kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Наурыз - жыл басы" та?ырыбында

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Наурыз –жыл басы !

Ма?саты: к?пшілік ?ауымды, о?ушыларды Наурыз тойыны? д?ст?рлерімен, ?лысты? ?лы к?ні жасалатын жорал?ылармен таныстыру.

К?рнекілігі: киіз ?й  макеті, санды?, к?рпе, д??гелек ?стел, т.б

Барысы:

(музыка  ойнап т?рады. Сахна жабы?.)

Жарапазан айтылады.

Айтамыз жарапазан отбасы?а,

Тілейміз денсаулы?ты  бас-басы?а.

Аманды? келер ?р к?н отбасы?а,

Айтамыз жарапазан ауылы?а,

Береке,бірлік берсе ?ауымы?а,

Бас имес кімдер келіп ауылы?а.

Д?ст?рін хал?ымызды?  ?оямыз ба?!

Д?ст?рін хал?ымызды? біз ?мытса?,

Д?ниеде екі бірдей о?амыз ба?!

1-Ж?ргізуші:

Уа,жарандар, жарандар,

Б?рі? бері ?ара?дар.

Наурыз думан басталды,

Бір с?т зейін салы?дар.

?штас?ан оймен м??гілік

Біздерде бар сан ??рып,

?асырдан ?асыр?а

Келе жат?ан жа??ырып.

2- Ж?ргізуші:

??рметті ?она?тар! 2 «б»сынып о?ушылары  ата-аналарымен ?йымдастырыл?ан «Наурыз –жыл басы » атты  наурыз  кешіне ?ош келді?іздер! Б?гінгі кешімізді? ма?саты  к?пшілік ?ауымды Наурыз  тойыны?  д?ст?рлімен, ?лысты? ?лы к?ні жасалатын жорал?ылармен таныстыру, о?ушыларды?, ата-аналарды? ?нерлерін тамашалау.

(Сахна ашылады)  (?ызымен  шешесі ?й ішін жинап ж?реді)

1-жорал?ы : ?й тазалы?ы

Келін : Наурыз?а дейін ?йді ретке келтіріп алайы?. Жи?аз, м?лікті ? ша?ы с?ртіліп, киімдер тазартылып, еден,ыдыс-ая? жуылып, ?й ішінде ?о?ыс болмауы тиіс.  ?ора –?опсы,аула да осылай т?ртіпке келтірілу керек.

?ыз: апа, дастархан?а не ?оямыз.

Б?йбіше: «Жыл бойы а? мол болсын» деп с?т, айран, ш?бат, уыз, «Молшылы? болсын, егін ?німді болсын » деп бидай,тары ж?гері, «Жауын-шашын к?п болсын» деп ыдысты? б?рін толтырып ?ояды ежелден.

Келін шыра?! Асы?ды ?амдады? ба?  Келімді-кетімді кісі бар, ?азан  к?терейік.

Келін : ене, ?андай жілік салуды к?рсетіп бері?ізші.

Б?йбіше :  «Со?ымнан ?ал?ан с?р ет-ескі жылды? сыба?асы. Жас ет –жа?а жыл несібесі » деп сал?аны? ж?н болар, айналайын! Молыра? сал! (?желер мен келіндер  дастархан жаяды, тама? жасайды)

1-ж?ргізуші:

К?рі?дер, к??іл б?лі?дер,

А? ?желер ыдыс?а

А? ??яды, к?рі?дер.

Наурыз,са?ан жол болсын,

Тілегім аны? сол болсын.

Деген ырым жа?сы ?ой:

«Халы?та а? мол болсын!»

(Ота?асы мен  2 бала шы?ады. ?олдары?да к?рек, шелек.) (Аналар амандасады.)

2 –жорал?ы: Таби?ат жарасымы. Б?ла? к?зін ашу, Наурыз тал отыр?ызу.

Ота?асы: к?п жаса,?ркендерін ?ссін! Б?йбіше,біз б?ла?ты? к?зіни тазартып, Наурыз тал отыр?ызып келеміз.

 (Ота?асы кетеді)

Б?ла? к?рсе? к?зін аш,

Т?ны?ын кір шалмасын.

А?а берсін балбырап

 То?тап т?рып ?алмасын,

Ата?нан мал ?ал?анша,

Бір тал ?алсын к?геріп.

«К?ктей ?с»деп жал?анда

Халы? айт?ан т?релік.

Бір тал кессе?, он тал ек,

?рпа?ы ?ссін талдай боп.

Орман?а со?ы ?ласар,

?ткен ?мір балдай боп.

2- ж?ргізуші:

К?рі ?ысты? з?рі сынып,

Басыл?анда дауылы с?л

Отыр?ыз?ан н?лі шыбы?,

Сені? аты?-Наурызтал.

?згертуге ?те бейім

А? ж?мырт?а, сары уыз хал.

Бесіктегі б?педейін

М?пелейін, Наурызтал.

Тамыр тартып, ?уелей бер,

М?уелей бер, Наурызтал.

Б?йбіше: О, айналайын, немерені? даусы! Ж?рі?дер, ?ара?тарым,а?аш отыр?ызып  болса?. Наурызтал?а а? б?ркейік. Б?ла? к?зіне май ??яы?.

1- Ж?ргізуші

А? б?ріккен ?аза? тал?а,

Молшылы? сырын ??сын деп.

Май ??й?ан б?ла? к?зіне,

Майдай болып ж??сын деп.

2-ж?ргізуші

Жарасады міне енді,

Таласады кім енді

?ле? –жырдан бастаса?.

?ай?ы- м??ды д?л б?гін

Сырып кейін тастаса?.

Кел, орта?а,би биле,

Тартынбашы,жас ?аза? !

Уа,халайы?, той басталды.

«Тойбастар »жыры айтылсын.

(Ота?асы, б?йбіше, келін,?ыздар сахнадаотырады.)

?н «»

4- жорал?ы: К??іл жарасымы

  1. Бала: апа, ?она?тар келе жатыр.

Б?йбіше : ?лысты? ?лы к?ні ауылдан ауыл?а,?йден ?йге ж?ріп аманды? с?расар ежелден ?ал?ан салт ?ой. ?она?ты? келгені жа?сы.?арсы ал, айналайын!

?она?: Ассааума?аллейк?м, ота?асы!Мал-жаны?ыз аман ба??лыс ба?ты болсын, т?рт т?лігі?із а?ты болсын!

  • Рахмет,айт?а?ыз келсін! Ауыл –айма?, ел-ж?рт аман ба?Б?гін ауада жэел жо? сия?ты айдап келді дейтіндей.

?она?: ?й, ??рдас, ма?ан деген ?кпе?ні? ж?ні бареді. Мынау ?лысты? ?лы к?ні алды?нан ?тіп кешірім с?райын деп ?дейі келдім.Менен бір білместік ?тті. Ішіндегі ?кпе? мен ыза? ескі жылмен кетсін. Міне айыбым. (Шапан жабады)  Кеш ?атемді.

Ота?асы : М-м-м (ойланып ?алады)

  •   Ж?н  ?ой,ж?н. Алды?а келсе, ата?ны?.
  • К-м (ж?ткірінеді, б?йбіше тыйылып ?алады.)

Бас?а к?ні келгенде жа?дайы?ны??алай боларынкім білген ??лыс ?лыс ?шін кешірмескешара жо?. Орайын тапты? неде болса.(Екеуі ?ол алысады.)

  1. Ж?ргізуші: Наурыз к?ні адамдар ба?ай есеп, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында  тазаруы керек. «?лыс к?ні алды?а келсе, ата?ны? ??нын кеш», «Жа?сылы??а жа?сылы? –?р адамны? ісі», «Таспен ?р?анды аспен ?р» секілді на?ылдарды ?зек етіп, а?са?алдар араз адамдарды, а?айын-туысты татуластыр?ан, ескі жылды?  даудамайын жа?а жыл?а ауыстырмай, оны? ?айта ?озуы?а тыйым сал?ан. Бір дастарханнан д?м татып, осылайша к??іл жарасымына ?мтыл?ан.

Б?йбіше  « Ер шекіспей бекіспейді» деген осы-ау. Б?дан былай тату болайы?, п?ле –жала  аула?  кетсін.  Балам –ай, арша ?кел, мына ?йді? ішін алас аластап жіберейік. (келіні арша ?келеді.)

Алас,алас,

Мы? бір п?леденалас,

Ж?з бір ?атерден алас.

К?зі жаманны? к?зінен са?та,

Тілі жаманны? тілінен са?та,

Ниеті жаманны? ниетінен са?та.

Жер- ана, к?ш-?уат бере г?р, т?у-т?у!

Атар та?, а? ниет бере г?р, т?у-т?у!

Самал жел, жа?а леп бере г?р, т?у-т?у!

Баста??ы, баста??ы

5-жорал?ы: ?й?ыашар

?ыздар,?лдар ! Тезірек ж?гірі?дер алтыба?ан?а. ?лысты? ?лы к?нінде ?уанба?ан  ?ашан  ?уанамыз? Болы?дар! Асы?ы?дар. (Жастар алтыба?ан?а кетеді, 3 ?ыз сахна?а шы?ады)

1-?ыз :  Алтыба?анда ?алай к??ілді болды,?! ?й біра?, ?ыздар, жа?а ?лдар бізді тербеткен жо?,??

  1. ?ыз: ?ойшы соларды, ?й?ылары ашылмай ж?рген сия?ты.
  2. ?ыз: ?й?ылары ашылмаса ?й?ыашарымыз дайын емес пе? Кеттік, ?ыздар!

2-ж?ргізуші : Хал?ымызды? салты бойынша ?ыздар мен бойжеткендер мереке алдында?ы т?нде со?ымны? еті мен уыздан «?й?ыашар» атты та?ам дайындап, ?здері ?нат?ан ?лдар?а д?м таттыратын бол?ан. Оны? м?нісі «?лысты? ?лы к?ні ?йы?тап ?алмасын» деген ырымнан  туса керек. О?ан ?оса «?й?ыашар ер жігітк к?ш –?уат, сезім дарытады»деген ??ым ?алыптас?ан.

6- жорал?ы:  Селтеткізер

-?лдар, бері таман келі?дер. Бізді? де «Селтеткізерміз»дайын емес пе ? берейік, сен баста! (Селтеткізер сыйлайды)

2-ж?ргізуші: Жігіттер ?здеріне «?й?ыашар» дайындап ?ызмет етіп ??рмет к?рсеткен ?рі ?нап ?ал?ан ?ыздар?а  айна, иіссу сия?ты же?іл-желпі ескерткіш сыйлы? ?сыады. М?ны «Селтеткізер» деп атайды.

(к?й ойнайды)

  1. Жаршы: ?ыдыр ата келе жаты.
  2. Жаршы : ?лыс к?нгі ?лы тілек, ?ыдыр атаны? а? батасын алатын болды?.

7-жорал?ы: ?ыдыр т?ні

1-ж?ргізуші: Наурызды? 21-не 22-сіне ?ара?ан  т?ні даланы ?ыдыр аралайды. Сол себепті осы т?н «?ыдыр т?ні» деп аталады. ?ыдыр т?ні Жа?а жыл табалдыры? аттап ?йге енгенде «Жал?ыз шала с?уле болмас» деп т?рге ?ос шыра? жа?ып ?ойылады. ?ыдыр-адамдар?а д?улет дарытатын, ба?  ?ондыратын, а?са?ал кейпінде к?зге к?рінетін ?иял-?ажайып  бейне. ?ыдыр ата даланы кезе ж?ріп назары  Жерге т?ссе,оны? тон  кеудесін жібітеді, ал тас?а т?ссе, тасты ерітіп жібереді екен. (?ыдыр ата келеді)

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Наурыз - жыл басы" та?ырыбында»

Тақырыбы: Наурыз –жыл басы !

Мақсаты: көпшілік қауымды, оқушыларды Наурыз тойының дәстүрлерімен, Ұлыстың ұлы күні жасалатын жоралғылармен таныстыру.

Көрнекілігі: киіз үй макеті, сандық , көрпе, дөңгелек үстел, т.б

Барысы:

(музыка ойнап тұрады. Сахна жабық.)

Жарапазан айтылады.

Айтамыз жарапазан отбасыңа ,

Тілейміз денсаулықты бас-басыңа.

Амандық келер әр күн отбасыңа,

Айтамыз жарапазан ауылыңа,

Береке ,бірлік берсе қауымыңа,

Бас имес кімдер келіп ауылыңа.

Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?!

Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,

Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?!

1-Жүргізуші:

Уа ,жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар.

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салыңдар.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырдан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

2- Жүргізуші:

Құрметті қонақтар! 2 «б»сынып оқушылары ата-аналарымен ұйымдастырылған «Наурыз –жыл басы » атты наурыз кешіне қош келдіңіздер! Бүгінгі кешіміздің мақсаты көпшілік қауымды Наурыз тойының дәстүрлімен , Ұлыстың ұлы күні жасалатын жоралғылармен таныстыру, оқушылардың , ата-аналардың өнерлерін тамашалау.



(Сахна ашылады) (Қызымен шешесі үй ішін жинап жүреді)

1-жоралғы : Үй тазалығы

Келін : Наурызға дейін үйді ретке келтіріп алайық. Жиһаз , мүлікті ң шаңы сүртіліп, киімдер тазартылып , еден ,ыдыс-аяқ жуылып, үй ішінде қоқыс болмауы тиіс. Қора –қопсы ,аула да осылай тәртіпке келтірілу керек.

Қыз: апа , дастарханға не қоямыз.

Бәйбіше: «Жыл бойы ақ мол болсын» деп сүт, айран, шұбат, уыз, «Молшылық болсын, егін өнімді болсын » деп бидай ,тары жүгері , «Жауын-шашын көп болсын» деп ыдыстың бәрін толтырып қояды ежелден.

Келін шырақ! Асыңды қамдадың ба? Келімді-кетімді кісі бар, қазан көтерейік.

Келін : ене, қандай жілік салуды көрсетіп беріңізші.

Бәйбіше : «Соғымнан қалған сүр ет-ескі жылдың сыбағасы. Жас ет –жаңа жыл несібесі » деп салғаның жөн болар, айналайын! Молырақ сал! (Әжелер мен келіндер дастархан жаяды, тамақ жасайды)

1-жүргізуші:

Көріңдер, көңіл бөліңдер,

Ақ әжелер ыдысқа

Ақ құяды , көріңдер.

Наурыз ,саған жол болсын,

Тілегім анық сол болсын.

Деген ырым жақсы ғой:

«Халықта ақ мол болсын!»

(Отағасы мен 2 бала шығады. Қолдарыңда күрек, шелек.) (Аналар амандасады.)

2 –жоралғы: Табиғат жарасымы. Бұлақ көзін ашу, Наурыз тал отырғызу.



Отағасы: көп жаса ,өркендерін өссін! Бәйбіше ,біз бұлақтың көзіни тазартып, Наурыз тал отырғызып келеміз.

(Отағасы кетеді)

Бұлақ көрсең көзін аш,

Тұнығын кір шалмасын.

Аға берсін балбырап

Тоқтап тұрып қалмасын,

Атаңнан мал қалғанша,

Бір тал қалсын көгеріп.

«Көктей өс»деп жалғанда

Халық айтқан төрелік.

Бір тал кессең , он тал ек,

Ұрпағы өссін талдай боп.

Орманға соңы ұласар,

Өткен өмір балдай боп.

2- жүргізуші:

Кәрі қыстың зәрі сынып,

Басылғанда дауылы сәл

Отырғызған нәлі шыбық,

Сенің атың-Наурызтал.

Өзгертуге өте бейім

Ақ жұмыртқа , сары уыз хал.

Бесіктегі бөпедейін

Мәпелейін , Наурызтал.

Тамыр тартып, әуелей бер,

Мәуелей бер, Наурызтал.

Бәйбіше: О, айналайын, немеренің даусы! Жүріңдер, қарақтарым ,ағаш отырғызып болсақ. Наурызталға ақ бүркейік. Бұлақ көзіне май құяық.





1- Жүргізуші

Ақ бүріккен қазақ талға,

Молшылық сырын ұқсын деп.

Май құйған бұлақ көзіне,

Майдай болып жұқсын деп.

2-жүргізуші

Жарасады міне енді,

Таласады кім енді

Өлең –жырдан бастасақ.

Қайғы- мұңды дәл бүгін

Сырып кейін тастасақ .

Кел, ортаға ,би биле,

Тартынбашы ,жас қазақ !

Уа ,халайық , той басталды.

«Тойбастар »жыры айтылсын.

(Отағасы, бәйбіше, келін ,қыздар сахнада отырады.)

Ән « »

4- жоралғы: Көңіл жарасымы

  1. Бала: апа , қонақтар келе жатыр.

Бәйбіше : Ұлыстың ұлы күні ауылдан ауылға ,үйден үйге жүріп амандық сұрасар ежелден қалған салт қой. Қонақтың келгені жақсы.Қарсы ал, айналайын!

Қонақ: Ассааумағаллейкүм, отағасы!Мал-жаныңыз аман ба?Ұлыс бақты болсын, төрт түлігіңіз ақты болсын!

Отағасы:Рахмет,айтқаңыз келсін! Ауыл –аймақ, ел-жұрт аман ба?Бүгін ауада жэел жоқ сияқты айдап келді дейтіндей.

Қонақ: Әй, құрдас, маған деген өкпеңнің жөні бареді. Мынау Ұлыстың ұлы күні алдыңнан өтіп кешірім сұрайын деп әдейі келдім.Менен бір білместік өтті. Ішіндегі өкпең мен ызаң ескі жылмен кетсін. Міне айыбым. (Шапан жабады) Кеш қатемді.

Отағасы : М-м-м (ойланып қалады)

Бәйбіше: Жөн ғой,жөн. Алдыңа келсе, атаңның..............

Отағасы: К-м (жөткірінеді, бәйбіше тыйылып қалады.)

Басқа күні келгенде жағдайыңныңқалай боларын кім білген ?Ұлыс ұлыс үшін кешірмеске шара жоқ. Орайын таптың неде болса.(Екеуі қол алысады.)

  1. Жүргізуші: Наурыз күні адамдар бақай есеп, пендешілік атаулыдан тазарып , ар-ожданы алдында тазаруы керек. «ұлыс күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «Жақсылыққа жақсылық –әр адамның ісі», «Таспен ұрғанды аспен ұр» секілді нақылдарды өзек етіп , ақсақалдар араз адамдарды , ағайын-туысты татуластырған, ескі жылдың даудамайын жаңа жылға ауыстырмай, оның қайта қозуыңа тыйым салған. Бір дастарханнан дәм татып, осылайша көңіл жарасымына ұмтылған.

Бәйбіше « Ер шекіспей бекіспейді» деген осы-ау. Бұдан былай тату болайық, пәле –жала аулақ кетсін. Балам –ай , арша әкел, мына үйдің ішін алас аластап жіберейік. (келіні арша әкеледі.)

Алас ,алас,

Мың бір пәледен алас,

Жүз бір қатерден алас.

Көзі жаманның көзінен сақта,

Тілі жаманның тілінен сақта,

Ниеті жаманның ниетінен сақта.

Жер- ана , күш-қуат бере гөр, тәу-тәу!

Атар таң , ақ ниет бере гөр , тәу-тәу!

Самал жел, жаңа леп бере гөр, тәу-тәу!

Бастаңғы , бастаңғы

5-жоралғы: Ұйқыашар

Қыздар,ұлдар ! Тезірек жүгіріңдер алтыбақанға . Ұлыстың қлы күнінде қуанбаған қашан қуанамыз? Болыңдар! Асығыңдар. (Жастар алтыбақанға кетеді, 3 қыз сахнаға шығады)

1-қыз : Алтыбақанда қалай көңілді болды,ә! Әй бірақ, қыздар, жаңа қлдар бізді тербеткен жоқ ,ә?

  1. Қыз: Қойшы соларды , ұйқылары ашылмай жүрген сияқты.

  2. Қыз: Ұйқылары ашылмаса ұйқыашарымыз дайын емес пе? Кеттік, қыздар!

2-жүргізуші : Халқымыздың салты бойынша қыздар мен бойжеткендер мереке алдындағы түнде соғымның еті мен уыздан «Ұйқыашар» атты тағам дайындап , өздері ұнатқан ұлдарға дәм таттыратын болған. Оның мәнісі «Ұлыстың ұлы күні ұйықтап қалмасын» деген ырымнан туса керек. Оған қоса «Ұйқыашар ер жігітк күш –қуат , сезім дарытады»деген ұғым қалыптасқан.

6- жоралғы: Селтеткізер

-Ұлдар, бері таман келіңдер. Біздің де «Селтеткізерміз»дайын емес пе ? берейік , сен баста! (Селтеткізер сыйлайды)

2-жүргізуші: Жігіттер өздеріне «Ұйқыашар» дайындап қызмет етіп құрмет көрсеткен әрі ұнап қалған қыздарға айна, иіссу сияқты жеңіл-желпі ескерткіш сыйлық ұсыады. Мұны «Селтеткізер» деп атайды.

(күй ойнайды)

  1. Жаршы: Қыдыр ата келе жаты.

  2. Жаршы : Ұлыс күнгі ұлы тілек , Қыдыр атаның ақ батасын алатын болдық.



7-жоралғы: Қыдыр түні

1-жүргізуші: Наурыздың 21-не 22-сіне қараған түні даланы Қыдыр аралайды. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр түні Жаңа жыл табалдырық аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағып қойылады. Қыдыр-адамдарға дәулет дарытатын, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып бейне. Қыдыр ата даланы кезе жүріп назары Жерге түссе ,оның тон кеудесін жібітеді , ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. (Қыдыр ата келеді)

Қыдыр ата:

Армысың, жамағат!

Ұлыс оң болсын.

Қайда барсаң ,жол болсын,

Денсаулықтарын зор болсын.

Көйлектерін көк болсын,

Қарыңдарың тоқ болсын.

Қуаныш , шаттық көп болсын,

Қайғы-уайым жоқ болсын.

Күлімдесін көкте күн,

Шуақ шашсын көктемің

Қырық шілтен жебесін

Көңіліңнің кептерін.

Тілек етіп ұшырсын

Ыстық ұя мектебің.

Келешегі елімнің,

Көкжиегі көгімнің,

Азамат боп саналып,

Биіктерден көрінгін!

Әумин!





Бала

Уа, құдайым оңдатып,

Қызыр бабам қолдатып,

Келіп жеткен сағынта

Жаңа жылда жарылқа,

Ойға толып санамыз

Бестік болып бағамыз,

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз!

(Күн келеді. Сары көйлек киген)

Шуақты көктем жаңа жыл!

Арайлап атқан әр таңын

Қуантар қой қоздап , малда төлдеп.

Жаңа күн келді ұрпағым,

Жаңа жылым жарылқа ,

Ескі жылым есірке,

Ұрпағынды аман ет.

Жамандық әрі кет, әрі кет.

Алас , алас

Бар бәледен қалас

Өшкен шырақ жағылсын

Көктемнің әрбір ақ таңы,

Қуанышпен жақсылықпен ашылсын.

Өз төріне ене берші Ару көктем!

Халқыңа пана болшы ғажап көктем,

Кел ортаға күтудеміз сені біз,

Жер беті жайқалсыншы Ару көктем!

(Ару көктем келеді )

Жер әлемді жайнатқан

Ару көктем мен келдім.

Ерітіп жіберейін өзін мұздың.

Жылуымнан сескеніп тентек боран ,

Өзімен ала кетер қыстың сызын.

Жан-жануар ойнақтап асыр салды,

Әнші құстар тамылжып әнге салды.

Елге бірлік –береке ала келдім

Қуанышпен қарсы алған жаңа таңды.

2-жүргізуші: қане, төрлетіңдер Сұлу күнмен, Ару көктем!

Олай болса енді қандай тұрыс бар. Тойдың сәнін қыздыра түспейміз бе?

Сендердің бізге алып келген қандай сый –сыйапаттарын бар.

Ару көктем : сен баста Сұлу күн

Сұлу күн. менің мынадай сауалым бар. Кім сұрағыма жауап берсе соған сыйлығым бар.

Наурызда тілек қандай мақсатта,қай уақытта айтылады?

Жауабы: Наурыз тілек-достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің белгісі. Әр адам өзіне , отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.

Екінші сауалым. «Наурыз төл» дегенді қалай түсінесің?

Жауабы: Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып,малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайтын болған, ешкімге сыйлауға да болмайды.

(сыйлығын береді)

Ару көктем: Наурызкөк дегеніміз не?

Жауабы: наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурызым көгім келдің бе?»деп шақырып жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейтін болған.

Енді бір сауал қойсам бола ма?

Жүргізуші қойыңыз , балалар жауап береміз бе?

-иә, жауап береміз.

«Наурызша» деген сөздің мағынасы қалай?

Жауабы: наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қар түседі. Оны халық «Наурызша» деп атайды.

Жарайсыңдар , балалар өркендерің өссін!

Жүргізуші: Наурыз тойы айтыссыз өткен бе, қане олай болса ақындарымызды ортаға шақырайық. (Ортаға ұлмен қыз шығады. Ұлдар бір бөлек . қыздар бір бөлек тұрады)

Ұл: Жылдың басы –Наурыз ,

Жырдың басы –Наурыз.

Наурызға арналсын

Бүгінгі жыр мен әніміз.

Наурыз деп ей қыздар,

Кел шырқайық бәріміз

Қыз: көптен күткен айымыз

Келген шақта Наурыз,

Шараларға толғанда

Наурызкөже бал-уыз

Досым әнін бастасын,

Қоштауға біз дайынбыз.

Ұл: Қыздарға бұл не болған,

Тоймаған ба көжеге,

Ұқсайды екен шөжеге.

Шөже, шөже, шөжелер,

Шөжелерге көже бер.

Қыз: жамыраған қаздай

Маңыраған қозыдай ,

Бірін-бірі тыңдамай

Ән салатын ұлдар-ай!

Көже көрсе тап беріп

Бассалатын ұлдар-ай!

Жарайсыңдар, екеуінде керемет айтыс жасадыңдар! Өнерлерін өрге жүзсін.

Қыдыр ата: Бәрекелді ! Барлығы да өнерлі балалар екен. Тіл -көзден сақтасын! Менің әлі баратын жерлерім көп.

Ару көктем: ата мына балаларға бата беріңіз.

Қыдыр ата: сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Қиып түсер қыран бол,

Ел –жұртыңа ұран бол!

Даңқың кетер алысқа,

Бейбарыстай ұлан бол!

Оза шауып бәйгеден,

Озып келер құлан бол!

Ақ көңілді шынар бол,

Жақсылыққа құмар бол!

Әумин!

(Қыдыр ата кетеді)



Жүргізуші : ендігі кезекті әнмен жырға , биге берелік. Ата –аналарымыздан да тойға тарту сұрасақ қайтеді. Тойдың көркі әнмен би емес пе ағайын.

1-Жүргізуші: Ұл –қызымыз жайнап тұр,.

Өнерлерін сайлап тұр.

Біздің қара шаңырақтың құты гғой,

Қасиетті қара қазан қайнап тұр.

Сыйлаған жандар атасын,

Көжеден дәм татарсың.

Тілейік қабыл болсын деп

Қыдыр атаның батасын.

2-жүргізуші : қасиет еткен халқымыз,

Жаңғырар дәстүр –салтымыз,

Қастерлі менің халқымның

Наурыздан болды жыл басы,

Наурыздан болса жыл басы

Қыдырдан болсын жолдасы.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз –жыл басы »атты 2 б сыныбының ата-аналарымен біріккен наурыз тойы өз мәресіне де келіп жетті. Сау –саламатта болайық! Жылдан –жылымызға аман- есен жетейік.

Мерекелік дастарханға шақырамыз.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "Наурыз - жыл басы" та?ырыбында

Автор: Сранова Гулшат Сулейменовна

Дата: 14.04.2016

Номер свидетельства: 318694


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства