Просмотр содержимого документа
««Брейн-ринг» ойыны.»
«Брейн-ринг» ойыны.
Үй жануарлары.Құстар.Аңдар.
Байгенжина Мақпал Жұмашқызы
Приозерный негізгі мектебінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты: 1. жануарлар модулі бойынша білімдерін әр түрлі әдіс – тәсілдері арқылы тиянақтап, бекіту;
2. белсенді ойын түрлері арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, жеке, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың өзін - өзі көрсете білуіне жағдай туғыза отырып, ойлау – сөйлеу қаблеттерін арттыру;
3. табиғаттың бір бөлігі жануарлар мен құстардың дүниесіне терең ұғынып, оны аялап, қорғауға, күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс ,жарыс-ойын
Сабақтың көрнекілігі: үш бөлікке бөлінген жаймалар,ортақ бағалау парағы, үш күрделілік деңгейіндегі тапсырмалар жазылған карточкалар,перфокарталар, тақырыптық суреттер,техникалық құрал,сызбалар,ребустер.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі. Танысу. - Балалар, бүгін қазақ тілі сабағына қонақтар қатысып отыр, қонақтармен амандасып, сабағымызды бастайық.
Үлкенге де « сіз»,
Кішіге де «сіз» .
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Сабақтың мақсаты: жануарлар модулі бойынша алған білімдерін еске түсіріп, бекітеміз. Жеке, топтық жұмыстар арқылы бір – біріңізді бағалауға үйренесіңдер.
«Брейн ринг»шарты: мен сендерді 3 топқа бөлдім. Әр топтың алдында жаймалар жатыр. Осында тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылған: астында – I деңгейлі сұрақтар, оның үстінде – II деңгейлі сұрақтар, үстінде – III деңгейлі сұрақтар.
Үстінгі сұраққа дайындықсыз жауап беріледі. II сұрақтарға – 2-3 минут. III сұрақтарға – 5 минут. Әр топтың жетекшісі бағалау парақша бойынша бағалап отырады.
Оқушылардың аты- жөні
Бағалау
I
II
III
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Ұпай саны (тақтада ілулі тұрады)
∆
20 ұпай
25 ұпай
O
30 ұпай
I. Үй жануарлары.
∆ Олар ненің төлі? (Сурет бойынша жұмыс)
Мәтіндерден үзінді.
Бұл қай мәтін екенін айту:
1.Менің бала кезімде мысығым мен ақ күшігім болды.Бір күні оларға жаңа дос табылды.Наубай деген кісінің ешкісінің үш лағы болды.(Ақ лақ)
2. Дәулет пен Хасен үйлеріне келе жатты.Олар жолдың шетінде ақ қозыны көрді.Ол өте әлсіз еді.(Қошақан)
3.Ол бізбен бірге өріске шығып, қой бағысады.Ол кейде көбелек қуып ойнайды.Бір күні Қабылан екеуіміз қойға шықтық.(Қабылан)
○ Жоспар бойынша бір үй жануары туралы жазу.
1.Жануар
2.Мекендейтін жері
3.Қорегі
4.Адамға пайдасы
Қорытындылау: Үй жануарлар адамға қандай пайда келтіреді?
Бейнесұрақ.
Жұмбақ: Ішсең сусын,жесең тағам, мінсең көлік (түйе)
II. Аңдар.
∆ Ребустер
Сөздерді тәуелде (перфокарта)
Үш оқушы тақтаға шығады,қалғандары дәптерлеріне өздігінен орындайды.