Күні: 24.04
Сынып: 2,3
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Жұптық және топтық жаттығулар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
Көшбасшылық рөлдерімен кезектесіп алмасып, әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше және топта жұмыс істей білу
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Бой сергіту жаттығулары.
Оқушылармен сәлемдесу,бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыру.Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Жаттығулар
Сабақтың ортасы
Оқушылар шеңберге тұрады, ұлдар ішкі шеңберде, қыздар сыртқы шеңберде.Мұғалімнің ысқырығы бойынша ұлдар мен қыздар бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналып жүгіреді, мұғалім екінші ысқырғанда тоқтап қалады. Сол тоқтаған кезде бір-бірінің қасында тұрып қалған оқушылар бір-біріне тілектер айтады.Осылай ойын жалғасады.
Оқушылар біздер қазір әр сынып болып станциялар бойынша жұмыстанамыз жасыл, қызыл,көк,сары. Оқушыларға тапсырма беріледі. топ болып топтық жаттығулар орындайды.
2-сыныпқа тапсырма:
1-топ: Допты алып жүру жаттығуы
2-топ: Доппен орындалатын жаттығулар
3-сыныпқа тапсырма:
1-топ: Кедергілерден өту жаттығуы
2-топ: Допты қолмен бір-біріне беру
Оқушылар айналмалы түреде ауысып орындайды.
«Айналмалы доп» қозғалыс ойынын ойнату.
Ойнаушылар екі командаға бөлінеді. Алаңда диаметрі 9-10 м шеңбер сызылады (ойыншылардың дайындығына байланысты диаметрі көп немесе аз болуы мүмкін). Бір команда шеңберде, ал екіншісі — одан тыс жерде орналасады, бұл команда жүргізуді бастайды. Ойын бастаушылары допты (волейбол добын), шеңбер ішіндегі ойыншыларға лақтыра бастайды. Доп кімге тисе ол ойыншы ойыннан шығады. Доп жерге тимей ойыншыларға тиюі керек.Ойыншылар шеңберден тыс қалмауы керек, әйтпесе олар ойыннан шығып кетеді. Барлық ойыншылар шеңберден шығып кеткеннен кейін командалар орын ауыстырады.
Сергіту сәті
Сұрақ парақшалары.
Оқулық, дәптерлер.
Ойын ойнайық.
Сабақтың соңы
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас арқылы бағалау.
Смайликтер