Ашық сабақтың тақырыбы: "Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру"
Ашық сабақтың тақырыбы: "Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру"
Сабақтың мақсаты: Ұзындыққа секіру әдісін үйрету, жетілдіру, дененің жан-жақты дамуына ықпал ете отырып, ептілікті, шапшаңдықты, батылдықты дамыту, топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақтың тақырыбы: "Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру"»
Сабақтың тақырыбы: Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.
(«Аяқты бүгіп секіру» тәсілін жетілдіру)
Сабақтың мақсаты: Ұзындыққа секіру әдісін үйрету, жетілдіру, дененің жан-жақты дамуына ықпал ете отырып, ептілікті, шапшаңдықты, батылдықты дамыту, топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
Саптағы жаттығулар:оңға, солға, артқа бұрылу, бір орында жүру.
Жүру жаттығулары:саппен, аяқтың ұшымен, өкшемен, табанның сыртқы жағымен, табанның ішкі жағымен, үлкен адыммен, спорттық жүріс.
Жүгіру жаттығулары:тізені жоғары көтеріп, аяқты артқа сермеп, оң жақпен-сол жақ қосалқы адыммен, спорттық жүріс.
Тыныс алу жаттығулары.
Гимнастикалық таяқтармен жалпы дамыту жаттығулары:
1-қолды алға, басты еңкейту;
2-қолды жоғарыға, басты шалқайту;
3-қолды жанға, басты оңға еңкейту;
4-қолды оң жаққа, басты солға еңкейту.
Б.қ. таяқ иықта, аяқты алшақ қою.
1-сол шынтақты оң тізеге тигізу;
2-сол қолды оң аяқтың ұшына тигізу;
3-4 – сол сияқты оң жақпен.
1-қолды жоғары, оң аяқпен алға аттау;
2-б.қ.
3-қолды алға созып, оң аяқпен жанға аттау;
4-б.қ.;
5-8-сол сияқты сол аяқпен.
1-қолды жоғарыға;
2-қолды алға созу;
3-еңкейу;
4-отыру;
5-қолды еденге тіреу;
6-аяқты артқа лақтыру;
7-аяқты жинап алу;
8-түрегелу.
1-қолды жоғарыға, аяқты артқа ұшымен тіреу;
2-б.қ.
3-қолды жоғары оң жаққа еңкейу, аяқты оңға созып, ұшына тіреу;
4-б.қ.
5-8-тағы солай сол аяқпен, сол жаққа.
Негізігі бөлім
Жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрену, жетілдіру. «Аяқты бүгіп секіру тәсілі.
Жеңіл атлетика сабақтарында бұрыннан таныс жүгіріп келіп ұзындыққа секіру техникаларын одан әрі жалғастыру.
Ұзындыққа секіру 4кезеңнен тұрады:
1.екпіндей жүгіру (екпін алу);
2.серпіну (жерден көтерілу);
3.самғау (ұшу немесе қалықтау);
4.Жерге түсу.
Арнаулы жаттығулар ұзындыққа секірудің жеке бөліктерін орындауға пайдасын тигізеді.
Ұзындыққа секірудегі серпілуді меңгеру үшін ұқсас жаттығулар пайдаланылады.Олар 3-4 адымнан екпіндей жүгіріп ұзындыққа секіру , кедергілерден адымдап секіру, сілтейтін аяқтың тізесін бел-деңгейіне ілінген допқа не созылған қолға тигізу.
«Жерге түсуді» үйрену үшін бір орында тұрып секіруден бастаған жөн.Бұл жағдайда аяқты неғұрлым алға қарай серпу қажет.
Екпіндей жүгіру.Алдыңғы сыныппен салыстырғанда жүгіру жылдамдығын едәуір арттыру керек.Екпіндей жүгіру жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, қашықтық соғұрлым артады.
Серпілу.Жерден көтерілу кезінде жылдамдық әсте төмендемеуі тиіс.Жерден көтерілу кезінде серпілген аяқ дереу тіктеле жазылып, денені жоғары әрі алға лақтырғандай әсер қалдырды.
Самғау.Жерден бір аяқпен серпіліс жасаған кезде екінші тізені бүге ілгері сілтеген аяқ жоғары әрі алға қарай бағытталады.Серпілетін аяқ әлі де артта болады.Ол сәл бүгілген қалыптан сілтенген аяққа тез жақындай береді.Сөйтіп, екі аяқтың тізесі бір деңгейге келіп, сол сәтінде кеудеге жақындайды, кеуде де тізеге қарай бүгіледі.Енді аяқтың созылу сәті басталады.Жерге түсуге әзірлене бастау керек.
Жерге түсу.Жерге екі аяқпен бір мезетте түсу керек.Жеңіл серпіліс жасау үшін екі табан параллель қалыпқа келеді.Салмақ екі аяққа тең бөлінеді.Ұзындыққа секірудің ең қарапайым түрі «аяқты бүгіп секіру» әдісі.
Ұзындыққа секіру әдісін жақсы меңгеру үшін еркін жүгіріп келіп, шағын ұзындыққа секіру 5-6 адымнан
мына тәсілдерді меңгеру қажет:
1)тез жүгіре білу
2)сызыққа аяқты дәл қоя білу
3)серпілетін аяқты нық тіреп, жақсы серпіле білу
4)жерге дұрыс түсе білу.
Ұзындыққа секіруге қатысты мына мәліметтерді есте сақтаңдар:
1.Секіріп түсетін шұңқырдың аумағы 5*3м болып табанына қалыңдығы 50-60см құм толтырылады.
2.Жол ұзындығы 25метр, ал ені 1 метр болады.
3.Тақтай шұңқырдың жиегінен 1,5-2метр қашықтыққа орналастырылады.Ұзындығы -1,2метр, ені 20см