kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Архимед заңы мен күші

Нажмите, чтобы узнать подробности

Архимед заңы мен күші. Оқушыларға архимед заңы туралы түсіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Архимед заңы мен күші»



Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Архимед күші.

Сабақтың мақсаты: Архимед күші, Архимед заңы, сұйық ішіндегі кері итеруші күш ұғымдарын қалыптастыру.

Білімділік: Тәжірибелер арқылы архимед күші туралы ұғым қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі:Слаидта тапсырмалар, динамометр, көлемдері бірдей, массалары әр түрлі заттар, көлемдері әр түрлі ,массалары тең заттар, су, тұзды су.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

3 минут сыныпта атмосфералық ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Егер мен ...» тренинг өткізу.

Ал, балалар, елдің ертеңі өздеріңсіңдер.Осы айтқан арман-тілектеріңе жету үшін «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей, білім шыңына шығу мақсатында білімді болуларың керек.Ғылымның қай саласында болмасын, күнделікті өмірде де физиканың алатын орны маңызды, сондықтан физиканың сиқырлы әлеміне кезек берейік.

«Тұсаукесер» Туылған күндеріне байланысты сыныпты екі топқа бөлемін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру бөлімі: «Бірге ойлаймыз»

1/Өткенді қайталау үшін «Бинго» әдісін қолданамын. «Бинго» әдісінің парақтарын үлестіремін. Слаидтан өз-өзімізді тексереміз.

Жаңа тақырып.

Тақырыпқа шығу:

Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады.

Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады?

Жауап: өйткені допқа күш әсер етті.

Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.

Мұғалім: сол ыдысқа тасты салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме?

Жауап: оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.

Мұғалім: тасқа ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, тасты динамометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін тасты сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің көрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар:

Жауап: Тасты суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді.

Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Жауап: Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді.

Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған?

Жауап: Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған.





1-тәжірибе:

Массалары тең, көлемдері әр түрлі екі денені динамометрге іліп, кезегімен ыдыстағы суға батырып, динамометрдің көрсетуін жазып алып, қорытынды жасаймыз.


Дәптерге жазу:

«Массасы бірдей екі дененің қайсысының көлемі үлкен болса, сол денеге сұйықтың ішіндегі кері итеруші күш көп болады.»


2-тәжірибе.

Пластилинді алып, 2 түрлі пішінде дене жасап, кезекпен суға саламыз.Не байқадыңдар? Архимед күші дененің пішініне тәуелді ме?

Дәптерге жазу:

«кері итеруші күш дененің пішініне тәуелді емес.»


3- тәжірибе.

Бір денені алдымен таза суға, сонан соң тұзды суға салып, динамометрдің көрсетуіне назар аудару, қорытынды жасау..


Дәптерге жазу

«Кері итеруші күш сұйықтың тығыздығына байланысты»


Осы жасалған тәжірибелерден қорытынды жасайық:

Сұйық ішіндегі кері итеруші күш қандай физикалық шамаларға байланысты екен ?

Дәптерге жазу :

«Кері итеруші күш дененің көлеміне және сұйықтың тығыздығына байланысты болады»

Мұны формула түрінде былай өрнектеп жазамыз:


FА=Vдене*pсұйық*g Бұл Архимед күші деп аталады


Архимед заңын тұжырымдау: «Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді .


Сабақты бекіту : Оқулықпен жұмыс.

23-жаттығу:

1 есеп:

Бер: V=100 см3 =10-4м 3 Талдау: Шешуі:

ρ=1000 кг/м3 F= ρ ɡ V F= 1000 кг/м3*10Н/кг*10-4м 3=1Н

Т/к: F=?



2 есеп:

Бер: Талдау Шешуі:

m =500 г =0,5 кг F= ρ к ɡ Vд Vд= 0,5кг/7900 кг/м3 = 63*10-6м3

ρт=7900 кг/м3 Vд= m/ ρт

ρк=820 кг/м3 F= 820 кг/м3*10Н/кг*63*10-6м 3=

= 0,5 Н

Т/к: Fы=?



В) Сәйкесін тап:

Физикалық шамалар Механические движения Speed

Жылдамдық Диффузия Mehanical motions

Қозғалыс Физические величины diffusion

Күш Движение physical quantities

Диффузия Скорость power

Механикалық қозғалыс Сила motion


Кері байланыс: Фразаны жалғастырыңдар:

«Мен бүгін сабақта ... біліп шықтым.»

«Мен бүгін сабақта ... үйрендім.»

«Мен бүгін сабақта ... таныстым.»

«Мен бүгін сабақта ... қайталадым.»

«Мен бүгін сабақта ... бекіттім.»

Оқушы білімін бағалау.

Үйге тапсырма.

Архимед туралы аңыз бойынша Архимед патша тәжінің таза алтыннан немесе қоспа қосылғанын білу үшін қандай тәжірибе жасаған деп ойлайсың ?









«Бинго»


Қысым қалай белгіленеді?


Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі?


Сұйықтар мен газға түсірілген қысым осы сұйықтың немес газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қандай заң?



Қысымның өлшем бірлігі?

Қатты денелер қысымды қалай жеткізеді?

Манометрмен нені өлшейміз?



Атмосфералық қысымның бар екендігін кім тәжірибе жүзінде дәлелдеді?


Ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым қандай формуламен анықталады?



Сұйықтар мен газдар қысымды қалай жеткізеді?


«Бинго»

Қысым қалай белгіленеді?


Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі?


Сұйықтар мен газға түсірілген қысым осы сұйықтың немес газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қандай заң?



Қысымның өлшем бірлігі?

Қатты денелер қысымды қалай жеткізеді?

Манометрмен нені өлшейміз?



Атмосфералық қысымның бар екендігін кім тәжірибе жүзінде дәлелдеді?


Ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым қандай формуламен анықталады?




Сұйықтар мен газдар қысымды қалай жеткізеді?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Архимед заңы мен күші

Автор: Турегалиева Алтынай Улукпановна

Дата: 23.03.2017

Номер свидетельства: 402647

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Архимед за?ы "
    ["seo_title"] => string(15) "arkhimied-zan-y"
    ["file_id"] => string(6) "135311"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416903628"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Архимед за?ын т?жырымдау"
    ["seo_title"] => string(29) "arkhimied-zan-yn-tu-zhyrymdau"
    ["file_id"] => string(6) "253393"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447593894"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "ҚМЖ №6 Зертханалық жұмыс: Архимед заңын зерделеу"
    ["seo_title"] => string(58) "k_mzh_6_ziertkhanalyk_zhu_mys_arkhimied_zan_yn_zierdielieu"
    ["file_id"] => string(6) "461688"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520952426"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Сабақ жоспары: Архимед күші"
    ["seo_title"] => string(30) "sabak_zhospary_arkhimied_kushi"
    ["file_id"] => string(6) "387217"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486094783"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "конспект урока не тему " Архимед к?ші, сор?ылар""
    ["seo_title"] => string(44) "konspiekturokanietiemuarkhimiedkushisorgylar"
    ["file_id"] => string(6) "297459"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456205334"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства