Білу және түсіну 10 минут Оқулықтағы мәтінмен жұмыс «Броундық қозғалыс» Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек. Жаңа білімді өздігінен меңгеруге дайындық Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады. Ауа қысымы биіктікке сәйкес азаюы адам ағзасына үлкен әсер етеді. Адам 3000м биіктікке көтерілгенде биіктік ауруымен ауыра бастайды: тез шаршайды, басы айналады, жүрегі айниды. 4000м - дегі биіктікте қан тамырлары жарылып, мұрнынан қан кетеді, есінен танады. Оған себеп ауа қысымының жалпылама азаюына байланысты оның құрылымындағы оттегінің де қысымы азаяды. Атмосфералық қысым барометр деп аталатын құралмен өлшенеді (грекше барос - салмақ, метрео - өлшеймін ). Барометрдің екі түрі бар - сынап барометрі және анероид барометр қолданады (грекше анероид – ылғалсыз). Сынап барометрі қысымды тұрақты жағдайда өлшеу үшін қолданылады. Оны бір жерден екінші жерге алып жүру қолайсыз. Сондықтан экспедицияға, топ серуенге, туристік жорықтарға шыққанда ауа қысымын өлшеуге анероид барометрі қолданылады. Әр топ өз түсінгендері бойынша сабақтың мазмұнын айтады. Топтар бір біріне сұрақтар қояды: 1. Атмосфералық қысым қалай пайда болады. 2. Қысым деген не? 3. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? 4. Барометрлік қысым деген не? 5. Уақыт бойынша атмосфера қысым неліктен өзгеріп отырады. Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі
Жалпыға арналған тапсырма: Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. |