Пәні: Дене шынықтыру | Сыныбы: 8 «а» сыныбы | Мерзімі: 08.04.2016 | Пән мұғалімі Керімбаев Қ |
Сабақтың тақырыбы | «Бір орында тұрып ұзындыққа секіру» | | |
Жалпы мақсаттар | Бір орында тұрып ұзындыққа секіру техникасын үйрету. | | |
Оқыту нәтижесі | Бір орында тұрып ұзындыққа секіру техникасы туралы мәліметтер алады, ұзындыққа секіруді үйренеді, топтық, ұжымдық жұмыс істеуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, бағалауға дағдыланады. | | |
Оқыту әдістері | Қызығушылығын ояту, диалогтық әдісі | | |
Тапсырмалар түрлері | Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушылардың іс – әрекеті | Ресурстар | Жұмыс түрі, уақыты | Күтілетін нәтиже |
Ұйымдастыру жұмысы | Түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру, техника қауіпсіздік ережелерін таныстыру. | Сапқа тұру, сәлемдесу, ақпар беру. | Ұйымдастыру.2 мин | | |
Қыздырыну жаттығулары | Жүру үстінде орындалатын жаттығулар, жүгіру үстіндегі жаттығулар, бір орнында тұрып жасалатын жаттығулар орындатылады. | Жаттығуларды орындайды. | Ысқырық | Жаттығу жасату. 7 мин | Оқушылар сабаққа дайындықтарын көрсетеді. |
Топқа бөлу | Доптың суреті салынып қиылған түрлі түсті (қызыл, сары, жасыл) қағаздармен топтастыру. Топ басшысы доптың үлкен етіп қиылған суретімен анықталады. | Қызығушылықтары оянады, топқа бөлінеді. | Түрлі түсті қағаздар | Топқа бөлу. 3 мин | Топқа бөлінуді үйренеді, достық қарым-қатынас қалыптасады. |
«Қызығушылығын арттыру» | Мультимедиалық тақтадан секірудің түрлерін көрсету арқылы түсіндіре отырып, сабақтың тақырыбын оқушылар сұраққа жауап беру арқылы өздеріне анықтатып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. | Спорттың осы түрі бойынша жаңа ақпарат алады, бір орында тұрып ұзындыққа секіру техникасын, көрсеткішін біледі. | Мультимедиалық тақта, бір орында тұрып ұзындыққа секіру техникасының суреттері. | Түсіндіру. 15 мин | Өтілген жаңа материалды меңгереді. |
Жаңа тақырып бойынша жаттығулар жасату | Әр топқа бір орында тұрып ұзындыққа секіру техникасын көрсетуді тапсыру. Үш топқа белгіленген белгіге дейін уақытқа секіріп жарысу. | Оқушылар техникаларды көрсетеді. Үш топ жарысады. | Ысқырық | Жаттығуларды орындату. 10 мин | Бір орында тұрып ұзындыққа секіру техникасын практикада үйренеді. |
Диалогтық әдіс | Белгіленген уақытта үш топқа «Спорттың адамға пайдасы » деген тақырыпта ойларын жазу тапсырылады. | Оқушылар топта ойланып, өз ойларын плакатқа жазып, ортаға салады, бір-бірінің пікірлерін смайликтің суретін қолмен көрсету арқылы бағалайды. | Ысқырық, секундамер, плакат, түрлі түсті маркерлер. | Постер қорғату. 8мин | Оқушылар өз ойларын ашық жеткізуге дағдыланады. Бір-біріне баға беруге үйренеді. |
Рефлексия (қорытындылау) | Сапқа тұрғызу, оқушылардың жетістіктерін айту. Сұрақтар қою арқылы сабақты қорыту. | Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты игергендерін көрсетеді. | Қорытындылау3 мин | Ойларын қорытуға, пікірін жеткізе білуге үйренеді, жетістігін біледі. | |
Бағалау | Мұғалім оқушылардың сабақтағы жетістігін айта отырып бағалайды. | Оқушы бағасымен келісетінін не келіспейтінін және неліктен екенін айтады. | Бағалау. 2 мин | Жетістігінің қаншаға бағаланғанын біледі. | |