kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Халы? ?ніні? – бала т?рбиесіндегі орны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Карак?з Ахет?ызы Ергалиева, № 51 гимназия ММ директорды? т?рбие ісі ж?ніндегі орынбасары, музыка п?ніні? м??алімі А?т?бе ?аласы Халы? ?ніні? – бала т?рбиесіндегі орны ?аза?ты? халы? ?ндері бізді? хал?ымызды? салт-д?ст?рін, т?рмыс салтын, тыныс-тіршілігін ке?інен к?рсетеді. Халы? даналы?ыны? ?айнар к?зі, хал?ымызды? жан д?ниесі десекте ?ателеспеген болар едік. Сонды?тан да ата-бабамыздан ?ал?ан те?десі жо? м?ра- халы? ?ндеріні? ерте?гі ел азаматтарын т?рбиелеуде ат?арар орны ерекше. Халы? ?ні – халы? к?ркем шы?армашылы?ыны? негізгі жанры, ?ыс?а ?айырымды, шума?ты – поэзиялы? туынды. Олар ?детте ?р т?рлі та?ырыптарды ?амтиды, мысалы тарихи, эпикалы?, лирикалы?, т?рмысты?, салт-д?ст?рлік, е?бек ?ндері, т.б. болып келеді. Ке? байта?, жазира даласы бар ?аза? хал?ыны? діні мен тілі, салт-д?ст?рі бір бол?аныменен, ?лтты? музыка ?нерінде халы?ты? рухани м?расыны? байлы?ын д?лелдей т?сетін бірнеше айма?ты? орындаушылы? д?ст?рлер бар екені б?рімізге м?лім. ?асырлар бойы саба?тасты?ын жоймай келген халы? ?ндері мазм?ны мен формасы жа?ынан жалпы ?аза??а т?н, біра? ?р айма?ты? орындаушылы? стилі, м?нері ?р бас?а. На?ыз халы?ты? ж?регінен туындайтын бол?анды?тан да халы? ?ндерін ты?да?анда адам г?л жайна?ан ба? ішінде ж?ргендей ?уанышты к??іл-к?йге б?ленуі с?зсіз. Та? ?ажайып таби?ат, т?рлі-т?сті г?лге б?ленген ?аза? даласы, т?рбиелі де тал?амы биік, с?лу ?сем ?ыз?а Гау?артас деп ат ?ойып, те?десі жо? асыл тас?а те?ейді. ?нні? осындай таза да м?лдір б?ла?тай ?уені ?ыз бойында?ы мінсіз с?лулы?ты д?п суреттегендей. Б?л «Гау?артас» ?ніні? ?рбір о?ушыны? ж?регіне таза сезім, ?лкен тал?ам ?ялататыны рас. С?зіне ?ні сай осындай халы? ?ндері бізді? ?аза? хал?ыны? ке? жайлауы мен даласындай ке?, жомарт пейілін паш етіп, ?н ар?ылы ?аза? жастарын жа?сылы??а, рухани жан д?ниесіні? бай болуына баулиды демекпін. Халы? ?ніні? ?асырдан ?асыр?а жетіп, ?мытылмайтынды?ы – оны? на?ыз ?мір шынды?ынан, халы?ты? м??-м??тажынан, ?уанышы мен ?ай?ысынан, ж?регін жарып шы??ан а?и?атынан туындайды. Халы? ?ндеріні? с?зі мен ?уені астасып, ?зара ?июласып келеді. Халы? ?ні таптырмас ??нды байлы?ымыз, жас жеткіншектерді т?рбиелеудегі басты ??ралымыз. Халы? ?ні ?мірді, онда?ы с?лулы? пен данышпанды?ты д?рыс танып, д?рыс сезінуге жол ашады. Халы? ?ндеріні? халы?ты? тал?амын т?рбиелеудегі аса зор ?серін ш?кірттерге т?сіндіру ж?не талдауда музыка мен ?ннен саба? беретін маман ?стаздардан к?сіби шеберлікті талап етеді. ?нні? бір ?асиеті — ?уезділігі, ?серлілігі, к?ркемділігі. Б?л уа?ыт сынынан м?дірместен ?тіп, бізді? заманымыз?а келіп жеткен халы? ?ндеріні? барлы?ына дерлік т?н белгі. Жазба м?дениеті туа ?ойма?ан дала жа?дайында на?ыз к?ркем, ты?даушысына тере? ?сер ететін ?уезді саз ?ана ел аузына ілігіп, ?за? мерзім ?мір с?ре алды. Халы? ?ндеріне т?н та?ы бір ерекшелік — ?нні? мазм?ндылы?ы, елді? ?мірі, т?рмыс-тіршілігімен саба?тасты?ында. Кез келген ?н белгілі бір о?и?а?а ??рьлады. Со?ан орай оны? айтайын деген ой-мазм?ны да болады. Сол ой тере? сезім ар?ылы тербеліп, к?ркем кесте — ?ле? т?рінде сырт?а шы?ып отыр?ан. М?ны ?нні? поэзиялык ар?ауы немесе ?деби сипаты дейміз. Осы ?ш белгі жо? жерде оны ?н жанрына жат?ызу ?иын. Уа?ыт пен ке?істіктен тыс ?мір с?ретін ?н болмайды. ?нні? осы атал?ан ?ш сипатына орай тарихшы, а?ын ж?не сазгер ?ызметіне де то?тала кеткеніміз орынды. ?нді тудыруда?ы б?ларды? ?ызметі ?андай? ?зара ерекшелігі неде? Тарихшы — шежіреші. ?детте ол на?ты бір о?и?аны ?ара с?збен баяндайды. ?ле? кестесін, поэзия т?сілдерін ?олданбайды. Сонды?тан оны? тілінде ?ле?ге т?н ыр?ак, ?лшем, ?й?ас бола бермейді. Егер ?лгі шежіреші баянда?ан тарихи о?и?аны ?ле? кестесіне т?сірер болса?, оны? мазм?ны ?згерер ме еді? Осы м?селеге токтал?ан жерде тарихшы мен а?ынны? айырмасы оларды? бірі бол?ан о?и?аны, екіншісі болуы м?мкін о?и?аны баяндауында, деп к?рсетеді Аристотель. С?йтіп поэзияны? тарихи шежіреден г?рі ма?ызды ?рі к?рделі жанр екенін айтады. Тарих жеке бір о?и?аны баяндаса, поэзия сол о?и?аны жалпылай жыр?а ?осады. О?ан ?н ?уеніні? де ?атысы зор. Демек поэзия сия?ты ?нні? де ?леуметтік ма?ызы елеулі. ?н — халы?ты? к?ркем ой-санасы деген с?зімізді? м?нісі осында. ?аза? хал?ыны? ?н ?нері сан-салалы. К?не д?уірлерден келіп жеткен б?л м?дениет саласын бірнеше арна?а б?луге болады. Олар: ба?сы сарыны, жыраулы? д?ст?р, ертегілік, тарихи ж?не лирикалы? ?ндер. ?н - вокалды? жанр. Халы? ?ндеріне т?н мынадай белгілерді к?рсетуге болады: 1) ?нні? мазм?ны, я?ни ?деби м?тіні. 2) ?нні? ?уені, я?ни музыкасы. 3) ?нні? жанрлы? ерекшелігі. Халы? ?ндерін біз та?па? сазды речитативтік, тарихи ж?не лирикалы? деп б?леміз. Б?л ерекшеліктер бірде ?ндерді? музыкалы? интонациялы? ж?йесіне ?атысты болса, енді бірде жанрлы? сипатын білдіреді. Халы? ?ндеріні? стильдік ерекшеліктеріне бойлай т?сетін болса?, оларды? музыкалы? ?уені мен ?деби м?тініні? бірде с?йкес, бірде с?йкес еместігін а??арамыз. Б?л ерекшелікті ?ылым тілімен синхронды? ж?не асихронды? деп екіге жіктейміз. Асинхронды? ж?йеге негізделген ?ндерді? музыкасы мен ?деби м?тіні ?р т?рлі кезе?дерде ту?анды?тан, оларды? ??рылымды? жа?ынан бір-біріне с?йкес келмейтіні бай?алады ?аза? халы? ?ндеріні? т?рбиелік м?ні орсан зор. ?аза? ?ндеріндегі философиялы? ой тере?дігі ?немі дидактикалы? м?селелермен ?апсырыла ?апталдас?ан. ?аза? ?ндеріні? ?ай жанрын алмаса? та, ?негелі ?сиет ар?ылы, ізгілікті мейірбанды??а, татулы? пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез — ??лы??а, си?ырлы а?ылдылы??а насихаттап отырады. Сонымен бірге, ?аза? хал?ыны? тарихын, ?мір с?ру тіршілігіні? сан ?илылы?ын, ?о?амды? ??з?арастарын, а?ыл — ойыны? жиынты?ын танытады. Б?л ?аза? ?ндеріні? дидактикалы?, танымды? касиеті негізгі ерекшеліктерін та?ы бір ?ырынан к?рсетеді. Каза? халы? ?ндеріні? жанрлары да к?п. Оларды ж?йеге келтірілген жіктемелер де баршылы? (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бек?ожина, З.?оспа?ов, т.б.). Жіктемелерін б?рін ?нертану саласында толы? ?олдау?а болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалану?а болмайды, ?йткені олар ?ндерді? т?рбиелік м?мкіндіктерін жан жа?ты ашып к?рсетуді шектейді. Бізді? пайымдауымызша мектеп практикасында мазм?нды пайдалану ма?сатында каза? ?ндеріні? т?рбиелік м?мкіндіктерін былайша жіктеген д?рыс сия?гы: - т?рмыс салт ?ндері (бесік жырлары, балалар мен жастар ?ндері); - е?бек, шаруашылы?, к?сіби ?ндері (ба?ташылы?, т?рт т?лік мал туралы ?ндер, ди?ан, егіншілік ?ндері, а?шылы?, саяткерлік ?ндер, ж?мысшы ?ндері); - ?йлену ?ндері (той бастар, той тар?атар, жар-жар, беташар, ?оштасу, сы?су, ??далар ??дері); - ?лыс ?ндері (жарапазан); діни ?дет — ??рыптар тудыр?ан ?ндер (б?дік, ба?сы сарыны); - жо?тау ?ндері (естірту, ж?бату, к??іл айту); - ?иял-?ажайып ?ндер (а?ыз ??дер, ?тірік ?ле?дер); - сатиралы — юморлы? ?ндер (?зіл-?алжы?, мыс?ыл, к?лдіргі ??дер); - тарихи ?ндер; - эпикалы? шы?армалар (терме, тол?аулар); - айтыс ?ндері; - лирикалы? ?ндер. Каза?ты? халы? ??дері жо?ары т?рбиелік м?мкіндіктерімен, азаматты? идеяларыны? ?ркениеттілігімен, т?рмыста?ы к?з?арасты ?серлі бейнелеуімен, к?ркемдік айырмашылы?ымен о?ушылар назарын ?зіне аударады. Халы? ?ндеріні? даму барысында?ы ерекшелікті? бірі – ?ндерді? о?и?алы?, к?ркемдік ?азынасын игеріп, жа?а заман ?ажетіне жаратылуы. ?аза? ?ндеріні? тамаша ?ибратты, діндік м?н – ма?ынасы мол жанрларыны? бірі – халы? ?ндері. Ол ?азіргі кезде де даму жолында. Олай дейтініміз, халы? ?ндері ?ылыми т?р?ыда жан-жа?ты зерттеліп, т?рлі аспаптар мен к?сіби ?ншілерді? орындауында на?ыз ба?а жетпес ??нды д?ние ретінде танылып, ?олданылуда. Халы? ?ні ?мірде, тарихта, ?о?амда т.б. бол?ан ??былыстарды ?ыс?а да н?с?а, к?ркем т?рде жеткізетін, баяндайтын ?нерді? ерекше де аса пайдалысы. Халы? ?ндері сауы?-сайран ма?сатынан ?ана туында?ан емес. Оларды? пайда болу сыры жан-жа?ты ?рі тере?. Халы? ?ні б?рінен б?рын халы?ты? к??іліндегі к?п сырларыны? жары??а шы?уы. Халы? ?ндеріні? к?ні б?гінге дейін ?о?амымызда м?ртебесі биік те к?ркем ?нерімізді? т?рінен орын алып отыруы оларды? м?тініні? мазм?ны мен ?уеніні? ешбір ескірмеуінде болып табылады. ?орыта келгенде, ?аза? хал?ыны? ?ндерінде ?ткен заманны? ??ымдары ?ана емес, болаша?ты? болаша?ына ?ажет эстетикалы? м?раттар бар. Оларды табу, к?ру, сезіну, т?сіне білу жа?аша ойлайтын, отанын с?йетін азаматтар ?алыптастыруда ?ажет болатын, еш?ашан м?ні мен ма?ынасы кемімейтін ??ндылы?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Халы? ?ніні? – бала т?рбиесіндегі орны »

Каракөз Ахетқызы Ергалиева,

51 гимназия ММ

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

музыка пәнінің мұғалімі

Ақтөбе қаласы

Халық әнінің – бала тәрбиесіндегі орны

Қазақтың халық әндері біздің халқымыздың салт-дәстүрін, тұрмыс салтын, тыныс-тіршілігін кеңінен көрсетеді. Халық даналығының қайнар көзі, халқымыздың жан дүниесі десекте қателеспеген болар едік. Сондықтан да ата-бабамыздан қалған теңдесі жоқ мұра- халық әндерінің ертеңгі ел азаматтарын тәрбиелеуде атқарар орны ерекше.

Халық әні – халық көркем шығармашылығының негізгі жанры, қысқа қайырымды, шумақты – поэзиялық туынды. Олар әдетте әр түрлі тақырыптарды қамтиды, мысалы тарихи, эпикалық, лирикалық, тұрмыстық, салт-дәстүрлік, еңбек әндері, т.б. болып келеді. Кең байтақ, жазира даласы бар қазақ халқының діні мен тілі, салт-дәстүрі бір болғаныменен, ұлттық музыка өнерінде халықтың рухани мұрасының байлығын дәлелдей түсетін бірнеше аймақтық орындаушылық дәстүрлер бар екені бәрімізге мәлім. Ғасырлар бойы сабақтастығын жоймай келген халық әндері мазмұны мен формасы жағынан жалпы қазаққа тән, бірақ әр аймақтың орындаушылық стилі, мәнері әр басқа.

Нағыз халықтың жүрегінен туындайтын болғандықтан да халық әндерін тыңдағанда адам гүл жайнаған бақ ішінде жүргендей қуанышты көңіл-күйге бөленуі сөзсіз. Таң ғажайып табиғат, түрлі-түсті гүлге бөленген қазақ даласы, тәрбиелі де талғамы биік, сұлу әсем қызға ГауҺартас деп ат қойып, теңдесі жоқ асыл тасқа теңейді. Әннің осындай таза да мөлдір бұлақтай әуені қыз бойындағы мінсіз сұлулықты дөп суреттегендей. Бұл «ГауҺартас» әнінің әрбір оқушының жүрегіне таза сезім, үлкен талғам ұялататыны рас. Сөзіне әні сай осындай халық әндері біздің қазақ халқының кең жайлауы мен даласындай кең, жомарт пейілін паш етіп, ән арқылы қазақ жастарын жақсылыққа, рухани жан дүниесінің бай болуына баулиды демекпін. Халық әнінің ғасырдан ғасырға жетіп, ұмытылмайтындығы – оның нағыз өмір шындығынан, халықтың мұң-мұқтажынан, қуанышы мен қайғысынан, жүрегін жарып шыққан ақиқатынан туындайды. Халық әндерінің сөзі мен әуені астасып, өзара қиюласып келеді.

Халық әні таптырмас құнды байлығымыз, жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі басты құралымыз. Халық әні өмірді, ондағы сұлулық пен данышпандықты дұрыс танып, дұрыс сезінуге жол ашады.

Халық әндерінің халықтың талғамын тәрбиелеудегі аса зор әсерін шәкірттерге түсіндіру және талдауда музыка мен әннен сабақ беретін маман ұстаздардан кәсіби шеберлікті талап етеді.

Әннің бір қасиеті — әуезділігі, әсерлілігі, көркемділігі. Бұл уақыт сынынан мүдірместен өтіп, біздің заманымызға келіп жеткен халық әндерінің барлығына дерлік тән белгі. Жазба мәдениеті туа қоймаған дала жағдайында нағыз көркем, тыңдаушысына терең әсер ететін әуезді саз ғана ел аузына ілігіп, ұзақ мерзім өмір сүре алды.

Халық әндеріне тән тағы бір ерекшелік — әннің мазмұндылығы, елдің өмірі, тұрмыс-тіршілігімен сабақтастығында. Кез келген ән белгілі бір оқиғаға құрьлады. Соған орай оның айтайын деген ой-мазмұны да болады. Сол ой терең сезім арқылы тербеліп, көркем кесте — өлең түрінде сыртқа шығып отырған. Мұны әннің поэзиялык арқауы немесе әдеби сипаты дейміз. Осы үш белгі жоқ жерде оны ән жанрына жатқызу қиын. Уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүретін ән болмайды.

Әннің осы аталған үш сипатына орай тарихшы, ақын және сазгер қызметіне де тоқтала кеткеніміз орынды. Әнді тудырудағы бұлардың қызметі қандай? Өзара ерекшелігі неде?

Тарихшы — шежіреші. Әдетте ол нақты бір оқиғаны қара сөзбен баяндайды. Өлең кестесін, поэзия тәсілдерін қолданбайды. Сондықтан оның тілінде өлеңге тән ырғак, өлшем, ұйқас бола бермейді. Егер әлгі шежіреші баяндаған тарихи оқиғаны өлең кестесіне түсірер болсақ, оның мазмұны өзгерер ме еді? Осы мәселеге токталған жерде тарихшы мен ақынның айырмасы олардың бірі болған оқиғаны, екіншісі болуы мүмкін оқиғаны баяндауында, деп көрсетеді Аристотель. Сөйтіп поэзияның тарихи шежіреден гөрі маңызды әрі күрделі жанр екенін айтады.

Тарих жеке бір оқиғаны баяндаса, поэзия сол оқиғаны жалпылай жырға қосады. Оған ән әуенінің де қатысы зор. Демек поэзия сияқты әннің де әлеуметтік маңызы елеулі. Ән — халықтың көркем ой-санасы деген сөзіміздің мәнісі осында.

Қазақ халқының ән өнері сан-салалы. Көне дәуірлерден келіп жеткен бұл мәдениет саласын бірнеше арнаға бөлуге болады. Олар: бақсы сарыны, жыраулық дәстүр, ертегілік, тарихи және лирикалық әндер.

Ән - вокалдық жанр. Халық әндеріне тән мынадай белгілерді көрсетуге болады:

1) әннің мазмұны, яғни әдеби мәтіні.

2) әннің әуені, яғни музыкасы.

3) әннің жанрлық ерекшелігі.

Халық әндерін біз тақпақ сазды речитативтік, тарихи және лирикалық деп бөлеміз. Бұл ерекшеліктер бірде әндердің музыкалық интонациялық жүйесіне қатысты болса, енді бірде жанрлық сипатын білдіреді.

Халық әндерінің стильдік ерекшеліктеріне бойлай түсетін болсақ, олардың музыкалық әуені мен әдеби мәтінінің бірде сәйкес, бірде сәйкес еместігін аңғарамыз. Бұл ерекшелікті ғылым тілімен синхрондық және асихрондық деп екіге жіктейміз. Асинхрондық жүйеге негізделген әндердің музыкасы мен әдеби мәтіні әр түрлі кезеңдерде туғандықтан, олардың құрылымдық жағынан бір-біріне сәйкес келмейтіні байқалады

Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні орсан зор. Қазақ әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез — құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл — ойының жиынтығын танытады. Бұл қазақ әндерінің дидактикалық, танымдық касиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

Казақ халық әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген жіктемелер де баршылық (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бекқожина, З.Қоспақов, т.б.). Жіктемелерін бәрін өнертану саласында толық қолдауға болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалануға болмайды, өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді шектейді. Біздің пайымдауымызша мектеп практикасында мазмұнды пайдалану мақсатында казақ әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін былайша жіктеген дұрыс сияқгы:

- тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар әндері);

- еңбек, шаруашылық, кәсіби әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әндер, жұмысшы әндері);

- үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, құдалар әңдері);

- ұлыс әндері (жарапазан); діни әдет — ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы сарыны);

- жоқтау әндері (естірту, жұбату, көңіл айту);

- қиял-ғажайып әндер (аңыз әңдер, өтірік өлеңдер);

- сатиралы — юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);

- тарихи әндер;

- эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);

- айтыс әндері;

- лирикалық әндер.

Казақтың халық әңдері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттілігімен, тұрмыстағы көзқарасты әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен оқушылар назарын өзіне аударады.

Халық әндерінің даму барысындағы ерекшеліктің бірі – әндердің оқиғалық, көркемдік қазынасын игеріп, жаңа заман қажетіне жаратылуы. Қазақ әндерінің тамаша ғибратты, діндік мән – мағынасы мол жанрларының бірі – халық әндері. Ол қазіргі кезде де даму жолында. Олай дейтініміз, халық әндері ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеліп, түрлі аспаптар мен кәсіби әншілердің орындауында нағыз баға жетпес құнды дүние ретінде танылып, қолданылуда.

Халық әні өмірде, тарихта, қоғамда т.б. болған құбылыстарды қысқа да нұсқа, көркем түрде жеткізетін, баяндайтын өнердің ерекше де аса пайдалысы. Халық әндері сауық-сайран мақсатынан ғана туындаған емес. Олардың пайда болу сыры жан-жақты әрі терең. Халық әні бәрінен бұрын халықтың көңіліндегі көп сырларының жарыққа шығуы. Халық әндерінің күні бүгінге дейін қоғамымызда мәртебесі биік те көркем өнеріміздің төрінен орын алып отыруы олардың мәтінінің мазмұны мен әуенінің ешбір ескірмеуінде болып табылады. Қорыта келгенде, қазақ халқының әндерінде өткен заманның ұғымдары ғана емес, болашақтың болашағына қажет эстетикалық мұраттар бар. Оларды табу, көру, сезіну, түсіне білу жаңаша ойлайтын, отанын сүйетін азаматтар қалыптастыруда қажет болатын, ешқашан мәні мен мағынасы кемімейтін құндылық.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Халы? ?ніні? – бала т?рбиесіндегі орны

Автор: Карак?з Ахет?ызы Ергалиева,

Дата: 03.05.2015

Номер свидетельства: 207727


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства