kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бағдарлы оқыту жағдайында инновациялық технологияларды қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бағдарлы оқыту жағдайында инновациялық технологияларды қолдану

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бағдарлы оқыту жағдайында инновациялық технологияларды қолдану»


«Бағдарлы оқыту жағдайында инновациялық технологияларды қолдану» физика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсының оқу жұмыс бағдарламасы


Түсініктеме

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағдарланған қазақстандық білім реформасының негізгі бағыттарының бірі – мектептің жоғарғы сатысын бағдарландыру болып табылады. Бұл үрдістің нормативтік аясы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында белгіленген (2002 ж).

Физика курсының аталған бағдарламасы физиканы оқытудың жалпы мақсаттары мен арнайы мақсаттарды ескере отырып әзірленген. Бұл, ең бастысы, оқушылардың қабілеттеріне, қызығушылықтарына, кәсіби мақсаттарына негізделеді. Мұғалімге оқыту құралдары арқылы тұлғаның интеллектуалды сапасын, оқушылардың мектептің жоғарғы сатысында оқыту бағдарын таңдауда немесе мамандық таңдауында бағдарлана алу қабілетін қалыптастыру және дамыту мүмкіндігі беріледі.

Бұқаралық мектептің жағдайында оқу жоспарының вариативті бөлімінде көрсетілген дифференцияцияланған оқыту мектептік білімнің барлық сатысында оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес жүзеге асырылады. Оқушылардың қызығушылықтарын есепке алу бағдарлы сыныптардың аясында дифференцияцияланған оқыту арқылы іске асырылады.

Білім мазмұнының вариативті бөлімі есебінен мұғалімге оқушылардың тапсырыстарын жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі.

Оқытудың мектептерге арналған инновациялық әдістері арасында оқуды жобалау әдісін атап өткен жөн. Технология өмірмен, практикамен тығыз байланысты, жоғарғы сынып оқушыларының қоршаған ортаны өзіндік тануына ықпал етеді, ғылыми дүниетанымның негізін қалыптастырады, интеллектуалдық қабілеттер мен танымдық қызығушылықтарды дамытады.

Аталған курс физика мұғаліміне бағдарлы оқыту жөніндегі жұмысын төменгі ерекшеліктерге сәйкес жоспарлауына мүмкіндік береді:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (2002 ж) қоғамдық-гуманитарлық сыныптарда физиканы оқытуды оқушыларды фундаменталды физикалық заңдар мен ұстанымдармен таныстырудан, қоршаған физикалық әлем туралы барабар түсініктері қалыптасуы үшін жетерлік танымның табиғи әдісі туралы білімді меңгертуден бастауды ұсынады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы түлекке физика бойынша қойылатын талаптар күрделі есеп тапсырмаларын шешу іскерлігін қарастырмайды. Оқушының табиғатты танудың ғылыми әдісі туралы түсінігі болуы тиіс, ол барынша кең таратылған физикалық құбылыстарды сипаттай және түсіндіре алуы керек, өркениеттің дамуындағы физиканың рөлін айқындап көрсететін үлгілер келтіре алуы қажет. Эксперименталды тапсырмаларды практикалық іскерліктерді қалыптастыруға бағыттау ұсынылады.

Жаратылыстану-математикалық бағытта білім алатын оқушылар болашақта дәл ғылымдарды игеруге бағытталған кәсіптерді меңгеруді жоспарлап, қорытынды аттестацияны ҰБТ түрінде тапсырады. Оқушыларды бұл емтиханға дайындау мұғалім алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар келесі іскерліктен тұрады:

- тапсырмаларды шешу және техникалық жобаларды жүзеге асыру кезінде физика бойынша алған білімдерін қолдану;

- өзіндік жоспарлап, физикалық экспериментті жүргізе алу;

физиканың математикалық аппаратын функционалды деңгейде қолдану.

Мұғалімдерге арнайы оқу-әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып, қолданбалы курстарды құруға грамоталық ұсыныстар беріледі.


Курстың мақсаты

  • Бағдарлы дайындық жағдайында жалпы білім беретін мектептің физика мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.


Курстың міндеттері

  • Тыңдармандарды Қазақстан Республикасы білім жүйесінің жағдайы мен дамуын анықтайтын нормативтік құжаттардың мазмұнымен таныстыру.

  • Физиканы оқытудың мәселелерін айқындау және бағдарлы оқыту жағдайындағы үздіксіз білім жүйесі.

  • Бағдарлы оқытудың үздіксіз білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін моделін құру.

  • Бағдарлы оқытудың таңдамалы курс бағдарламасын құру ерекшелігі.


Курстың мазмұны:

Екі апталық оқуды (көлемі 72 сағат) қарастырады және 4 блоктан тұрады.

1 блок «Қазіргі білім берудің өзекті мәселелері» ( 10 сағат)

  • педагогтардың қазіргі білім беру жүйесінің басымды бағыттары туралы ұғымды қалыптастыру;

  • бағдарлы оқытуға көшу болашағын баяндау;

  • бағдарлы оқыту жағдайында физиканы оқыту мәселелерін айқындау;

  • Білім сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесінің негізінде оқушылардың білім сапасын бағалау қабілеттерін дамыту;

  • Бағдарлы оқыту жағдайында білімді гуманизациялау, оқушы тұлғасының рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

2 блок «Негізгі мектептегі білім үрдісінің психолого-педагогикалық қамтамасыз етілуі» (12 сағат)

    • педагогтардың қазіргі білім технологиялары туралы білімін қалыптастыру;

    • бағдарлы оқыту жүйесіндегі білім және тәрбие үрдістерінің психологиялық-педагогикалық мәселелері;

    • жоғарғы сынып оқушыларын оқыту мазмұнын дифференцияциялау, жеке білім бағдарламаларын құру.


3 блок « Бағдарлы оқыту жағдайында физика мазмұнының жаңғыруы» (48 сағат)

- бағдарлы оқытуды енгізуге байланысты теориялық және практикалық білімнің жаңғыруы;

- оқытудың вариативті әдістемелік жүйесін моделдеу жағдайында дағдыларды дамыту;

- бағдарлы оқыту жағдайында толықтығы түрлі деңгейдегі курс мазмұнын зерттеу мүмкіндігін ұсыну;

- оқыту үрдісіне дифференцияцияланған көзқарасты жүзеге асыру.

4 блок «Бақылау» ( 2 сағат) педагогтардың курс бағдарламасын меңгеру деңгейіне диагностика жүргізуге арналған. ( тест, бақылау жұмыс жүргізу).

Күтілетін нәтижелер:

  • Педагогикалық іс-әрекетті жобалай алу;

  • Физика пәнінің мазмұнын меңгеру;

  • Бағдарлы оқыту жағдайында оқушылардың диагностикасын жүргізу;

  • Ақпараттарды түрлі дереккөздерден табу және қолдану іскерлігін қамтамасыз ететін ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру.

Оқыту формасы:

Дәрістер, оқытудың интерактивті түрлері, нұсқау-кеңестер, тренингтік әдістері.



«Бағдарлы оқыту жағдайында инновациялық технологияларды қолдану»

курсының оқу-тақырыптық жоспары

Категория: бағдарлы сыныптарда жұмыс істейтін физика мұғалімдері




Сабақ тақырыбы

Барлығы

Дәрістер

Семинар

Тренинг

ЛПЗ

I

Актуальные проблемы современного образования

10

10




1

«Қазақстан 2030» Стратегиясы – бірінші онжылдықтың қорытындысы және даму болашағы.

2

2




2

Облыстың білім жүйесінің басымды бағыттары және даму беталысы.

2

2




3

Тәрбие берудің қазіргі тұжырымдамасы.

2





4

Білім беруді ақпараттандыру. Ақпараттық –коммуникациялық технологиялар.

4

2



2

II

Негізгі мектептегі білім үрдісін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету.

12

6


6


1

Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері. Педагогтың коммуникативті іс-әрекетінің стилі.

2

2




2

Бағдарлы оқыту жағдайында педагогикалық іс-әрекетті талдау және өзіндік талдау әдістері.

4

2


2


3

Оқушылардың дарынын дамытудың психологиялық аспектілері.

4


2

2


4

Педагогтың іс-әрекетінде психологиялық-педагогикалық диагностика әдісін қолдану.

2

2




III

Пәндік технологиялық (әдістемелік).

46

20

10


16

1

Дифференцияцияланған оқыту негізінде таңдаулы курс бағдарламасын әзірлеу әдістемесі.

8

4



4

2

физика бойынша барынша күрделі тапсырмаларды оқытудың әдістемесі.

8

4



4

3

Жобалар әдісі – оқушылардың ғылыми ойлауын қалыптастыру негізі.

2

2




4

Физика сабағындағы деңгейлік дифференцияция.

8

2

4


2

5

Бағдарлы оқыту жағдайындағы оқытуды кіріктіру.

8

4



4

6

Бағдарлы сыныптарда физиканы тереңдетіп оқыту әдістемесі.

8

2

4


2

7

Физикалық үрдістерді моделдеу компьютерлік технологиясы.

4

2

2



IV

Бақылау

4




4


Тест жүргізу

1




1


Бақылау жұмысы

3




3


Барлығы

72

36

12

4

20












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Бағдарлы оқыту жағдайында инновациялық технологияларды қолдану

Автор: Сакиева Меруерт Бейсеновна

Дата: 19.01.2017

Номер свидетельства: 381237

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Білім беру ба?дарламаларын ?зірлеудегі ?азіргі заманда?ы т?сілдер "
    ["seo_title"] => string(73) "bilim-bieru-bag-darlamalaryn-zirlieudieghi-k-azirghi-zamandag-y-t-sildier"
    ["file_id"] => string(6) "194172"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427733435"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "БІЛІМ БЕРУ Ж?ЙЕСІНДЕГІ ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ?РДІСТЕР "
    ["seo_title"] => string(58) "bilim-bieru-zhuiiesindiegi-zhan-a-innovatsiialyk-urdistier"
    ["file_id"] => string(6) "209427"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431148166"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Бейнелеу ?нері саба?ында жа?а технологияларды пайдалану"
    ["seo_title"] => string(66) "bieinielieu-onieri-sabag-ynda-zhan-a-tiekhnologhiialardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "274771"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452440953"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) ""Инновациялы? технологияларды пайдалана отырып жан-жа?ты дамы?ан жеке т?л?а т?рбиелеу" "
    ["seo_title"] => string(101) "innovatsiialyk-tiekhnologhiialardy-paidalana-otyryp-zhan-zhak-ty-damyg-an-zhiekie-tu-lg-a-t-rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "129939"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1415797439"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Электронды? о?ыту ж?йесіндегі о?ыту ба?дарламаларын ?алыптастыру"
    ["seo_title"] => string(73) "eliektrondyk-ok-ytu-zhuiiesindieghi-ok-ytu-bag-darlamalaryn-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "316376"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460084191"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства