Просмотр содержимого документа
«Брейн ринг ойыны. »
Тақырыбы: «Брейн-ринг» ойыны
Мақсаты: Оқушыларды ойынға қатыстыра отырып физикалық құбылыстар мен заңдарды және өлшем бірліктерді жүйелі есте сақтауға қызықтыру.
Ойын барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Ойын шартымен таныстыру кезеңі
3. Командалар сайысы
4. 1-ойын
5. 2-ойын
6. 3-ойын
7. 4-ойын
8. Қорытынды (Марапаттау)
Ойын шарты: “Брейн-ринг”- пәндік сайысын өткізу үшін 3 оқушыдан тұратын 4 топ құрылады. Мүмкіндігінше топтарды параллель сынып оқушыларынан құрған жөн. Әр топ бір оқушыны топ басшы етіп сайлайды. Алдымен рингке топ басшылары шақырылады да оларға бір сұрақ қойылады. Сұраққа алғашқы болып қол көтерген топ басшы жауап береді. Егер дұрыс жауап берсе сайысты сол топ бастайды. Топ рингке шығып қарсылас топты өздері таңдайды. Сайысты төреші жүргізеді. Топтар ойынға дайын болған соң төреші ойынды бастайды. Яғни топтарға сұрақ қойылады, сұраққа қай топ алғашқы болып қол көтерсе, сол топ жауап береді. Қай ойыншы жауап беретіндігін топ басшы айтады. Егер жауап дұрыс болса, топқа бір ұпай беріледі. Ал дұрыс болмаса, онда екінші топ жауап беруіне болады. Ойын осылайша топтардың бірі 3 ұпай жинағанша жалғаса береді. Қай топ бұрын 3 ұпай жинаса жеңімпаз саналып, олар келесі топты ойынға шақырады.
Спорттық жарыстар сияқты барлық топ бір-бірімен кездесіп, шығады. Ойын нәтижелері арнайы кестеде жазылады. Ең көп ұпай жинаған топ чемпион болады.
1-топ: Жалын тобы, топ басшысы – Жұлдыз
2-топ: Қайсар тобы, топ басшысы – Бекзат
3-топ: Жігер тобы, топ басшысы – Динара
4-топ: Зерде тобы, топ басшысы - Мадина
Топбасшылар сайысы: Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы? (Электр тогы)
5-сұрақ: Ситуациялық жағдай немесе физикалық құбылысты түсіндіру
1-тайм.
1-сұрақ: Молекулалардың ретсіз қозғалысын не деп атайды? (жылулық)
2-сұрақ: Жылу табиғаты туралы корпускулалық теорияның дамуына үлкен үлес қосқан және “физика” сөзіне түсінік берген алғашқы орыс ғалымы?
(М.В.Ломоносов)
3-сұрақ: 1 Кл (Кулон) - қай физикалық шаманың өлшем бірлігі? (Электр заряды)
4-сұрақ: Қысым тұрақты болғанда температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесс? Изобаралық (“барос”-салмақ, вес, weight)
5-сұрақ: Қолды ауызға жақындатып дем алғанда жылу сезіліп, ал қолға үрлегенде суық сезілетіні неліктен ? (Ауа молекулаларының тербелу жылдамдығына байланысты)
2- тайм
1-сұрақ: Сұйықтың бетінде жүретін булану процесі қалай аталады? (кебу)
2-сұрақ: 1911ж. атомның планетарлық моделін ұсынған ағылшын ғалымы?
(Э.Резерфорд)
3-сұрақ: 1 К (Келвин) – мен өлшенетін физикалық шама? (Температура)
4-сұрақ: Ішкі энергияны механикалық жолымен өзгертудің өлшемі? Жұмыс
(работа, work)
5-сұрақ: Теңізде шомылғанда адамның суға батпайтыны неліктен? (Таза суға қарағанда теңізде су тұзды болады, яғни тығыздығы көбірек болады.)
3-тайм
1-сұрақ: Янтарьды жүнге үйкеген кезде біраз уақыт бойы өзіне шашты, жапырақты, қағазды т.б. заттарды өзіне тарту құбылысы? (Электрлену)
2-сұрақ: 1800ж. алғаш рет тұрақты ток көзін алған ғалым? (А.Вольта)
3-сұрақ: 1 Ом *м – қай физикалық шаманың өлшем бірлігі? (Меншікті кедергі)
4-сұрақ: Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды булану процесі? (Қайнау -кипение boil)
5-сұрақ: Ыстық су құйғанда қалыңдығы жұқа стақан тез сына ма, әлде қалың стақан ба? Неліктен? (Қалың стақан, себебі онда жылу өту процесі жұқа стақанға қарағанда ұзағырақ жүру керек)
4-тайм
1-сұрақ: Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу процесі? (Қатаю)
2-сұрақ: XVII ғасырдың 90ж. алғашқы бу машинасын ойлап тапқан ғалым?
(Д.Папен)
3-сұрақ: 1 Ф (Фарат) – пен өлшенетін физикалық шама? (Конденсатор сыйымдылығы)
4-сұрақ: Температурасы тұрақты, қысымы мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесс? (Изотермалық -“therme”-жылу, тепло, heat)
5-сұрақ: Неліктен сымда отырған торғайға электр тогы өтпейді?
(Себебі, 1-ден ол сым изоляцияланған, 2-ден бір сым бойындағы заряд бір текті болады)
Қорытынды: (Жеңімпаз топ анықталып, ең көп сұраққа жауап берген оқушы марапатталады)