Өте қызықты әрі терең ойлауды талап ететін, халқымыздың даналығын көрсететін ұлттық ойындардың бірі - тоғызқұмалақ. Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан тоғызқұмалақ ойыны қазір кең тарап, дамып, жетіліп келеді. Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын «малшы математикасы» деп аталған. Шындығында, бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы «қазан» мен «отауды» орынын жерді шұқып оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз- тоғыздан бөліп салып, бірден ойнай беретін болған. Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны қазірше белгісіз. Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән басты ерекшелігі – ол аса күрделі жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте, жерде кішкентай шұнқырлар қазып,ойын тақтасын дайындай қойған. Барлық құмалақты салатын шұңқырды – «қазан», тоғыз-тоғыздан салатын шұңқырды – «отау» деп атаған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Таңғажайып тоғызқұмалақ" мақаласы»
Калиев Самат Каратаевич «Мендықара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ломоносов орта мектебі» дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Таңғажайып тоғызқұмалақ
Өте қызықты әрі терең ойлауды талап ететін, халқымыздың даналығын көрсететін ұлттық ойындардың бірі - тоғызқұмалақ. Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан тоғызқұмалақ ойыны қазір кең тарап, дамып, жетіліп келеді. Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын «малшы математикасы» деп аталған. Шындығында, бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы «қазан» мен «отауды» орынын жерді шұқып оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз- тоғыздан бөліп салып, бірден ойнай беретін болған. Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны қазірше белгісіз. Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән басты ерекшелігі – ол аса күрделі жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте, жерде кішкентай шұнқырлар қазып,ойын тақтасын дайындай қойған. Барлық құмалақты салатын шұңқырды – «қазан», тоғыз-тоғыздан салатын шұңқырды – «отау» деп атаған.
Бүгінгі таңда дүние жүзінде зияткерлік ойындарды дамыту, өркендету маңызды шаралардың бірі болып саналады. Ал тоғызқұмалақ нағыз зияткерлік ойын. Зияткерлік ойындар дегеніміз – адамның ойлау қабілетін, ой өрісін дамытатын спорт түрі, оның үстіне, зияткерлік ойындардың теориялық сипаты да зор екен. Сондықтан мен тоғызқұмалақ ойынын жастарға үйретуді негізгі мақсат еттім. Екіншіден, ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, тоғызқұмалақтың тағылымдық, тәрбиелік, танымдық құндылықтары көп. Ата-бабамыздан аманат етіп қалдырылған бұл ойынды келесі ұрпаққа тапсырудың ен маңызды мен үшін өте зор, өйткені ұлттық тәрбие жалпы тәрбиенің негізін құрайды.
2011 жылы біздің, Ломоносов орта мектебіне, танымал тоғызқұмалақ жаттықтырушысы Үмбетов Рыспай ағай келіп, осы тоғызқұмалақ ойынмен таныстырып, үйретіп кетті.
Мен осы ойынға бірден қатты қызығып кеттім және балалар да аса қызығушылық танытып бірте-бірте ойнай бастадық. Бір жылдың ішінде тоғызқұмалақ ойынын меңгеріп алдық та аудандық жарыста жеңімпаз атандық. 2012 жылы тоғызқұмалақтан Қостанай облысы Федерациясының Кубогына арналған жарыста менің оқушым Жоламанов Алмат облыс чемпионы болды, осы жарыста Кенесов Аманат блиц жарысында 1 орын алды, Бакирова Аида 3 орын алды, Омарова Куралай 3 орын алды. Мен өзім де аудандық жарыстарға қатысып орын алып жүрмін, 2012 жылы Тоғызқұмалақтан аудандық жарыста 1-орын алдым, 2013 жылы Тоғызқұмалақ бойынша аудандық турнирде ерлер арасында 1-орын алдым, аудандық білім беру қызметкерлері арасындағы Бауыржан Момышұлы еске алу спартакиадасында 3 орынға ие болдым. Қазіргі кезде менің үш оқушым облыстық чемпион дәрежесіне жетіп отыр, олар- Жоламанов Алмат, Кенес Ильяс, Кенешпаев Анжар. Осы облыстық жарыстарда тағы да жүлделі орын алып жүрген шәкірттерім баршылық, атап айтсам олар - Бакирова Аида, Омарова Куралай, Сатыбалдина Жұлдызай. Сөйтіп бірте- бірте тәжірибе жинап, тоғызқұмалақ үйірмесін аштым, оған 16 оқушы қатысады. Балаларды 1 сыныптан бастап тоғызқұмалаққа дайындаймын. Тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысқан баланың ой-өрісі кеңейеді, есеп шығаруға бейімделеді, табандылыққа үйренеді, жылдам ойлауға, жылдам шешім қабылдауға, отанына деген сүйіспеншілікке, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиеленеді. Біз кең-байтақ республикамыздың Қызылорда, Шымкент, Астана, Семей, Павлодар деген қалаларында болып, жеңіске қолымыз аса жеткізе алмасақ та, қанжығамыз бос келген емес. Менің басты мақсатым оқушыларымды ұлттық ойынға деген белсенділіктерін әрі қарай дамытып, арттыру. Осы мақсат – арманым орындалса екен деймін, оқушыларым республикалық жарыстарда жүлделі орын алып, мінбеден еліміздің әнұранын естісек екен деймін. Әрине, мұндай дәрежеге жету үшін көп дайындық, көп еңбектенуді қажет етеді.