Топтық жұмыс. 5-мин Оқушыларды келесі тақырыптар бойынша үлестірмелі материалдарды және видео көруді ұсынамын ұсынамын: 1. Химиктер- «Іштен жану қозғалтқышының шығарған газының құрамы» 2. Физиктер –«Жылыжай эффектісі» 3. Биологтар-«Флора мен фаунаға әсері» 4. Экологтар-«Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар» Оқушылар топтарда талқылау жасағаннан кейін экологиялық мәселелерді шешу бойынша идеяларын постер түрінде ұсынады. | Бағалау мадақтау 1-топ. Химиктер Видео «Атмосфераның ластануы» 1,5 мин Тапсырма Неліктен автокөлік санының артуы көптеген экологиялық мәселелер туғызады? Дескриптор Білім алушы - Іштен жану қозғалтқышының шығарған газының құрамын атайды | | | Білім алушы - автомобильдердің атмосфераға шыратын газдарды атайды - атмосферада көмірқышқыл газы артуының салдарын атайды | 2-топ Физиктер. Видео «жылыжай эффектісі» 3 мин Тапсырма Жылыжай эффектісі дегеніміз не? Дескриптор Білім алушы - Жылыжай эффектісі неге пайда болатын түсіндіреді Негізгі парниктік газдар: Көмірқышқыл газы СО2 Метан СН4 Азот оксиді NО2 Озон О3 Су буы | 3. Биологтар Видео «климаттың өзгеруі» 1 мин Тапсырма Атмосферада көмірқышқыл газы артуының салдары қандай? Білім алушы - Атмосферада көмірқышқыл газы артуының флора мен фаунаға әсерін атайды Флора - өсімдік әлемі, ал Фауна - бұл жануарлар әлемі | 4. Экологтар Видео «эко-көлік» 3мин Тапсырма Экологиялық мәселелерді болдырмау үшін не істеу керек? Дескриптор | | Білім алушы - Қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды атайды | Жұптық жұмыс 3 мин Тапсырма Қазақстанда қандай баламалы энергия көздері қолданылады? Дескриптор Білім алушы - Қазақстанның картасынан СЭС, ЖелЭС, КЭС белгілейді
Топтық жұмыс (шығармашылық жұмыс)3 мин 1-2 топ улы газдар 3- 4-топ қаңғалақ (ветерок)
Тест жұмысы ZipGrade бағдаламасы5-мин Жеке жұмыс 1) Көмірқышқыл газы қай кезде шығарылады? А) электр энергиясын өндіру үшін көмір жаққанда В) автокөліктердегі жарамай мен дизель жанғанда С) орман жанғанда Д) жоғарыдағылардың барлығы 2)Егер атмосферада көмірқышқыл газы шоғырлануы артса, ол қандай зардапқа әкеледі? А) ол азон қабатының жұқаруына әкеледі В) ол жердің орташа температурасының бірнеше Цельсий градусқа көтерілуіне әкеледі С)ол ауада оттек шоғырлануының артуына әкелуі мүмкін Д)ол атмосферада кремний қышқылының артуына әкелуі мүмкін 3)Атмосферада көмірқышқыл газының үлесінің артуын дүниежүзі ғалымдары қалай атаған? А)экологияландыру В)жылыжай эффектісі С)фреондар Д )ядролық қыс 4) Жер бетінің орташа температурасы жылыжай газдарының әсерінен___ А)бірқалыпты болады В)төмендейді С)көтеріледі Д)өзгеріссіз болады 5) Мыналардың қайсысы парниктік газ ЕМЕС? А) азот В) су буы С) көмірқышқыл газы Д) метан
Бағалау смайлик |