kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?к?ністер мен жемістер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: К?к?ністер мен жемістер
Саба?ты? ма?саты:
                                Білімділік: «Жемістер, жидектер, к?к?ністер» та?ырыбына байланысты жатты?улар жасау. Осы та?ырып бойынша ал?ан білімдерін сараптау. О?ушыларды? ж?мыс барысын ба?ылау, о?ушылар?а к?мек к?рсету.
                                Т?рбиелік: Жемістерді?, жидектер мен к?к?ністерді? денсаулы??а пайдалы екенін айту. Оларды жуып жеу керектігін айтып т?сіндіру.
                              Дамытушылы?: С?ра? - жауап, талдау - жина?тау ?дісі.
Саба?ты? ?дісі: С?ра? - жауап, талдау - жина?тау ?дісі.
Саба?ты? т?рі: Ойын саба?
К?рнекіліктер: Жеміс - жидектер суреті
П?наралы? байланыс: д?ниетану саба?тары

                                       Саба?ты? барысы:
?йымдастыру кезе?і:

А) о?ушыларды т?гендеу
В) о?у ??ралдарын тексеру

Жа?а саба?:

А) «К?з» та?ырыбына сурет салу
?) суретті мазм?ндау
 Жа?а саба?ты т?сіндіру
М??алім: Балалар б?гін біз к?к?ністер мен жемістер деген та?ырыпта ?тілген саба?ты ?айталаймыз.
Кіріспе:
Жеміс-жидектер ?ашан піседі?(о?ушыны?  жауабы)
- К?з екенін ?айдан білді?дер
- К?зде к?н суытып, жеміс - жидектер піседі, жапыра?тар сар?аяды
Мен ?азір са?ан ж?мба? жасырамын.
Ж?мба?тар
Д?п - д??гелек доптай, іші ?ызыл шо?тай.
?абат - ?абат тоны бар,
Кішкене ?ана бойы бар.

Д?птермен ж?мыс.

1тапсырма
1. С?здерге с?йлем ??рап жаз.
Ба?ша
Алма
К?мек
О?ушы
С?ра?тар
1. К?з айларын ата
2. Жемістерді ата
3. К?к?ністерді ата
Саба?ты ?орыту:с?ра?-жауап ар?ылы

Ба?алау кезе?і:тиісті ба?асын ?ою


?йге тапсырма: к?з та?ырыбына ??гіме жазу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?к?ністер мен жемістер»



Құстар- біздің досымыз



Мақсаты: Оқушыларды табиғатты сүюге, құстарды аялауға баулу.

Құстар туралы өлең, тақпақ айту арқылы сөз байлығын арттыру.

Көрнекіліктері: Құстардың костюмдері, құстардың үндері , ұлағатты сөздер, табиғатқа қатысты қағидалар.

І Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сөз

І жүргізуші: Армысың, Алтын күн!

Армысың, Жер Ана!

Армысың, Көк аспан!

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі біздің «Құстар- біздің досымыз» атты логопедиялық ертенгілігімізге хош келдіңіздер.

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.



ІІ жүргізуші: Табиғаттағы көрікті тіршілік иелері, адамдардың достары-құстар. Алайда, құс табиғатқа тек көрік беріп қана қоймайды. Құстар көркімен де, әсем әуенімен де сымбатты. Адамдарды эстетикалық ләзатқа бөлейді.

«Құс болсаң, жібектей бау тағар едім,

Қолға алып, сылап сипап бағар едім»-деген өлең жолдарынан атам қазақ халқы ежелден құс салу өнеріне деген сүйіспеншілікті паш еткен.

Оқушылар залға «Көктем вальсі» әуенімен билеп кіріп, бір айналып өткен соң қаз-қатар тізіліп тұра қалады.



І оқушы Құстар- біздің досымыз,

Құс ұясын бұзбайық.

Ей, балалар, балалар,

Аман болсын аналар.

ІІ оқушы Жұмыртқасын алмаймыз,

Обалына қалмаймыз.

Тақия тұзақ салмайық,

Қарғысына қалмайық .

ІІІ оқушы Әдейі көздеп атпайық,

Көп күнәға батпайық

Құстарда да ана бар,

Құстарда да бала бар.

ІV оқушысы Кім сүймейді баласын,

Осыны еске түсіріп,

Балалар мұны ұғыңдар.

Хормен: Құстар-біздің досымыз,

Құс ұясын бұзбайық.

Құстарда да ана бар,

Құстарда да бала бар.

І жүргізуші: Қазақстан территориясында құстардың 500 -дей түрі мекендейді. Олар далалы, шөлді, орманды, таулы алқаптарды, өзен бойларын, көлдер мен теңіздердің жағалауларын, ауылды жерлерді мекендейді. Ең ғажабы, осы құстардың 150-ден астам түрінің тіршілік әрекеті орман мен ағашты алқаппен тікелей байланысты. Бұл орман құстарының 80% жәндіктермен қоректенеді де жалпы ағаштардың, соның ішінде жеміс ағаштарының зиянкестерін жойып, орман шаруашылығына пайда келтіреді.

ІІ жүргізуші: Қыбатты оқушылар Сіздермен «Кім тапқыр?» атты ойын ойнайық Құстардың үндерін мұқият тындап көз алдымызға елестетейік және атын аттайық.

Құстың кимін киген бала шығады, әр кім өз құстары туралы деректер береді.

Торғай- жер шарына кең тараған 27 түрі бар. Көпшілігі-отырықшы. Ағаш қуыстарын, індерді мекндейді.

Қорегі-дәндермен,жәндіктермен қоректенеді.


Тоқылдақ - бауыры ақ, арқа жоны қара, қанаттарында жалпақ ақ теңбілі бар. Ызғарлы «кик-кик» деген дауыс шығарады.Ұяларын ағаштарға салады. Ағаштың дәндерімен және насекомдармен қоректенеді. Ұясында 3-5 жұмыртқа салады. Жұмыртқаны атасы да, анасы да басады. Халық «тоқылдақ- тоғай дәрігері»

деп атайды.



Сауысқан — бұл құс Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Өздеріне ыңғайлы жерлердің бәрінде жүреді. Сауысқанның түсі қара ала болады . Денесінің көп бөлімі қара, тек кеудесі ақ болады. Жемі құрт-құмырсқамен қоректенеді.


Көкек, – Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Көкектер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында өткізеді, ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды. Көкектер, негізінен, зиянкес түкті жұлдызқұрттармен қоректенеді.



Қарға- Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Қара түсіне күлгін немесе қара қошқыл түс қосылып құлпырып тұрады. Денесінің ұзындығы 47 – 50, қанатын жайғанда ұзындығы 100 – 104 см, қанатының ұзындығы 30 см, құйрығының ұзындығы 20 см. Салмағы 400 – 600 г-дай. Тұмсығының жоғарғы ұшы төмен қарай иілген. Тұмсығы қауырсынмен жабылған. Қара Қарғалар қорек талғамайды, кейде құстардың жұмыртқаларын жарып, балапандарын да жейді. Отырықшы құс. Ұясын ағаш басына кейде қамыс нуларына салады. Сәуірде ұясына 4 – 5 жасыл қоңыр дақты жұмыртқа салып, оларды аналығы 18 – 20 күн басады. Аналығы мен аталығы 30 – 35 күн ұядағы балапанын бірігіп қоректендіреді. Қарғалар кемірушілер мен зиянды жәндіктерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.

  • Қараторғай - қауырсыны қара.

  • Көктемде қауырсыны қара түсті болып, күзде оған ақ қауырсын араласады.мсығы қара, сирағы қызғылт қоңыр. Көбінесе жәндіктермен, олардың дернәсілдерімен қоректенеді.

Қарлығаш — қанаттары үшкір әрі ұзын, құйрықтары екі айыр. Олардың үлкендігі торғайдай және адам мекеніне жақын жүреді.



І жүргізуші Рахмет балалар өте қызықты екен.

«Аққу»биі орындайтын Төлеухан Қазына.



ІІ жүргізуші: Қымбатты көрермендер «Бұлбұл мен Тоқылдақ» атты көріністі тамашалаңыздар.

Автор – Сдыбекова Гульмира

Бұлбұл- Абакова Ләззат

Тоқылдақ- Молдагалиев Аділет



Автор: Бұлбұл келіп ,бұлқынды,

Тоқылдақты жұлқыды:

Бұлбұл : «Күндіз де тоқ-тоқ,

Ойпырым-ай, өзің бір

Жан екенсің жақ жоқ!

Сенің тоқылыңнан

Орман жаңғырығып,

Таңертең тұрамыз

Басымыз мәңгіріп...»

Автор: Сонда Тоқылдақ

Күлді де сақылдап,

Көрсетті оған бір құртты

Тұмсығымен шоқып ап:

Тоқылдақ : «Бұлбұлмын дейсің,

Дымды білмейсің,

Кезің келді сыналар,

Мен болмасам, мыналар,

Жоқ қылмай ма орманыңды?!

Көрер ем

Сонда әнге салғаныңды...

Құрт жеген соң гүліңді,

Жұрт неғылсын үніңді».

І жүргізуші Рахмет балалар.



Ал ,қазір кішкентай көрермендерге арнап жұмбақ шешейік :

І оқушы: Бір-ақ уыс көлемім,

Шыбын-шіркей қорегім

Бау-бақшаны қорғаймын,

Ал атым ше? \Торғай\

ІІ оқушы: Қос қанатын иіп ап

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй салады. \Қарлығаш\



ІІІ оқушы: Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ-тоқ соғады. \Тоқылдақ\

ІVоқушы: Қайталап атымды,

Ән салып аламын.

Кез келген ұяға

Жұмыртқа саламын. \ Көкек\

V оқушы: Тал басында ағаш үй,

Терезесі тамаша үй,

Соны мекен етеді,

Қыста алысқа кетед \ Қараторғай\

VI оқушы: Ала шапан кигені

Сескенгіш болған соң

Қыпылықтап жүргені \Сауысқан\

VII оқушы Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ. \Қарға\

ІІ-жүргізуші Келесі кезекті әнге берейік Амантаев Олжас, Гуринович Федяның орындауында «Қос қарлығаш » әнін қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Жаңылтпашты жаңылмай айт.

Ұя,ұя, ұялар

Тоған ішінде ұя бар.

Ұя,ұя аралар,

Ұяларға ұялар.



Шошытып үш құсты,

Шошып үш құс ұшты.

Бес құс келді

Ұш құс кетті.

Бес құс кетті

Үш құс келді.

ІІ-жүргізуші «Ойлан тап?» ойынын ойнап жіберейік,тапсырманы мұқият тыңдаңыздар.

Қыстағы ақ мамыққа,

Жалғау жалға,

Жалықпа!

Сонда құс боп шығады,

Кәне, қай құс

Анықта /қар-ға/



Бірінші сөз-түс

Екінші сөз құс

Екі сөзді қос

Енді ол бізге дос /қараторғай/



Талдан ұшыпты топ торғай,

Емес бірақ көп торғай

Алдында оның бастаушы,

Артында төртеу қостаушы.

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу есепте / бес/

І жүргізуші: Балалар білесіңдер ме, ата-бабаларымыз ертеде құстарға қарап ауа- райын болжаған екен.

Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
*Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады.
*Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.
*Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.
*Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.
*Шағала келсе сең бұзылады.
*Жыл құсы қаптап келсе,көктем ерте келеді.




ІІ жүргізуші: Суретпен жұмыс Суреттерді дұрыс жина және сөйлем құра.

Ағаш Ұя Жұмыртқа Құс

  • І жүргізуші: Қорытынды: Табиғатты аялайық, сақтайық, оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету-біздің парызымыз дегіміз келеді. Құстарды сақтау, қорғау- келешек ұрпаққа міндет. Адамзат үшін құстардың пайдасы зор.. Сондықтан да құстарды қорғайық білейік. Табиғатты аялап, құстарды қорғайық!

ІІ жүргізуші: Біздің бүгінгі «Құстар біздің досымыз » атты логопедиялық ертенгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет.

  • Би «Флешмоп» барлық оқушылармен билейік



Смагулова Куралай Кажыбаевна

Сарқан облыстық көмекше мектеп-интернатының

Жоғарғы санатты логопеді, Алматы облысы

Сарқан ауданы, Сарқан қаласы
















































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
К?к?ністер мен жемістер

Автор: Смагулова Куралай Кажибаевна

Дата: 17.11.2015

Номер свидетельства: 254482


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства