Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?ат. Ата за?ым аялайды елімді… »
Тақырыбы: Ата заңым аялайды елімді…
Мақсаты: оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, гүлдер, шарлар, кітап көрмесі, рәміздер.
Барысы:
1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады. ҚР Конституциясы- мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден- бір бастаушы заң, серпінді сенім. ҚР Конституциясы- әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты.
1- оқушы:
Ата заңым- ар- намысым, айбарым,
Болашағым, тектілігім, қайнарым.
Ата заңның аясында көш бастап,
Ел көгінде желбірей бер, байрағым!
(Мәтін оқылып болған соң ортаға биші қыздар шығады).
Жүргізуші:
Қазақстан- егеменді байрақты ел,
Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.
Ата заңым- елдігімнің еңсесі,
Заңы барда қазақ елі айбатты ел.
Заңым барда зайырлы елмен теңестір,
Қай кезде де заңды біліп кеңес құр.
Мемлекеттік Әнұран орындалады.
2-оқушы:
Ата заңым- Тәуелсіздік таңысың,
Арайланып атар ұрпақ қамы үшін.
Әділеттің ақ жолына бастайтын,
Ата Заңым- туған елдің бағысың.
3- оқушы:
Ата Заңым- ар намысым айбарым,
Сенің арқаң бұзылмаған қаймағым.
Ата Заңның аясында көш бастап,
Тұғырлардан желбірей бер байрағым!
4- оқушы:
Тілейміз елге қуат құтты қадам,
Еңселі ел ертеңін ұлықтаған.
Тәуелсіз егеменді елдің ұландары,
Білімнің туын шыңға шарықтатқан.
5- оқушы:
Бұзылмас мәңгі анық бал қаймағы,
Достығым бақыт, бірлік- мол қайнары.
Көркейсін Тәуелсіз ел Қазақстан,
Желбіреп аспанында көк байрағы.
6- оқушы:
Жаңғырып ғұрпымыз, салтымыз,
Бейбіт күн кешуде халқымыз.
Егемен ел болып еңселі,
Әлемге танылды даңқымыз.
«Қазақ елі» әні орындалады.
7- оқушы:
Ата заңым- егемендік, теңдігім,
Қанат жайып көкке өрлеген кеңдігім.
Ата заңмен іргелімін мен бүгін,
Ата заңым еңселеген елдігім!
Жүргізуші:
Нық елімнің болашаққа сенімі,
Мерекеде шаттанады көңілі.
Ата заңның мәртебесі биіктеп,
Нұрлы болсын азат елдің өмірі.
Орнағанда әрбір елге заңдылық,
Ата берсін алдымыздан таң күліп.
Конституция елдігімнің еңсесі,
Асқақтасын абыройың мәңгілік.
Жүргізуші: Көк байрағымыз көкте желбіреп, Тәуелсіз мемлекетіміз тұғырларға төрлей берсін, ағайын!