Физика пәні бойынша 8 сыныпқа арналған «Электр тоғы тарауын қайталау» қорытынды сабағы
Сабақтың тақырыбы: «Электр тоғы тарауын қайталау» Сабақтың мақсаты: а) «Электр тоғы» тақырыбын қайталау және негізгі сұрақтарды, заңдарды, формулаларды пысықтау, есептер шығарып үйрету ә) Оқушыларды өз бетімен ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру б) Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу Сабақ түрі: Қайталау - пысықтау сабағы Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, топпен жұмыс
Керекті құралдар: ток көзі, амперметр, вольтметр, реостат, кілт, секундөлшеуіш
Шаттық шеңберге тұрып, оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
ІІ. Сыныпты топқа бөлу/3 мин/
Оқушылар амперметр, вольтметр және реостаттың суреттерін таңдап топқа бөлінеді және таңдаған прибор және оның шартты белгісі, не үшін қолданылатынын туралы айтып өтеді.
ІІІ. «Миға шабуыл» /5 мин/
І топқа: Электр тоғы дегеніміз не? Электр өткізгіштерге не жатады?
ІІ топқа: Электр тоғының болу шарттары
ІІІ топқа: Электр тоғының әсерлері
ІV. Әр топқа тапсырмалар беріледі /12 мин/
«Амперметр» тобына
Тоқ күші дегеніміз не?
Тоқ күшінің формуласы
Өлшем бірлігі, қандай құралмен өлшейміз.
Зертханалық жұмыс «Тізбектің әр бөлігіндегі тоқ күшін өлшеу» керекті құралдар: амперметр, ток көзі, өткізгіш сымдар, кілт, шам
«Вольтметр» тобына:
Кернеу дегеніміз не?
Кернеудің формуласы
Өлшем бірлігі, қандай құралмен өлшейміз.
Зертханалық жұмыс: «Электр тоғының жұмысын және қуатын өлшеу» керекті құралдар: вольтметр, ток көзі, өткізгіш сымдар, кілт, резистор, секундөлшеуіш
Тест /7 мин/ 1. Ток күшін өлшейтін құрал А) Вольтметр В) Омметр С) Амперметр Д) Реостат 2. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6В, кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең? А) 12А В) 6А С) 3А Д) 10А 3. Электр тогы дегеніміз? А) Зарядталған бөлшектердің ретсіз қозғалысы В) Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы С) Зарядталған бөлшектер Д) Элементер бөлшектер 4. Электр кернеудің формуласы А) U=Aq B) U=q/A C) U=IR Д) U=A/q 5. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңының формуласы A) I=U/R B) I=UR C) I= I1=I2 Д) I=I1+I2 6. Кедергінің формуласы А) R=1/S В) R=ρ lS С) R=ρl/S Д ) R=ρS/t 7. Электр тогының қуатының формуласы А) P=I/U В) P=U/I С) P=U I t Д) P= I U 8. Электр лампасының қыл сымдарының ұштарындағы кернеу 2 В, ток күші 0, 5А, ал қыл сымның кедергісін табыңдар А) 0, 5м В) 10м С) 2 Ом Д ) 4 Ом 9. Кедергінің өлшем бірлігі А) 1 Ом*мВ В) 1В С) 1А Д) 1Ом 10. Жұмыстың өлшем бірлігі А) 1Вт В) 1Дж С) 1А Д) 1В