kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жемістер- жидектер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Жемістер

МақсатыДөңгелек және сопақша заттарды салуға үйрету.

1.Трафареттін көмегімен салуға баулу;

2. Ойлау қабілеттерін дамыту;

3.Білуге құштарлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету,уйрету,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Лимон,алма үлгілері,су,бояу,қылқалам,сүл

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

І Ұйымдастыру

ІІ Дидактикалық ойын

ІІІ Негізгі бөлім

ІІІ Сергіту сәті

ІV Қорытынды

Топқа қуыршақ келеді.

(қолында себеті бар).

-Балалар себеттің ішінде нелер бар?

«Болады,болмайды»

Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыту.

1)Үлгімен таныстыру.

2)Трафарет көмегімен лимон мен алманы бояу.

Балаларды мақтау, Лимон мен алма жеміс екенін естеріне салу.

Балалармен Буратино қонақпен амандасады.

-Алма мен лимон бар деп айтады.

- Балалар жеуге болатын көкөністер аттарын естігенде шапалақтайды. 

-Ал,заттар аттарын естігенде көздерін жұмады.

Үлгіні көріп алма мен  лимон қандай пішіндерге ұқсайтынын айтады.

- Трафарет көмегімен қылқаламмен ашық жерін бояйды. Шетерін қылқалам үшімен түзейді.

-Келіседі.

Күтілетін нәтиже: 

Нені білу керек:

Лимон мен алманы.

Нені игереді:

Трафарет арқылы бояуды.

Нені біледі:

Қылқаламды ұстауды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жемістер- жидектер"»

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы. Әдепті балалар

Сабақтың мақсаты:

1) Берілген мәтіннің мазмұнын терең меңгерту, адамның бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

2) Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрістерін, жан-жақты білімдерін дамыту;

3) Оқушылар ережесін сақтауға, әрдайым үлкендерді сыйлауға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер,мақал-мәтелдер, микрофон

Сабақтың әдістері: «Жүректен-жүрекке» тренингі, «Мозаика», «Бос микрофон» әдісі.

Сабақтың түрі: іздендіру сабағы.

Күтілетін нәтиже:

- Пәндік нәтиже: Мәтін идеясын өмірмен байланыстыру.

- Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы өздігінен оқып, оқушылар топта жұмыс жасайды, сұрақтар құрастырады, өз ойларын ортаға салады, бағалайды .

- Тұлғалық нәтиже: «Әдептілік» ұғымының мәнін еске түсіре отырып, оқушылардың бойында адамгершілдік, ізеттілік, инабаттылық сезімін қалыптастыруға жетелеу.



Сабақтың барысы:



1.Ұйымдастыру.

Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз.

Барлығына бас иіп ,

Сәлем бердік біз.



«Жүректен - жүрекке» тренингі.



2. Үй жұмысын тексеру

-Үйге қандай тапсырма берілді?

Үйге: Жеті атаның есімдерін жазып келу.



Үй жұмысын мақал-мәтелдермен қорытындылау:





“Жеті атасын білген ұл, жеті жұртқа жөн айтар”

“ Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі”

“Жеті атасын білген ер- жеті жұрттың қамын жер”



Үй тапсырмасын бағалау өлшемдері:

- 1-3 атаның есімдерін жазған оқушыларға «3» деген баға қойылады.

-4-5 атаның есімдерін жазған оқушыларға «4» деген баға қойылады.

- 6 не 7 атаның есімдерін жазған оқушыларға «5» деген баға қойылады.



3. Тақырыпқа шығу.

- Екі көзің не үшін керек?

- Жақсыларды көру үшін.

- Құлақ деген не үшін керек?

- Ақыл- кеңес тыңдау үшін?

- Екі қолың не үшін керек?

- Елге көмек беру үшін.

- Кіші үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Ол қандай бала?

- Әдепті.

- Дұрыс балалар. Сонымен бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?

  • «Әдепті балалар»

Мақсат қою.

-Сабақта не туралы сөз болмақ деп ойлайсыңдар? Бұл тақырып бойынша не білгілерің келеді? (Оқушылардың жауаптары)



- Бүгінгі ана тілі сабағында екі топ жұмыс істейді. Кім қай топта болатынын «Мозаика» арқылы анықтаймыз. Осы бөлшектерден екі тұтас сурет шығу керек.

(оқушыларға бөлшектерді тарату)



4.Сыныптың оқушыларын екі топқа бөлу. Әр топқа мәтіннің 1 бөлігін ғана оқуға беру. Оқушылардың «Әдепті балалар» мәтінін оқуы.



-Қандай сөздер түсініксіз болды?



Сөздік жұмысы:

Топбасшы - топты ұйымдастырушы.

Ағынан жарылып – бар ниетімен, шын ықыласымен.

Салт – қарым-қатынастың ережесі болып қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр. Меймандостық халқымыздың салты.

Өркендерің өссін – бала-шағалы, үрім-бұтақты болу.

Азамат болыңдар – жасы толып еңбекке жараған адам.

Ізетті – ізеті бар, әдепті.

Инабатты – қадірменді, сыйлы.

Иманды- иманы бар.

Сый-сияпат - сый-құрмет.



5. Мазмұнын айту.

Топтардан 1 оқушыдан шығып екінші топқа өз бөлігін мазмұндап айтып береді.

Бірінші топтың екінші топқа үш сұрақтан қоюы.



Сұрақтарға жауаптарын бағалау өлшемдері:

1 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «3»,

2 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «4»,

3 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «5» деген баға қойылады.



-Мәтіннің мазмұнына байланысты қандай мақал-мәтелдер сәйкес келеді деп ойлайсыңдар?

  1. Үлкенге құрмет- кішіге ізет.

  2. Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті.

  3. Аға әдепті болса – іні әдепті, Әпке әдепті болса – сіңлі әдепті.

  4. Жаңбырменен жер көгереді, Батаменен ел көгереді.

- Адам бойында жақсы да, жаман қасиеттер де болады екен. Бүгінгі сабағымызға осы аталған қасиеттері бар екі кейіпкеріміз келіп отыр.Ол 5 сыныптың оқушылары Олжас пен Мадина. ( Олжас пен Мадина мектеп өмірінен көріністер қояды).

- Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін өздерің айтыңдаршы. 

«Бос микрофон» әдісін қолдану арқылы қорытынды жасайды. Оқушылар балалардың іс-әрекеттеріне қарай өз ой-пікірлерімен бөліседі.

Ой-пікірлерін мақалмен қорытындылау: Әрқашан әдептілікті сақтап, әдемі болып жүрейік.



6. Сергіту сәтін өткізу.



7. Бақылау тестісі. Топтағы әр оқушы өздігінен орындайды.

Сұрақ

Жауап

1

Апаң сенің базардан

Алма сатын әкелді.

Ең үлкенің жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?



2

Балалар жүр көшеде

Естіледі шу-айқай.

Сен де шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?



3

Осы келген бетіңде

Допты қудың, жарыстың.

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуді?



4

Үй артында қоқысты

Жатқан көптен үйіліп

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?



5

Кіші үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Ол қандай бала?





Оқушылар өз-өздерін «Моделдік жауап» арқылы тексереді.

Бақылау тестін бағалау өлшемдері:

1-2 сұрақтың жауабы дұрыс болса – «3»,

3-4 сұрақтың жауабы дұрыс болса «4»,

5 сұрақтың жауабы дұрыс болса «5» қойылады.



7. Видиоролик «Мейірімділік бумерангы»



8. Сабақ бойынша рефлексия жасау.

Бағалау Егер « 18-20 » ұпай жинаса -3,

Егер « 15-17 » ұпай жинаса – 4

Егер « 10-14 » ұпай жинаса – 5 қойылады



9. Үй жұмысы:

«Әдептілік – әдемілік» тақырыбына мәтін жазу.







БАҒАЛАУ





Бағалау өлшемдері

Баға

1

Үй жұмысы

1. Егер «Жеті атаның» 1-2 есімдерін жазса «3» қойылады

2. Егер «Жеті атаның» 3-4 есімдерін жазса «4»

3. Егер «Жеті атаның» 5-7 есімдерін жазса «5» қойылады



2

Мәтінмен жұмыс

Сұрақтарға жауап беру

1 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «3»

2 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «4»

3сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «5» деген баға қойылады.



3

«Бос микрофон»

Тек 1рет өз ойын, пікірін білдірсе «3» деген баға қойылады

2 рет өз ойын білдірсе «4» деген баға қойылады

3 рет немесе одан да көп өз ойын білдірсе «5» деген баға қойылады.



4

Бақылау тесті

1-2 сұраққа ғана дұрыс жауап берілсе – «3»

3-4 сұраққа дұрыс жауап берілсе «4»

5 сұраққа да дұрыс жауап берілсе «5» қойылады.





Қорытынды баға

18-20 ұпай алған оқушыға – «5»

15-17 ұпай алған оқушыға – «4»

10-14 ұпай алған оқушыға – «3» қойылады






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Жемістер- жидектер"

Автор: Дарабаева Мөлдір Жанатқызы

Дата: 05.11.2017

Номер свидетельства: 436916

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Жемістер, жидектер, к?к?ністер "
    ["seo_title"] => string(35) "zhiemistier-zhidiektier-kokonistier"
    ["file_id"] => string(6) "141326"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418104736"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "К?к?ністер мен жемістер"
    ["seo_title"] => string(28) "kokonistier-mien-zhiemistier"
    ["file_id"] => string(6) "254482"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447770105"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Ашы? саба? "Жемістер" "
    ["seo_title"] => string(23) "ashyk-sabak-zhiemistier"
    ["file_id"] => string(6) "235341"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443682292"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Тақырыбы: «Ыдыстағы жеміс - жидектер»"
    ["seo_title"] => string(34) "takyryby_ydystagy_zhemis_zhidekter"
    ["file_id"] => string(6) "483286"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1541176126"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Fruits (Жеміс-жидектер) "
    ["seo_title"] => string(26) "fruits-zhiemis-zhidiektier"
    ["file_id"] => string(6) "234349"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443429248"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства