Просмотр содержимого документа
«Торричелли тәжірибесі. Барометр.»
Күні: Сыныбы: 7 Сабақтың тақырыбы: § 41. Торричелли тәжірибесі. Барометр. Сабақтың мақсаты: Барометр.Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі жайлы мағлұмат беру. Барометр.Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруінің күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: -оқушылармен амандасу; -сынып оқушыларын түгендеу; -оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; -сынып тазалығын тексеру; «Көршіңмен бөліс» тренингі арқылы жақсы көңіл күй сыйлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ноталар сөйлейді» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру. «ДО» - Су құбырының суды тұндыратын бөлігі қалай аталады? «РЕ» - Атмосфера сөзінің грек тіліндегі аудармасы қалай? «МИ» - Translate into the English Жер. «ФА» - Translate into the English қысым. «Соль» - қысымның өлшем бірлігі қалай айтылады? «ЛЯ» - Күшті өлшейтін құрал қалай аталады? «СИ» - Translate into the Kazakh Maas «ДО» - Кеңістікте белгілі бір орны мен пішіні болатын жеке тұрған нәрсе қалай аталады?
«Егер мен әкім болсам» ойыны. Бір оқушыны әкімдікке үміткер қылып тақтаның алдына тұрғызып оған әр түрлі сөздерді көрсетіп тұру керек. Қалған оқушылар сол сөйлемнің ішіндегітек қана физикалық терминдерді ғана тауып айтуы керек.
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр деп аталады. (барос-ауырлық, метрео-өлшеймін)
Атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр-анероид кеңінен қолданылады. (анероид-сұйықсыз).
Барометр-анероидтың құрылысы
1-дөңгелек жұқа металл қорапша , 2-серіппе, 3-беріліс тетігі, 4-көрсеткіш, 5-шкала
Эванджелиста Торричелли 1608 жылы италяның Фаэнце деген жерінде өте кедей отбасында дүниеге келген. Ол иалиядағы бір колледжде білім алып содан соң Римде математика бағытында білім алады. Содан кейін ұлы математик, физик атанған.
Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі миллиметр сынап бағаны. 1 мм.сын.бағ = 133,3 Па.
Торричелли ұзындығы 1 м,бір жағы бітеу шыны түтік сыныппен толтырыады. Содан кейін түтіктің аузын жауып, оны төңкереді де, сынып құйылған ыдысқа батырады. Сынаптың ішінде түтіктің аузын ашады. Сонда сыныптың кішкене ғана бөлігі ыдысқа төгіледі. Ал түтік ішінде биіктігі 76 см сынап бағаны қалады. Э. Торричелли алғаш рет сынап бағанын атмосфералық қысым ұстап тұрады деп ой түйеді. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін де алғаш байқаған бірде-бір ғалым осы болып табылады.
Жаңа сөздер.
Атмосфера-Atmosphere
Барометр- Borometer
Тәжірибе- Experince
Металл қорапша – Metal box
Көрсеткіш- Index
Шкала - Skale
ІV. Жаңа білімді бекіту.
«Радиоға қоңырау шалу» әдісі бойынша.
Бір оқушыны радионың дикторы етіп отырығызы қалған оқушылар дикторға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды. Осылайша қай оқушының сабақты қаншалықты деңгейде меңгергендерін тексеремін.
V. Үйге тапсырма беру.
19-жаттығудың 2-ші тапсырмасын орындап келу.
Жаңа сөздерді жаттау.
Тақырыпқа байланысты плакаттар жасау.
VІ. Оқушыларды критерийлер бойынша бағалау
Актерлік қабілеттеріне қарай, ағылшынша терминдерді айта алуына қарай, тақырыпты меңгеруіне қарай,сұрақтарға лезде жауап берулеріне қарай.