|    Пән: Жаратылыстану   Сынып: 5   |     Мектеп: «Қазанның ХХХ жылдығы»   |  
  |    Күні:     |     Мұғалімнің аты-жөні :     Тәжібай Дилорам   |  
  |    Сабақтың тақырыбы:     Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері   |     Қатысқандар:   Қатыспағандар саны:     |  
  |    Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты   |     5.4.2.2  тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттау       |  
  |    Ойлау дағдысының деңгейі   |     Білу және түсіну   |  
  |    Сабақ мақсаттары   |     Барлық оқушы: Тірі ағзалардың төрт әлемнен тұратынын білу   Көпшілігі: Жасуша құрылымын білу, барлық тірі ағзалар жасушадан тұратынын сипаттау   Кейбірі: Биоценоз туралы түсінік қалыптастыру және мысал келтіру   |  
  |    Бағалау критерийлері     |     3. Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін анықтайды және сипаттайды.   |  
  |    Тілдік мақсат   |     Тірі ағза – живой организм – living organism ; бактерия – бактерия – bacterium; саңырауқұлақ – гриб – mushroom; жануар – животное – animal; өсімдік – растение – plant; жасуша – клетка - cage;  биосфера - биосфера - biosphere   |  
  |    Құндылықтарды дарыту     |     «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының аясында жоғары деңгейлі зияткер оқушыларды дайындау және білім мен ғылымды біріктіру мақсатында жануарлар мен өсімдіктер әлемімен таныстыру   |  
  |    Пәнаралық байланыстар   |     Биология: тірі ағзалардың қасиеттерін біледі  Тарих: тіршіліктің пайда болу тарихымен танысады       |  
  |    Алдыңғы меңгерілген білім     |     Оқушының бойында жануарлар және тірі ағзалар туралы түсінік қалыптасқан   |  
  |    Сабақ барысы     |  
  |    Сабақтың жоспарланған кезеңдері     |     Сабақта жоспарланған іс-әрекет        |     Ресурстар    |  
  |    Сабақтың басы     5 минут                                          3 минут   |     1Ұйымдастыру кезеңі:   Шаттық шеңберін құру   «Ыстық алақан» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнатамын        2. Топқа бөлу: Суреттерден мозайка құру арқылы оқушыларды топқа бөлемін.      І топ – «Аққу»   ІІ топ – «Түймедақ»   ІІІ топ – «Түйе»    3. «Ішкі және сыртқы шеңберлер» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтаймын. Оқушылар бір-біріне қарап ішкі және сыртқы шеңбер құрып тұрады. Ішкі шеңбердегі оқушылар сұрақ қояды сыртқы шеңбердегі оқушылар жауап береді. Жауап бере алған оқушы ішкі шеңберге өтеді.     Бағалау: мадақтаймын, кері байланыс беремін     |                             Суреттер               |  
  |    Сабақ ортасы     2 минут        15 минут                                                                                                                          7 минут                                                                  8 минут   |     1. Кубик лақтыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып аламын. Кубикте жануарлар мен өсімдіктердің суреті бейнеленген.     2. «Ақылдың алты қалпағы» әдісі                      Ақ қалпақ: Тірі ағзалар туралы не білесің?   Сары қалпақ: Тірі ағзалардың пайдасы бар ма? Болса қандай?   Қара қалпақ: Тірі ағзалардың бізге қандай зияны тиуі мүмкін?   Қызыл қалпақ: Тірі ағзалардың қай түрін жақсы көресің?   Жасыл қалпақ: Тірі ағзалардан біз не аламыз?   Көк қалпақ: Бүгінгі сабақта не үйрендік?     Дескриптор:    Бағалау: марапаттаймын, «Бас бармақ» әдісімен топтар бір-бірін бағалайды, кері байланыс беремін         3-тапсырма: Қандай белгілері бойынша тірі ағзалар топтарға бөлінген? Кестені толтыр        |    Бактериялар   |     Саңырауқұлақтар     |     Жануарлар     |     Өсімдіктер     |     |                   |          |          |          |       Дескриптор:    - Белгілері бойынша тірі ағзаларды топтарға бөледі;   - Тірі ағзаларды топтарына орналастырады;     - Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады.     Бағалау: мадақтаймын, өзін-өзі бағалайды, кері байланыс беремін        4-тапсырма «Суреттер сөйлейді» ойынымен сабақты қорытындылаймын.   Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін анықтаңыз және сипаттаңыз.      Дескриптор:      Бағалау: мадақтаймын, өзара бағалайды, кері байланыс беремін        |              Оқулық   Қалпақтар                                                                                                                                             Интерактивті тақта   Кеспе-таратпа                                                                         Суреттер   Кесте                                        |  
  |    Сабақтың соңы   5 минут   |     Рефлексия «Алма ағашы» әдісі   Оқушыларға сабақ басында қызыл және жасыл түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына іледі. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, көңіл күйім көтеріңкі. Қызыл алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ. Неге...?                    |           |