Шаңғымен жүру- сүйек аппаратына және бұлшық еттердің барлық топтарына, оның ішінде тұлғаны дұрыс қалыптастыруға көмектесетін топтарына жақсы әсер ететін жоғары үнемелі циклді қозғалыс. Шаңғы тебумен жүйелі түрде айналысу табанның дұрыс қалыптасуына көмектеседі, жүрек-қантамыр, тыныс алу және жүйке жүйесін нығайтады, барлық негізгі дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу, тепе-теңдік сақтау, күш, төзімділік) дамытуға көмектеседі. Жаттықтырушы әрбір жаттығудың нақты міндеттерін тұжырыцмдай отырып, жаттағуды үйретудің бүкіл кезеңіне жоспар жасайды. Нақты үйрету алдында ол жаттығудың мазмұнын, мөлшерін және қарқынын, сондай-ақ жаттығуды өткізу әдістемесіне нұсқауды нақтылайды. Балаларды шаңғымен жүруге үйретудің алдында әңгіме өткізу керек, әңгімелесу кезінде жаттығудың маңызы, олар үшін арнаулы киім мен аяқ киімнің қандай болуы керектігі туралы түсіндіру қажет. Жаттықтырушы алғашқы сабақта балаларға шаңғы мен таяқтың бойға қалай таңдала тынын түсіндіреді: егер шаңғы тігінен қойылса, ол баланың жоғары көтерген қолының ұшына жеруі, ал таяқ- қолтыққа жетуі керек. Одан кейін балаларды шаңғыны сақтау әдісімен таныстырады: серуеннен кейін шаңғылар қардан тазартылады, олардың арасына таяныш қойып байланып, тігінен қойып жиналады. Одан әрі балаларды шаңғыны әртүрлі әдістермен: иыққа салып, қолтыққа қысып және қолға ұстап алып жүруге, одан соң шаңғыны кию мен шешуге үйретеді. Әуелі жаттық- тырушы бұлардың қалай орындалатынын көрсетіп түсіндіреді, содан кейін балалар өз беттерімен бірнеше рет қайталап жасайды. Шаңғы тебуге үйрету белгілі бір жүйелілікпен жүргізіледі. Әуелі таяқсыз адымдап және сырғанап жүруге үйретеді. Одан кейін бұрылуға, тежеуге, сондай-ақ төбеге шығуға және одан төмен қарай сырғанауға үйретеді. Шаңғымен адымдап жүру арқылы таяқсыз жылжу тепе-теңдікті сақтауды, қолдар мен аяқтардың қимылдарын үйлестіруді, дамытуды және балаларды неғұрлым күрделі шеберлікті игеруге дайындайды. Таяқтарды орынсз пайдалану балаларды оларға «асылып жүруге» үйретеді. Ең алдымен алдымен балаларды шаңғышының тік тұру қалпына үйрету, яғыни шаңғы тебудің бастапқы тұру қалпына үйрету керек. Одан кейін шаңғымен және шаңғысыз дайындық жаттығуын жүргізу керек, мысалы, адымдап жүруді орындауды қимылмен көрсету, сондай-ақ аяқты шаңғымен алма-кезек көтеру, қапталға қарай аяқ басу және т.б.
Адымдап жүру- шаңғымен жүрудің ең қарапайым әдісі. Бұл әдіс тегіс жердегі бос қарда және төбеге көтерілу кезінде қолданылады. Үйрету кезінде балаларға дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа кезек ауыстыру, біртіндеп адымды ұзарту қажет екенін ескерту керек. Жаттықтырушы жаттығуды қалай орындау керек екенін көрсетеді және түсіндіреді, содан кейін тапсырма береді: белгіленген жерге дейін тиісті мөлшерде бірнеше адым жасап жету.
Сырғанай адымдау – шаңғымен жүрудің неғұрлым күрделі әдісі. Сырғанай адымдауды қалай орындау қажеттігін көрсете және түсіндіре отырып, аяқты тізеден бүгу және дене салмағын ілгері қарай жылжыған аяққа салу керек екендігін атап айтады. Балаларға аяқтарын бүгуді үйрету үшін оларға тізені бүгіп отыру және шаңғының екі таяғынан жасалған «қақпашадан» өту ұсынылады, ал адымды неғұлым кең аттау үшін қолдарын артына ұстап, тірек еткен аяққа қарай иіліп жылжуға тапсырма береді. Бұған қоса жолдың белгілі бір бөлігінде жасалатын адым санының аз болуы, адымды ұзарта түсіп, белгілі бір жерге дейін сырғанау, дене ауырлығын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыруды үдете отырып, қарқынмен сырғанау ұсынылады.
Күшті серпілісті қалыптастыру үшін балаларды қозғалыс бағытына қарай біршама бұрыш жасап серпіліп, жайдақтау еңістен шаңғымен жылжуға жаттықтыру керек, мұндай жағдайда шаңғының ішкі қабырғасын тірек етіп, серпіліс күшейеді.
Шапшаңдықты дамыту үшін 30 – 40 м аралықты мүмкіндігінше тез жүріп өтуге тапсырма береді. Бала сырғанай адымдауды меңгерген соң оны екі аяқпен бірдей сырғанаумен, сондай-ақ адымдап жүруге ауыстыра алады.
Алма – кезек адымдап жүру. Шаңғымен жүруде үйлесімі жағынан күрделі жылжу. Бұл орайда кәдімгідей жүріс кезіндегідей қолдар мен аяқтардың қозғалысы кезектеседі: ал оң аяқпен – сол қол. Таяқты ілгері қарай апарғанда қол шынтақтан сәл ғана бүгіледі, ал серпілу аяқталған кезде ол толық жазылады.
Жылжудың жоғарыда көрсетілген әдістерін балалар игергеннен кейін адымдамай таяқпен жүруге болады. Бала жеңіл сырғанау үшін еңістен төмен қарай жылжу қолайлы болады. Үйрету кезінде балалардың серпіліс кезінде кеудемен алға қарай ширақ ұмтылуын бақылау керек. Бұл үшін орында тұрып (шаңғысыз және шаңғымен) серпілісті қайталап жасайтын жаттығу қажет. Мұндай жағдайда балалар қолдарын төмен түсіріп, артына қарай созады, табанды нық басып, дененің бар салмағын аяқтың аяқтың басына түсіріп, ал өкше сәл көтеріңкі тұру керек.
Биікке көтерілу кезінде: «шырша үлгісімен», «жартылай шыршы жасау үлгісімен», «сатылай көтерілу» әдістері қолданылады.
Балаларға өрге шығудың қандай әдістері қолданылатыны және ол әдістер өрдің көлбеу тіктігіне және қозғалыс бағытына қарай таңдап алынатындығын түсіндіру керек.
Биіктен түске кезде балалар «аяқтықырынан басу»әдісімен немесе өздерін әртүрлі қалыпта (орташа, биік, төменгі) ұстап сырғанай алады. Төмен қарай сырғанау әдісі төбешіктің тіктігіне қарай қолданылады: жайпақ төбешіктен тік, қиғаш, ал неғұрлым тік төбешіктен – тік сырғанап түседі.
Жылжып жүрудің, жотаға көтерілудің және одан төмен түсудің, сондай – ақ жүрудің барлық әдістерін игергеннен кейін балаларды тегіс емес жерлермен өтуді игере отырып, ойлы – қырлы жерлермен жүруді үйрету керек. Бұл кезде шаңғышының қозғалыс жылдамдығы мен табандылығы нақ сол жағдайдағы өз бойын ұстау қалпына неғұрлым тиімді қамтамасызетіледі.
Алматы облысы, Райымбек ауданы,Сүмбе ауылы. Абай атындағы орта мектеп. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекмуханбет Куркенбаев.