» Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі болып қайта аталды. Оның құрамына Семейде Абайдың әдеби музейі, Ахмет Ризаның медресесі, Абай аумағында - Бөріліде М.Әуезовтың музейі, «Тақыр» жерінде 1997 жылы ашылған Көкбай Жанатаевтың музейі, 2003 жылы Құндызды ауылында ашылған Шәкір Әбеновтың музейі. Абай ауданында қорықтың аймағының аумағы 6400 га, оның құрамына 16 объекті кіреді. Оның ішінде - Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйі, Құнанбайдың құдығы, Зере мен Ұлжанның зираттары, «Абай-Шәкәрім» мазарлы кешені, мазарлы кешеннің мешіті, Кеңгірбай бидің мазары және т.б зираттар бар. Әр тасы, тауы, өзен-көлі шежіре мен сырға толы. Талай ақын жырлап, небір сазгерлер ән арнаған аймақ. Қалың елің қазақты – деп ақындар бабамызға тағзым етсе, бүгінгі ел тынысына да көпшілік риза.
ІҮ.Сабақты бекіту.
Абай ауданының төлқұжаты
Жалпы мәліметтер
1. Ауданның құрылған жылы
1928 год
1. Ауданның барлық жер көлемі, га
2 009 391
2. Барлық елді-мекендер саны, соның ішінде
11
а) ауылдық округтер
9
б) елді мекендер
2
Ауылшаруашылық жерлерінің ауданы, соның ішінде (га)
1 920 975
а) кен орындар
3 139
б) шөп шабу
42 392
в) жайылым
1 875 372
3. Орман алқабы (ауданы) га
8 522
4. Су қоры (ауданы) га.
-
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны, соның ішінде:
6 400
а) республикалық маңызы бар, га.
6 400
б) жергілікті маңызы бар, га
-
6. Шет елдермен шекараның ұзақтығы
-
Аймақтың демографиялық жағдайы
6. Жалпы халық саны, оның ішінде:
14 607
а) ауылдық
7. Оқу орындарының саны, оның ішінде:
18
а) жоғары
б) арнайы орта
1
в) орта
10
г) бала бақша (мемлекеттік, жеке)
5
олардың ішінде балалар саны
539
д) қосымша оқу
2
е) негізгі - орта
1
8. Мәдениет және спорт мекемелерінің саны, оның ішінде:
Мәдениет үйі
3
Ауылдық клуб
5
Ескерткіштер саны
36
Мұражай
1
Кітапханалар саны
10
«ИРБИС» бағдарламасы бойынша енгізілген кітаптардың саны, штук
13000
Спорт мектептері
1
Спорттық модуль
1
Спорт залдары
15
Мини футбол алаңдары
10
Хоккей корты
9
Ипподром
1
Ү. Сабақты қорытындылау. Кері байланыс. Сонымен, балалар, айтыңдаршы, сендерге сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?