kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Технологиялық карта "түрлі-түсті жіптер" - сурет.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні: 02.09.2016 ж.

Білім беру саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет салу

Тақырыбы: «Қағаз, қарындашпен таныстыру»

Мақсаты: қағазбен майлы қарындашпен таныстырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Көлденеңінен, тігінен сызықтар сызуды үйрету.  Зейінділікке, қабілетін дамыту.

Үстелде дұрыс отыра білуге және еңбек етуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет салуға арналған ақ қағаз, түрлі түсті майлы қарындаштар.

Қостілділік компонент: қарындаш- карандаш, қағаз-бумага.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің

 іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық

 

Педагог балалардың назарын өзіне аударады.

Ертегі айтып береді.

-Қазір мен сендерге ертегі айтып беремін.

Ерте ерте ертеде.

Бір қорап өмір сүріпті.

Ол, міне, мынадай екен (қорапты көрсетеді).

Сырты қандай әдемі безендірілген (сыртқы суретіне тоқталып өтеді де), оның ішінде не бар екен?

Ертегіні тыңдайды.

Өздерінің көңіл-күйлерін білдіреді.

Күні: 02.09.2016 ж.

Білім беру саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет салу

Тақырыбы: «Қағаз, қарындашпен таныстыру»

Мақсаты: қағазбен майлы қарындашпен таныстырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Көлденеңінен, тігінен сызықтар сызуды үйрету.  Зейінділікке, қабілетін дамыту.

Үстелде дұрыс отыра білуге және еңбек етуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет салуға арналған ақ қағаз, түрлі түсті майлы қарындаштар.

Қостілділік компонент: қарындаш- карандаш, қағаз-бумага.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің

 іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық

 

Педагог балалардың назарын өзіне аударады.

Ертегі айтып береді.

-Қазір мен сендерге ертегі айтып беремін.

Ерте ерте ертеде.

Бір қорап өмір сүріпті.

Ол, міне, мынадай екен (қорапты көрсетеді).

Сырты қандай әдемі безендірілген (сыртқы суретіне тоқталып өтеді де), оның ішінде не бар екен?

Ертегіні тыңдайды.

Өздерінің көңіл-күйлерін білдіреді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Технологиялық карта "түрлі-түсті жіптер" - сурет.»



«Балапан» I кіші тобының ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні: 02.09.2016 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет салу

Тақырыбы: «Қағаз, қарындашпен таныстыру»

Мақсаты: қағазбен майлы қарындашпен таныстырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Көлденеңінен, тігінен сызықтар сызуды үйрету. Зейінділікке, қабілетін дамыту.

Үстелде дұрыс отыра білуге және еңбек етуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет салуға арналған ақ қағаз, түрлі түсті майлы қарындаштар.

Қостілділік компонент: қарындаш- карандаш, қағаз-бумага.

Оқу іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық


Педагог балалардың назарын өзіне аударады.

Ертегі айтып береді.

-Қазір мен сендерге ертегі айтып беремін.

Ерте ерте ертеде...

Бір қорап өмір сүріпті.

Ол, міне, мынадай екен (қорапты көрсетеді).

Сырты қандай әдемі безендірілген (сыртқы суретіне тоқталып өтеді де), оның ішінде не бар екен?

Ертегіні тыңдайды.

Өздерінің көңіл-күйлерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-

ізденістілік

Қорапты қозғалтып, ішіндегі қарындаштарды (тықырлатады).

-Тыңдап көріңдерші, бұл қорап ерекше, сиқырлы қорап болды.

Өйткені, ішіндегі таяқшалар да сиқырлы көрінеді.

Кәне, ашып көрейік, -деп майлы қарындаштарды жартылай ашып көрейік, -деп майлы қарындаштарды жартылай ашып көрсетіп, бұл таяқшалардың түстері де сан алуан екен. (Қызыл және қара түсті қарындаштарды алып, балалардан олардың қандай түсті екенін сұрайды).

(Қағазбен таныстырғанда ақ қағазды көрсете отырып келесі сұрақтарды қойады).

-Мынау не? Түсі қандай?

Ақ қағазға майлы қарындашпен сурет салуға болады, бірақ қарындашты өте қатты бастыру қажет емес. Егер қарындашты қатты бастырсақ, қағаз жыртылып қалады. Сендер қағазды жыртпаңдар, сонда біз көп нәрсенің суретін салып үйренеміз.

-Қарындаштар көңілді би-билей алады. (Қағаз бетіне жоғарыдан төмен қарай бірнеше түзу сызықтар жүргізеді).

-Қандай әдемі түстер. Мынау қандай қарындаштардың ізі, кім айтады?

Қораптағы дыбысты тыңдайды.


Балалар түстерін айтады.



-Ол

-қағаз.

Түсі-ақ.

Балалар «қарындаш»

деген сөзді 1 рет қайталайды.







Ақ қағазға майлы қарындаштар арқылы сызықтар сызады.



Қызыл, көк, қара сызықтарды сызғанда қолды батыл, үзіліс жасамай жүргізіп көрсетіп, балалардың қол, саусақ қимылдарын жетілдіруге көңіл аударады.

Қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетіп, 2-3 рет ауада сызық жүргізеді.

-Осы сызықтарды енді алдарыңдағы ақ қағазға түсіріп көріңдер.

-Енді бұдан былай сурет салу бөлімінде қағаз бен майлы қарындаштарды пайдаланып, әртүрлі суреттер салып үйренеміз. Қарындаштарынды жинап орнына қойындар.

Қарындаштарын жинатады.

Қағаздарды педагог жинап алады да, қарындашпен салынған суреттерді балаларға көрсетіп, әрқайсысын бағалап әңгімелейді.

«Өз түсіңді тап!» ойынын ұйымдастырады.

Сызықтарды көбірек сызып, ойын жаттығуларды орындайды. Ауада 2-3 рет саусақтармен сызықтар жүргізеді. Әр бала өзінің қарындашының қандай із түсіргенін түсіндіріп айтады. Сызықтарды батыл, дұрыс түзу сыза білуге жаттығады,бірнеше рет сызықтар жүргізеді.

«Өз түсіңді тап!» ойынын ойнайды.

Рефлексиялық -түзетушілік

Балалар жұмысқа кіріскенде аралап,

іс-әрекетіне басшылық жасап, бағыт беріп, жұмыстарын мадақтап, сабақты аяқтайды.

Балалар бір-бірінің жұмыстарын қарап өздерінің еңбектеріне назар аударады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: майлы қарындашпен сурет салуға болатынын.

Игереді: қағаз,майлы қарындаш туралы және онымен іс-әрекет жасау туралы түсініктерді.

Меңгереді: қағаз, майлы қарындашпен жұмысты, жұмыс істеу дағдыларын, ұқыпты еңбек етуді.


Тексерілді: М.Еримбетова
















«Балапан» I кіші тобының ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 09.09.2016 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет салу

Тақырыбы: «Ұзын жолдар» Мақсаты: балалардың қарындашпен дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру, бейнеленгендердің іс-әрекет арқылы көрсете білу. Қағазға солдан оңға қарай түзу сызық жүргізе білуді үйрету. Саусақ, қол қимыл-қозғалыстарының икемділіктерін дамыту. Еңбек етуге, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: қызыл, көк түсті майлы қарындаштар, екі түрлі жолақ қағаз (ұзын-қысқы), әр балаға арналған жолақ қағаздар, ойыншық машиналар.

Қостілділік компонент: жол-дорого, машина-машина.


Оқу іс-әрекет

кезеңдері


Педагогтің

іс-әрекеті


Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық


Балалар өткенде біз майлы қарындашпен қағазға түрлі сызықтар түсіріп, сурет салуа болатының білдік. Енді бүгін қандай сурет салсақ екен? Мен бір жұмбақ жасырайын сендер жауабын тауып көріңдер:

Ұзын, ұзын, ұзын жіп,

Ұшына шыққан жан бар ма?

Ақырын басқан жан бар ма?

Ұшына шықпа жалғанда.(Жол)

(Жұмбақтың мағынасын ашып түсіндіреді).

Балалар ойнайды.

Балалар жұмбақтын жауабын шешеді.таппай қиналса педагог көмектеседі.

Ұйымдастырушылық-

ізденістілік

-Бүгін біз майлы қарындашпен жолдың суретін саламыз. Ол үшін маған алдымен мынаны айтындаршы. (Ақ қағаз бетіне немесе фланелеграфқа қызыл ұзын жолақты, көк қысқа жолақты қатарластырып қойып көрсетеді). Екі жолақшаның қайсысы ұзын,қайсысы қысқа? Түстері қандай? Қызыл жолақ ұзын ол қағаз бетінің шетіне дейін жетіп тұр, ал көк жолақ қағаздың ортасына дейін келіп тұр. Біз көк жолақ сияқты қысқа сызықтарды өткенде салып үйрендік. Бүгін қызыл жолақ тәрізді ұзын жолақтарды саламыз.

Педагог тақтаға бор мен (немесе қағазға қарындашпен) бір шетінен екінші шетіне дейін жеткізе сызық жүргізіп көрсетеді. Бұдан кейін ауада қарындашты дұрыс ұстауларын ескере отырып, солдан оңға қарай бірнеше сызық жүргізгендей қимыл жасайды.

(Барлығы жұмысқа кіріседі. Бірнеше сызықтар жүргізеді).


Балалар алдарындағы жолақ қағаздарын салыстырып көреді.

Балалар ауада солдан оңға қарай бірнеше сызық жүргізіп,

қолдарын жаттықтырып алады.

Содан соң қағаз бетіне қарындашпен солдан оңға қарай жол салады.

Өздері салған сызықтардың үстімен ойыншық машиналарын жүргізіп ойнайды. Ұзын жолдың үстімен кезек-кезек өтіп көреді.



-Енді қағазға қарындашты өте қатты баспай ұзын-ұзын сызықтар жүргізсендер, «ұзын жол» болады.

-Біз ұзын жол салдық, енді осы ұзын жолмен машиналарынды жүргізіп көріндерші. (Балалар сызықтардың үстімен ойыншық машиналарын әрі-бері жүргізіп сабақ ойынмен жалғасады.).

Педагог балалар ойынға кіріскен кезде аралап жүріп талдау жасайды.

-Мынадай жолда машина жақсы жүреді, жол тегіс болмаса машина жүре алмайды. Кейбір дұрыс сызық жүргізе алмаған балаларға сол балалардың өзінің қағазына сызып көрсетеді.

Аяқталған жұмыстарын мадақтап,

сабағын аяқтайды да,балаларды гимнастикалық орындықтың қасына жинайды.

-Мына жерде өздерінің бейнеленгендей ұзын жол жатыр,кәне барлығымыз осы жолмен өтейік. (Балалар кезектесіп,

бірінің артынан бірі жүріп, бір-біріне қол ұшын беріп көмектеседі. Жайлап аяқ ұшымен секіріп түсулерін қадағайлайды).

-Жол қандай ұзын жол болса да, бәрің жақсы жүріп өтіңдер. (Педагог балалардың дұрыс қимыл іс-әрекеттерін қолдайды.

Алдарыңдағы жолақ қағаз («жолдың» бойымен ұсақ ойыншық машиналарды жүргізіп ойнайды.

Жол туралы түсініктері нақтыланады, кезектесіп бірінің артынан бірі жүріп, бір-біріне қол ұшын беріп көмектеседі. Соңында жайлап аяқ ұшымен секіріп түседі.

Рефлексиялық -түзетушілік

Педагог балалардың салған суреттерін тақтаға қойып, мақтайды.

-Қандай ұзын жол жасадық, енді бәріміз машиналарды жолда жүргізіп ойнаймыз.

Балалар ұзын жолмен машиналарын жүргізіп ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын.

Игереді: бейнеленген түсініктерді іс-әрекет, қимыл-қозғалыс арқылы көрсетуді.

Меңгереді: қағазға солдан оңға қарай түзу сызық жүргізе білуді және майлы қарындашпен жұмыс жасау техникасын.


Тексерілді: М.Еримбетова







«Балапан» І кіші тобының ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:16.09.2016 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет салу

Тақырыбы: «Әртүрлі түстегі қақпалар»

Мақсаты: қарындашты үш саусақпен дұрыс ұстап отырып, ұшын сәл жоғары, қатты қыспай, оң қолмен қағаз бетінде төменнен жоғары қарай, оңнан солға қарай, жоғарыдан төмен қарай қысқа және ұзын сызықтар жүргізе білуді үйрету.Балалардың саусақтарының бұлшық еттерін дамыту;

Ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға бір-бірден сары түсті қағаз, екі түсті қарындаш,ойыншық аю.

Қостілділік компонент: ойыншық-игрушка, қақпа-ворота.


Оқу іс-әрекет

кезеңдері


Педагогтің

іс-әрекеті


Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық


Педагог қарындаштың көмегімен ұзын жолдарды қалай салғандарын балалардың естеріне түсіреді.

-Балалар аю өзіне керемет қорған салып, оның қақпасын салуды ұмытып кетіпті, енді сендермен ойнауға шыға алмай, қақпа жасауды өздерінен көмек сұрап отыр.

Көмектесеміз бе балалар?

Балалар көңіл қойып тыңдайды.




-Көмектесеміз.

Ұйымдастырушылық-

ізденістілік

















-Ендеше, біз қарындаштың көмегімен аюдың қорғанына әдемі қақпаларды салып, аюды өзімізбен бірге ойнауға шақырамыз.

Педагог алдымен балаларға қарындашты балаларға дұрыс ұстатып, ауада қақпаның суретін салуды ұсынады.

Содан кейін қарындашты үш саусағымен қыспай ұстап отырып, қағаздың бетіне төменнен жоғары қарай ұзын сызық, солдан оңға қарай қысқа сызық, жоғарыдан төмен қарай ұзын сызық жүргізетінін түсіндіреді.

Балалар жұмысқа кіріседі.

Педагог балалардың салған қақпаларын көріп, олардың әдемі болып шыққаның айтып жатқанда аю келіп кіреді. Ол балалардың салған суреттерін көріп,өзінің ризашылығын білдіреді. Енді балалармен ойын ойнағысы келетінін айтады.

Бәрі бірге «Бейнені құрастыр» ойынын ойнайды.

Балалар педагогпен бірге ауада сызықтар сызып қақпанның суретін салады. Балалар педагогтің нұсқауы бойынша төменнен жоғары қарай ұзын, оңнан солға қарай қысқа,жоғарыдан төмен қарай ұзын сызықтар жүргізеді.


Рефлексиялық- түзетушілік

Барлық баланың салған суреттерін тақтаға іліп педагог балалардан қандай түсті қақпаға салғандары жайлы сұрайды.

Аю балаларға көтеріңкі көңіл сыйлайды,ол үшін көңілді әуен қойылып, барлығы аюмен бірге би билейді.

Балаларда аю мен ойнағысы келетінін білдіріп, өз қалаулары бойынша ойын ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қарындашен қақпа салуды.

Игереді: бір-біріне, басқа да адамдарға деген достық сезімді.

Меңгереді : төменнен жоғары, солдан оңға және жоғарыдан төмен сызықтар сызуды, қарындашпен жұмыс жасау техникасын.




Тексерілді: З.Утешева




































«Құлыншақ» 2 кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Жау-жау, жаңбыр.

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып өз сезімдерін іс-әрекетте бере білуге үйрету.

Білімділік: Сызықтарды қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру.

Дамытушылық: Іс-әрекет барысында бейнелегендердің музыка әуенімен қимыл-қозғалыста үйлестіре білуге бағыттау;

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал-құралдар: Көгілдір түсті майлы қарындаш, әрбір балаға ақ қағаз (жоғары бөлігіне бұлттар бейнеленген), сүрткіш.

Қостілділік компонент: Жаңбыр-дождь, бұлт-небо.

Сөздік жұмыс: Жаңбыр тамшылары.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог балалардың назарын өзіне аударып, жұмбақ айтып береді, оның шешімін табуды ұсынады.

Тырс-тырс тамады,

Тереземді қағады.

-Бүгін қандай күн? Ашық па? Бұлтты ма? Жаңбыр жауып тұр ма? Балалар бүгін күн салқын, жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт торлаған. Күн бұлттанса жаңбыр жауады.

-Тақтадағы суретке қараңдаршы бұл не? Түсі қандай?

-Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі?

-Кәне тыңдап көрейік.

-Қалай тамып тұр екен?

Педагог үстел үстін саусақтарымен тысырлатып, жаңбыр дыбысын бейнелейді.

-Ой жаңбыр қалай қатты құйып жауып кетті. Енді екі алақандарынды тізелеріне қойып,шапалақтап көріңдер.

Балалар педагогпен бірге аяқтарын тарсылдатып дыбыс шығарады, бұл жаттығулар балаларға жағымды көңіл күй сыйлайды. Көркем сөз оқу.

Жауын-жауын жауады,

Бәрін суға малады.

Біз қарындаш аламыз,

Тамшыларды саламыз.

Балалар жұмбақтың шешімін табады.


-Жаңбыр.


Ауа райы туралы білгендерін айтады.


-Бұлт

-Түсі көк.



Тырс-тырс.

Балалар тамшылар дыбысын тындайды.

-Тырыс-тырыс тамып тұр.Балаларда педагог әрекетін қайталап жасап көреді.

Балалар педаготің айтқанын қайталайды.


Ұйымдастырушылық-ізденістілік.


-Енді көк майлы қарындашты пайдаланып қағазға жаңбыр тамшыларын түсіреміз. Қараңдар бұлттан төмен қарай тамшылар түсіп келеді.

Бірнеше үзік қысқа сызықтармен салып көрсетеді. Қағаз бетіне шашырата салуды қадағалайды. Жұмыстарына басшылық жасап, аяқтаған жұмыстарын мадақтайды.

Музыка әуенімен «Жаңбыр тамшыларын тосамыз» деген қимылды ойын ұйымдастырады. Балаларға үзік сызықтар немесе тамшыларды барлық қағаз бетіне көбірек салу керектігі түсіндіріледі.

Балаларға берілетін қағазға гүлдердің суреті алдын ала салынған болуы тиіс. Нөсер жаңбыр жауып, гүлдерді әбден суға қандырды деп әңгіме жүргізіледі.

Көк майлы қарындашты алып, сурет салуға кіріседі.

Балалар қағаз бетіне шашырата жаңбыр тамшыларын бейнелейді.

«Жаңбыр тамшыларын тосамыз» деген қимылды ойын ойнайды. Балалар қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын көп етіп түсіреді.

Рефлексиялық

түзетушілік

Педагог балаларлдың салған суреттерін мадақтайды. Көрме ұйымдастырылады.

Балалар өздерінің еңбектері туралы әігімелеп береді,

достарының салған суреттерін тамашалайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Табиғат құбылыстарды жайлы қарапайым түсіндіреді.

Қандай түсініктерді игереді: Жаңбырдың жауу түрлері және оны қағаз бетіне түсіру ерекшеліктерін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын үзік сызықтар арқылы салуды.




Тексерген: М.Еримбетова.













«Балапан» І кіші тобының ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 30.09.2016 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет салу

Тақырыбы: «Шағылысқан күн сәулесі»

Мақсаты: саусақ бұлшық еттердін және қимыл-қозғалыстарын жітілдіру. Балаларға алақан мен саусақтар көмегімен күн бейнесін салу әдісін үйрету. Есте сақтау қабілетін дамыту. Бояумен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: ойыншықтар, көк түске боялған қағаз, сары бояу, су, қол сүрткіштер.

Қостілділік компонент: күн-солнце.

Оқу іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог балаларға бүгінгі күннің қандай тамаша екені, күн нұрын аямай төгіп тұрғаны, күн барлығына қуаныш әкелетіні,жапырақтар жайқалып, құстар сайрап, жан-жануар атаулы тіршілік қамына кірісіп, балалар көтеріңкі көңіл күйде болатыны жайлы әңгімелейді.

-Ал біздің ойыншықтарымыздың күн сайын далаға шығып, күннің көзін көретін мүмкіндіктері жоқ. Олардың көңілдерін көтеріп, күзгі күн сәулесімен жылынуына көмектесеміз бе?

Балалардың көңіл күйлері көтеріледі.






Балалар өз ойларын айтады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістілік.









Педагог балаларға жұмбақты шешуді ұсынады:

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды?

Ол не балалар?


-Ендеше бәріміз жарқыраған күн сәулесін бейнелеп, ойыншықтарымызға сыйлайық. Жұмыс бастамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.


Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрамыз,

Айналаны шоламыз.

Күн нұрындай жарқырап,

Жер бетіне қонамыз.

-Балалар, бүгін біз алдарында тұрған бояулардың сырын ашамыз.







Балалар өз бетінше жұмыс жасайды

Педагогтің көмегімен жұмбақ шешуін шешеді.


-Ол-күн





Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.








Қарындашпен сурет салған сияқты, бояумен де суреттер салуға болады, алдарындағы сары бояуды пайдалана отырып, алақанымыз бен саусақтарымыз арқылы күнінің суретін салайық. Бояумен жұмыс жасау ұқыптылықты талап ететінін ұмытпайық.

Алдымен алақанымызды сары түсті бояуға батырып, күнінің домалақ бейнесін, ал саусағымыз арқылы күннің сәулелерін бейнелейік. Үлгі сурет бойынша балаларға сурет салу ретін көрсетіп, түсіндіреді:

-Алдымен маған алақандарыңды жазып, ашып көрсетіндерші бір-бірімізге алақандарымызды тигізіп, күн жасап ойнайық.

-Енді мына ыдыстағы (жалпақ ыдысқа алдын ала сары бояу құйып дайындап қою қажет) сары түсті бояуға алақанымызды батырамыз.

-Алақанымызды ақ қағазға қойып, дақ түсіреміз. (Педагог балаларды кезек-кезек шақырып, алақандарын бояуға батырып,

бояумен қағаз бетіне қалай түсіруге болатынын іс-әрекетпен көрсетеді.

Алақанға жағылған бояудың жан-жаққа шашырамуын (ескертеді). Алақанды бір рет бастырғаннан кейін қағазды айналдыра қозғалтып,алақанды саусақтарды шашырата отырып бастыру керектігін, сонда күн сәулесі пайда болатынын түсіндіреді. Алғаш дайын болған суретке педагог күннің күлімдеп тұрған бейнесін әдеміліп салады.

Балаларға мынадай өтініш айтады.

-Ол сендерге риза болып,рақмет айтып тұр,сендерде күн сияқты күлімдеп,өздерінің көңіл күйлерінді көрсетіңдер. Көңілділік әр баланың өзініен басталса қандай жақсы.

Жұмыс соңынан қолдарын сулы шүберекпен

сүртіп,тазалауын қадағалайды.


Балалар «күн нұры», «сайрап» деген сөздерді қайталайды.





Балалар қызығушылықпен тыңдайды.





Қолдарын сары түсті бояуға малып, алақанның, саусақтың көмегімен күннің суретін салады.

Жұмыс сонынан балалар қодарын сулы шүберекпен сүртіп тазалайды.





Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог жұмыс соңынан балалардың еңбігін мадақтап ойыншықтар көңілді болатының айтады. Топтың жарық болып кеткенін, мұндай жарық жерде ойыншықтар көңілді болатының айтады.

Балалар өз жұмыстарына қызығушылықпен қарайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: бейнелер салуға болатынын алақан мен саусақ арқылы түрлі.

Игереді: суретті әр түрлі әдістермен салуға болатынын, ол әдістерді өз ойларынан шығаруға да болатынын.

Меңгереді : алақан мен саусақ арқылы күді бейнелеуді.

Тексерілді: З.Утешева







































«Құлыншақ» 2 кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Жапырақтар түсуде.

Мақсаты: Қылқаламмен таныстыру, сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіруді үйрету.

Білімділік: Сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіруді үйрету.

Дамытушылық: Балалардың зейінін, қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Қуыршақ Айсұлу, себетке салынған жапырақтар, қызыл, қоңыр гуашь бояу, сары түске боялған қағаз, қылқалам, су, сүрткіш.

Қостілділік компонент: Себет-корзина, жапырақ-листя.

Сөздік жұмыс: Себет.

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




-Балалар бүгін бізге Айсұлу деген қуыршақ қонаққа келіпті. Ол күзгі орманды аралап жапырақ жинап жүріп, қолындағы себетін бір жерге қойып кетіпті де, оны қайтадан таба алмай қалыпты. Сендер оның себетін көрді ме екен деп сұрау үшін келіпті.

Естеріңе түсіріндерші, себетті біз қайдан көрдік? (Егер балалар жауабын айтпаса педагог өзі айтады).

-Мынау ма?

Қуыршақ қуанып:

-Иә осы, қандай жақсы болды, рақмет сендерге.

Қуыршақ:

Балалар, мен сендерге сурет алып келдім. Жапырақтар түсіп жатқаны бейнеленген үлгі суретті көрсетеді.




Балалар тыңдайды. Жапырақтар жерге көп түсіп жатқанын, ағаштың басында аз қалғанын айтады.


Ұйымдастырушылық-ізденістілік.


Педагог баланың ойын дамыту үшін күз туралы бір шумақ өлең оқиды.

-Айсұлуды сеңдердің жапырақтың суретін қалай салатыңдарынды көрейін дейді, біз оған түсіп жатқан жапырақтарды салып көрсетейік. Біз бүгін суретті қыл-қаламмен саламыз.

Қылқаламмен таныстырады.

Қылқаалам деп аталуының өзіндік себебі бар. Өйткені оның бас жағы қылдан жасалған. Ол өте жұмсақ. Өздерің алақандарыңа сүйкеп көріңдерші, жұп-жұмсақ. (Өзі сүйкеп көрсетеді). Сондықтан оны пайдаланғанда қағазға қатты басуға болмайды. Қылдан жасалған шашақтар темірімен оралып, ағашқа бекітілген. Қылқаламды дұрыс ұстау үшін темір бөлігінен ағаш бөлігіне дейінгі тұсты үш саусақтың арасына қатты майыстырмай ұстау керек.

«Қылқаламды бояуға қалай батыратынын, оның артық тамшыларын қалай тазартуды балалардың алдарында тұрған ыдыс тағы су мен бояуды пайдалана отырып көрсетеді».

-Кәне қылқаламды қолға алып «балалар өз қалаулары бойынша түсті таңдайды» қызыл сары, қоңыр бояуға батырып аламыз да, былай сүйкей жағамыз.

(Өз үлгіге бірнеше жапырақтар салып көрсетеді).

Балалардың жұмыстарын Айсұлу аралап көреді. Аяқталған жұмыстарды педагог жинап алып тақтаға іледі.

Айсұлу таңдап, балалардың жұмыстарына ризашылығын білдіріп мадақтайды:

-Бәрің сурет салуды үйреніп алыпсыңдар, мен де енді сендермен сурет салуды үйренемін.

Жұмыс барысында балаларға бағыт бағдар беріледі.

-Ал қазір бәріміз бірігіп ойын ойнасақ қайтеді..

Күз туралы өлеңді тыңдайды.












Балалар қылқаламды үш саусақтың арасына қатты майыстырмай ұстап, алдарыңдағы ағаштар салынған қағазға түсіп келе жатқан жапырақтарды салып көреді. Қылқаламмен бояуды сүйекей жағу тәсілмен алдарыңдағы ағаштардың суретін салады. Бояу түстерін өздері таңдайды.












Ойын ойнайды. Содан сон балалар түсіп жатқан жапырақтарды тамашалауға Айсұлуды серуенге шақырады.

Рефлексиялық түзетушілік

Педагог балалардың жасаған жұмыстарынмадақтайды, арнайы жасалған себеттің суретін балаларға үлестіреді.

Балалар өздерінің салған суреттерін тамашалайды, достарының суретімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже: Нені біледі: Қылқалммен күзгі жапырақтардың ерекшеліктері жайлы қарапайым түсініктерді. Қандай түсініктерді игереді: Қылқаламмен, бояумен қағаз бетіне жапырақтардың суретін салуды. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ұқыпты жұмыс істей білуді.

Тексерген: Абатаева Ф.Ж.















«Балапан» І кіші тобында ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні:14.10.2016 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: «Қызыл-сары жапырақтар»

Мақсаты: ата-аналарымен бірлесе отырып алақан арқылы жапырақтың бейнесін салуды үйрету.

Негізгі түстер туралы білімдерін бекіту.Түстерді атай білу дағдысын дамыту.Балаларды алақанмен сурет салуда ұқыптылыққа, тазалық сақтай білуге тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар:түрлі түсті қағаздан жасалған сары, қызыл, жапырақтар, қызыл, сары гуашь бояулар, қылқалам, дымқыл қол сүрткіштер.

Қостілділік компонент: әр түрлі жапырақтар- разноцветные листья.

Оқу іс-әрекет

кезеңдері


Педагогтің

іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог балаларға бүгін бірнеше ата-аналардың қонаққа келгендігі жайлы хабарлайды.

Олардың балаларға арнап қызықты ойын ала келгендігі және алақан арқылы сурет салуға көмектесетіндерін айтады.

Балалардың қызығушылығы оянады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік


Педагог аналарының алып келген жапырақтарын көрсетеді.

-Мына жапырақтарға қарандаршы, түстері қандай керемет. Балалардан олардың түстерін сұрайды.

-Мынау-сары,

-Мынау қызыл жапырақ ,ал мынау қызғалт сары жапырақ.

Кәнеки бәріміз бірге қаталайықшы. Балалармен бірге бірнеше рет қайталайды.

Күз мезгілінде жапырақтар түсінің өзгертетінің түсіндіріп өтеді.

-Сендердің аналарың көңілдене соққан жел болады, сендер күзгі жапырақ боласыңдар.

Балалар мен ата-аңаларына өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасатады.


Сергіту сәті.

Жел соқты, жел соқты,

Ағаштар желмен шайқалды.

Жел соқты, жел соқты,

Жапырақ түскен байқалды.


Сары, қызыл, қызғылт сары.













Балалар қимыл қозғалыстарын көрсетеді.









-Балалар жапырақтар қандай әдемі болып ұшып жатыр. Олар неткен көп. Бейне бір жерге әдемі кілем төсеп қойғандай ендеше осындай әдемі қызғылт сары жапырақтардың суретін алақан арқылы салып көрейік. (Аналары балалардың қасына отырады)

-Міне мынау-сары қызыл бояулар. Бір алақандарды сары бояуға батырып, таза қағаз бетіне бірнеше жапырақтар бейнесін салыңдар. Енді екінші алақандарынды қызыл бояуға батырып таза қағаз бетіне бірнеше жапырақтардың бейнесін салыңдар. Енді екінші алақандарынды қызыл бояуға батырып, тағыда сол қағаздың бетіне бірнеше жеріне басып,

жапырақтардың бейнесін жасаймыз.

Біздің қағазымызда екі түсті жапырақтардың суреттері пайда болады.

Демек жапырақтар формасы біздің алақанымызға ұқсайды екен.

Іс әрекет бірнеше рет қайталанады, ата-аналар жапырақтардың ортасындағы сызықтарын жүргізіп әдемілеп балаларымен келісе отырып түстерін таңдап жапырақтардың әдемі болуына назар аударады.

Соңынан жапырақтар шоғыры көрмесін ұйымдастырып, ата-аналар өз балаларының жұмыстары жайында әңгімелеп береді.

«Аналары балалардын қолын дымқыл орамалмен сүртіп отырады».

Қандай тамаша әдемі қызыл сары жапырақтарды бейнеледіңдер, жарайсыңдар!

Жасаған жұмыстарынды қолдарыңа алып бір-бірлеріне көрсетіңдерші. Аналары балаларының жұмысына ризашылығын білдіріп қоштасады.








Балалар түрлі түсті жапырақтарды лақтырып ойнайды.



Балалар алақандарын сары, қызыл бояуға батырып түрлі түсті жапырақтың бейнесін салады.








Салған суреттерін бір-біріне көрсетіп тамашалайды.

Аналарымен қоштасады.


Рефлексиялық -түзетушілік

Педагог өлең жолдарымен жасалған іс-әрекеттерді қорытады.

Қызыл жасыл сары көк

Алуан-алуан жапырақ,

О, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ.

Педагог балалардың аналарының көмегімен алақан арқылы салған түрлі жапырақтар суреті жайлы әңгімелеп, мадақтап, көрме ұйымдастырады.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.



Балалар өздері салған жұмыстарын қызықтайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: күзгі жапырақтардың түсінің өзгеретінін.

Игереді: алақан арқылы күзгі жапырақтардың суретін сала білуді. Меңгереді: ұқыпты жұмыс істей білу дағдыларын.


Тексерілді: З.Утешева













































«Балапан» І кіші тобының ұйымдастырылған ашық

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні: 21.10. 2016 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастиырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: «Түрлі түсті жіптер»

Мақсаты: фломастерді немесе майлы қарындашты дұрыс пайдалана отырып ирек сызықтар сызуға үйрету. Қағазды дұрыс пайдалана білуге үйрету.Саусақтарының бұлшық еттерін дамыту;Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: 3 түсті фломастерлер, 3 түсті жіптер, әр балаға арналған жіптердің суреті салынған парақтар, дымқыл қол сүрткіштер.


Оқуіс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің

іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




-Балалар «жіптер әлемі» сендерге түрлі түсті әдемі жіптерді қонаққа жіберіпті.

-Қандай жұмсақ, түстері қандай әдемі.

-Жіптерді ұстап көріңдер. Нені сездіңдер?

Балалар өздерінің не сезінгендерін айтып беруге тырысады.

Педагог жетекші сұрақтар қойып отырады.

-Осы жіптерден үстеріңе киетін киімдерді, тұрмыстық заттарды тоқиды.

Киімдер және тұрмыстық заттарды суреттен көрсетеді.

Балалар жіптерге қызығушылықпен қарап, қолдарымен жіпті ұстап көреді.



Ұйымдастырушылық-

ізденістілік.


-Қолдарыңдағы жіпті тарқатып, қайтадан орауларыңа болады. Бұл іс- әрекет педагог көрсетеді.

-Біз бүгін сурет салатын құралдардың

бір түрі –фломастермен танысып, жұмыс жасаймыз.

Фломастердің түстері де әр түрлі болады.

-Қазір әдемі жіптердің суретін алдарыңда тұрған фломастерлердің немесе майлы қарындаштың

көмегімен парақтың сол жағынан бастап оңға қарай қисық сызықтар сызу арқылы саламыз.

Педагог балаларды үлгі суретпен таныстырады.

Балалармен бірге бірнеше рет ауада сызықтар сызып, жаттығу жасап көреді.

Сергіту сәті

Кәне, жіпті орайық,

Енді шешіп көрейік.





Балалар қолдарындағы

жіпті тарқатып, қайтадан орайды.

Фломастермен танысады

Үлгі суретке мұқият зер салады.



Қайта орап жіптерді,

Тағы шешіп көрейік. (Ф.Н)






Алдымен саусақтарымен ауада салғызып, сонан кейін үлгіге қарап жұмысты бастады. Жұмыс барысында балалардың өз алдына жеке әрекеті мен белсенділігіне қолдау көрсетіледі.

«Жіптер әлемінен» келген жіптер балаларға алғысын айтып қоштасады.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар

жасайды.


Саусақтарымен ауада сызықтар салады. Балалар фломастерлерді алып, педагогтің нұсқауымен қисық сызықтар сызады. Балалар жіптермен қоштасады.


Рефлексиялық-

түзетушілік


- Сызықты жоғарыдан төменге қарай салуға болады.

Балалар өздерінің жұмыстарын мұқият қарап шығады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: фломастерді пайдаланып сызықтарды дұрыс сыза білу дағдыларын.

Игереді: түстерді таңдай білуді, оларды ауыстырып қолдануды

Меңгереді: үлгі бойынша ирек сызықтарды сызу әдісін.




Тексерілді: З.Утешева




«Балапан» І кіші тобында ұйымдастырылған ашық

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні: 21.10. 2016 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: «Түрлі -түсті жіптер»

Мақсаты: балаларды түрлі- түсті фломастермен жіп орамының суретін салуға, фломастерді қатты қыспай, қағаздың ортасынан бір нүктені белгілеп .Сол жағынан жоғарыдан бастап қолды үзбей дөңгелетіп салуды үйрету. Балалардың қол қимылдарының қозғалысын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: әр түрлі жіп орамдары, әр балаға бір-бірден ақ қағаз,

Қостілділік компонент: әр түрлі жіптер- разноцветные нитки, фломастер-фломастер.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




-Балалар , Айсұлудың үйдегі мысығы ойнап жүріп әжесінің жіп шумақтарын тарқатып тастапты. Айсұлу сендерден сол жіп шумақтарын орауға көмек сұрай келіпті.

Педагог өткенде әдемі жіптердің суретін салғандарын балалардың естеріне салып өтеді. Себеттегі жіптерді балаларға таратып береді. Алдарында тұрған жіптерді орап,

Айсұлудың әжесіне көмектесулерін сұрайды.

Балалар ынта қойып тыңдайды.



Балалар естеріне түсіреді.

Ұйымдастырушылық -

ізденістік


«Жіп орамы» ойыны

Ойының шарты:

Балаларға себеттегі тарқатылған жіптерді беріп орату. Жіпті орап болған балалар жіптің түсін атап, себетке салады.

-Балалар, енді әже сендердің ақылды, екендеріңді білетін болды.

Сергіту сәті:

Бір дегенде орнымыздан тұрайық,

Қолымызға жіпті ұстап алайық.

Екі үш рет жібімізді орайық,

Қайта барып орнымызды табайық.

-Балалар, сендер Айсұлудың әжесіне жіптерді орап беріңдер.

Айсұлу сендердің суретті де жақсы салатындарынды біледі, енді жіп ораманың суретін салып берулерінді сұрайды. Ол үшін ауада бірнеше рет жаттығу жасап көрейік.

Қарындаштарын алып, бір нүктеден бастап қолды үзбей сызық сызуға жаттығады.


Балалар алдарындағы тұрған жіптерді орап себетке салады.

Суреттермен таныстыру.






Балалар өлең жолдарындағы сөздерге сәйкес қимылдар жасайды.

Балалар үлгі бойынша жіп орамдарын салады



Педагог балаларға қағаздың сол жағынан,

жоғарыдан бастап ортасынан бір нүктені белгілеп, қолды үзбей дөңгелетіп, жіп орамын салу керектігін көрсете отырып, үлгіге қарап бірнеше жіп орамдарын салып, балаларға да осылай салуды ұсынады.

Қиналған балаларға көмек көрсетіліп,бағыт-бағдар беріледі.

Айсұлу балалардың жұмысын мадақтап, әжесі мен өзінің атынан алғысын білдіріп, себеттегі жібін әжесіне алып баратынын айтып қоштасады.

Салған жұмыстарын

Айсұлуға көрсетеді.








Балалар Айсұлумен қоштасады.

Рефлексиялық -түзетушілік

Педагог балалардың жұмысынан көрме ұйымдастырып, бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіне кімнің қалай қатысқаның айтып қорытындылайды.
-Біз не білдік? Жіптер түрлі түсті болады.

Балалар өздерінің жұмыстарын тамашалайды.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: жіптің орау арқылы жиналатынын.

Игереді: жіптердің түстері әр түрлі болатындығын.

Меңгереді : жіп орамның суретін қағаз бетіне бір нүктеден бастап қолын үзбей салуды.


Тексерілді З.Утешева


























10 Технологиялық карта


«Құлыншақ» 2 кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»..

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Балықтар жүзеді

Мақсаты: балалардың бояумен жұмыс істеуге деген қызығушылығын және өз жұмысына деген қуаныш сезімін ояту.

Білімділік: езілген бояуды жүргізу арқылы қағаз бетін толық бояуға үйрету.

Дамытушылық: қылқаламмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа үйрету.

Қажетті көрнекі құралдар: Әр балаға түрлі түсті майлы қарындаштың көмегімен салынған балық бейнесі бар парақтар, көгілдер бояу, қылқалам, қол сүрткіштер, су.

Қостілділік компонент: Балық-рыба, су-вода, жүзеді-плавать.

Сөздік жұмыс: Аквариум.

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог балаларға қағаз бетіне салынған балықтың суретін көрсетеді.

-Мынау-аквариум, мұнда балықтар өмір сүреді.

Балаларға келесі жұмбақтың шешуін табуды ұсынады:

Қызыл түсті

Мөлдір сулы

Сары түсті,

Тасты, құмды.

Жасыл түсті балықтар,

Әйнек үйде қалықтар.

Ол не балалар?

Өлең сөзінің мағынасын түсіндіріп, педагог өзі шешуін айтады.

Балалар назарын суретке аударады.











-Ол аквариум.


Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Сендер балықты қайдан көрдіңдер?

-Балалар, бізде көптеген аквариумдар бар, сендер өздеріне ұнаған аквариуымды таңдап алып, оған судың суретін салыңдар. Ұнаған бояуларыңмен қағаз бетін түгелімен бояйсыңдар.

Педагог аквариумды бояудың жолдарын көрсетеді.

Қылқаламды темір бөлігінен ағаш бөлігіне дейінгі тұстан үш саусақтың арасына қатты майыстырмай ұстау керектігін түсіндіреді.

Қиналған балалардың қолдарынан ұстап бояуға көмектеседі.

Аквариумды бояу барасына балалардың балықтарға бояуды тигізбей, ұқыпты бояуы қадағаланады.

Майлы қарындашпен салынған балықтар сол қалпында қалады.

Сергіту сәті:

Өзенге біз барайық,

Балық аулап алайық.

Ұстап алған балықты,

Аквариумға салайық.(Ф.Н.)

-Балалар,сендердің аквариумдерың өте әдемі болып керемет жақсы шықты.

Кімге сыйлағыларың келеді?

Балалар ойланады.

Көрген балықтары жайлы әңгімелейді.








Суды бейнелейтін бояу түрлерін балалар өздері таңдайды.


Балалар қылқаламды үш саусақтың арасына қатты майыстырамай ұстап, аквариумдарын көлденеңінен жағып бояды. Жақсы көңіл күймен жасайды.



Өлең жолдарымен сәйкес қимылдар жасайды.




Балалар өздерінің достарына сыйлыққа береді.

Рефлексиялық түзетушілік

Педагог балалардың жұмыстарын талқылап аквариумағы балықтардың көңілдері көтерілгенін айтады.

Балалар өз жұмстарын тамашалайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балықтардың үй жағдайында аквариумда өмір сүретінін.

Қандай түсініктерді игереді: Қылқаламды дұрыс ұстауды, ұқыпты бояй білуді, ептілікті, икемділікті.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Түрлі түсті бояу арқылы суды көлденең бояп салуды.


Тексерген: Абатаева Ф.Ж.



















«Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні:10.11.2015 ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет .

Тақырыбы: «Бауырсақ қалай домалайды»

Мақсаты: Оңнан солға қарай түзу сызықтар сызуды жалғастыру.

Білімділік: Қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту.

Дамытушылық: Саусақтарының бұлшық еттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Әр түрлі майлы қарындаштар, әр балаға сары түске боялған қағаздар, қол сүрткіштер.

Қостілділік компонент: Қамыр нан-тесто, бауырсақ-колобок.

Сөздік жұмыс: Қамыр, домалақ, домалайды.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог балалардың есіне «Бауырсақ» ертегісін түсіндіреді.

-Атай мен әжей ұннан қамыр илеп, одан домалақ бауырсақ пісіріп, терезенің алдына қойған кезде ол домалып кетеді. Түзу жолмен домалап келе жатканда аюға, қасқырға қоянға жолығады, ең сонында түлкіге кездеседі. Түлкі оны аяп атай мен әжейге алып барады.

Ертегі кейіпкерлерін фланелеграфқа қою арқылы естеріне түсіреді.




Балалар ертегіні қызығушылықпен тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Бауырсақ үйіне келген соң, ойыншықтарға жете алмай адасып кетіпті. Біз бауырсақ одан әрі адасып жүрмеуі үшін оған әдемі түзу жол салып берейік.

Алдарында бауырсақтың бейнесі бейнеленген парақ қағаз бар.

Бауырсақтың бейнесінен бастап оңнан солға қарай екі түзу сызық сызасыңдар да өздеріне ұнаған түстерімен бояйсындар. Бұл бауырсақтың адаспай жүруіне көмектесетін жолдар болады. Егер сендер жолды қисайтып алсаңдар бауырсақ тағы да адасып кетуі мүмкін.

Сондықтан мұқият болуға тырысыңдар.

Педагог үлгі суретті көрсетеді.

Түзу сызық қолынан келмей отырғандарға көмектеседі.

Балаларға салған суреттері бойынша әңгімелейді.

-Міне осындай әдемі түзу жолмен бауырсақ ойыншықтарға аман-есен адаспай жететін болды.







Балалар педагогтің нұсқауымен екі сызық сызып, өздеріне ұнаған түстерімен бояйды.









Балалар өздерінің салған жолдары жайында әңгімелейді.


Рефлексиялық түзетушілік

Педагог балалардың салған суреттеріннен көрме ұйымдастырады.

Балалардың жұмыстарын бағалап қорытынды жасайды.

Балалар өз жұмыстарын тамашалайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қарындашты дұрыс ұстау дағдысын.

Қандай түсініктерді игереді: Жолдың, яғни сызған сызықтарынның түзу болып шығуын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Солдан оңға қарай екі түзу сызық сызу.





Тексерілді М.Еримбетова









































«Күншуақ» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні:20.11.2015 ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет .

Тақырыбы: «Әуе шарлары»

Мақсаты: Қарындашты үш саусағымен дұрыс ұстап отыруға үйрету.

Білімділік: Ирек сызықтар салу дағдысын бекіту.

Дамытушылық: Саусақ икемділіктерін,бейнелу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Түрлі түсті қарындаштар, үлестірмелі материалдар, қол сүрткіштер.

Қостілділік компонент: Шарлар-шари, аспан-небо.

Сөздік жұмыс: Әуе.


Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




-Балалар, мен сендерге асығып келе жатып жолда көңілсіз тұрған қоянды көрдім.

Педагог осыны айтып жатқанда қоян келіп кіреді.

Балалар қызығушылықпен тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Қоян, Саған не болды? Сен неге көңілсізсің?

-Өзімнің балабақшадағы достарыма

шарлар сыйлайын деп келе жатыр едім, қатты жел соғып, шаралардың жібі болмағандықтан жел ұшырып алып кетті. Сендер сол шарларды көрмедіңдерме?

Педагог балаларға қоянға көмектесу керектігі жайлы айтып, шардың түсі, пішіні қандай екені жайлы әңгімелеседі.

Педагог балардың алдарындағы шарлар салынған қағазға көңіл аударуларын өтініп, осы шарлардың өз түстеріне сәйкес жіптерін үлгі сурет

Бойынша ирек сызықтар арқылы қалай салуға болатынын түсіндіріп көрсетеді.

«Әуе шарларын ұшырамыз» қимылды ойыны.

Балалардан қандай түсті қарындашты пайдаланғандарын және шарларының қандай түсті екенін сұрау.

Балалар салған суреттерін қоянға көрсетеді.

Қоян балалардың салып берген суреттері өте әдемі екенін айтып, алғысын білдіріп қоштасады.

Балалар таңдана қарайды.



Балалар өздерін білетін шардың түстерін және пішіндері жайлы айтады.







Балалар педагогтің нұсқауы бойынша шардың аузын байлайтын әртүрлі жіптерді немесе ирек сызықтарды сызады.

Балалар өздерінің қандай қарындашпен жұмыс жасағандары жайлы әңгімелейді.

Салған суреттерін тамашалайды

Рефлексиялық түзетушілік

Балалардың сурет салу барысындағы іс-әрекетіне басшылық жасап, бағыт бағдар беріп, жасаған жұмыстарын мадақтайды.

Балалар өздерінің және бір-бірлерінің жұмыстарын қарап көреді.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Шардың жеңіл,салмақсыз болатындығын.

Қандай түсініктерді игереді: Қарындашты дұрыс ұстап жұмыс жасауды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қарындашпен ирек сызықтар сызу дағдысын.




Тексерілді М.Еримбетова





































«Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні:24.11.2015 ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: «Жапалақтап қар жауды»

Мақсаты: Саусақ арқылы қардың бейнесін салуды үйрету.

Білімділік: Қылқаламды дұрыстай білуге үйрету.

Дамытушылық: Саусақтарының бұлшық еттерін дамыту.

Тәрбиелік: Бояумен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Әр балаға бір-бірден көгілдір түспен боялған парақтар, ақ гуашь, су, қол сүрткіштер.

Қостілділік компонент: Қар-снег.

Сөздік жұмыс: Жапалақтап, ғажайып, ақ ұлпа, шағылысады.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




-Балалар, қараңдаршы, бір ғажайыптың күшімен біз қысқы орманда саяхатта жүргендейміз.

Орман қандай әдемі күйге енген, ағаштардың бәрін қар басып, жердегі ақ ұлпа қар күн сәулесіне шағылысады.

-Мұнда қар жауып тұрған сияқты ғой. Қыста көптеген аңдар қысқы ұйқыға кетеді.Олар қардың жауғаның көрмейді. Біз оларға қыстан естелік ретінде қардың қалай жауатының көрсетіп, сурет салып берейік.

Бүгін ақ гуашьты пайдаланып, саусақ арқылы жауып тұрған қардың суретін саламыз.

Педагог сурет салу жолдарын көрсетеді.. Педагог жапалақтап жауған қар үлкен болатынын және оның көп жауып жатқанын бейнелеуді талап етеді.

Тақтадағы қыс табиғатын бейнелейтін суреттерге, алдарыңдағы қолдан жасалған қарларға көңіл аударады.









Балалар сұқ саусақтарын ақ бояуға батырып, онымен қағаздың бетіне дақ түсіреді

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Педагог балаларға алдарыңдағы көк парақтың бетін толығымен пайдалану керектігін және жұмыс соңынан балалар қолдарын жуып тазалауы керектігін ескереді.

Педагог осы салған суреттерің қысқы ұйқыға кететін жануарларға сыйлайтынын айтып, жұмыстарын жинап алады да, ойын ұйымдастырады.

«Кім алысқа лақтырады?» ойыны.

Шарты: Мақтадан жасалған қарларды лақтырып қағып алып ойнайды.

Педагог кімнің алысқа лақтырғанын бақылап тұрып, ойын қорытындысын шығарады.

Балалар педагогтің көрсетуімен сұқ саусақтарын ақ гуашьқа салып, көк парақтың бетіне жауып тұрған қарды бейнелейді.

Балалар салған суреттерін педагогке жинап береді. Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Салған суреттерге көрме ұйымдастырады. Жақсы шыққан сурет иелерін мадақтайды.

Өздерінің жұмыстарын зер сала қарайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қыс мезгілінде қардың жапалақтап жуатынын,қардың пайдасын.

Қандай түсініктерді игереді: Қыста қар жауып,адамдар тіршілігіне өзіндік өзгерістер әкелетінін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қарды саусақ ұшымен,кеңістікті бағдарлай отырып бейнелеуді.


Тексерілді М.Еримбетова





























14 Технологиялық карта


«Құлыншақ» 2 кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Ақ ұлпа қарлар.

Мақсаты: Бояуды сүйкей жағу тәсілі арқылы жіңішке сызықтар түсіруін үйрету.

Білімділік: Жауып тұрған ұлпа қардың бейнесін салуға үйрету.

Дамытушылық: Сурет салу іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелу.

Қажетті көрнекі құралдар: Ақ түсті гуашь, жіңішке қылқаламдар, әр балаға көк түспен боялған қағаздар, қол сүрткіштер, су.

Қостілділік компонент: Ұлпа-мягкий, үлпілдек қар-пушистый снег.

Сөздік жұмыс: Ұлпа, үлпілдек.

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




-Балалар, бүгін далада қар жауып тұрғанын байқадыңдарма?

-Сендердің ойыншықтарың да қардың жауып тұрғанын көргілері келеді, не істесек екен? Ендеше, балалар, біз ойыншықтарға жауып тұрған ақ үлпілдек қардың суретін қылқаламның көмегімен салып берейік.

Балалар қардың жауып тұрғаны жайлы, өздерінің көргендерін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Терезеден жан-жақтарына, үйлердің төбесіне ағаштарға, жолдарға қарасаңдар барлығы ақ ұлпа қар жамылған.

-Қардың түсі қандай?

-Қарды тағы қандай деп айтуға болады?

Балалардың алдында бұлттың суреті салынған парақ қағаздардың тұрғанын ескере отырып ақ ұлпа қарларды қалай салуға болатынын педагог көрсете отырып түсіндіреді.

-Жіңішке қылқаламды ақ бояуға батырып, қысқа түзу сызық сызамыз, оның үстінен тағы көлденең қысқа сызықтар сызу арқылы суретті толықтырып, ақ ұлпа қар қиыршықтары екенін біліп алыңдар. Педагог өзі тағы қайталып көрсетеді. Балалардың қағаздың бетін толық пайдалануларын қадағалайды. Жұмыс соңынан қылқаламдарын тазалауды ұсынады.

Сергіту сәті:

Аппақ, аппақ дала,

Аппақ ауыл, қала.

Жапалақтап ақша қар,

Жауа берсін, жауа.

Педагог көлденең және түзу сызықтар салуға қиналған балаларға көмектесіп ,бағыт-бағдар береді. Жұмыстарын аяқтаған соң, көрме ұйымдастырады.

Терезеден далаға көз тастап қарайды.



-Аппақ.

-Мамықтай ұлпа, жұмсақ.


Балалар педагогтің көмегімен түзу, көлденең, қиғаш бірнеше сызықтар жүргізу арқылы қарың бейнесін салады.














Өлең сөздерімен сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Педагог балаларға «Кішкентай суретшілер» деген ат беріп, жасаған жұмыстарының сәтті шыққанын, ойыншықтардың қуанғанын хабарлап, олардың атынан алғыс айтады.

Балалар салған суреттеріне мұқият қарайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қардың аппақ, мамықтай ұлпа екенін, жапалақтап жауатынын.

Қандай түсініктерді игереді: Қыс мезгілінде қардың түрлі қалыпта жауатынын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қысқа түзу, көлденең қиғаш сызықтарды сызу арқылы қардың бейнесін салуды.



Тексерген: Абатаева Ф.Ж.





















«Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні:15.12.2015 ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: «Шырша шамдарын жағамыз»

Мақсаты: Жаңа жыл мейрамына байланысты кешті еске түсіре отырып, берілген суретті жалғастырып саусақтарымен жұмыс жасауға үйрету.

Білімділік: Таяқшаға оралған мақтамен сурет салуға үйрету.

Дамытушылық: Саусақтарының икемділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: Әсемдікті сезіне білуге, сурет салуға деген қызығушылық сезіміне тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Түрлі түсті бояулар, әр балаға арналған таяқшаға оралған мақта, үлестірмелі материалдағы фон, қол сүрткіштер, су.

Қостілділік компонент: Шырша- елка, әр түрлі шамдар-разноцветные фанари.

Сөздік жұмыс: Жарқыраған, поролон.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




-Балалар, сендерге Жаңа жыл мейрамындағы шырша ұндыма? Ал сол мейрамдағы ойыншықтар ұнады ма?

Міне, сол сендерге ұнаған ойыншықтар ойын бұрышында Жаңа жыл мерекесін өткіземіз деп шешіпті.

Аққала орманда жүріп, Жаңа жыл мерекесіне кешігіп қалыпты.

Жарқыраған шамдары мен ойыншықтары бар шыршаны тамашалай алмай қалыпты. Сол әдемі шыршаны көргісі келеді, сондықтан сендерден мына жасыл шыршаны әдемі ойыншықтармен безендіріп беруді сұрайды.

Көмектесеміз ба балалар?

Балалар жаңа жыл мейрамында не көргендері, не ұнағандары жайлы әңгімелеп береді.











-Көмектесеміз.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Сендер Жаңа жылдық қандай ойыншықтарды жақсы көресіңдер?

Аққала да өзінің шыршасын әдемі ойыншықтармен безендіргісі келеді. Алдарыңдағы қағаз да әдемі Жаңа жыл шыршасы бейнеленген. Саусақты, таяқшаға оралған мақтаны (бастырма, поролон) әртүрлі бояуларға батырып алып, осы шыршаға арналған ойыншықтарды бейнелейміз. Әркім өзіне ұнаған түстерін пайдалануына болады. Оқу іс-әрекеті барысында қиналған балаларға бағыт-бағдар беріп отыру, балалардан қандай ойыншық салып отырғанын сұрау қажет.

Жұмыс соңында суреттерін жинап алып, Аққалаға беріп жібереді.

Балалар суреттерін салып болған соң мынадай өлең жолдарымен аяқтайды:

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Балалар өздері жақсы көретін ойыншықтары жайлы айтады. Педагогтің көрсетеуі бойынша саусақ, поролон, әр түрлі бастырма арқылы ойыншықтар бейнесін шыршаға салады.



Салған ойыншықтары жайлы әңгімелейді.








Балалар өлең жолдарын естеріне түсіріп бірге айтады.

Рефлексиялық түзетушілік

Педагог Аққаланың балалар салған суреттерге қатты қуанып, өзін Жаңа жыл кешінде жүргендей сезінетінін айтты.

Балалар жұмыстарының сәтті шыққанына қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қыс мезгілінде Жаңа жыл мейрамының болатынын.

Қандай түсініктерді игереді: Ойыншықтармен шыршаны безендіруге болатындығын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Саусақ және таяқшаға оралған мақтаны пайдаланып ойыншықтарды салуды.



Тексерілді М.Еримбетова































16 Технологиялық карта



«Құлыншақ» 2 кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық».Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Қардағы іздер.

Мақсаты: Қағазға қылқаламен дақ түсіре білуді үйрету.

Білімділік: Бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра үйрету.

Дамытушылық: Жануарлардың қимыл- қозғалысын және іздерін қарға түсіруін үйрету.

Тәрбиелік: Табиғаттың әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Ақ қағаз, қоңыр, көк түсті бояу (гуашь), қылқалам, ойыншық аңдар.

Қостілділік компонент: Іздер-следы.

Сөздік жұмыс: Іздер, дақ түсіру.

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог серуен кезінде қардағы адамдардың, ит- құстардың іздерін көріп бақылағандарын және өздері де қарға із түсіріп көргендерін еске түсіреді. Аюдың қорбаңдап жүретінін, қояның секіріп жүретінін, құстардың жем шоқып жегенін әңгімелейді.

Балалар алдын ала бақылау кезінде көргендерін естеріне түсіреді. Әңгімелеп береді.



Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Міне, сендердің алдыларында ақ қағаз, сендер оны “қар жамылған дала” деп елестетесіңдер.

Ақ қарға ешқандай із түспеген, әлі ешкім де, еш нәрсе де жүрмеген. Осы ақ қардың үстіне бояумен із түсіріп көрейік

Енді мына қоянға көмектесейік, ол қарда қалай жүреді екен?

Мына ойыншықтарды қағаз беттеріне жүргізіп көріндерші. Балалардың жұмыс барысында ұқыпты жұмыс істеулері қадағаланады.

-Енді орнымызға отырып қояның ізін саламыз. Педагог кез- келген бояуға батырып, оның ұшын ғана қағазға тигізу арқылы қояның қалай салуға болатын, қағаз беттіне дақ түсірудің жолдарына көрсетеді.

Қоян секіріп кіріп жүретіндіктен, арасын алшақ неменсе жақында орналастыруға болады.

“Іздер” ”дақ түсіру” сөздеріне түсініктеме беру үшін сөздік жұмыс жүргізіледі.

түсініктеме беру үшін сөздік жұмыс жүргізіледі.

- Балалар, енді музыка әуенімен аңдардың қимыл- қозғалысын қайталап көрейікші.

Балалар қылқаламды бояуға батырып,қағазға дақ қалдырады, яғни із түсіреді.


Балалар педагогтың сұрағына аюдың немесе адамның деп өз белгілері бойынша жауап қайтарады. Ойыншық аңдарды қағаз бетіне жүргізеді. Қайтадан орындарына отырған соң, қылқалам ұшы қатты баспай кішкене дақи түсіре қояның ізін салады.




Балалар жұмыстарын аяақтап, орындарынан тұрып, музыка әуенімен аңдардың қимыл қозғалысын қайталап көрсетеді

Рефлексиялық түзетушілік

Кейбір балаларға жеке нұсқаулар берілмейді. Башылық жасалып, жақсы жұмыстар мадақталып, іс- әрекет барысы қортындылады.

«Қояным»ойынын ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қыста қарда оның үстімен жүріп откен адамардың, аңдардың іздері қалтынын.

Қандай түсініктерді игереді: Аңдарның туралы қарапайым түсініктері.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қағазға қылқаламен дақ түсір бүлуді, бояумен ұқыпты жұмыс үстеп дағдыларын.



Тексерген: Абатаева Ф.Ж.



























«Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні:29.12.2015 ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: «Мұз сүңгілері»

Мақсаты: Үзік сызықты сыздырта отырып, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

Білімділік: Қағаз бетіне сызықтарды салуға үйрету.

Дамытушылық: Баланың қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғаттың ерекшелігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Әр балаға сүңгінің суреті салынған парақтар, қылқаламдар, көк бояу, су, қол сүрткіштер.

Қостілділік компонент: Мұз-лед.


Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог балаларды ертеңгілік шаттық шеңберге тұрғызады. Балалар дөңгеленіп тұрғанда неге ұқсайтындарын және күннің қандай пайдасы бар екенін сұрай отырып, бір- біріне жылы тілектер айтқызады. Педагог қыстың ашық күндері күн сәулесімен үйлердің төбелеріндегі қар еріп, содан кешке қарай күн қайта суытқанда мұз сүңгілері пайда болатынын, балаларға терезеден қарап көруге болатынын айтады. Балаларға бәрі бірге Мұздар әлеміне саяхатқа барып, су тамшылары суретін қылқаламның көмегімен салатынын түсіндіреді.


Балалар

бір- бірімен сәлемдеседі.









Терезеден мұз сүңгілеріне қарап бақылайды.

Балалар мұқият тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Осы кезде есік қағылып, топқа Қылқалам кіреді. Ол балалармен амандасып, олармен бірге Мұздар әлеміне саяхатқа барғысы келетінін айтады.

Балалардан көздерін жұмуды сұрайды, сол кезде тақтаға мұз сүңгісі салынған сурет ілінеді.

Музыка әуені ойнап тұрады.

Көздерін ашуын өтінеді. Көздеріне не елестегені жайлы сұрайды. Педагог балалардың жауаптарын өзі де толықтырады.

Сергіту сәті

“Сәлемдесе білейік.”

Күн шуағы жарқырап,

Бізге жылу төгеді.

Жылынамыз бой жазып,

Күлімдесіп төс қағып.

Бір- бірімізге иіліп,

Сәлемдесіп қол созып.

“Қылқалам” өзінің көмегімен мұз сүңгілерінен күн жылынғанда су тамшыларының қалай пайда болатынын түсіндіреді, балалардың сол тамшылар суретін салуларын өтінеді. Педагог әр балаға бір- бірінен мұз сүңгілері салынған парақтарды таратып береді де, қылқаламды көк бояуға батырып, артығын ыдыстың шетіне жағып сүртіп, жоғарыдан төмен қарай сүйкей жағу тәсілі арқылы тамшылар салу керектігін түсіндіреді. Қағаз бетіне толық пайдалануға бағыт береді. Салып болғаннан кейін қылқаламды жуып тазалайды да кептіруге ашық қалпында қалдырады.

Қандай түс? ”Дидактикалық ойыны.

Шарты: Педагог түрлі түсті ойыншықтарды көрсете отырып, олардың түстерін сұрайды.

Қылқаламмен амандасады






Балалар көздерін жұмады.





Көздерін ашады. Балалар сүңгілер туралы не білетіндерін айтады.



Өлең жолдарын сәйкес қимылдар жасайды.













Қылқаламның көмегімен жоғарыдан төмен қарай үзік сызықтар түсіреді.








Ойынды балалар ойыншықтардың түстерін табу арқылы ойнайды.

Рефлексиялық түзетушілік

“Қылқалам” жас суретшілерді мадақтайды. Балалар салған суреттерден көрме ұйымдастырылды.

Көңіл күйлері көтерілді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Мұз сүңгілері күн жылынғанда мұз еруі салдарынан пайда болатынын.

Қандай түсініктерді игереді: Мұз сүңгілерінің қыс, көктем мезгілдерінде пайда болатынын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Су тамшыларын жоғарыдан төмен қарай қағаз бетін толық пайдалана отырып.


Тексерілді М.Еримбетова


















18 Технологиялық карта


«Құлыншақ» 2 кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі:Сурет салу.

Тақырыбы: Мұржадан түтін будақтайды.

Мақсаты: Қыс мезгілі ерекшелігін түсіндіру.

Білімділік: Қарындашпен үзбей ирек сызықтар салу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Саусақтарының қимыл- қозғалыстарын және икемділігін дамыту.

Тәрбиелік: Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті көрнекі құралдар: Әр балаға бір-бірден үйдің суреті салынған парақтар, түрлі түсті қарындаштар, қол сүрткіш

Қостілділік компонент: Дым- түтін, мұржа- труба.

Сөздік жұмыс: Түтін, мұржа.

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




-Балалар, қыс мезгілінде ауылға барғандарың бар ма? Ауылда не байқадыңдар?

-Сендер қандай үйде тұрдыңдар? Ал ауылдағылар ше?

Педагог ауылда және жер үйде тұратын адамдар қыс мезгілінде пеш жағып,үйді жылытатыны туралы әңгімелейді.

-Қаладағы үлкен өндіріс орындары трубаларынан түтін шығып жатқанын көргендерің бар ма?

Мұндай сұрақтарға жауап беру үшін алдын ала бақылау жұмыстарын жасатады.

Балалар ауылға барғанда не байқағандары жайлы және өздері тұратын үйлері жайлы әңгімелейді. Педагогтің әңгімесін қызығушылықпен тыңдайды.


Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Балалар, сендердің ойыншықтарың қыс мезгілінде далаға көп шықпайды.

Сондықтан да мұржадан түтіннің қалай шығатынын білмейді. Осы көріністің қандай болатынын білу үшін сендерден мұржадан шығып тұрған түтіннің суретін салып беруді өтінеді.

Педагог балаларға түтінді салу жолдарын көрсетеді де, алдарында тұрған парақтағы суреттегі үйдің мұржасынан шыққан түтінді қарындашпен ирек сызықтар сызу арқыды салуды сұрайды.

-Ол үшін қарындаштарыңды оң қолдарыңа алыңдар. Бір түзу сызықтарды сызуды үйрендік, енді ирек сызықтар салуды үйренеміз.

Ирек сызықты ауада өзі сызып алып

көрсетеді, балалар педагогке ілесіп бірнеше рет қайталап көреді.

-Суреттегі үй төбеден мұржадан түтін шығып түрған жоқ. Себебі ол үйде от жанып жатқан жоқ, ал үйдегі пеште от жанғанда түтін будақтап шығады. Қазір түтіннің мұржадан қалай шығатынын көрейік.Өзі қағаздағы суретке ирек сызықтарды қалай жүргізуге болатынын көрсетеді.Балалар алдарындағы суреттегі үйдің мұржасынан шыққан түтінді салады. Ұзын, қысқа бірнеше ирек сызықтар салуға болады.балаларға бағыт бағдар беріледі.

Педагог балаларға “түтін”,“мұржа” сөздерін бірнеше рет қайталатып айтқызады.

Кімге не керек?” дидактикалық ойыны

Шарты: Қар күреу үшін не керек?

Сырғанақ тебу үшін не керек? т.б.

Балалар өздеріне таратылып берілген суреттерді көрсету арқылы сұрақтарға жауап береді.













Балалар ауада ирек сызықтар салып жаттығады.










Өздеріне ұнаған түсті таңдап, мұржадан шығып тұрған түтіннің суретін салады.


“түтін”, “мұржа” сөздерін қайталайды.

-күрек.


-шана.

Рефлексиялық түзетушілік

Педагог ойыншықтардың атынан балаларға ризашылығын білдіреді, барлығының да суреті жақсы салғандарын айтады.

Өз жұмыстарына бағалай қарайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қыс мезгілінде үй жылы болуы үшін от жағатынын, мұржадан түтін будақтап шығатынын. Қандай түсініктерді игереді: Мұжадан шыққан түтінді бейнелеу арқылы қолдың қимыл- қозғалыс үйлесімділігін және кеңістікте бағдарлай білуді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Қарындашпен іс-әрекет жасау арқылы ирек сызықтар сызуды.



Тексерген: Абатаева Ф.Ж.




«Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні:19.01.2016ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: «Мұз айдынындағы іздер»

Мақсаты: Б ерілген фонның үстінен конькиізін ирек сызықтар сызу арқылы көрсетуге үйрету.

Білімділік: Қылқаламды дұрыс ұстай отырып . қағазға ирек сызықтар салуға үйрету.

Дамытушылық: Ирек сызықтар сызу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Табиғаттың әсемдігін түсіне білуге тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Әр балаға арналған көкшіл мұз айдыны бейнеленген үлестірмелі материал, жіңішке қылқалам, көк бояу, қол сүрткіштер, су.

Қостілділік компонент: Мұз айдынындағы іздер- следы на льда

Сөздік жұмыс: мұз айдыны.


Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог балаларға мұз айдыны бейнеленген суретті көрсетіп, мұз айдыны не үшін керек екендігі туралы әңгімелейді.

-Сендер ата-аналарыңмен бірге мұз айдынына барып, конькимен сырғанағанда мұзда қандай із қалғанын көрдіңдер ме? Мұз айдынында конькимен сырғанағанда, әр түрлі өрнектер, яғни іздер қалатынын айтады.

Балалар суретке қызығушылықпен қарап,педагогтің әңгімесін тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Сендердің ойыншықтарың мұз айдынына бара алмайды. Бірақ олар сендердің мұз айдынында коньки тепкендеріңді көргісі келеді.Ендеше біз ойыншықтарға өзіміздің тепкен конькиіміздің іздерін салып берейік.Сендердің алдарында көкшіл қағаз,оны “мұз айдыны” деп ойлайық. Осы мұз айдыны, яғни алдарында тұрған көк қағаздың үстіне ақ бояуды пайдаланып жіңішке қылқаламмен конькидің іздерін түсіріп көрейік.

Көк қағазға әлі іздер түспеген. Педагог көк қағазға қылқаламның көмегімен іздерді түсіріп көрсетеді. Педагог балаларға алдын-ала түзу сызықтар сызу немесе тұйық сызықтар салу керектігін ескертеді. Балалардың жіңішке қылқаламды дұрыс пайдалануын қадағалайды.осындай іздерді салған кезде қылқаламды баспай, ұшымен сүйкей жағу керек екенін естеріне түсіреді.

Ұқыпты жұмыс істеулері қадағалады.

Жұмыс соңынан балалардан конькимен сырғанаған кезде жасайтын қимылдарын жасауды сұрайды.



Балалар қылқаламды ақ бояуға батырып, көк қағаздың үстіне іздер түседі.














Балалар жұмыс соңынан коньки тепкен адамның қимылын келтіреді.

Рефлексиялық түзетушілік

Балаларға жеке бағыт- бағдар беріледі. Балалар суретті жақсы салғаны үшін ойыншықтардың атынан алғысын білдіреді.

Өздерінің жұмыстарына мұқият қарайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Мұз айдынында коньки тепкенде мұз бетінде із қалатынын.

Қандай түсініктерді игереді: Қылқаламмен бояуды сүйкей жағуды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қағазға қылқаламмен іздерді үзбей салуды.



Тексерілді М.Еримбетова






































20 Технологиялық карта


«Құлыншақ» 2 кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Маймақ маң- маң басады.

Мақсаты: Аюдың ізін қылқаламмен жұмыс жасауға үйрету.

Білімділік: Қарындашпен үлкен және кіші дақ түсіру арқылы сурет салуға үйрету.

Дамытушылық: Жұмыс барысында балалардың өз алдына жеке дербес әрекет етуі мен белсенділігін дамыту;

Тәрбиелік: Қыс мезгілінде аңдарға, жан-жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Әр балаға бір-бірден аюдың суреті салынған парақтар, қарындаштар, ойыншық аю.

Қостілділік компонент: Маймақ – косалапый.

Сөздік жұмыс: маймақ, маң-маң

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог балаларға серуен кезінде көптеген іздерді көріп,бақылағандары туралы айтқызады және аюдың қорбаңдап, қоянның секіріп жүретіні жайлы естеріне түсіреді.Аюдың басқан ізін қарлы боран соғып, басып тастағандықтан, өз үйін таба алмай жүргенін айтады.

-Міне, сол аю сендерден көмек сұрай келіпті.

Қонаққа келген аюды кіргізеді.

Балалар педагогке қызығушылықпен қарап, әңгімесін тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Педагог жұмбақ жасырады:

Өзіне болған қорған орман,

Ішінде бар бір аң қорбаң- қорбаң.

Ол не екен балалар? Балалар жауап беруге қиналса, педагог көмектеседі.

Педагог балалардың аюдың түсін, дене бөліктерің атап берулерін сұрайды.

Аю қалай жүреді деп сұрап,аюдың қорбаңдап, маң- маң басып жүретінін түсіндіре және өзі сол қимылды көрсетіп, балаларға аюдың жүрісін қайталауды ұсынады. Олар музыка әуенімен қорбаңдаған аюдың жүрісін салып көрсетеді.

-Осы аюдың жүрген ізін қалай саламыз, кәне, маған тақтаға қараңдар.Қағазға қылқаламмен қалай үлкен дақ түсіруге болатынын көрсетеді.

-Домалақ, бұл аюдың табаны, енді майлы қарындашпен оның тырнағының іздерін саламыз. Екі-үш дақ түсіріп көрсетеді. Іздердің ретімен кезек-кезек салынатынын түсіндіреді.

Балалар сурет салуға кіріседі. Жұмыс барысында балалардың ұқыпты жұмыс істеуін қадағалайды.

-Сендердің салған суреттердің арқылы аю өз үйін тез тауып алады, қатты қуанды. Педагог аюдың алғысын жіткізеді.



(Аю)


Балалар жауабын табу керек.


Аюдың дене бөліктерін, түсін айтады.



Балалар маң-маң басқан аюдың жүрісін қайталайды.




Балалар қарындашпен іздердің суретін салады.

Рефлексиялық түзетушілік

Әр сурет талданып, әр балаға жеке бағыт-бағдар беріледі.Педагог сурет салынып болған соң ойыншық аюды осы іздермен жіргізіп көруді ұсынады.

Өздерінің жұмыстарына баға бере қарайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Аюдың қимыл- қозғалысын, іздердің әр түрлі болатындығын.

Қандай түсініктерді игереді: Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейтеді. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Қылқалам мен қарындашты кезектестіріп пайдалану арқылы із түсіре білуді .



Тексерген: Абатаева Ф.Ж.






















«Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні:02.02.2016ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: «Машинаның дөңгелектері»

Мақсаты: Машинаның дөңгелегін тығын арқылы салуға үйрету.

Білімділік: Балалардың машина туралы білімдерін нығайту.

Дамытушылық: Жұмыс барысында балалардың өз алдына жеке әрекет көрсетуі мен белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Ойыншықтарды күтіп ұстауға, мұқият ойнауға тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Әр балаға арналған үлестірмелі материал, қара бояу, тығындар, қол сүрткіштер, су.

Қостілділік компонент: Дөңгелектер- колесо.

Сөздік жұмыс: Тығын, дөңгелектер.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог топтағы ойыншықтардың машиналарының дөңгелегі жарылып, орманға саяхатқа баралмай дауласып отырғандарын естігенін балаларға жеткізеді.Балалар, ойыншықтарға көмектесеміз бе?

Балалар көмектесетіндері жайлы айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Педагог балаларға өздерінің ойыншық машиналары жайлы көрнекі сурет көрсете отырып әңгімелетеді.

-Машинаның түсіне қарай? Неше дөңгелегің бар? Пішіні неге ұқсайды?

Суреттегі қандай машина?

Бірнеше машиналардың суреттерін көрсетіп сұрайды.

-Кімге қандай машина ұнайды?

Педагог ойыншықтарға көмектесу үшін алдарындағы парақтағы дөңгелегі салынбаған машинаның дөңгелегін тығын арқылы салу керек екендігін түсіндіреді.

-Ол үшін алдыментығынды қолдарыңа алыңдар,оны алдарыңа тұрған қара бояуға ұқыпты батырып, бірінші алдыңғы дөңгелегін,содан кейін артқы дөңгелегін бастырып бояңдар.

Балалардың іс-әрекеттері ретін түсіндіре отырып, өзі үлгі ретінде қозғалыс - қимылдарды жасап көрсетеді.

-Бұл жүк машинасы болғандықтан, дөңгелегін тегіс етіп бояуымыз керек.

Машина дөңгелегінің дұрыс боялуына бағыт береді. Жұмыс барысында балаларға ұқыпты жұмыс жасауын қадағалайды.

“тығын”, “дөңгелек” сөзімен сөздік жұмысын жүргізеді.

Педагог ойыншықтардың разы болғаны, енді олардың орманға саяхатқа шыға алатыны жайлы хабарлайды.

Балалар серуенге шыққанда өздеріне ұнайтын машинамен ойнайтынын айтады.

Балалар өздерінің машиналары туралы әңгімелеп айтып береді.


-ақ, көкшіл т.б Төрт дөңгелегің бар.



-Жүк машинасы ұнайды




Қолдарына тығыны алып,педагогке ілесіп дөңгелектерді салады.








“Тығын”,

“дөңгелек” сөздерін бірнеше рет қайталайды.



Рефлексиялық түзетушілік

Педагог ойыншықтардың атынан ризашылық білдіреді және бәрінің де жақсы жұмыс істегендерін айтып мадақтайды.

Өздерінің жұмысына баға бере қарайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Машинаның түрлері, бөліктері жайлы мәліметті және барлық машинаның дөңгелекпен жүретіндігін.

Қандай түсініктерді игереді: Ойыншықтармен ойнағанда ұқыпты болу керектігін. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Тығын арқылы дөңгелекті бояуға болатынын.


Тексерілді М.Еримбетова




























22 Технологиялық карта


«Құлыншақ» 2 кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Түрлі түсті моншақтар.

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

Білімділік: Саусақ немесе бастырма арқылы моншақтың суретін салуға үйрету.

Дамытушылық: Бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Әсемдікті, әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Қуыршақ Айсұлу, түрлі түсті моншақтар, әр балаға сары түспен боялған қағаздар, қызыл сары, қол сүрткіштер, су.

Қостілділік компонент: Моншақтар- бусинки.

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог балаларға түрлі түсті

моншақтарды көрсетіп, олардың не үшін пайдалатыны туралы айтып,

осындай әшекейді үйлерінде кім тағады деп әңгімелесіп отырғанда қуыршақ Айсұлу ренжіп келеді.

-Айсұлу моншақтарын бізге келе жатқанда үзіп алып, сендер сол әдемі моншақтарын тізіп беруге көмектесе ме екен деп үміттеніп келіпті.


Балалар мұқият отырып тыңдайды.




Балалар көмектесетіні жайлы айтады.



Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Онда біз Айсұлуға әдемі моншақтың суретін салып берейік. Ол үшін алдарындағы қағазға салынған моншақтың жібіне саусақтарыңды қызыл бояға малып, қызыл түсті моншақты батырып саласыңдар сонан кейін ол саусақты сулы шүберекпен сүртіп, сары бояуға батырып, қызыл моншақтың жанынан сары түсті моншақты бастырып саласыңдар. Педагогтің өзі салып көрсетеді. Сурет салу барысында жіптің ұшына екі қызыл моншақ салынатынын әрі қарай екі сары моншақ, екі жасыл және екі көк,т.б. түспен салуға болатынын түсіндіріп, қолдарын сүртпей тұрып бір түсті моншақтарды бірден-екіден үштен бастырып салуға бағыт береді.

Сергіту сәті:

Моншақтарды алайық,

Мойнымызға тағайық.

Дөңгелене би билеп,

Көңілденіп алайық.(Ф.н.)

Педагог сурет салу жолдарын көрсете отырып жұмысты аяқтайды.

Балалардың өз бетінше жұмыс жасағандарына мұқият қарап бақылайды.Балаларға моншақ тізбегін Айсұлуға сыйлауды ұсынады.

Айсұлу қуанышты екенін білдіреді.Жұмыс барысында ұқыпты жұмыс жасаулары қадағаланады.


Балалар түстерді қайталайды.

Қызыл.


Сары.


Жасыл.

Көк.














Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Балалар педагогтің көрсетуімен моншақтар тізбегін салады.Әр түспен екі моншақ салып болған сон ғана саусақтарын сүртіп отырады.

Балалар моншақ тізбектерін Айсұлуға сыйлады.


Рефлексиялық түзетушілік

Педагог Айсұлудың атынан балаларға ризашылығын білдіреді,бәрініңде жақсы жұмыс істерін айтып мадақтайды.

Өздерінің жұмыстарына баға бере қарайды.


Күтілетін нәтиже:


Нені біледі: Моншақтардың әшекей зат екенін.

Қандай түсініктерді игереді: Моншақтар туралы қарапайым түсініктерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Саусақ арқылы түстерді ауыстыра отырып дөңгелек салуды.


Тексерген: Абатаева Ф.Ж.





















«Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні:16.02.2016 ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: «Үйдің терезесіндегі жарықтар»

Мақсаты: Жарық туралы түсініктерін нығайту. Қабілеттерін арттыру.

Білімділік: Қылқаламмен үзік сызықтарды кеңістікте дұрыс орналастыра сызуды үйрету.

Дамытушылық: Бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Сурет салуға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Әр балаға бір-бірден сары түспен боялған қағаздар, ақ бояу, қылқалам, қол сүрткіштер, су.

Қостілділік компонент: Жарық- светло, терезе-окна.



Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог балалардан бір-біріне деген жылы сезімдерін айтуды сұрайды.

Кеш мезгілі болғанда қараңғылық түсетінін сол кезде үйлерде,дүкендерде және т.б. мекемелерде жарық жағылатынын айта отырып,күннің сол мезгілінде терезеден не байқағандары жайлы әңгімелеседі.

Балалар бір-біріне жылы тілектерін айтады. Балалар не байқағандары жайлы өз сөздерімен айтып береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Біз бүгін терезеден түскен жарықтың суретін саламыз.

Педагог жарықты салу жолдарын өзі көрсете отырып түсіндіреді.

-Сендердің алдарында терезінің жарық жанып тұрған суреті бар,сол терезеден жарық сәулелерінің шашырап тұрғанын қылқаламды сары бояға батырып қатты бастырмай сүйкей жағу арқылы үзік сызықтар арқылы саласыңдар.

Сергіту сәті:

Қылқаламды қояайық,

Орнымыздан тұрайық.

Қолымызды созайық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иліп,

Біз тынығып алайық(Ф.Н.)

Педагог балаларға бағыт бағдар беріп отырады.

Осындай жарық сәулелерін салған кезде қылқаламды қатты баспай,ұшымен сүйкей жағу арқылы үзік сызықтар түріндегі шамның жарығын жан-жаққа шашырата салу керектігін естеріне түсіреді.


Балалар педагогтің көрсетуімен жарық сәулелерін салады.





Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.





Балалардың өз бетінше жұмыстары.сүйкей жағу арқылы үзік сызықтар салады.

Рефлексиялық -түзетушілік

Педагог балаларға ризашылығын білдіреді бәрінің де жақсы жұмыс істегендерін айтып мадақтайды.

Өздерінің жұмыстарына баға береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Кеш болғанда барлық үйде жарықтын жанатынын.

Қандай түсініктерді игереді: Жарық көздері туралы түсініктерін кеңейтеді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үзік сызықтарды шашырата сызу арқылы жарық сәулесін салуды.



Тексерілді М.Еримбетова





































24 Технологиялық карта


«Құлыншақ» 2 кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы:Торғайларға жем береміз.

Мақсаты: Фломастер қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік: Қағаз бетіне нүктелерді түсіруді үйрету.

Дамытушылық: Ойын-тәсілдері арқылы ой-қиялдарын дамыту.

Тәрбиелік: Құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Фломастер немесе үшкір ұшталған таяқша(гуашьқа батырылады),торғайлардың суреті,сазбалшық,жем салғыш,сүлгі. «Мысық пен торғай»ойнына қажетті суреттер.

Қостілділік компонент: Торғай –воробей, жем-зерно.

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог тақтаға ілінген суретке балалардың назарын аударып,не көріп отырғандарын сұрайды.

-Суреттегі торғайларға қараңдаршы,олар не істеп отыр? Торғайларға қандай көмек көрсетуге болады?

«Торғайлар» ағаш басына қонып отыр. Жем салғышқа балалар жем салып, іліп тұр деп балалар көріп тұрғандары жөңінде әңгімелеп береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Сурет бойынша қысқаша әңгіме сұхбаттан соң педагог балалардың әр қайсысына торғайдың суреті салынған парақтар таратады.

-Енді біз торғайларға жем шашайық.

Нүктелерді тақтадағы қағаз бетіне түсіре тұрып, келесі өлең жолдарын оқиды:

Торғай торғай торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Дән шашайын, тойып ал,

Суыққа сонда тоңбайсың.

Педагог қолындағы торғайдың мүсінін қозғалта отырып салынған нүктелерді жем деп шоқытады.

-Ал енді өздерінің торғайларына жем шашындар, мен көрейін. Менің торғайым бөтегісі бұлтиып тойып алды. Кәне, сендер торғайларыңа жемді қалай беретіңдеріңді көрейік. Педагог балалардың жұмыстарын аралап жүріп көреді.

-Жемді көбірек шашсаңдар,

Торғайлар тез тояды алдарындағы фломастерді немесе таяқшаны пайдаланыңдар. Балалар жұмыстарын аяқтаған кезде педагог мынадай ұсыныс айтады:

-Кәне, балалар енді маған торғайлар қалай ұшатынның көрсетіңдерші.

Сергіту сәтін жасатады.

-Даладағы торғайлар тоңып жем таба алмай жүр, өйткені далада күн суық, барлығын қар басып қалған оларға жемді домалақтап жасап көрейік.

Сазбалшық немесе ермексаз кесегінен ұсақ бөлшектер бөліп аламыз. Көлемі жағынан кішкене, оны саусақтарының арасына салып айналдырамыз, домалақ пішінге келтіреміз. Өзі жасап көрсетеді.

Жасаған жұмыстарын қағаздан жасаған жем салғышқа салады.




Қолдарын жандарына созып, қанат қаққанды бейнелейді, су ішкенін жем шоқығанын,

секектеп жүргенін көрсетеді.



Балалар бірге жасайды.


Балалар педагогтің түсіндіруі бойынша қағаз бетіне нүктелерді шашырата салады.







Сергіту сәтін жасап, біраз демалып алады. Қанаттарын жайып, торғай секілді ұшқанын жасайды.

Сазбалшықты кесектен көлемі жағынан кішкене ұсақ бөлшектер бөліп алады да,оны саусақтардың арасына салып дөңгелетіп домалақ пішінге келтіреді, оны жем салғышқа салып, торғайларға береді.


Рефлексиялық түзетушілік

Педагог жұмыстарына басшылық жасап, жеке нұсқаулар береді. Аяқталған жұмыстарды мадақтап, сабақты қорытындылайды.

«Мысық пен торғайлар» ойынын ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қағаз бетіне нүктелерді түсіруді,ойын тәсілдері арқылы ой-қиялдарын дамытуды. Қандай түсініктерді игереді: Құстар және оларды тамақтандыру жайында түсініктерді. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Фломастармен немесе таяқшамен қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптасырады.



Тексерген: Абатаева Ф.Ж.













«Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні:01.03.2016ж

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: «Орамалды безендіру».

Мақсаты: Қағазға бастырмамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік: Орамалды геометриялық пішіндерімен безендіруге үйрету.

Дамытушылық: Саусақ, қол қимыл-қозғалыстары мен икемділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: Балалар әсемдіктерді көре білуге тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Сары түсті парақ, бастырма түрлі түсті бояу, сүлгі, су.

Қостілділік компонент: Орамал-полотенца, су-вода.

Сөздік жұмыс: Орамал.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




-Балалар, мына Айгүл деген кішкентай қыз 8 Наурыз мерекесіне әжесіне не сыйлайтынын білмей, сендерден көмек сұрай келіпті.

8 Наурыз-әжелер, аналар мерекесі, көктем мерекесі екенін балалрға түсіндіру.

-Әжемізге не сыйласақ екен? Ол кісі үлкен қарт адам. Бәріміз Айгүлге көмектесейік.

Балалар Айгүлмен сәлемдеседі.






Балалар ойланады.


-Иә, көмектесейік.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Педагог әдемі ою-өрнектері бар орамалдарды көрсетіп,олардың не мақсатқа қолданатыны туралы әңгімелейді. Балалардан аналарының, әжелерінің орамалдары жайлы сұрайды. Орамалдардың әр түрлі болатыны туралы түсініктеме береді.

-Бүгін әжемізге сыйға тарту үшін мына орамалды әдемі етіп безендіріп берейік. Педагог балаларға фон және онда үшбұрыш сызылған үлестірмелі материалды таратып береді. Берілген орамал пішін ішіне дөңгелек пішіндері салу жолын түсіндіреді.

Қызыл бояуды пайдалатындығын айтады. Бастырма әдісі бойынша салуға да болады, ол үшін алдымен кішкентай дөңгелек пішіндер дайындалып алынады. Ол пішінді қызыл бояуға батырып алып,орамал бетіне бастырады. Мақта оралған таяқшамен, саусақпен, қылқаламмен салуға да болады. Педагог өзі қалаған тәсілді таңдап алады. Сурет салу барысында балаларға дөңгеліктерді орамалдардың бір шетінен бастап, арақашықтығын дұрыс сақтай отырып салып шығуды тапсырады.

Жұмыс барысында балаларға нақты бағат-бағдар беріліп отырады.

Балалар безендірілген орамалдарын Айгүлге ұсынады.

Балалар әжелерінің аналарының орамалдары жайлы өз білгендерін айтады.

Балалар педагогтің басшылығымен жұмыс жасайды, орамалды дөңгелек бастырманы қызыл бояуға матырып алып басу жолымен безендірді. Олар көтеріңкі көңілде өздері безендірген орамалдарды әжеге беріп жіберетін болып келіседі.

Рефлексиялық түзетушілік

Тәрбиеші балалардың салған суреттерін жинап алған соң, олардың суреттерін талдау жұмысын жүргізеді.

Балалар бір-бірлерінің суреттеріне қарап тамашалайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Бастырмамен жұмыс істеу дағдысын.

Қандай түсініктерді игереді: Орамалдардың алуан түрлі формада,түсте болатыны туралы мәліметті.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Әртүрлі тәсілмен дөңгелек пішінді салуды.


Тексерілді М.Еримбетова






























І кіші«Құлыншақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы№26

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі:Сурет салу.

Тақырыбы:Қуыршақ Сәуленің көйлегін безендіреміз.

Мақсаты: Қылқаламмен немесе саусақ арқылы көйлекті дөңгелек пішіндермен безендіруге үйрету.

Білімділік: Негізгі түстер туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Саусақтарының икемділігін арттыру, көйлекті әдемі әшекейлеу арқылы ой-қиялдарын дамыту.

Тәрбиелік: Сурет салуға деген қызығушылыққа және талғампаздыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Қуыршақ Айсұлу, оның әдемі көйлек үлгісі, әр балаға бір-бірден көйлек үлгілері, түрлі бояулар, қол сүрткіштер, су.

Қостілділік компонент: Көйлек-платья.


Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог балаларға әр түрлі көйлек үлгілерін көрсете отырып, көйлектің түрі өте көп болатынын айтады. Бірінеше қуыршақтың көйлегін көрсетіп, түсіне, өрнектеріне балалардың назарын аударады.

-Қуыршақ Айсұлуды қонаққа әдемі көйлек киіп барғысы келеді.

Сендердің көмектесуге дайын тұратындарыңды біліп көмек сұрай келіпті.

Балалар қызығушылықпен тыңдайды.



Көмектесетіндері жайлы айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Ендеше бәріміз бірге қуыршақ Айсұлуға арнап көйлектерді әдемі етіп безендіріп берейік. Алдарындағы көйлек үлгілерін өздеріне ұнаған түстерге боясыңдар. Ол үшін саусақтарынды сол түске батырып,әр түрлі көлемдегі дөңгелектер салу арқылы безеңдіресіңдер. Дөңгелек салудың неше түрі бар екенін естеріңе түсіріп көріңдер.

Педагог көйлекке дөңгелектерді салу жолдарын көрсетеді. Үлкен домалақтарды қылқалммен салуға кеңес береді.

Балалардың қабілетіне қарай дөңгелектерді қылқаламмен салып шығуды ұсынуға да болады.

Балалардың түсті дұрыс таңдауына бағыт береді және қандай түс алғандарын сұрай отырып бояуды ұсынады.

Жұмыс барысында ұқыпты жұмыс жасауларын қадағалайды. Педагог

балалардан көйлектерін қандай түспен безендіргені жайлы сұрайды. Неге дәл сол түсті таңдағаны туралы, осы түсте басқа да қандай заттар болатынын сұрап көруге болады. Көйлекті безендіріп болған соң балалар көйлектерін қуыршақ Айсұлуға сыйлайды.

Балалар педагогтің көрсетуімен саусақтарын пайдаланып көйлекті безендіреді.

Әр түске матырған сайын саусақтарын сүртіп отырады.





Балалар өздері таңдап алған түстер жайлы әңгімелейді.





Безендіріп көйлектерін қуыршақ Айсұлуға сыйлайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Педагог Айсұлудың атынан балаларға ризашылығын білдіреді бәрінің де жақсы жұмыс істегендерін айтып мадақтайды.

Өздерінің жұмыстарына баға береді.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Саусақпен және қылқаламмен ұқыпты жұмыс істеу дағдысын.

Қандай түсініктерді игереді: Көйлектердің пішіні,өрнектердің әр түрлі болатындығын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Саусақ және қылқаламды алмастыра отырып көйлекті безендіруді.

Тексерген: Абатаева Ф.Ж.





























«Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні:29.03.2016ж

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: «Әжемнің өрнектері»

Мақсаты: Түрлі -түсті бояуларды пайдаланып текеметті безендіруге үйрету.

Білімділік: Негізгі түстер туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Сурет салуға деген ынта-ықыластарын арттыру.

Тәрбиелік: Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: әр балаға бір-бірден текемет үлгілері ,қызыл,сары бояулар,қол сүрткіштер,су.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




-Балалар, Айсұлудың әжесі бізге керемет текемет беріп жіберіпті.

Киізден жасалған қазақтың ұлттық бұйымы-текеметті көрсетеді. Текеметтер сан түрлі қазақ оюларымен әшекейленуі де мүмкін екенін, қазақ шеберлерінің сәндік қолданбалы өнердің керемет өрнектерін ұрпақтан-ұрпаққа беріп келе жатқанын айтады.

-Айсұлу өзінің қуыршақтарына осындай әдемі текеметтің суретін салып берулеріңді өтінеді.

Балалар педагогтің текемет жайлы айтқан қызықты мәліметтерін тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Біз Айсұлудың ойыншықтарына текеметті түрлі түсті бояуларды пайдаланып өрнектеп берйік.

Сендердің алдарында аяқталмаған

текеметтің суреті тұр осы текеметтің қылқаламды сары, қызыл, көк бояуларға батырып бояймыз.

Алдымен сары түспен ортасындағы шаршыны боямыз, содан кейін бояуды қызыл түске алмастырып алып жоғарыдағы төмендегі үшбұрыштарды бояймыз енді жасыл түспен оң және сол жақтағы үш бұрыштарды бояймыз.

Шеттерін көк және қызыл түстермен немесе өздерің таңдаған түстерімен бояуларыңа болады.

Міне текеметімізде дайын болды.

Айсұлу қуыршағына арналған текеметтің дайын болғанына ризашылығын білдіреді.

Тәрбиеші суретті бояған кезде балалардың ұқыпты жұмыс жасауын қадағалайды.

Бояған кезде балалардың ұқыпты жұмыс жасауын қадағалайды.Бояған кезде сызықтан шығып кетпеуді ескертеді.

«Бұл неге ұқсайды?»дидактикалық ойны.

Мақсаты:Балалардың ойлау ұшқырлығын,қиялын дамыту мақсатын көздей отырып,балаларға денелердің ұқсайтынын тапқызу.

Балалар педагогтің көрсетуімен қылқаламды пайдаланып текеметті өрнектейді. «Текемет»

сөзін бірнеше рет қайталап айтады.

Әр геометриялық пішінді ұқыпты бояуға тырысады.











Шар, гүл, бақбақ, доп,

аққала, мұнара жарты дөңгелек қайық шелек, шыршалардың қандай геометиялық пішінге ұқсайтынын айтады.

Рефлексиялық түзетушілік

Тәрбиеші балаларға барлығының да жақсы жұмыс істегенін айтып,мадақтап текеметтерінің өрнектерінің әдемілігін Айсұлу әжесіне көрсететінің айтады.

Өздерінің жұмыстарына баға бере қарайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қылқаламмен бояған кезде бояуды сызықтың шетіне шығармай ұқыпты жұмыс жасай білу дағдыларын.

Қандай түсініктерді игереді: Үйде тұтынылатын ұлтық бұйымдардың ерекшелігін. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Текеметті бірнеше бояу түстерін алмастыра бояуды.




Тексерілді М.Еримбетова

























Ікіші«Құлыншақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы№28

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»..

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы:Түрлі түсті сақиналар.

Мақсаты: Қол, саусақ қимыл- қозғалыс икемділігін бейімдей отырып дөңгелек пішін салуға үйрету.

Білімділік: Бояу түстерін ажырату дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын, кеңістікті бағдарлай білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Сурет салуға қызығушылыққа және түстердің үйлесімділігін сезіне білуге тәбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Ұлттық киім киген қуыршақ Айсұлу, түрлі түсті сақиналар, қызыл, сары бояулар, қол сүрткіштер, су, ақ қағаз.

Қостілділік компонент: Сақина – кольцо.

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог үстел үстінде әр түрлі сақиналарды қойып, оларды жеке-жеке алып көрсетіп, олардың бір-бірінен айырмашылығын сұрайды. Осы кезде есік қағылады да, топқа қонаққа ұлттық киім киген қуыршақ Айсұлу келіп кіреді.

-Балалар, Айсұлудың қолында не бар екен? Үстіндегі киімдеріне көңіл аударындаршы. Айсұлу бізге сыйлыққа, міне, қарандаршы, қандай әдемі, түрлі- түсті сақиналар ала келген. Балаларға көрсетіп түстерін сұрайды.

-Сақиналардың пішіні қандай?

Сақиналарды асықпай қарайды.





Айсұлудың киіміне көңіл аударады.


Балалар сақинаның түстерін, пішінін айтып береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Ал, балалар, осы сақиналарды қағазға бояумен салып көрейік.

Педагог тақтаға бірнеше сақинаның суретін салып көрсетеді.

-Алдымен ауада салып көрейік.

Балаларға қылқаламды дұрыс ұстап, ауада бір нүктеден бастап айналдыра дөңгелек жүргізіп, сол бастапқы нүктеге келіп тоқтауды ұсынады. Балалар ауада бірнеше рет қайталап салып көрген соң қылқаламды бояуға ұқыпты батырып, ыдыстың шетіне аздап сүйкеп артығын түсіріп қағаз бетіне сақина суретін салады. Біреуін салып болған соң қасына тағы да екі сақина салады. Тез салып болған балаларға қосымша бірнешеуін салуға болады немесе екінші қағаз ұсынылады.

Кейбір балаларға жеке нұсқау беріледі, оларға педагог қағазға салып көрсетеді. Балалардың барлығы жұмыстарын аяқтаған соң, «Сақина қай қолымда?» ойыны ұйымдастырылады.

Саусақтарымен жиектеп айналдырып көреді немесе үстел үстінде дөңгелетеді.

Балалар ауада қылқаламды бір нүктеден бастап айналдыра дөңгелек жүргізіп шығады да, қағаз бетіне сақиналар салады.




Балалар сақина қай қолымда?

Ойынын қызыға ойнайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Педагог балалардың суреттерін мұқият қарап, талдау жасайды. Ойында ерекше белсенділік көрсеткендері, суретті жақсы салғандары мадақталады.

Балалар салған суреттерін тамашалайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қол қимыл қозғалысын икемдей отырып дөңгелек пішіндді салуды.

Қандай түсініктерді игереді: Ұлттық киімдер мен бұйымдар туралы мәліметтерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Бояу түстерін ажырату, ұқыпты жұмыс істер дағдыларын.


Тексерген: Абатаева Ф.Ж.

























Ікіші«Құлыншақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы№29

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Жылғалардан су ақты.

Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Білімділік: Қылқаламмен ирек сызықтар сызуды жалғастырып, бояуды үйрету.

Дамытушылық: Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Көк бояу, қылқалам, қол сүрткіштер,су.

Қостілділік компонент: Көктем-весна.

Сөздік жұмыс: Жылға.

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педогог жұмбақ өлең жасыру арқылы бүгінгі сабақтың қай жыл мезгіліне арналғанын сұрайды.

-Сол жыл мезгілінің бейнесін парақ бетіне бейнелейік.

Жыл мезгілі шуақты,

Жердің беті нұрланған.

Сайды қуып су ақты,

Гүлдер өсті ырғалан.

Балалар жауап беруге қиналса, педагог өлеңінің мағынасын түсіндіріп, шешуін өзі айтады. Сурет бойынша көктем мезгіліндегі болатын өзгерістер туралы әңгімелейді. Балалардан қандай өзгерістерді байқағандарын сұрайды.






Балалар жұмбақ өлеңді ықыласпен тыңдайды.






Балалар суреттен не көргендерін айтып береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Педагог көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып, бүгін су аққан жылғаның суреттін салатындарын хабарлайды және қалай салу керектігін түсіндіреді.

-Әрқайсыларыңның алдарында гүлдер салынған парақтар бар, қазір біз осы гүлдердің ортасынан жылжып су ағып жатқан көктемгі жылғаның суретін саламыз. Ол үшін қылқаламды көк бояуға батырып, арасы алшақ екі ирек сызық жүргізіп алып, ортасын көгілдір түспен бояймыз.

Балалар өз бетімен жұмыс жасайды. Педагог балаларға бағыт-бағдар беріп отырады.

Педагог балаларды салған суреттерінен көрме ұйымдастыруға шақырады.







Балалар педагогтің айтуы бойынша қылқаламдарын көк бояуға матырып, екі қатар арасын ашып, ирек сызық жүргізіп, ортасын көгілдір түспен бояды.

Жұмыс соңынан қылқаламдарын жуып тазалайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Іс- әрекет соңында балалар жұмысына талдау жасалады, белсенділік танытқандары, суретті жақсы салғандары үшін мадақталады.

Балалар салған суреттерін тамашалайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қол қимыл қозғалысын икемдей отырып, ирек сызықтар салуды.

Қандай түсініктерді игереді: Көктем мезгілінің ерекшелігі туралы білімді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Көгілдір бояуды тегіс жағу арқылы жылғаның суретін салу.




. Тексерген: Абатаева Ф.Ж.



























Ікіші«Құлыншақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы№№30

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Құстар сайрайды.

Мақсаты: Құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл күй туғызу.

Білімділік: Кеңістікті бағдарлай отырып үздік сызықтарды салу дағдыларын бекіту.

Дамытушылық: Өз іс- әрекетінде маңайындыларға бере білуге дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Әр балаға бір-бірден құстың суреті салынған парақтар, үндаспа (құстар үні жазылған), фломастер немесе майлы қарындаш.

Қостілділік компонент: Құс ән салады-птица поёт.

Сөздік жұмыс: Сайрайды.

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог бірнеше құстардың суретін көрсетіп, олармен жақынырақ таныстырады (көкек,

Бұлбұл, кептер, бозторғай т.б)

Балаларға үнтаспаға жазылған немесе күйтабақтағы құстар үнін тыңдатады.

-Құстардың сайрағаны сендерге ұнайма? Әнші құстар деп қай құстарды айтамыз?

Педагог міндетті түрде балалардың ойларын тыңдайды.

Балалар үнтаспадағы жазылған немесе күйтабақтағы құстардың үнін тыңдайды, өз ойларын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Енді біз бүгін сурет салу барысында құстардың сайрағанын бейнелеп көрейік. Сендердің алдарындағы суретте торғайлар сайрағысы келіп тұмсықтарын ашып тұр, бірақ олардың дыбысы бізге естілмейді. Ол естілу үшін дыбыстарды мына түрде бейнелейміз.

Тақтаға балапаның тұмсығынан бастап үзік сызықтарды солдан оңға қарай тарата сызады. Бұл шиқылдаған дыбыстар екенін түсіндіреді.

Балалар педагогпен бірге ауада үзік сызықтар салып жаттығады.

Балаларға өздерінің алдарындағы суреттегі құстарды сайратуды ұсынады.

Педагог балалар жұмысқа кіріскен кезде үнтаспадағы құстар үнін қосады.

Сурет салып болған соң балалардың жұмыстарын жинап алып талдау жасайды.

«Ненің даусы?» музыкалық дидактикалық ойыны.

Ескерту: Егер үнтаспа немесе күйтабақ болмаса және су қиып үрлегенде дыбыс шығаратын ойыншық құстарды пайдалануға болады.





Балалар педагогпен бірге сызықтар жүргізеді.





Балалар ауада сызықтарды дұрыс түсіре білуге тырысады. Балалар құстардың сайрағанын естігендей сезінеді.



Музыка мен құстар дауысының жоғары-төмен немесе санына байланысты басқыштарға шығып, түседі.

Қимыл қозғалыс жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Педагог бүгінгі іс- әрекет барысы туралы балалардан сұрайды және сәтті шыққан суреттерді атап көрсетеді.

Балалар педагогтің қойған сурақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Құстар үнін тыңдау арқылы туындаған қанышты көңіл күйді өз іс әрекетіне бере білуі.

Қандай түсініктерді игереді: Құстар жайындағы қарапайым түсініктерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Кеңістікті бағдарлай отырып.





Тексерген: Абатаева Ф.Ж.















Ікіші«Құлыншақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы№31

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Шөптегі қаңқыз

Мақсаты: Шөпті бейнелегенді оның толық бетті қамтуын қадағалау.

Білімділік: Балаларды шөпті бояуды сүйкей жағу тәсілі арқылы салуды үйретуді жалғастыру.

Дамытушылық: Сурет салуға деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Қаңқыз салынған суреті бар парақтар, жасыл майлы бояу, қылқалам, сулы сүрткіштер, су.

Қостілділік компонент: Шөп-трава, қаңқыз-бужая коровка.

Сөздік жұмыс: Қоңыз, қаңқыз.

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




-Балалар, бүгін далада ауа райы керемет болып тұрған екен, қаласаңдар саяхатқа шықсақ болады. Әнімізді айтып, серуендеп қайтайық. Қарсы емессіңдер ме?

Балалар қызығушылықпен келіседі. Өлең жолдарын айтып саяхатқа шығады.

Табиғатқа тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған, Жер ана,

Сәлем саған, нұрлы күн,

Аман- есен болайық,

Саяхатқа барайық!

Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Міне, балалар, неге түрлі, әдемі гүлдер, шөптер өсіп тұр. Тыңдаңдаршы, шөптің арасынан бір дыбыс естілетін сияқты.

Кәне, құлағымызды тосып тыңдайықшы. Балалар, бұл қоңыз ғой. Бәріміз қоңызбен амандасайық.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен-қаңқыз деген қоңызбын. Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Балалар, менің сендерге айтар бір өтінішім бар. Мен үйіме өзімнің табиғат аясында серуендеп жүрген суретімді іліп қойғым келеді. Сендер маған көмектесіп, табиғаттың суретін салып бересіңдер ме?

Педагог балаларға қанқызбен танысқандарына қуанышты екенін айтып, енді топқа барып, оның өтінішін орындауды ұсынады.

Педагог қолындағы қаңқыздың шөп арасында жүргені бейнеленген үлгі суретті көрсетіп әңгімелейді.

-Қаңқыздың табиғат аясында, шөптердің арасында серуендеп жүргенін бейнелеу үшін үлгіге қарай отырып, осы суретті аяқтап салуымыз керек. Біз шөптердің суретін жасыл бояуды пайдаланып сүйкей жағу арқылы саламыз.

Қылқаламды жасыл бояуға батырып, ақ қағаздың сол жақ төменгі жағынан бастап, жоғары төмен сыза отырып жасыл шөптің суретін салу тәсілін көрсетеді.

Сергіту сәті:

Күн болып жайнайық

Мөлдір су болып ағайық.

Гүл болып жайнайық,

Терең-терең демалып,

Жүгіріп- жүгіріп алайық.

-Ал енді жұмысқа кірісейік. Балалар жұмысты үлгі бойынша орындап шығады.

Педагог сурет салу кезінде қиналған балаларға көмектеседі, бағыт-бағдар береді.








-Сәлеметсің бе!

-Біз де қуанып тұрмыз қаңқыз.



Балалар келіскендерін айтады. Бәрі бірге серуенен қайтады.






Балалар педагогтің айтқанын тыңдайды.
















Өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.



Педагогтің көрсетуі бойынша шөптердің суретін алдарындағы парақтығы сол жақтағы төменгі бөлігінен бастап қылқаламды жасыл бояуға матырып, жоғарғы- төмен жүргізе отырып сүйкей жағу арқылы салады. Балалар өз бетінше жұмыс жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Педагог балалардың жұмыстарына көңіл толып, бүгін барлығының өте керемет жұмыс жасағаны жайлы айтып, суреттерін қаңқызға беріп жіберетінін хабарлайды.

Балалар қуана-қуана салған суреттерін жинап береді.

Күтілетін нәтиже: Нені біледі: Қылқаламмен жұмыс істеу дағдыларын. Қандай түсініктерді игереді: Қаңқыздың түсі қызыл, қара дақтардың болатындығын. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сүйкей жағу арқылы шөптердің суретін салуды. Тексерген: Абатаева Ф.Ж.














«Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Күні:03.05.2016ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: Егістіктегі бақбақтар.

Мақсаты: Балаларды егістікте өсіп тұрған бақбақ гүлдің пішінін, әдемілігін сурет арқылы жеткізуге үйрету.

Білімділік: Бояумен жұмыс істеуге біліктіліктерін жетілдіру.

Дамытушылық: Өздері салған суреттеріне қуана білуге және эстетикалық талғамы мен шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Жасыл түсті қағаз, сары гуашь, қылқалам, су, бірнеше түрде салынған бақбақ гүлінің үлгісі.

Қостілділік компонент: Бақбақ- одуванчик.

Сөздік жұмыс: Егістік, бақбақ, сабағы.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Тәрбиеші балалардан серуен кезінде қандай гүлдерді көргендері жайлы сұрайды. Көктем кезінде алғашқы гүлдейтін гүлдердің бірі-бақбақ гүлі екенін айтады.

-Енді бүгін қандай гүлдің суретін салсақ екен?

-Балалар, мен бір жұмбақ жасырамын, тауып көріңдерші?

Көктем мен жаз шыққанда,

Басына сары қалпақ киеді.

Күзге қарай қалпағы, қалқи ұшып кетеді.

Бұл не балалар? (Бақбақ гүлі)

Балалар жұмбақтың шешуін таппай қиналса, педагог жауабын өзі айтып, мағынасын түсіндіреді.

Балалар серуенде жүргенде қандай гүлдерді көргендерін әңгімелеп береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Тәрбиеші балаларға бақбақ гүлінің суретін көрсетеді.

-Суреттен қандай гүлді көріп отырсыңдар? Бұл гүлдің қалай аталатынын кім біледі? Бұл гүл қай кезде гүлдейді? Гүлдеп болған соң қандай өзгеріске ұшырайды? Бүгін біз егістікте өсіп тұрған, енді гүлденген бақбақ гүлінің суретін саламыз.

Алдымен салу жолдарын, суретті салғанда қағаздың бетін толық пайдаланып керектігін түсіндіреді. Қылқаламды сары бояуға батырып, гүл сабағынын жоғарғы жағына дөңгелек пішіндегі сары гүлді басып отырып салу керектіген түсіндіреді.

Бір парақтың бетіне бірнеше бақбақ гүлін салуға болатынын ескертеді. Ол бақбақ гүлдерінің көлемінде әр түрлі болуы мүмкін екенін айтады.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Жел бетіне еседі.

Кіп кішкентай ағаштар,

Үп- үлкен боп өседі.

Педагог бақбақ гүлінің пішінін келтіруге қиналған балаларға көмек көрсетеді.

Қылқаламды дұрыс ұстауларын қадағалайды.

Балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастыруды ұсынады.



-Бақбақ гүлін.







Балалар педагогтің айтуы және көрсетуі бойынша егістіктегі бақбақ гүлінің суретін салады.











Өлеңнің сөзіне сәйкес қимылдар жасайды.



Жұмыс аяқталған соң қылқаламды суға салып жуып, шүберекпен кептіреді.

Салған суреттерінен көрме ұйымдастырып, өздері қызықтайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Педагог балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырып, бәрінің де жақсы салғандарын айтып мадақтайды.

Өздерінің салған суреттері жайлы әңгімелейді.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қылқалммен дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын.

Қандай түсініктерді игереді: Бақбақ гүлі қайда өсетінін, қашан гүлдейтінін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сары түсті бояуды пайдалана отырып, қылқаламды басып салу арқылы гүлінің суретін салуды.





Тексерілді М.Еримбетова














«Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Күні:10.05.2016ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: «Мерекелік отшашу»

Мақсаты: Мерекелік отшашудың әдемілігін сурет арқылы жеткізуге

Білімділік: Отшашудың суретін салуға үйрету.

Дамытушылық: Бояумен жұмыс істеу тәсілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Әр балаға бір-бірден әр түрлі түспен боялған қағаз, жасыл, сары, қызыл бояулар, қыл-қалам, су.

Қостілділік компонент: Әр түрлі отшашу- разноцветные салютый.

Сөздік жұмыс: Отшашу.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




-Балалар, түнгі мерзімде адамдар алаңға баратын қандай мерекені білесіңдер? Сендер ата-аңаларымен түнгі кезеңде мерекеге барғанда не көрдіңдер?

-Өкініштісі сол, сендердің ойыншықтарыңның өз бетімен мерекеге баруға шамалары келмейді, сондықтан олар сендерден мерекелік отшашудың суретін салып берулеріңді сұрайды.

Балалар не көргендерін әңгімелеп береді.







Ұйымдастырушылық-ізденістік


Сендердің алдарыңда әр түрлі түспен боялған қағаз жатыр, өздеріңе ұнаған түстерге қылқаламды батырып, сүйкей жағу арқылы отшашуды салыңдар, әр түсті пайдаланған кезде қылқаламды тазалап отыру керек екенін ұмытып кетпеңдер. Егер тазалап отырмасаңдар, сендер таңдаған түсті дұрыс шығара алмайсыңдар.

Сергіту сәті:

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырқалып жайқалған

Отшашу салуға қиналған балаларға көмекке келеді, бағыт-бағдар береді.

Қылқаламды дұрыс ұстауларын қадағалайды.

Жұмыс соңынан қылқаламдарын тазалауын талап етеді.

Педагог балаларға от шашудың суретін салғандығын аса қуанышты екенін айтады.


Балалар педагогтің көрсетуі бойынша түрлі түсті бояуды пайдаланып,отшашудың суретін салады.





Өлеңнін чөзіне сәйкес қимылдар жасайды.









Жұмыс аяқталған соң қылқаламды суға салып жуып, шүберекпен кептіреді.


Рефлексиялық түзетушілік

Педагог балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырып, бәрінің де жақсы салғандарын айтып мадақтайды.

Өздерінің салған суреттері жайлы әңгімелейді.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қылқаламмен дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын.

Қандай түсініктерді игереді: Отшашудың қай кезде жасалатынын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Түрлі түсті бояуларды пайдалана отырып, сүйкей жағу арқылы отшашудың суретін салуды.





Тексерілді М.Еримбетова






























«Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Күні:17.05.2016ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: Қошақандарға шөп береміз.

Мақсаты: Саусақ бұлшық еттерін қозғалысқа жетілдіру.

Білімділік: Жасыл түсті пайдалана отырып шөптердің суретін салуға үйрету;

Дамытушылық: Қол қимыл-қозғалыс икемділіктерін дамыту;

Тәрбиелік: Үй жануарларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Жасыл бояу, қылқалам, су әр балаға үлестірмелі сурет, сүлгі.

Қостілділік компонент: Шөп-трава, қошақан- ягненок.

Сөздік жұмыс: Қошақан.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог суреттерін көрсете отырып үй жануарлары және төлдерімен балаларды таныстырады әр қайсысы қалай аталатыны жайлы балалармен әңгімелеседі.

Ауылға барғанда малдардың төлдерін көргендері жайлы және қойдың төлі «қошақан» деп айтатыны туралы естеріне түсіреді.

-Мына бір қошақанның қарны ашып кетіпті, біз сол қошақанға шөп берейік.

Қошақанның суретін көрсетеді.

Балалар ауылда не көргендері жайлы әңгімелеп береді.









Балалар суреттегі қошақанға аяушылықпен қарайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Сендердің аладарында сүйкімді қошақанның суреті салынған қағаздар бар, әркім өз қошақанына шөп береді, яғни шөптің суретін салып береді.

Педагог шөптің суретін салу жолдарын түсіндіреді.

Қылқаламды ұқыпты ұстап төменнен жоғары қарай сүйкей жағу арқылы шөптің суретін салуға болатынын өзі қимылмен көрсете отырып түсіндіреді.

Жасыл түсті бояуды ұқып пайдалану жөнінде және қағаз бетіне тегіс, тұтас шөпті салу үшін қолды қатты баспай, жеңіл қимыл жасау керектігі туралы кеңес береді. Қылқаламның ұшы тым жоғары көтерілмеуін ескеріп айтады.

Шөпті біркелкі етіп салуға икемдері келмей қиналған балаларға педагог үнемі көмекке келіп отырады.

Жұмыс соңынан бәрі бірігіп «Қошақан» әнін орындайды.

Педагог балаларға олардың қошақандарының атынан ризашылық білдіреді.

Балалар педагогтің көрсетуі бойынша жасыл түсті бояуды пайдаланып шөптің суретін салады.

Жұмыс аяқталған соң қылқаламды суға салып жуып, шүберекпен кептіреді.















Өленнің сөзіне сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Педагог балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырып, бәрінің де жақсы салғандарын айтып мадақтайды.

Салған суреттерінен көрме ұйымдастырып, өздері қызықтайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қылқаламмен дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын.

Қандай түсініктерді игереді: Үй жануарларына деген қамқорлық сезімін .

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жасыл түсті бояуды пайдалана отырып,сүйкей жағу арқылы шөптің суретін салуды.



Тексерілді М.Еримбетова




























«Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Күні:24.05.2016ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: «Доп салу»

Мақсаты: Балаларға қарапайым дөңгелек пішінді саусақпен құмда салуды үйрету.

Білімділік: Саусақтарының икемділіктерін арттыру.

Дамытушылық: Балалардың ой қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз жұмысының нәтижесіне қызығушылықпен қарауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Әр балаға құм салынған ыдыстар, қол сүрткіштер.

Қостілділік компонент: Доп-мячик.

Сөздік жұмыс: Құмдар әлемі, дөңгелек.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог балаларға құм басқан шөл далаға саяхатқа баратындары және осы құмның бетіне әр түрлі бейнелер салуға болатыны жайлы әңгімелейді.

Балалар алдарындағы ыдыстағы құмды ұстап, алақандарымен сипап, оны үйіп көреді, педагог олардың не сезінгендері жайлы сұрайды.

Балалардан педагог «шашылады», «үйіледі», («жиналады» т.б) сөздерді айтуды талап етеді.

Балалардың қызығушылығы оянады. Балалар өздерінің құмды ұстағаннан кейін не сезгендерін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Педагог балаларға бүгінгі күннің тамаша сәулесін шашып, шаттық көңіл күйін сыйлап тұрғанын айтады.

-Қараңдаршы, құмның үстінде жатқан не?

-Доптың пішіні қандай?

Дұрыс айтасыңдар, құм әлемі сендерден саусақтарыңмен алдарындағы құмға доптардың бейнесін салуды сұрайды? Саламыз ба?

Салмас бұрын ауада салып көрейік.

-Кәне, бәріміз сұқ саусағымыздың көмегімен құмның бетіне үлкен және кіші доптарды салайық.

Балалар бір доптың суретін оңай салып болса, әр балаға бірнеше доптың суретін оңай салып болса, әр балаға бірнеше доптың суретін саусақпен салу ұсынылады.

Сондай-ақ педагог іс-әрекетті түрлендіріп, құмды сулап, оған әр түрлі пішіндегі қалыптарды беріп, суланған құмнан алуан түрлі пішіндер жасауға болатынын түсіндіреді. Балалардың құммен ойын ойнауға деген қызығушылығын арттырады.

Саусақтарымен доптарды салып болғаннан кейін қолдарын сүртіп, шеңберге тұра қалуларын сұрайды.

-Көңіл күйі көтерілген доптың сендермен ойнағысы келеді.

Келіңдер, онайық және доп сияқты секірейік.

Добым менің, добым менің,

Өзің неткен көңілді едің.

Зымырайсың,қутындайсың,

Бірақ менен құтылмайсың.

Педагог осы жолдарды әндетте айтып тұрып, допты жерге соғады. Балалар доппен бірге секіреді.

Балалар күн көзіне қарайды.


-Доптар.


-Дөңгелек.





-Саламыз.

Сұқ саусақтарымен ауада салады.

Балалар сұқ саусақтарымен өз қалаулары бойынша доптардың бейнесін салады.





Балалар қолдарын тазалайды, сүртеді.



Олар допты бір-біріне лақтырып, қағып алып және секіріп ойнайды.

Рефлексиялық түзетушілік.

Педагог балаларға өте шебер екендіктерін және келешекте көптеген бейнелерде оңай сала алатыңдары жайлы айтып, серуенге шығуларын сұрайды.

Балалар өз жұмыстарына риза болып,серуенге дайындалады.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Құмға саусақ арқылы бейне салуға болатындыңын, құрғақ және дымқыл құмның айырмашылығын.

Қандай түсініктерді игереді: Доптың қозғалысын іс-әрекет арқылы көрсетуді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Құмның бетіне саусақ арқылы доптың суретін салуды.






Тексерілді М.Еримбетова














«Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Күні:31.05.2016ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: «Адамның бейнесін салу»

Мақсаты: Өз жұмысының нәтижесіне қызығушылықпен қарауға үйрету.

Білімділік: Балаларды дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш пішіндерді саусақпен салуға үйрету.

Дамытушылық: Іс-әрекет арқылы қимыл-қозғалыстарын дамыту.

Тәрбиелік: Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Әр балаға құм салынған ыдыстар, қол сүрткіштер.

Қостілділік компонент: Дөңгелек- круглый, үшбұрыш-треугольник, төртбұрыш- четырёхугольник.

Сөздік жұмыс: Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық




Педагог құмды далаға саяхатқа барғандары және онда құм бетіне әр түрлі доптың бейнесін саусақпен салғандары жайлы балалардың естеріне түсіреді.

Балалар өздерінің құмда салған доптарын естеріне түсіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Педагог балалардың суретте кімнің бейнесін көріп тұрғандарын сұрайды.

-Құм әлемі сендерден саусақтарыңмен ұл бала мен қыз баланың бейнесін геометриялық пішіндер арқылы салуды сұрайды.

-Салып көреміз бе, балалар?

Қағазда салмас бұрын ауада салып көрейік.

-Кәне, бәріміз бірге сұқ саусағымызбен құмның бетіне геометриялық пішіндерден құрап ұл бала мен қыз баланың бейнелерін салайық немесе өз қалауларың бойынша салуларыңа болады.

Салып болғаннан кейін көңілденген балалар қолдарын сүртіп, өз қалаулары бойынша ойнайды.

Суреттен ұл бала мен қыз баланы көріп тұрғандарын айтады.




-Саламыз.

Сұқ саусақтарымен ауада сурет салады.

Балалар сұқ саусақтарымен өз қалаулары бойынша ұл бала мен қыз баланың бейнесін салады немесе геометриялық пішіндерді пайдаланып салады.

Олар бір-бірімен көңілдене ойнайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Педагог балалардың жұмыстарын мадақтап және алдағы уақытта да көптеген бейнелерді салатындарын айтып, серуенге шығуға шықырады.

Балалар өз жұмыстарын қарап серуенге дайындалады.








Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Саусақтарымен бейне салуға болатындығын.

Қандай түсініктерді игереді: Құмның бетіне алуан түрлі бейнелерді салуға болатындығын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Құмның бетіне саусақпен дөңгелек,үшбұрыш,төртбұрыштарды салуды.




Тексерілді М.Еримбетова






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Технологиялық карта "түрлі-түсті жіптер" - сурет.

Автор: Омарова Кулшай Тыныштыковна

Дата: 17.05.2017

Номер свидетельства: 416429

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "Технологиялы? картасы естияр тобыны?. ?орша?ан ортамен танысу Та?ырыбы: "Жолда ж?ру ережесін са?тайы?""
    ["seo_title"] => string(116) "tiekhnologhiialyk-kartasy-iestiiar-tobynyn-k-orshag-an-ortamien-tanysu-tak-yryby-zholda-zhuru-ieriezhiesin-sak-taiyk"
    ["file_id"] => string(6) "316527"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460108105"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) "??ра? ??рау,"
    ["seo_title"] => string(10) "kurakkurau"
    ["file_id"] => string(6) "285932"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454258951"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "К?шік неге к??ілсіз?"
    ["seo_title"] => string(24) "kushik-nieghie-kon-ilsiz"
    ["file_id"] => string(6) "276070"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452675577"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Су   асты  патшалы?ына саяхат"
    ["seo_title"] => string(26) "suastypatshalygynasaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "314625"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459744970"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Кесте тігуді? т?рлі ?дістері"
    ["seo_title"] => string(28) "kiestietighudinturlidistieri"
    ["file_id"] => string(6) "333648"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1465451802"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства