kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жылдамдық

Нажмите, чтобы узнать подробности

ароправпапа овулауак прек,торпокврп.Рттаовпоар мтаворпао ьа воаокрпкл,иарпоавр. Лтараорпарво ааоп оапрвыок ьапк.Рораовроа твармоав тмвоар ьтт,тор.Ртмамамиари тловрмоарм мтапокалпр 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жылдамдық»

Сабақтың тақырыбы: «Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері» тақырыбы бойынша бекіту сабағы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың «Жылдамдық.Жылдамдық бірліктері»тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, әр түрлі есептер шығаруды үйрету;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың есептер шығара білу шеберлігін, логикалық ойын дамыту .

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

Пәнаралық байланыс: Экология және дүниетану, география, қазақ әдебиеті

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, плакат, физикалық құрал-жабдықтар,есептер жинағы т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу;

ә) Оқушыларды түгендеу

Үй тапсырмасын сұрау:

І.Футбол» ойыны

Сынып екі топқа бөлініп тұрады. Әр топта 7-7 ден оқушы болуы тиіс. Бір оқушы төреші болады. Әр топ мүшелері бір қақпашы, үш шабуылшы және үш қорғаушыдан тұрады. Шабуылшы қарсы топқа сұрақ қояды. Ал қорғаушылары жауап беруі керек, егер қорғаушылары жауап бере алмаса, онда қақпашы жауап береді.

Топтардың қоятын сұрақтары:

1 Топ: 3 сұрақтан қояды

2 Топ: 3 сұрақтан қояды


ІІ. Жаңа сабақ


Атақты батыр Ханкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп, батасын алып қайт»-деп, Төле биге жұмсапты. Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем-сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте дана қартқа мынадай сауалдар қойыпты.

Райымбек: -Жер дегенім немене?
-Елім дегенім немене?
-Жер сәні деген немене?
-Ел сәні деген немене?
-Жерді не көтереді?
-Елді кім көтереді?

Төле би : -Жер дегенің-тіршілік.
-Ел дегенің-қара халқың.
-Жер сәні-ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған шалғыны, ну орманы.
-Ел сәні-өркендеп өскен ұлы мен қызы. Жер құты-қойнаудағы кені.
-Жерді су көтереді.
-Елді ер көтереді деп жауап берген.

Расында, жер-елдің тұрақ мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы ғой. Сондықтан да бабаларымыз «Жер-тіршілік, жер-қазына» деумен бірге «Жер-қазынаның басы» деп те даналық ой түйе білген.

Сабақты бұлай бастауымның себебі, бүгінгі сабақта сендерді өзіміз тіршілік етіп отырған ортаға – табиғатқа серуенге шақырамын.

Сабақтың міндеті: табиғатқа визуалды түрде серуен жасау арқылы, оқушының пәндік білімін жетілдіру. Серуендеу төмендегі бағыт бойынша жүргізіледі:

ІV. Серуенге шығу.

Серуендеу бағыты






Орман









Қорық

Каспий теңізі


Серуендеу кезінде экологиялық соқпақпен жүреді. Соқпақпен белгілі орынға жету үшін берілген тапсырманы дұрыс орындап жолды жасауымыз керек

1-тапсырма

Мұғалім оқушыларға «Орман дегеніміз не? Орманның байлығы не?» деген сұрақтар қоя отырып, тақтаға магнитпен ағаштың суреттерін іледі. Ағашқа стикермен сұрақ жазылған. Оқушылар тақтаға кезекпен шығып, қалаған сұрақтарын алып, алған сұраққа жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берсе ағашты білім нәрімен сусындатқан болып есептелінеді.(ағашты сусындатқанымыз қалай дұрыс болды ма? Егер басқа балалар осылай ағаштарға су құйып жатса қандай баға берер едіңдер?)


2-тапсырма.

1 Топқа

1 сағат =90 мин

Жол (v)




уақыт





2.Топқа

Соқпақпен белгілі орынға жету үшін мына формулалармен, шамалардың дұрыстап жазып жолды жасауымыз керек.


Жылдамдық S







1 мин= 60 с






3-тапсырма.

Мұғалім әр түрлі есептер жазылған әр түрлі тағам қорапшаларын, консерві ыдыстарын, полиэтиленді пакетті, сусын ыдысын (баклашка) қойып: «Орманның ішінде қоқыстар, қалдықтар жатыр екен. Табиғатты, орманды ластайтын кімдер? Осы қателікті түзеу үшін біз не істеуіміз керек?» деген сауалдар арқылы сабақты өрбітеді. Оқушылар орман ішін тазарту үшін кезекпе-кезек тақтаға шығып, әрбір қоқысқа есепті оқып, сол есепті шешкен соң, қоқыс бөлшектерін қоқысқа арналған жәшікке тастайды.

Қоқысқа жазылған есептер:

  1. Астанадан шыққан автобус Балқашқа дейінгі 160 км жолды 2 сағатта жүреді. Автобустың қозғалысын бірқалыпты деп ұйғарып, оның жылдамдығын анықтау керек.

  2. Автомашина 1600 м жолды 10 м/с жылдамдықпен жүріп өтті.Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтау керек.

  3. Жер күнді айнала 30000 м/с қозғалады. Бір сағат өткенде 60 мин ішінде Жер қандай жол жүреді.

  4. 1,3 м/с жылдамдықпен жаяу жүрген адам 10 с ішінде жүрген жолын анықтаңдар.

  5. Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30 мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын есептеп табыңдар.

  6. 20 м/с жылдамдықпен қозғалған ұшақ 180 с ішінде қандай аралықты ұшып өтті.

ә) Қорыққа саяхат

4-тапсырма. Семантикалық карта.


Келесі, баратын бағытымыз–Қорық. Міне, қорыққа да келіп жеттік. Бұл қорықтың аты қандай екен, соны табайық. Ол үшін мына семантикалық картаның жолдарындағы есепті шығару керек. Есептің шешуін баған аттарынан тауып, қиылысқан тұстағы әріпті белгілеу керек.




Тапсырма

72

210

81

5

1

t

Ү

Е

С

А

Б

В

2

,

-?

Д

Л

С

О

К

Р

3

,

-?

Р

П

Ө

С

Т

О

4

 ,

s-?

Ж

А

Қ

І

Б

З

5

 

К

Р

Д

Л

О

И

6

 

П

О

У

Р

Н

Т

  1. Есептер түсінікті ме? Оқушылар жауабын (Үстірт) тапқаннан кейін, мұғалім үстірт қорығының суретін көрсетіп, қысқаша мәлімет беріп кетеді.

Үстірт қорығының жанында Каспий теңізі ағып жатыр.

Каспий экологиясы – Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай.

Әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 – 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 – 1990 жылы жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспийнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 – 90 жылы аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 – 41 жылы су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 жылы бұл көрсеткіш ең төменгі абсолюттік мөлшеріне (–29,01 м) жетті. 1978 – 95 жылысу деңгейі 2,35 м-ге қайта көтеріліп, 1995 жылы бұл көрсеткіш –26,66 м болды. Су деңгейінің тұрақсыздығы – климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұздылығы 0 – 12‰. Каспий теңізі морфологиялық жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Теңіздің қазақстандық бөлігі – солтүстік-шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында.

Осы жерде қандай сөздер физикада кездеседі теріп жазып аламыз.

ІV. Практикалық есеп: 2 топқа жол және машиналар беріледі. Оқушылар жолмен 1 мин ішінде қанша жол жүргенін тауып, жылдамдықты анықтау.

VІ. Кері байланыс «Рефлексия эссе»

Рефлексиялық эссе

  1. Алдымен мен былай деп ойладық .....

  2. Одан кейін мен мынадай проблемаға тап болдым ...

  3. Проблеманы шешу үшін сыныппен бірігіп ..... жасадық.

  4. Бұдан біз ....көрдік.

  5. Демек, бұл мынаны білдіреді.......

  6. Сонымен біз ....деген шешімге келдік

VI. Бағалау: оқушылардың білімі бойынша бағалау

VIІ.Үйге тапсырма : тарауды қайталау.
















.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Жылдамдық

Автор: Тлеубердиева Куляш Амангалиевна

Дата: 13.03.2017

Номер свидетельства: 399811

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(219) "Разработка по физике на тему «§18,19. Жылдамды?. Жылдамды? бірліктері. Бір?алыпты емес ?оз?алыс кезіндегі орташа жылдамды?» "
    ["seo_title"] => string(134) "razrabotka-po-fizikie-na-tiemu-ss18-19-zhyldamdyk-zhyldamdyk-birliktieri-birk-alypty-iemies-k-ozg-alys-kiezindieghi-ortasha-zhyldamdyk"
    ["file_id"] => string(6) "180792"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425233964"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "План урока на тему "Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару""
    ["seo_title"] => string(74) "plan_uroka_na_temu_kozgalystyn_ortasha_zhyldamdygyn_tabuga_esepter_shygaru"
    ["file_id"] => string(6) "514430"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1560282363"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(136) "Бір?алыпты ж?не бір?алыпты емес ?оз?алыстар. Жылдамды?. Жылдамды? бірліктері"
    ["seo_title"] => string(73) "birkalyptyzhniebirkalyptyiemieskozgalystarzhyldamdykzhyldamdykbirliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "280773"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453411411"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(223) "Бір қалыпты түзусызықты қозғалыс графигі, орташа жылдамдық және жол, орын ауыстыру мен уақытқа байланысты есептер шығару"
    ["seo_title"] => string(80) "bir_k_alypty_tuzusyzyk_ty_k_ozg_alys_ghrafighi_ortasha_zhyldamdyk_zh_nie_zhol_or"
    ["file_id"] => string(6) "366624"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481045553"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Уа?ыт. Жылдамды?. ?ашы?ты?"
    ["seo_title"] => string(29) "uak-yt-zhyldamdyk-k-ashyk-tyk"
    ["file_id"] => string(6) "258527"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448522083"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства