kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Биология сабақтарында қызықты ойын элементтерін пайдалану"

Нажмите, чтобы узнать подробности

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚЫЗЫҚТЫ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Қызылорда қаласы,

Ә.Молдағұлова атындағы № 173 орта мектеп

           Қалмұратова Қазнаш Ержанқызы,

 биология пәнінің мұғалімі 

 

           Мұғалімнің басты міндеті – оқушылардың қызығушылығын арттыру, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту.Сабақты  сәтті  ұйымдастырудағы  басты  мақсат -оқушының  сабаққа  деген   қызығушылығын  арттырып, бүгінгі  заман  талабына  сай  білім  беру. Сабақтың  сәтті  өтуі  біріншіден, мұғалімнің  біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне  байланысты  болса,  екіншіден,  сабақ  материалына,  ал  үшіншіден,   сынып  типіне,   төртіншіден  мұғалім  мен   оқушының  көңіл – күйіне  де  байланысты.   Сабақты  тартымды  әрі  сәтті  өткізе  білу  мұғалімдер  қауымынан  көп  ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет  етеді.

          Биология сабағында әр түрлі деңгейдегі оқышуларға сабақ қызықты да тартымды өту үшін ойынның рөлі өте жоғары.

Оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу үдерісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде, яғни сабақ барысында жаттығу орындауда қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек.Жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой иесі - адам баласының ойын әрекеті бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірибесінің нәтижесі болып саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кеңінен дамып, баланың өсіп жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.

         Ойын  арқылы оқушы өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады. Ойынның негізгі мақсаты- баланы қызықтыра отырып, өткен тақырыпты берік меңгерту, саналарында сақталып қалуға жұмыс жасау. Сондықтан ойынның пәндік мазмұны басты назарда болуы керек. Тек сол жағдайда ғана оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарға жеткуге септігін тигізеді. Ойындарға қойылатын талаптардың өз алдына жеке мақсаттары бар.

Олар:

-ойынның мақсаты нақты  әрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылу керек;

-ойын ережелері оқушыоардың түсінуіне оңай, қарапайым  әрі шағын болуы тиіс;

-ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет;

-ойын жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай алуларына, ойлана білулеріне жол көрсетуі қажет.

     Оқытудың ең басты әрі негізгі мақсаты- білімнің сапалы, нақты, толық болуында.

     Сабақтың формалары мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оны танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру, оқытудың тәрбиелік қызметі мен тәжірибелік бағытын нығайту осы ойынға қойылған мақсат- міндеттерден туындайды.

      Сабақта ойын элементтерін пайдалану сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір бөлшегі. Ойын элементтерін оқу үдерісін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдаланған өте тиімді. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес таңдалынып алынса, оның берер пайдасы мен танымдық, тәрбиелік маңызын күшейте түсері анық. Оны тиімді қолдану мен іске асыру сабақтың әсерлігін, тартымдылығын дамытып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.

Биологиялық кештерде, КТК (көңілдер, тапқыштар клубы), брейн-ринг өткізу барсында, сабақты бекіту кезеңінде, үй тапсырмасын сұрау кезеңінде, үйірме жұмыстарында биологиялық жұмбақтарды қолдануға толығымен болады.

Биологиялық ойын кеші – эмоциональды өте қызықты өтетін тәрбие жұмыстардың бірі. Өткізілетін дидактикалық ойын кештері тек тыңдаушы, көрермендерді ғана емес қатысушылардың қызығушылығына үлкен әсер етеді. Өткізіп жүрген биология  сабақтарымда ойын элементтерін тиімді пайдалануға тырысамын.Ойын эелементтерін өткен тақырыптарды қайталау мақсатында да сергіту сәті ретінде де пайдалануға болады. Мысалы,«Жапалақ» ойыны.Алаң шетінде бір бала жапалақ болып тұрады. Қалған балалар көбелек, құс, шегіртке кейіпін келтіреді. Мұғалім «күн батты» деген белгі бергенде барлығы тынышталады. Жапалақ аңдып жүреді. Кім қозғалса, жапалақ соны ұстап алады.Ұсталған оқушы сұрақтарға жауап береді. «Күн шықты» дегенде барлығы тіріліп, әртүрлі жәндіктерге тән қимылын жасайды. Ойын бірнеше рет қайталанады. Ойын ән әуенімен ойналады. Ән күшейсе, күн бәсеңдесе, түн болады.

«Допты домалату» ойыны.Балалар шеңбер жасап тұрады да, допты бір-біріне береді. Шеңбер ішіндегі бала допты ұстауға тырысады. Доп кімде болғанда ұсталса, сол доп иесі ортаға шығады,тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.Ойын жалғаса береді.

«Белгіні тыңда» ойыны.Ойын алдын-ала, сыртта немесе бөлмеде ойналады. Балалар екі топқа бөлінеді. Мұғалім бұйрығымен «тоқта», «тізелеп отыр», «жүгір» жаттығуын жасайды. Бұйрықты тындамаған бала ойыннан шығады немесе айып төлейді (ән айту, би билеу, жұмбақ т.б.). Қай топта көп бала қалса, сол топ жеңіледі.

«Шеңбер» ойыны.Шеңбер ішіне әртүрлі заттар қойылады. Ойнаушылар кеглимен (доппен) сол заттарды ұрып шығарса, сол жеңіпаз атанады (4 зат тұрғызылып 4 зат жатқызылып қойылады).

 «Қағаз таяқпен қатысу» ойыны.Газеттен он таяқ жасалады. 5 жұп бала таяқпен бір-бірімен сайысады. Кімнің қағаз таяғы бірінші майысса, сол бала ойыннан шығады. Ойынды осылай бірнеше рет қайталауға болады. Салауатты өмір салтын насихаттауда дене шынықтыру ойындары балаларды қазақтың спорт өнерін меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болып, тапқырлыққа, шеберлікке үйретеді.

«Брейн-Ринг» өткізу әдістемесіОқушылардың дүние танымын кеңейітіп, танымдық қабілетін өрістетуге «Брейн-ринг» зерделік-танымдық ойынын қолдану тиімді әрі қызықты болмақ. Бұл ойын мынандай мақсатты көздейді.

Жалпы білім беретін орта мектепте оқылатын пәндердің жекеленген тақырыптары мен мәселелері бойынша балалардың танымдық қызығуын ояту, ғылыми-мәдени білімін арттыру.

Оқушыларды бағдарламалық материалдарды тереңірек меңгеруге, қосымша ақпарат көздерін пайдалануға тарту. Ойынға көбірек қатыстыру.

Қажетті құрал-жабдықтар: жүргізуші мінбері, 2 ойын үстелі, 12 орындық, 2 жалаушы не электірлік дыбыс сигналы, 3 микрофон, ассистент бақылаушылар үстелі.

Қатысушылар. Ойынға кем дегенде 4 топ (6 ойыншыдан) қатысады. Олардың аталуы және өз капитандары болуы тиіс. Жұргізуші сұрақ береді, жауап беруге рұқсат етеді, ұпай беруге, немесе дауды реттеуге шешім қабылдайды, ойын барысында ассистент-бақылаушылармен кеңеседі. Ассистент-бақылаушылар уақытты есептейді, топтардың жинаған ұпай санын қадағалайды.

Ойын ережесі. Ойын екі бөлімнен тұрады: бастапқы кезең және финал. Кезеңде мезгілде екі топ қана қатысады да, 3 ұпай жинағаны (финалдық кезеңде − 5) жеңімпаз болады. Ойын алдында жеребе тасталып, ойын әдістеріне («Айналмалы», «Олимпиадалық» т.б.) қарай топтардың қайсысы қайсысымен сайысатынын анықтайды.

Топтарға сұрақ беріледі, оны талдауға бір минут бөлінеді. Топ жауапқа дайын болса, капитан жалаушаны көтеріп, белгі береді. Жалаушаны жүргізушінің «уақыт бітті» деген сөзінен бұрын көтеріп қойған топ «фальстарт» алып, жауап беру құқынан айырылады. Бұл жағдайда ойлануға қарастырылған 10 секунд уақыты бар, біріншінің берген жауабы қате болғанда да солай.

Жүргізуші сұрағына екі топ та қате жауап берсе, келесінің «құны» бір ұпайға артады. Екі топ үш сұраққа бірдей қате жауап берсе, кезең тоқтатылады. Олардың орнына басқа топтар келіп, жаңа кезең басталады.

Финалдық кезеңде әрбір сұрақтың құны бір ұпайға ғана тең. Мұнда жүргізуші дұрыс жауаптарды міндетті түрде естіртеді.

Ойын барысында қатысушылардың көрермендермен байланысуына тайым салынады, көмек беріліп қойған жағдайда, көмектесуші залдан қуылады.

Барлық даулы жағдайда жүргізуші шешеді.

Ойнау әдістері.

«Айналмалы». Мұнда барлық топтар өзара кезектесіп ойнап шығарылады. Мысалы 1-2, 3-4, 1-3, 2-4, 1-4, 2-3.

«Олимпиадалық». Топтар жұптарға бөлінеді де, одан жеңгендері тағы да жұп құрайды. Топтардың саны тақ болса, жеребе бойынша олардың біреуі келесі айналымға ауысады. Ұтылған топ ойынан шығады. Ең сонында үздік екі жұп (анықталады). Финалға шығуы тиіс.

«Жеңімпазды табу». Топтардың арасынан жеребе бойынша бірінші жұп анықталады. Кезең біткенде ұтылған топтың орнын келесі кезектегі топ басады. Бастапқы кезеңдерді өткізуге уақыт белгілеу керек, әдетте, оған 45-60 минут қажет. Содан соң ең көп жеңіске жеткен, немесе көп ұпай жинаған топтар өзара финалдық сайысқа түседі.

        «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет. Менің оқушыларымның арасынан осындай ұстаздар шықса онда менің еңбегімнің жанғаны деп ойлаймын. Сондықтан, өз шәкірттеріме білімімді одан әрі жетілдіре отырып беру, талантты да талапты оқушылар оқытып тәрбиелеу – негізгі мақсатым.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Биология сабақтарында қызықты ойын элементтерін пайдалану"»

ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қызылopдa қaлaсы

Әлия Молдағұлова атындағы №173

орта мектебінің психологы

Шакиева Жанат Амирбековна


4-5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР



Мақсаты: Жаңа заман талабына жеке тұлғаны дамыту, танымдық ауқымын кеңейту;
балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру.

ҚАБЫЛДАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР.


1. «Ине мен жіп»
Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір - бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

2. «Бұл қашан болады?»
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал - жабдықтармен жұмыс
1. Айлардың аттарын ата;
2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата;
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

3. «Не үлкен?»
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды айтады. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

4. «Сиқырлы қапшық»
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина, т. б. Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарадығ, ойын осылайша жалғасады.

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР.


1. «Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.
2. «Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.


3. Орныңды тап.

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді ( белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбертүзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығады.

ЗЕЙІНДІ ТҰРАҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР.


1. Мен жеңімпазбын. Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуыкерек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.


2. Құлақ - мұрын. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.


3. Өз орныңды тап. Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.


4. Дайын бол. Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, т. с. с.


5. Зейінді бол. Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Биология сабақтарында қызықты ойын элементтерін пайдалану"

Автор: Қалмұратова Қазнаш Ержанқызы

Дата: 21.01.2015

Номер свидетельства: 159302

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Тарих саба?ында ойын элементтерін пайдалану"
    ["seo_title"] => string(43) "tarikhsabagyndaoiyneliemienttierinpaidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "285480"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454174064"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Ас?орытуды? ма?ызы. Тісті? ??рылысы "
    ["seo_title"] => string(38) "ask-orytudyn-man-yzy-tistin-k-u-rylysy"
    ["file_id"] => string(6) "133564"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416545199"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Білім берудің жаңа парагдимасы және мұғалімнің рөлі"
    ["seo_title"] => string(59) "bilim_bierudin_zhan_a_paraghdimasy_zh_nie_mu_g_alimnin_roli"
    ["file_id"] => string(6) "453780"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517377936"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства